КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 331
жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық ісәрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі,
бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары
сол кездердегі мемлекеттікпартия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.
50-
60 жылдардың екінші жартысында педагогика теориясы мен тәжірибесінде жаңа
құбылыстар пайда болды. Бұл жылдары Қазақстанда тарихи
-
педагогикалық зерттеулердің
қарқынды өсуі байқалады. Көрнекті ғалым
-
профессорлардың Т. Т. Тажібаевтың «ХІХ ғ. екінші
жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық пен педагогикалық ойлардың дамуы» (1958), «ХІХғ.
екінші жартысындағы Қазақстан мектептері және ағартушылық»(1962), «ХІХғ. екінші
жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар»; А.И.Сембаевтың «Қазақстандағы кеңес
мектептерінің тарихы туралы очерктері» (1958), «Қазақстандағы кеңестік мектептердің даму
тарихы» (1962); К.Б.Бержановтың «Ағартушылықтың дамуындағы орыс
-
қазақ достастығы» (1965)
еңбектерін айтуға болады. Бұл жылдары тарихи
-
педагогикалық ғылымның іргетасы қаланды деуге
болады.
70-
80 жылдары тарихи
-
педагогикалық жұмыстардың басылымы көбейді. Осылай
қазақстандық
педагог Ы.Алтынсаринның 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді (1975
-1978);
К.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуы» (1968), «Революцияға
дейінгі Қазақстан педагогикалық ойларының даму тарихынан» (1978), Г. М. Храпченковтың
«Қазақстандағы халықтық білім берудің ғылыми
-
педагогикалық сұрақтары» (1976), «Қазақстан
мектептерінде оқыту мазмұны мен әдістерінің мәселесі»(1983) және т.б. еңбектері де жарық көрді.
Педагогиканың арнайы мәселелеріне арналған К. Ж. Жаманбаевтың
«Қазақстандағы жоғары мектеп» (1972), К. Қ. Құнантаеваның «Қазақстандағы әйелдерге
білім берудің дамуы. Білім шыңына жету» (1978), К. Т. Жұмағұловтың «Ы. Алтынсарин және
қазақ халық мәдениетінің дамуы» (1984), А. Көбесовтың «ӘлФарабидің педагогикалық
мұралары»(1989) және т.б. еңбектері басылып шықты. 80 жылдардың ортасынан бастау алған
қазіргі заман педагогикалық білімінің дамуы «педагогикалық серіктестік» деп аталған жаңашыл
педагогтардың инновациялық іс
-
әрекеттерімен сипатталады. Педагогикадағы бұл кезең оқытушы
мен оқушылардың қарым
-
қатынасы саласындағы субъект
-
объект қатынасына субъектсубъект
қатынасына ауыу, оқу
-
тәрбие үрдісін монологтық формадан диологтыққа көшу т.б. белгілі. Бұл
оқушының оқу іс
-
әрекетінің психологиясын, оқу үрдісінің механизмі мен технологиясын,
«оқытушы
-
оқушы» жүйесінің тиімді құрылымдануын белсенді жағдай жасауды терең зерттеуді
шамалады. Осы арқылы психологиялықпедагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары
анықталды. Бұл жылдары дидактиканың әртүрлі бағыттарын зерттеу негізгі даму бағытына
айналды. Педагогиканы оқыту әдістемесі негізгі тұжырымдамалық идеяларды жүзеге асыруға
және білім беру саласындағы қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Педагог өзінің
кәсіби қызметінде оны пайдаланады. Әрбір педагогтың көп жылғы практикасында оқытудың
өзіндік тәжірибесі жинақталып және студенттермен қарым
-
қатынасының өзіндік стилі
қалыптасады. Қазіргі жоғары мектептегі дараландыру үдерісіне байланысты оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының құрылымында студенттердің өз бетімен жұмысының үлесі артуда.
Қазіргі таңда педагогтар ғылымды игеруді өз бетінше дамыту, үйрету принципіне аса назар
аударуда. Оқыту процесі кезінде алған білімдері негізінде жеке тұлғаның өз бетінше қызмет етіп,
шешім шығара білу еркіндігі шығармашылыққа жол ашады, өз бастамаларын аяғына
дейін қандай
тосқауыл болса да, өз ұжымы арқылы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Бұл үшін
ұлағатты ұстаздар, тәлімгерлер, жаңашыл педагогтар бастамасымен арнайы жүргізілген ұжымдық
тәрбиелеу принципін негізгі ұстаным ретінде мақсат етіп қою керек. Қазіргі кәсіби педагогикада
тәрбие принципінің негізгі бағыттары етіп мыналарды ұсынуға болады:
1 Тәрбиенің кәсіби бағытта жүргізілуі. Тәрбиенің барлық түрі, жүргізілетін ісшаралар
мазмұны жеке тұлғаның бойында болашақ кәсіп иесінің біліктілігі мен
шеберлігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
2 Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның бойында
адамгершілік қасиеттерді жинақтау (адамдық, тәртіптілік, кеңпейілділік,
жауапкершілік және т.б).
3 Тәрбиені өмірмен және еңбекке байланыстыра беру принципі
-
оқушыны
өмірге бейімдеу, шығармашылық қызметке дайындау сияқты негізгі міндетті қамтиды.