КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 338
білдіре алу.
Тыңдалым негізі
–
ақпаратты түсіну, жеткізе білу. Тыңдалым әрекеті негізінде ақпаратты
тыңдай білу, аудиовизуалды материалдар арқылы естігенін, көргенін, түсінгенін айта білу немесе
жаза білу, бейнематериалға
қатысты пікірталасқа қатысу, яғни тыңдаған, көрген ақпарат бойынша
өз көзқарасын білдіре алу.
Соңғы зерттеулерде В.А.Сластенин бастаған ғалымдар "педагогикалық қызметтің
инновациялық бағыты"түсінігін енгізеді. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыты бірінші
кезекте педагогтарды педагогикалық инновацияларды игеруге, қолдануға ену процестерін
кірістіреді, өйткені инновацияларды жасақтау және тарату процестері педагогикалық шеберліктің
жоғары деңгейіне бағытталған. Өз кезегінде, жоғары деңгейдегі педагогикалық шеберлік
педагогикалық іс
-
әрекет көбінесе эксперименттік
-
инновациялық қызметіне құрылады,
нәтижесінде педагогикалық жаңашылдықтар жеке мұғалім үшін ғана емес, сонымен қатар
педагогикалық қоғамдастық үшін де маңызды болады, себебі мұғалім үнемі сараптау, өз әрекетін
рефлексиялау процесіне, жаппай ендіру үшін өз тәжірибесін негіздеуге, таратуға қабілетіне
бағытталған. Соның негізінде авторлар инновациялық қызметті инновациялық бағыттағы
қызметтен ерекшелейтін негізгі белгілер қатарына: жаңа идеялардың маңыздылығы деңгейі,
енгізілетін өзгерістердің деңгейін; өз әрекетін реттеу деңгейі. Бұл белгілер қалыптасқан
инновациялық қызмет үшін де, инновациялық бағыттағы қызмет үшін де түрлі дәрежедегі мәнге,
деңгейге ие.Осыған орай, педагогтарга кәсіби білім берудің маңызды міндеті
-
олардың
инновациялық бағыттағы қызметті игеруі болып табылады. Кейін кәсіби тәжірибесін байыту,
дамытуына қарай мұғалім оған инновациялық қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
кәсіби және жеке қасиеттерді иелене алады. Сондықтан, мұғалімді инновациялық қызметке
дайындау оның инновациялық бағыттағы қызметін игеруден, кәсіби қызметті одан әрі дамытудан,
кәсіби қызметті кәсіби шеберлік деңгейіне дейін байытудан басталады. Мұндай процесс қазіргі
мұғалімнің оқытудың мазмұны мен әдістерін үздіксіз іздестіруге, иновациялық санасы мен іс
-
әрекет моделін қалыптастыруға бағытталған инновациялық біліми ортаны жасақтауды қажет етеді.
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасында «Жаңа білім беру деректер мен формулаларды жаттап алуға емес,
ең алдымен ақпаратты талдау дағдылары мен креативті ойлаудың дамуына екпін қойып, цифрлық
экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін болады» деп көрсетілген. Мұның өзі білім беруде
цифрлық сауаттылықты арттыру үшін ақпараттық
-
коммуникациялық технологияларды жетік
меңгеру, оқу үдерісінде аудио, видео материалдармен қатар қосымша білім беру ресуртарын
пайдалана алудың өзекті мәселе екендігін білдірсе керек. Цифрлық технологияларды қолдану
–
сабақ сапасын арттырумен қатар білім алушыларды ақпаратпен жұмыс істей білуге, ақпаратты
таңдап, талғап, өңдеп, тасымалдау сияқты дағдыларын дамытып, ақпараттық мәдениетті
қалыптастырады, шығармашылық қабілетке де баулиды. Жоғарыда айтып өткеніміздей цифрлық
технологияларды қолдану қоғам өмірінің барлық саласында маңызды рөлге ие болып отыр. Оқыту
жүйесінде де цифрлық ресурстарды пайдалану
–
білім сапасын көтеріп, заман талабына сай
бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға жағдай жасайды.