Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет413/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

Нағыз мұғалім сізді үнемі тәрбиелейтін адам емес, оқушының тұлға болуына
 
көмектесетін адам
 
(М. А. Светлов). 
 
Қазіргі
мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық 
технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде 
әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен 


КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
344 
қатар, оқушының
шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға 
қабілеті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Елімізде білім 
берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне 
енуі бүкіл оқу
-
әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. 
Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс
-
тәсілдерін пайдаланып, қазіргі заманауи инновациялық 
технологияларды меңгеру білім сапасына елеулі әсер етуде. Яғни, қазіргі білім беру жүйесінің 
мақсаты 
– 
бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп

үйрететін орта, оның жүрегі 
– 
мұғалім. 
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс 
– 
оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның 
жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір
тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау 
– 
әр 
мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін 
адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі 
– 
педагогикалық құралдардың барлығын 
меңгерген, тұрақты өзін
-
өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға 
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. 
Бүгінгі таңда мұғалім тұлғасы деген мәселе өте өзекті болып отыр. Ол туралы 
ойшылдарымыз да, ғалымдарымыз да, қоғам қайраткерлері де ерекше мән беріп, түрлі 
тұжырымдар мен пайымдаулар жасаған. Солардың бірі 
– 
ұлтымыздың ұлы тұлғасы, алаштың 
біртуар қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов. Жүсіпбек Аймауытовтың ұстаз тұлғасын 
қалыптастыруға негіз болатын ой
-
тұжырымдарына назар аударсақ: «... Мұғалімдікке арналған 
адам жақсы оқытушы болу үшін өзіне тиісті нәрселерді мына ретпен үйренсе керек. Әуелі 
оқытудың мағлұмат жағымен, яғни дидактикамен, математикамен жақсы таныс болады. Сонан соң 
әрбір сабақ берушілердің оқыту ыңғайларын, әдістерін бақылап, қарап жүреді. Одан кейін жақсы 
ысылған оқытушыларының жетегімен, солардың алдында өзі сабақ беріп, күшін шамалайды. Бұны 
үлгі сабағы дейді, содан соң өз бетімен бала оқытуға кіріседі. Бірақ, оқыту

баланы ғана оқыту 
емес, баламен бірге өзі де оқу
екенін әсте естен шығармау керек.». Бүгінгі таңда білім беру жоғары 
технологиялық деңгейге көтерілуде. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық 
жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Педагогика 
мен психология ғылымында «педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «оқыту 
технологиясы», «тәрбие технологиясы», «тұлғаны дамыту технологиясы» т.б. ұғымдар кеңінен 
қолданылуда. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық 
сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін
-
өзі дамуына, өзіндік білім алуына және 
шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан 
мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуі үшін және 
оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайтадаярлауда 
ақпараттық (технологияны) әлемде оқу
-
тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа 
әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызды. Мұндай жағдайда 
педагог мамандар өзін
-
өзі дамытуға және өздігінен білім алуға мүмкіндік алады. Біздің бүгінгі 
мектеп партасында отырған шәкірттеріміз

баға жетпес ұлттық байлығымыз, еліміздің ертеңі. 
Ертеңін ойлаған әрбір азамат, дәлірек айтсам әрбір ұстаз, өз біліктілігін шыңдай түсуге міндетті. 
«Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» 
-
деп 
А.Байтұрсынов атамыз айтқандай қазіргі мұғалімдер рухани байлықты бойына жинаған, заман 
ағысына сай біліммен қаруланған ой
-
өрісі жоғары, зерделі, жанжақты дамыған маман болғаны 
жөн. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалықпсихологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен 
оқушылардың арасындағы қарымқатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің 
болуын қажет етеді. 
Ғылыми
-
педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс
-
әрекетіне 
байланысты мәселелер жан
-
жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелі 
бағыттылық зерттеулерде инновациялық іс
-
әрекет креативті парадигманың жеке бас, 
регулятивтік
-
коммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын 
қарастырылады. Осылайша, мектеп мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына 
педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын 
меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы 
тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, 
шығармашыл жаңа тұрпатты мұғалім болуы қажет. Ал жаңа тұрпатты мұғалім
-
заманауи 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет