Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді


Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сӛйлем түрінде



Pdf көрінісі
бет40/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

3. Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сӛйлем түрінде 
баяндалады. 
Оны риторикалық (шешендік) 
сұрақ дейміз:
 


48 
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға? 
Оқалы тон тола ма, 
Ар-ұятын сатқанға?
(А б а й). 
Жылағанда кӛзіме 
Қанды жасым тола ма? 
Тауға біткен бәйшешек 
Қураса, бір күн сола ма? («Алпамыс»)
Сұраққа жауап алу мақсатымен емес, кісінің сезімін қоса хабарлау үшін 
жұмсалатын сұраулы сӛйлемдерді жұмсай білу керек. Олар - кісінің ойын 
мәнерлі түрде әсерлі етіп айтудың ӛте ұтымды амалы. Мысалы: 
Сіз де келеді 
екенсіз-ау? 
деген сұраулық интонациямен айтылады. Оны айтқан кісі басқадан 
жауап күтпейді, тек біреудің келгеніне әрі қуанышын, әрі таңданғанын 
білдіреді. 
Ӛз балаңа сенбегенде, енді кімге сенесің? 
деген де жауап күтпейтін 
сұраулы сӛйлем, мұны есіткен (не оқыған) адам сӛйлеуші балаға сену керек 
деген ойды күшейтіп, бір түрлі кейіспен айтқанын аңғартады. 
Кӛркем әдебиетте жиі ұшырайтын шешендік күрделі орамдар үстемеленген 
сұраулы сӛйлемдер түрінде де жұмсалады. Ол сұраулы сӛйлем тізбектері 
басқа бір елеулі іс-әрекеттің, болмыстың себептері орайында жұмсалады. 
Мысалы, "Абай" романының бірінші кітабында жас Абайдың ақын-
жыраулардан есіткен-білгеннеп алған әсерін М.Әуезов былай суреттейді: 
Тілі ұғымды, ӛмірі таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен Байкӛкшенің 
кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған
кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе, бебеу қақкан қоңыр, 
майда, баяу домбырадан ба, қалайда болса Абай бұл күнге шейін ӛмірде дәл 
осы Барлас, Байкӛкше баян еткен дастан, жырларға барабар ешнәрсе 
есітпеген сияқты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет