а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Аппараттық құралдар неден тұрады?
Бағдарламалық құралдар ұғымына не енеді?
Процессор дегеніміз не?
Программа дегеніміз не?
Компьютер жады дегеніміз не? Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқада символдары бар пернелерден тұрады.
Функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қоғалуын басқаруға болады.
пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер пернесін бір рет басса, онда перенелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал оны тағы бір рет басса, онда бұл пернелер меңзерді экранда жылжыту бағытын басқарады. немесе енгізу пернесі. Бұл – ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді. Команда символдық перенелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады да, компьютерге сендер пернесін басқаннан кейін жетеді. Бос орын пернесі. бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады. пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады. пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Бас әріптерді енгізу үшін пернесін басып тұрып, одан соң символдық перенелерді басады да қажетті әріптерді тереді. пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса, бас әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса кіші әріптер енгізіледі. пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады. Ұлттық алфавит символдарының пернетақтаның пернелерінде орналасуын пернетақтада таратылу деп атайды. Бұл тілдің алфавитінен ауысу үшін пернелердің комбинациясы пайдаланылады. Сергіту жаттығулары (2 мин)