Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет407/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

Пайдаланған әдебиеттер:
 
1.
Тоқаев Қ. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс
-
қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы 
[Электронды ресурс]. 
– 2020. – 
URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000002020 (қаралған 
күні: 20.06.22).
2.
Әділет. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық
-
құқықтық 
жүйесі [Электронды ресурс]. 
– 2017. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827 
(қаралған күні: 20.06.22).
3.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Білім туралы Заңы;
4.
Интернет ресурстары және ақпараттық жаңалықтар порталы «Sputnik.kz»
5.
К.Ж.Бұзаубақова, А.С.Амирова, А.А.Маковецская «Цифрлы педагогика» Оқулық
-
Тараз
«ИП «Бейсенбекова Ә. Ж. и 2022
-
314б»


КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
339 
ӘОЖ
271.302:215 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕТАДАҒДЫЛАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
 
МАҢЫЗЫ
 
Избасарова С
.
Т

№ 64 мектеп, Тараз қ.
Бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру жүйесі өзінің жылдам өзгеруімен, жаңашылдығымен 
ерекшеленеді. Ал білім беру жүйесіндегі жаңалықтың негізі 
– 
әрбір білім алушыны жеке тұлға 
ретінде қабылдай отырып, оның тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, оларды болашақ өмірдегі 
бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу. Өз жұмысын және өзін
-
өзі ұйымдастыра алатын, 
бастамашылық таныта алатын және қиындықтарды өз бетінше жеңе алатын белсенді ерікті 
тұлғалар жиі талап етіледі. Осыған байланысты сол қажет тұлғаны қалыптастыру үшін ең алдымен 
баланың әлеуметтік мінез
-
құлқын реттеуге назар аудару қажет. Қоғамның және өзінің жеке 
мәселелерін шеше алатын, өзіндік қабілеттері айқын бейнеленген белсенді, дербес, көшбасшы, 
шығармашыл тұлға 

бұл бүгінгі қоғам сұранысы. Бұндай әлеуметтік тапсырыс жеке тұлғаның өзін 
көрсете білудің, өздігінен кемелденудің, табысты әлеуметтенудің негізі ретінде бастауыш сынып 
оқушыларының әлеуметтік дағдысын қалыптастыру және оны дамыту мәселесіне аса көңіл бөлуді 
талап етеді. Баланың икемді дағдыларын дамыту мәселесіне Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік 
революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ерекше назар аударды. 
Сондықтан оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мәселесі тәрбие мен әлеуметтендіру үдерістерінің 
арақатынасы қажеттілігінен туындайды. Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын әлеуметтендіру 
негізі ретінде сыныптың тәрбие жүйесін құрудың өзектілігі «Жаңартылған оқу бағдарламасының» 
мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартының» компонентінде айқын көрініс табады, олардың бірі «Әлеумет» 
білім беру саласы қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай
-
ақ жалпы адамзаттық 
құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым
-
қатынас жасай 
білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы 
мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен 
жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт
-
дәстүрлерді 
сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ 
үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай
-
ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін 
құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын 
қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез
-
құлық негіздерін тәрбиелеуді 
қамтиды» 

деп көрсетілген. Осындай жеке адами сапалар сол адамның болашақта араласатын 
қатынастар өрісіне, әр түрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне жол ашады. 
Сонымен қатар өзінің тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, одан да ауқымды 
қоғам аймағына ұмтылыс жасайды. Мұндай адамның бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл 
қоғамның болашақ өркениеті көрініс тауып, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. 
Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы 

оның толық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін 
көрсетумен бірге, сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Жеке тұлғаның дамуы, 
яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік 
қажетсінуді керек етеді. В. Мардахаевтың «Әлеуметтік педагогика бойынша сөздігінде» 
әлеуметтенудің мынадай анықтамасын береді: «Әлеуметтену 
– 
бұл тұлғаның қалыптасу үдерісі. 
Мұндай қалыптасу процесінде индивидтің тілді, әлеуметтік құндылықтар мен тәжірибені 
(нормаларды, қағидаларды, мінез
-
құлық
-
үлгілерін), осы қоғамға тән мәдениетті, әлеуметтік 
қауымдастықты, топтарды меңгеруі және олардың әлеуметтік байланыстары мен әлеуметтік 
тәжірибесін жаңғыртуы орын алады. Әлеуметтену үдеріс ретінде және нәтиже ретінде 
қарастырылады». Әлеуметтендіру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік топқа, қоғам өміріне 
араласуы және бейімделуі, жекеленуі болып табылады. Адамды әлеуметтендіру әрбір қоғам мен 
әлеуметтенушінің ерекше құралдардың
кең жиынтығымен жүзеге асырылады. Біз кіші мектеп 
оқушыларын әлеуметтендіруде әлеуметтік дағдылар мен шығармашылық белсенділікті дамыту 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет