Пленарлық баяндамалар


ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет57/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
49 
2. Болашақ техника саласы мамандарында икемді дағдыларының дамуы деңгейін 
анықтауға арналған сауалнамаларды қамтитын диагностикалық ақпараттық жүйе құру және 
іске асырудың маңыздылығы; 
3. Икемді дағдыларды болашақ техника саласы мамандарында дамытудың бірегей 
ғылыми
-
әдістемелік жүйесі жасалынбаған. 
«Болашақ ақпараттық
-
коммуникациялық технологиялар мамандарының икемді 
дағдыларын дамытудың әдістемелік жүйесін әзірлеу» атты жоба аясында жоғарыда 
келтірілген проблемалардың шешімін табуы жоғары технологиялы өндіріске бағдарланған 
жаңа Қазақстанды құруға өзіндік ықпал етеді. Болашақ техника саласы мамандарының 
икемді дағдыларын дамытудың әдістемелік жүйесін әзірлеу мен оның қалыптасуын 
анықтауға арналған ақпараттық жүйенің құрылуы отандық психология мен педагогика 
ғылымының деңгейін көтеріп, жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында оқыту және тәрбиелеудің сапасын арттыруды іске асырады. 
Жобаның мақсатты аудиториясы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ
-
түрік университетінің Инженерия факультетінде даярланатын болашақ техника саласы 
мамандары. Жоба нәтижелерін әлеуетті тұтынушылары: ғалымдар, оқытушылар, білім 
алушылар, жоғары оқу орындары, жалпы орта

техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары. 
Зерттеу болжамы бойынша болашақ техника саласы мамандарының икемді 
дағдыларын мәнін маңыздылығын сыни ойлау, топта жұмыс
жасау, коммуникативтілік пен 
көшбасшылық дағдылары негізінде анықтауға болады.
Арнайы әдебиеттерді талдау нәтижелері бойынша жарияланған мақалада [6] ғылымда 
бүгінгі таңда икемді дағдылар терминінің жалпы қабылданған және бір мәнді мағыналы 
түсіндірмесі жоқ екенін көрсетті.
Жарияланған мақалаларға сүйене отырып, біз «икемді дағды (soft skills) деп 
– 
тұлғаның жеке және командалық мәселелерді шешуге қажетті сыни ойлау, топта жұмыс 
жасау, коммуникативтілік пен көшбасшылық дағдыларының жиынын» түсінеміз.
Жоғары білім беру жағдайын талдау, іске асырылған жобаларды елдің әлеуметтік
-
экономикалық дамуының өзекті сын
-
тегеуріндерімен және міндеттерімен салыстыру
бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың шарты ретінде білім берудегі түрлі бастамалардың 
табыстылығын бағалау жоғары білім мазмұнын жаңарту мәселелерін шешу; білім беру 
ортасын сапалы өзгерту және білім беру процесін жаңғырту; жоғары білім беру жүйесінің 
кадрлық әлеуетін дамыту; басқарудың әртүрлі деңгейлерінің өзара іс
-
қимылының негізін 
кәсіби білім құрайды 
[7].
О. Hazzan және т.б. ақпараттық технологиялар индустриясындағы икемді 
дағдылардың қажеттілігін зерттеді. Олар ақпараттық
-
коммуникациялық технологиялар 
мамандарының тәртіптік және техникалық білімге қосымша қосымша дағдыларды игеру 
қажеттілігін көрсетеді [8]. 
«Жаңа ұрпақ инновациялар мен стартаптар әлемінде өсіп келеді. Цифрлық ұрпақ 
оптимистік және кәсіпкерлікке шынайы қызығушылық танытады, өйткені бұл ұрпақ Uber, 
Telegram, Airbnb сияқты стартаптармен бірге өсті. ...білім берудегі трансформация soft s
kills 
дамыту немесе сыни ойлау мен икемді дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылуы 
керек» [9].
«Жасанды интеллектінің келешектегі мүмкіндігін талқылаған Digital Bridge 
– 2023 
форумы аясында «Жасанды интеллект және қазақ тілі» панельдік сессиясында Цифрлық 
даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «қазақ тілінің 
болашағы тұтынушының қолында екенін шегелеп айтты. Сұраныс болса, қазақ тіліндегі 
контент саны да артады» 

деді. Министрдің айтуынша, қазақ тілінде контент аз. Сондықтан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет