29
Сәуір
«Ақ жол» демократиялық партиясы 2023 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы – 12» Жалпыұлттық дәстүрлі байқауын жариялайды
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.
Байқауға қатысу үшін Алаш қозғалысын зерттеумен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жеке жұмыстарын (эссе, мақала) ұсына алады.
Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқау келесі төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы. Тақырыптық бағыттар: - Алаш қозғалысының мұраты: ұлттық даралық пен мемлекеттілік идеясы; - Конституциялық реформа және саяси трансформация; - Демократияны жетілдіру және парламентаризмді күшейту; - Парламенттік Республика идеясы; - Мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиясыздандыру; - Мемлекетшіл сана және ұлттың жаңа болмысы; - Алаш конституциясының тұжырымдамасы. 2. Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және ұлттың оянуы. Тақырыптық бағыттар: - Алаш зиялыларының педагогикалық қызметі; - Алаш кезеңіндегі ұлттық әдебиет сипаты; - Алаш ағартушыларының ғылыми қызметі; - Ұлттық журналистиканың қалыптасуы және Алаш ағартушыларының қызметі; - Алаш ағартушыларының білім, мәдениет нысандарын қалыптастырудағы рөлі. 3. Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту. Тақырыптық бағыттар: - Нарықтық реформалар және экономикадағы монополиямен күрес; - Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, оны қорғау мен қолдау; - Әлеуметтік теңсіздік мәселесі, бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту – кедейшілікпен күресудің басты тетігі; - Алаш қозғалысын қолдаудағы байлар мен меценаттар ролі; - Кәсіпкер тұлғасының қалыптасуы (ойлау жүйесі, рухани келбеті, уақыт пен қаржыны меңгеру, инвестиция салу, т.б.).