Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет246/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ 
209 
-
жазу кезінде 
– 
білім алушылардың нақты таңдалып алынған лексикалық бірліктерді 
(тіркестерді таңдап алу), грамматиканың ережелерге, сөздердің үйлесімділігіне сәйкес 
келуін қамтамасыз етеді;
-
жазғаннан кейін 
– 
орындалған жұмыстың алдын
-
ала белгіленген критерийлерге сәйкестігін 
тексеріп, түзетеді, қажет жағдайда жетілдіреді.
Жоғарыда аталған талаптарды сақтай отырып, біз білім алушылардың жазылым дағдыларын 
жетілдіріп қана қоймаймыз, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырамыз.
Жазылым дағдыларын қалыптастырып, дамытудың бірнеше жолы бар. Олардың ең 
негізгілері 

өнімді жазылым және де жазылу үдерісі екендігіне бұрын да тоқталғанбыз. Өнімді 
жазылымда біз білім алушыларға жазылынатын жұмыстың үлгісін ұсынуымыз керек. Бұл білім 
алушыларға қалай жазу керектігі туралы түсінік береді.
Көптеген дереккөздерге сәйкес, жазу шеберлігі баяу сөйлейтін және баяу қимылдайтын 
білім алушыларға арналған дағды екендігі айтылған. Олар жазылған әр сөйлемге мән беріп, оны 
баса көрсетуге, өздерінің ерекше піікірлерін қорытындылауға және осы мәселеде керемет 
шеберліктерін көрсетуге тырысады.
Жазылым міндеттері:
-
оқу процесінде білім алушылардың жазбаша тілінің дамуын сөйлеу әрекетінің түрлерімен 
бірлікте қалыптастыру (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім);
-
білім алушылардың жазбаша сөйлеуін дамытуда жүргізілетін жазбаша жұмыстардың 
түрлерін анықтау;
-
пәндік салада жазбаша сөйлеуді дамыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
-
Күтілетін нәтижелер :
-
білім алушылардың жазбаша сөйлеуін дамыту сөйлеу әрекетінің өзге де түрлерімен 
(тыңдалым мен айтылым, оқылым және тілдесім)
бірлікте қалыптасады ;
-
шағын әңгімені, мәтінді, ертегіні, оқиғаны өз бетінше аяқтай алады;
-
білім алушылар құттықтау хаттарын, хабарландырулар мен жарнамалар, шақыру хаттарын 
жаза алады;
-
тіл білімі саласы бойынша грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
-
білім алушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады түседі.
Жазылым дағдысы 

жоғарыда айтылған 4 дағдылардың ішінен білім алушының нәтижесін 
көрсететін мұғалімнің өнімді дағдысы екендігі даусыз нәрсе. Білім алушының жазу дағдыларын 
қалыптастырмас бұрын, біз өзімізге келесі мәселелерді анықтап алуымыз керек.
Білім алушылардан не туралы жазуды сұрауды анықтау.
-
Білім алушыларға жазу дағдысын қалай меңгертуге болатынын анықтау.
-
Жазылым дағдыларын дамытып, арттыру үшін қандай әдістерді қолдану керектігін 
бағдарлау.
"Жазылым" ұғымы "жазу" деген мағынаны емес, "жаза білу", "өз ойыңды басқа біреуге 
түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізу" деген ұғымды білдіреді.
Жазылымның сәтті орындалуы, ең алдымен, баланың сөздік қорына байланысты екендігі 
сөзсіз. Ал баланың сөздік қоры оқылым дағдысы арқылы артады.
Жазылым өнімді дағдылардың қатарына жатады. Яғни, өнімді дағды 

бұл тілді қолдана 
отырып сөйлеу немесе жазу деген сөз. Қарапайым тілмен айтсақ, жазылым хабарламаны қағазға 
түсіру әрекетін білдіреді. Жазу арқылы қарым
-
қатынасқа түсу үшін біз әріптерді, сөздерді дұрыс 
қолдана отырып, сөйлемдер құра білуіміз керек, және де сол сөйлемдерді топтастыру арқылы біз 
өз ойларымызды білдіре аламыз.
Жазылым түрлеріне мыналар жатады: тізімдеме жазу, құттықтау қағаз жазу, электронды хат 
жазу, күнделік жазу, хабарлама жазу, әңгімелер және эссе жазу және т. б.
Жазылым түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар:
Жазу стилінің деңгейлеріне қарай: ресми (ғылыми, іскерлік стиль) және бейресми (ауызекі 
сөйлеу, хабарламалар); қағазда орналасу тәртібі бойынша; ақпаратты орналастыру тәртібі 
бойынша; мәтінді ұйымдастыру бойынша.
Жазылым ішкі дағдылары екі топқа бөлінеді. Біріншісі 
– 
сауаттылыққа байланысты, 
екіншісі 

идеяны (ойды) жеткізе білуге қарай бөлінеді.
Сауаттылық дағдылары:
1. Орфографиялық тұрғыдан қатесіз жазу;
2. Әріптерді дұрыс және де қосып жазу;
3. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет