Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет405/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
337 
тереңірек түсіну секілді процестерді жеңілдетіп қана қоймай білім алушыларды жаңашылдықа 
тәрбиелеп, білім берудегі жаңа инновациялар мен артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік 
береді.
Цифрландырудағы негізгі мақсат 
– 
бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу процесін жеңілдету 
және бастысы білім беру сапасын арттыру, құзіретті педагог және білім алушы даярлау.Цифрлық 
технологияларды тиімді пайдалана білу білім алушы үшін ғана емес педагог үшін де, аса маңызды. 
Себебі бүгінде құзіретті мұғалімнің бастапқы көрінісі цифрлық сауаттылықпен, білім беру 
процесіндегі инновацияларды толық игере алуымен және білім алушыға осы процестерді үйрете 
білуімен сипатталады.
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды 
бөлігі. Олар 
– 
оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, 
көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен 
интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, 
таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу материалдары. 
Қазақ
тілін оқыту үдерісінде цифрлық технологиялар мен жаңа инновациялық әдіс
-
тәсілдерді қолдану арқылы сөйлеу әрекетінің төрт түріне ұйымдастырылған тапсырмалар 
– 
талдау, 
салыстыру, сыни тұрғыдан ойлауға, сөздік қорларын, тіл байлығын арттыруға, шығармашылық 
қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Цифрлық білім беру ресурстары сабақ мазмұнын жаңа 
технологиялар арқылы толықтыруға, түрлі тапсырмалар арқылы түрлендіруге, ақпараттарды есте 
сақтауға, білім алушының пәнге деген қызығушылығын аудиовизуалды материалдар арқылы 
дамытуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында берілген тақырып негізінде оқушылар бір
-
бірінің 
айтқандарын мұқият тыңдауға, ақпаратты салыстыруға, алынған ақпараттарды бағалап сынауға, өз 
ойын дәлелдей білуге, қорытындылау мен талдау дағдысын қалыптастыруға үйренеді. Бұл үшін 
мәтінді түсініп оқуға тырысады, мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар 
құрастырады немесе басқа студенттердің сұрағына жауап береді, берілген мәліметтерге өзіндік 
пікір жазады. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, 
бір
-
бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары 
дамиды.
Қазіргі
кезде қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық тұрғыда сабақ өткізуде 
қолданылатын әдіс
-
тәсілдер өте көп. Қалай болғанда да әдіс
-
тәсілдердің барлығы сөйлеу 
әрекетінің төрт түрін қамтиды. Қазақ тілі сабағында негізгі көрнекі құралымыз 
– 
мәтін. Себебі 
жаттығу жұмыстарының көпшілігі мәтіннен өрбиді. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде мәтінге: «Бір 
тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды 
сөйлемдердің, сөздердің тізбегі» деп анықтама берілген. 
Сөйлеу әрекетіндегі оқылым құралы 
– 
мәтін десек, оқыту үдерісінде бірден мәтін 
берілмейді. Алдымен мәтінге дейінгі: миға шабуыл әдісі, ойтүрткі сұрақтары беріліп, білім 
алушылардың деңгейін ескере отырып мәтінге байланысты жаңа сөз, сөз тіркестерімен сөздік 
жұмыстары т.б. орындалады. Келесі кезеңде мәтінмен жұмыс барысында топтың деңгейін ескере 
отырып оқытушы өзі мәтінді оқиды немесе мәтінді білім алушыларға оқытады. Мәтін бойынша 
тапсырмалар жүргізіледі: сұрақ
-
жауап, мәтіннің мазмұны бойынша жоспар
құру, мәтінді 
бөліктерге бөлу, мәтін бөліктеріне тақырып беру, мәтіндегі негізгі ойды анықтау, мәтінді 
мазмұндау т.б.
Жазылым әрекетінің мақсаты 
– 
сауатты жазуға үйрету. Жазылымда: жаңа тақырыпқа 
байланысты сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыра алу, беріліп отырған тақырыпқа байланысты 
сөйлемдер құрастырып немесе сөйлемдегі ойды аяқтау, жаттығулардағы сөйлемді қажетті сөз, сөз 
тіркестерімен толықтыра білу, мәтіннен түсінгенін қысқаша жаза білу, аудиовизуалды 
материалдар бойынша естігені немесе көргені бойынша өз пікірін жазу т.б. тапсырмалар беріледі. 
Сабақты қорытындылауда тақырыпты пысықтау жұмыстарына байланысты жазба жұмыстары 
жүргізіледі (шағын шығарма, эссе, пікір білдіру т.б). 
Айтылым негізі 
– 
ойды дұрыс жеткізе білу, яғни білім алушының алған ақпараты бойынша 
өз ойын білдіруі. Берілетін тапсырмалар: ойтүрткі сұрақтарға жауап беру, жағдаяттық тапсырмаға 
сұхбат құру, пікірін білдіру немесе мәтін мазмұнын айту, диаграмма бойынша сұрақ
-
жауап 
әдістерін өз бетінше құра алу, көрген немесе естіген аудиовизуалды материалдарға өз көзқарасын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет