Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ Тогизбаева С.У . № 64 орта мектебі, Тараз қ.
ХХІ ғасыр
–
жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі заманғы, ғылыми
-
техникалық үдерістің
қарқыны күннен
-
күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдына
да жаңа міндеттер жүктелуде. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада
меңгермейінше сауатты, жан
-
жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны
меңгеру интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа адами тұлға
келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды. Қазақ тілін оқыту әлемдік ақпараттық білім
кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы
–
білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.
Мемлекеттік тілді оқытуда
–
ақпараттық
-
коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану
болып табылады
.
Үнемі
дамып келе жатқан білім беру ландшафтында технологияның
интеграциясы дәстүрлі
оқыту әдістемелерін айтарлықтай өзгертті. Парадигма өзгерісіне ұшыраған маңызды салалардың
бірі ол
–
тіл үйрету әдістемесі. Қазіргі уақытта онлайн білім беру платформалары тілді тиімді және
қолжетімді меңгеруге мүмкіндік беретін қуатты құрал ретінде пайда болды. Интернеттің кең
таралғандығы және цифрлық ресурстардың көбеюі тіл біліміндегі жаңа дәуірге жол ашып, білім
алушыларға әртүрлі лингвистикалық дағдыларды меңгеруге, бүкіл әлем бойынша спикерлермен
байланысуға және оқу тәжірибесін жеке қалаулары бойынша бейімдеуге бұрын соңды болмаған
мүмкіндіктер берді.
Еліміздің әлеуметтік
-
саяси, экономикалық және мәдени және жалпы қоғамдық өмірінде
болып жатқан қазіргі заманғы өзгерістер қазіргі заманғы қайта құру процестеріне белсенді
қатысуға, өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға қабілетті, жүйелі өзін
-
өзі тәрбиелеу және
өзін
-
өзі жетілдіру арқылы өз мүмкіндіктерін үнемі кеңейтуге дайын тұлғаны қалыптастыруды
қажет етуде. Ол өз кезегінде, білім беру реформасының стратегиялық бағытында көрсетілгендей,
дүние танымдық мәдениеті дамыған, инновациялық, шығармашылық ойлау типі бар адамдардың
жаңа буынын қалыптастыру, әлемге этикалық жауапты көзқарасы бар жоғары білікті мамандар
дайындау мәселесін алға қояды.
Үшінші
мың жылдықтың басындағы білімнің ерекшелігі әртүрлі технологияларды
қолдануға ерекше талаптар қоюы, өйткені олардың өнімі тіріа дамдарға бағытталған, яғни
технологиялық білім беру операцияларының жүзеге асу дәрежесін өнеркәсіптік өндіріс пен
салыстыруға болмайды. Цифрлық білім беруді құру
–
қазіргі таңда озық елдердің мемлекеттік
саясатының басымды бағытын құруда. Осыған сәйкес білім беру қызметін технологияландыру мен
қатар, оны ізгілендіру процесінің жүруі, ол қазір тұлғалық
-
бағдарлы тұғыр аясында кеңінен
таралуда. Біздің елімізде де,
шетелдеде білім беру жүйесінде болып жатқан терең процестер