Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
Ключевые слова : инновационные методы, учебные пособия, педагогический процесс,
домашнее задание
Google
Планета Земля.
Annotation : The article describes the progress of the application of innovative methods in
geography lessons. The geography teacher is given methodological recommendations on the use of all
modern techniques to facilitate the learning process of students. Geography lessons reveal the forms of
application of innovative methods based on the first, new comprehensive textbooks, and secondly,
technologies on the Internet. It is said that it is conducted with the aim of improving teacher training in
the classroom, attracting the attention of students and increasing motivation to learn.
Keywords: innovative methods, teaching aids, pedagogical process, homework Google Earth
Google
Мектептің оқу
-
тәрбие процесінде оқытушылардың білімін қалыптастыруда география
пәнінің өзіндік ерекшелігі бар. География пәні қоршаған ортаның және оның түрлі аспектілерін
жан
-
жақты зерттеу болып табылады. Сондықтан, мектепте география пәнін оқу кезінде
оқушыларға қызықты әрі тартымды болуы үшін сабақтан инновациялық әдістерді қолдана отырып
жүргізу өз тиімділігі көрсете алады.
Еліміздің педагогика саласындағы инновация мен білім беруде инновациялық әдістерді
қолданудың К.Ж.Бұзаубақова [1], Ш.Т.Таубаева[2], Ж.А.Қараев[3], Г.К.Нургалиева [4] және т.б.
педагог ғалымдардың еңбектерінде зерделенген. Мәселен, мемлекетімізде танымал ғалым
К.Ж.Бұзаубақова: «Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе
«кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. 64
б...Инновация
–
бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды ұйымдастырудағы
қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің
бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер жиынтығының нәтижесі» деген анықтама береді.
Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері оқытушылық қызметте оқушыларға білім,
іскерлік және жағымды дағдылардын қалыптастыруда инновациялық құралдар мен әдістердің
бірнеше түрлерін қолданады. Мұғалімдер оқу құралдарын сыныптағы оқытуды жақсарту,
оқушылардың назарын аудару және оқуға деген құлшынысты арттыру үшін пайдаланады. Бұл
жаңа жан
-
жақты оқулықтар (карталар, диаграммалар, глобус, 3D моделі, тау жыныстары мен
минералдардың үлгілері, экскурсиялар мен далалық экскурсиялар) және технологиялық / онлайн
оқулықтар (географиялық веб
-
сайт, Google Earth, Google maps, Google street views, YouTube
бейнелері). География пәнінің мұғалімі әрдайым оқушыларға оқу процесін жеңілдету үшін барлық
заманауи көмекші құралдардың кең жиынтығын қолданады. Оқытудың инноациялық әдістерін
мұғалімдер тақырыптың мазмұнын өзектендіру әдістері ретінде пайдаланса, ал оқу құралдарын
сабақтың маңыздылығын арттыру үшін көмекші құрал ретінде қолданылады. Оқу құралдарын
оқытуда инновациялық әдістерді падалану баланы білімге ынталандырады және уақытты
үнемдеуіне көмектеседі. Мұғалім әрқашан балаларды оқытудың ең жаңа және инновациялық
әдістері мен құралдарын жобалауға, әзірлеуге және пайдалануға тырысады.
Мұғалім география сабағында инновациялық әдістерді бірінші, жаңа кешенді оқу құралдары
арқылы екіншісі, ғаламтор жүйесіндегі технологиялар негізінде қолдана алады.
Мәселен, бірішісі жаңа кешенді оқу құралдары арқылы инновациялық әдістердің
қолдануында алғашқысы карталар және глобус. Карта
-
бұл құрылымдық көрініс, әдетте екі
өлшемде (2D), жер беті, мұхит түбі, өзен ағыны, орман, ауа райы картасы және жер бедері картасы