Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді


Пароход  енді сол барған жолын кеңейтуге кірісті. Енді экспедиция үш  мотор



Pdf көрінісі
бет27/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

Пароход 
енді сол барған жолын кеңейтуге кірісті. Енді экспедиция үш 
мотор, 
он шақты
мотофлюгаларға, 
кішкене 
қайықтарға 
бӛліне тиеліп, 
"айқасқа" ұмтылды... Қақпақтары ашылған 
трюм 
тереңінен іркілдеген 
ақ 
майлар 
шорши қарғып 
палубаға 
түседі. Екі 
ит балықты 
екі қолына алып 
Ақмамбет те 
кубрикке 
құлайды. 
Рубк
а 
ішінен тек алдыңғы бағытты болмаса, 
ӛзге түсты болжай алар емеспін 
(Ә. Сәрсенбаев). 
Осы үзіндідегі 
ит балык, сүген, бекіре, ак май, мұз қала, промсол, 
пароход, экспедиция, мотор, мотофлюга, қайық, трюм, кубрик, рубка
атаулары 
кәсіби лексикаға жататын сӛздер. 
Кәсіби лексиканың әр кезгі даму кӛрінісін белгілі дәрежеде кӛркем 
әдебиет стилінен де кӛруге болады. Айталық "Қарағанды" романында ӛндіріс 
ӛмірі, кеншілер тұрмысы суреттеледі. Кәсіби лексикада кейін пайда болған 
атаулар, тың ұғымдар бұл шығарманың тілінен де айқын сезіледі. Мысалы: 
Алдында қос темір жолдың түйіскен басында 
барабан. 
Барабанға 
оралған 
сталь арқанның 
екі ұшы екі 
вагонеткада. 
Машина 
қайланы 
жойса, 
темір 
астау 
адам терін суша тӛккен, 
ташке, 
шана түгілі 
лавадан вагонеткаларды 
қуды. 
(Ғ.Мұстафин). 
Кәсіби лексика публицистикалық стильде де, мысалы, түрлі жол жазбада, 
очеркте т. б. ара-тұра қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп 
отырған уақиғаны оқушының кӛз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін 
пайдаланады. 
4)
Кірме сӛздер. Кірме сӛздердің ӛзіндік қолданылу мақсаты, стильдік 
ерекшеліктері болу керек. Аударуға болатын басқа тілден енген сӛздерді сол 
қалпында қолдану әдеби норманы бұзғандық емес, белгілі бір стильдік 
мақсатта жұмсау ерекшеліктері болады. Мысалы Абай «образование» сӛзін 
орыс мектептерінде, орыс тілінде және азаматтық мазмұндағы оқу екенін 
айыру мақсатында қолданған кеәбір әкімшілік орындары мен қызмет 
адамджарын нақты әрі дәл беру үшін кейбір орыс сӛздерін, тіркестерді 
аудармай сол күйінде жұмсайды: военный, губернатор, уездной, начальник, т.б. 
Кейбір кірме сӛздерді түсіндіре кету мақсатымен оған балама боларлық 
қазақ сӛздерін қатар қолданады: 
Ол монастырь-сопылар тұратын жер. 
ХІХ ғасырда 
мектеп
– мұсылманша тӛменгі діни оқу орнының атауы 
болғандығы, ӛкімет тарапынан ашылған мектепті «школ» деп атағандығын 
Абай шығармаларынан білеміз. 


35 
Кей ақын-жазушылар кейіпкердің тіл мәдениетін, сӛз саптауын, қысқасы, 
ой-ӛрісінің тӛмен екендігін кӛрсету үшін кірме орыс сӛздерін стильдік 
мақсатта қолданады: -
Айда, давай, кӛтер , кӛк мойынды,- дейді
(Б.Майлин). 
М.Мағауин «Аласапыран» романында да автор кірме орыс сӛздерін орыс 
сарайындағы қызмет адамдарын суреттеуде жұмсайды: вот, вор, царевич, 
приказ, т.б. 
Кірме сӛздерді қолдануда стильдік қателер жиі ұшырайды: 
Бізді запас 
бӛлшектермен қамтуға тиісті орындарға айтар ӛкпеміз де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет