Подкаст – тілді меңгертудегі заманауи технология аңдатпа



Дата17.06.2018
өлшемі157,5 Kb.
#43052
түріСтатья
ӘОЖ 81:372.881
Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті

Алматы қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: isalta_69@mail.ru
ПОДКАСТ – ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ
Аңдатпа. Мақала қазіргі замандағы білім беру жүйесіндегі заманауи технологиялардың бірі – подкаст туралы. Автор бұл технологияның шетел тілін оқытудағы қолданылу алгоритмін көрсете отырып, қазақ тілін оқытуда да пайдалануға болатынын және пайдаланылып жүргеніне тоқталады. Танымал сервер YouTube‑ке кіріп подкаст құру, оны талдау, түсініктеме жасау және т.б. әрекеттер сөйлеу тілінің айтылым мен тыңдалым шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік беретіндігі сөз етіледі. Кәсіби бағдарлы қазақ тілін оқытуда сөйлеу әрекетінің түрлерін подкаст қызметі арқылы жетілдіру – оқытудың жаңа парадигмасын іздестірудің жолы деген тұжырым жасайды.

Шетел тілін оқытуда 3 кезең, 11 қадамнан тұратын подкастың сөйлеу әрекетін жетілдірудегі рөліне тоқталып, кәсіби бағдарлы қазақ тілін оқытуда қолдануға әбден лайық екендігі, аудиториялық сабақтағы уақытты үнемдеуге, студенттердің қызығушылығын арттыруға, тілді меңгертудің жеке траекториясы бойынша өзіндік жұмыстарды жасау шеберлігі мен дағдысын жетілдіруге, сөйтіп әдістемелік әлеуетті кеңейтуге мүмкіндігі мол екені баяндалады.



Түйінді сөздер: кәсіби бағдарлы қазақ тілі; подкаст; тыңдалым мен айтылым шеберлігі; тілдік білімді жетілдіру; оқытудың жаңа парадигмасы
Иманкулова Салтанат Меркибаевна

к.ф.н., доцент КазНУ имени аль-Фараби

г. Алматы, Республика Казахстан
e-mail: isalta_69@mail.ru
ПОДКАСТ – СОВРЕМЕННАЯ ТЕХНОЛОГИЯ В ИЗУЧЕНИИ ЯЗЫКА
Аннотация. Статья посвящена вопросу современной технологии – подкаст в системе образования. Автор показывает алгоритм применения этой технологии в обучении иностранного языка, именно в том, что его можно использовать в изучении казахского языка и применять в методике обучения казахского языка. В одном из популярных серверов YouTube, в подкасте можно составлять, анализировать, писать комментарии и другие действия, а также способствует эффективному применению и улучшению как разговорной, так и письменной речи.

Автор приходит к выводу, что обучение профессионально‑ориентированного казахского языка можно усовершенствовать с помощью услуг подкаста и это один из самых новых парадигм в сфере обучения казахского языка.

Подкаст в изучении иностранного языка, который состоит из 3 этапов и 11 шагов, вполне соответствует улучшению процесса разговорной речи профессионально‑ориентированного казахского языка, экономии времени в аудитории, развитием мотивации студентов, изучению языка по личной траектории, умению выполнять самостоятельную работу, улучшению навыков речи, все перечисленные аспекты расширяют методический потенциал.

Ключевые слова: профессионально‑ориентированный казахский язык; подкаст; умение аудирования и разговорной речи; улучшение языкового образования; новая парадигма обучения.
Imankulova Saltanat Merkibaevna

Associate Professor of the al-Farabi Kazakh national University

Almaty, Republic of Kazakhstan

e-mail: isalta_69@mail.ru


PODCAST - MODERN TECHNOLOGY IN LANGUAGE LEARNING
Article is devoted to the issue of modern technology - a podcast in the education system. The author demonstrates the application of this technology in learning foreign language, that it can be used in the study of the Kazakh language and Kazakh language methodology. In one of the most popular servers YouTube, learners can analyze, make comments and do other activities in the podcast and it is an effective method of improving speaking and listening skills.

The author concludes that improvement of the types of speaking in professionally oriented Kazakh language through the podcast is a search of new paradigm of the study.

Podcast In learning foreign language consists of three phases and 11 steps, it corresponds to improve the speaking in professionally oriented Kazakh language, it helps to save time in the classroom and develops students' motivation for learning language, it also improves ability to perform independent works and expands methodological potential.

Keywords: professionally oriented Kazakh language; podcast; listening and speaking skills; improvement of language education; a new paradigm of learning.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ғалымдар кез келген адамға қолжетімді, межеленген нәтижеге жеткізетін білім берудің жаңа парадигмасын іздестіруде. Жаңа парадигма – бұл ЮНЕСКО жариялаған жетекші қағидаларды негізге алатын «Білім беру бүкіл ғұмыр бойы» — «Life Long Learning (LLL)» және «Білім беру барлығы үшін» стратегиясы. Қазіргі заманның талаптарына жауап беретін білім берудің мақсаттары ЮНЕСКО‑да «Білім беру барлығы үшін» қозғалысының «Төрт бағаны» ретінде сипатталған: «өмір сүруді үйрену; тани білуді үйрену; істей білуді үйрену; қатар өмір сүруді үйрену»[1,  248 б.]. Аталған қағидалар әлемдегі ең озық идеялар мен білім беруді қабылдауға және жүзеге асыруға қабілетті әлем азаматтарын тәрбиелеу.

Осындай маңызды да, жауапты талапты орындау үшін білім алушы да (біздің жағдайымызда студент), білім беруші де (оқытушы) соған лайық оқыту парадигмасын таңдауы қажет. Ол оқытушыға да, білім алушыларға да көптеген міндеттер жүктейді. Мысалы, оқу материалдарының жаңа түрлерін дайындау, олардың оқу үдерісінде қолдану тәсілдері мен қызметтерін жетілдіру, ақпараттық технологияны тиімді қолдана білу, үнемі ізденісте болу, техниканың жаңа мүмкіндіктерінен хабардар болу және т.с.с. күрделі мәселелерді шешуге тура келеді [2-3].

Қазіргі таңда қоғамның даму тенденциясының басым бағыттарының бірі – ақпараттандыру болып табылады. Интернет‑технологиялардың жылдам дамуы мен таралуы білім беру жүйесінде жаңа парадигмаларды жүзеге асыратын мүмкіндіктердің көзі ретінде қарастырылады. Жаңа буынның электронды білім беру технологияларын құру және пайдалану білім беру жүйесін жаңғыртудың ең тиімді тәсілі болып табылады[4-5-6].

Шетел тілін оқыту практикасындағы мобильдік технологиялардың қазақ тілінде де қолданылатынын және оның ішінде электронды пошта, блог-технология, викитехнологияның дидактикалық ерекшеліктеріне, сөйлеу тілін жетілдірудегі орнына мақаламызда тоқталғанбыз [7]. Енді біз Интернет‑технологияның заманауи түрі – подкастың кәсіби бағдарлы қазақ тілін меңгертудегі маңызына тоқталмақпыз.



Подкаст (podcast) – кез келген адам жасаған аудио немесе бейне жазбаларды Веб 2.0 қызметінде көруге немесе тыңдауға болатын әлемдік желі. Оның теледидар мен радиодан айырмашылығы – тікелей эфирден емес,

қолайлы уақытта аудиофайлдардан тыңдауға немесе бейнехабарламалардан көруге болады. Тұтынушы подкаст қызметіне кіріп, таңдағанын көріп, оны өзінің жеке компьютеріне көшіріп алуына болады. Оның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Интернетте тілді түрлі деңгейде меңгерген аутентикалық подкастар да, оқу мақсатына арналғандары да болуы мүмкін.

Ғылыми еңбектерде, соның ішінде шетел тілдерін оқытуда да, бұл тақырыптағы материалдар аса көп емес, қазақ тілін меңгертуге арналған материалдарды кездестіре алмадық. П.В. Сысоев пен М.Н. Евстигнеевтің [8], А.Г. Соломатинаның зерттеулерінде [9] сөйлеу әрекетінің түрлерін жетілдірудегі маңызы және К.В. Капранчикованың мақаласында подкаст қызметінің шетел тілін оқытудағы әлеуметтік‑мәдени қызметі туралы жалпы шолу жасалады [10].

Подкаст серверінің танымал түрі – YouTube болып табылады. YouTube қызметіне тіркелген әрбір қолданушы өзінің видеоподкастын салуына, басқалардікін көруіне, сондай‑ақ микроблогтағы подкастқа талдау жасауға, түсініктеме беруіне болады. Подкаст әлеуметтік қызметі жазбаларды тыңдау, қарауға мүмкіндік беретіндіктен, сөйлеу әрекетінің тыңдалым мен айтылым шеберлігін дамытуға септігін тигізеді.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілін оқытуда сөйлеу әрекетінің түрлерін подкаст қызметі арқылы жетілдіру оқытудың жаңа парадигмасын іздестірудің жолы болып табылады. Мысалы, студенттің сөйлеу әрекетін жетілдіру мен дамыту үшін Интернеттегі мамандығына сай материалдарды оқу материалына сай тақырыптарға бөліп беруге болады.


  • Кәсіби сала. Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым. Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы.

  • Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары.

  • Кәсіби сала субъектілері. Мекеме. Кәсіпорын. Серіктестік.

  • Кәсіби сала қызметін мемлекеттік реттеу. Кәсіби сала қызметін реттейтін негізгі заң және нормативті заң актілері.

  • Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдар әріптестік қарым-қатынас.

  • Кәсіби сала қызметінде қолданылатын құрал-жабдықтар. Сипаттамасы. Жасалу тарихы.

  • Кәсіби сала бойынша өндірілетін өнім түрлері. Өнім сапасы. Экспорт. Импорт.

  • Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) интернет сайттар.

Кәсіби сала және тіл экологиясы және т.б. [11]

Тапсырманы арнайы репортаж, дәріс, хабарландыру, нұсқаулық, фильм, театрланған көрініс, телебағдарлама, әңгімелесу, сұқбат, және т.б. түрінде беруге болады.

Оқыту үдерісінде студенттер тілдік танымды (алған ақпараттың жалпы мағынасын түсінуден талдауға дейін) оқу материалына және тілдік деңгейге сәйкес жүзеге асыра білуі керек. Ол үшін аутентикалық мәтін таңдалуы керек.

Аутентикалық материалдар туралы әдіскерлердің көзқарастары әр түрлі. Аутентикалық тапсырмалар деп ғалымдар Бахман мен А. Палмер [12] қатысым жағдайындағы тапсырмалардың шынайы өмірмен сәйкестігін айтады. Ал Марч [13] студенттердің тапсырма орындау барысындағы жеке қызығушылығын тудыратын тапсырмалар, К.С. Кричевская түпнұсқа әдебиеттерді, фольклорлық, бейнелеу, музыкалық шығармаларды, түрлі‑түсті заттардың шынайы бейнесін (киім, жиһаз, ыдыс‑аяқ, т.б.) жатқызады[13]. Ал Г.И. Воронин ана тілінде сөйлейтіндердің қатысымдық практикасы ретінде түсінеді. Аутентикалық мәтіндер деп күнделікті тұрмысқа қажетті (көрсеткіштер, жол белгілері, маңдайшалар және т.б.) жарнамалық қасиетке ие мәтіндер және ақпараттық мәтіндерді (мақала, сұқбат, сауалнама, репортаж және т.б.) атайды. Бірақ ғалымдар анықтама беруде әр түрлі көзқараста болғанымен, түпнұсқалық дереккөздерден алынған қолжетімді, студенттердің танымдық ерекшелігіне сай, коммуникативтік мазмұндағы, лингвистикалық, когнитивтік әлеуеті жоғары, мамандыққа не меңгертуге бағытталған мәтіндерді аутентикалық материалдарға жатқызады.

Шетел тілін оқыту тәжірибесінде подкаст технологиясы арқылы айтылым мен тыңдалым шеберлігін дамыту алгоритмі 3 кезеңнен, 11 қадамнан тұрады екен.

1-КЕСТЕ

Подкаст арқылы студенттердің сөйлеу әрекеті – айтылым мен тыңдалым шеберлігін дамыту алгоритмі


І. БЕКІТУ КЕЗЕҢІ (УСТАНОВОЧНЫЙ)

1‑қадам. Жұмысты бекіту және жоспарлау. Оқытушы студенттерге жобаның мақсаты мен міндетін түсіндіреді. Студенттердің подкасты желіге орналастыру платформасын және олардың желідегі іс‑әрекетін, сондай‑ақ оқу үдерісіндегі бағалау өлшемімен таныстырады.

Оқытушы

Студент

оқу қызметі неден тұратынын түсіндіреді

ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қояды




қандай соңғы нәтиже күтілетінін түсіндіреді

студенттерді бағалау және өзін‑өзі бағалау өлшемімен таныстырады

алгоритм әрекетімен таныстырады

2-қадам. Подкасты серверде орналастыру ережесімен, Интернет‑пікірталас ұйымдастыру үшін түсініктеме беру ережесімен таныстыру.

Оқытушы

Студент

Интернеттегі айтылым мен тыңдалым шеберлігін дамытатын подкаст қызметінің (www.podomatic.com) сайтын береді

Интернеттегі айтылым мен тыңдалым шеберлігін дамытатын подкаст қызметінің (www.podomatic.com) сайтын алады

студенттерді тіркейді

подкаст қызметінде тіркеледі

студенттерге www.podomatic.com сервисінде подкасты орналастыру жолын түсіндіреді

www.podomatic.com сайтында аудио және видеофайлдарды орналастыру ережелерімен танысады

студенттерге микроблогта подкасты орналастыру ережесін түсіндіреді

микроблогта подкасты орналастыру түсініктемелерімен танысады

3-қадам. Оқытушы студенттер үшін белгілі бір тақырып бойынша подкаст парақшасын ашады. PodOmatic (www.podomatic.com) әлеуметтік желісін пайдалана отырып, оқытушы өз тобы үшін жеке парақша ашады. Осы ашқан бетке сайтқа кірушілерге тапсырма не жобаның сипаттамасы беріледі. Онда подкастың тақырыбы, оның құрушысы жазылады. Алдымен оқытушы өзі жалпы түрде ұзақтығы 1-2 минутқа созылатын подкаст құрып, шетел тілінде тапсырмаларды түсіндіріп, жобаға қатысушы – өз студенттерін таныстырғаны жөн.

Оқытушы

Студент

подкаст сервисіндегі сайтқа бір подкасты құрады және орналастырады

көреді, еске сақтайды, сұрақтар қояды



оқушылардың өз подкасын құратын тақырыбын белгілейді

подкаст көлемін анықтайды

бір‑бірінің подкастын талқылау қайда және қалай өтетін студенттің өзара желілік әрекетін түсіндіреді

4-қадам. Студенттердің подкасты құрудағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау. Оқытушы студенттерге Интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікті сақтау ережесін түсіндіреді.

Оқытушы

Студент

Оқытушы студенттерге Интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікті сақтау ережесін түсіндіреді.



II. ІС‑ӘРЕКЕТ КЕЗЕҢІ (ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ)

5-қадам. Тақырып таңдау және подкаст мәтінін құру. Студенттерге сөйлеу мәтінін (подкаст) дайындау ұсынылады. Сөз сөйлеу алдында әрбір студент өзін таныстырады, жасын айтады, тұрғылықты жері мен оқитын оқу орнын таныстырады. Одан соң подкаст таңдаған тақырыбы бойынша жалғасады. Осы қадамды жасау барысында студенттер жазылым шеберлігін дамытады: мақсатына қарай сипаттамалы, дәйектемелі, салыстырма‑салғастырмалы сипаттағы мәтіндер құрады. Оқытушы студентке грамматика‑лексикалық тұрғыдан сауатты сөз сөйлеу мәтінін құруы қажет. Кейін подкаст сервисіне салып, ары қарай талқылауға ұсынады.

Оқытушы

Студент

студенттердің өзіндік қызметіне мониторинг жүргізеді

подкаст мәтінін құрады

студенттердің подкаст мәтінін түзетеді

кемшіліктерін қарайды, салыстырады

6-қадам. Подкасқа жазу. www.podomatic.com сервисіндегі қолжетімді желіні қамтамасыз ететін бағдарламаны пайдалана отырып студенттер сөйлер сөзін жазады. Желілік бағдарлама студенттің сөйлеген сөзін сапалы болғанша жаза беруіне мүмкіндік береді. Подкаст сонда ғана желіде сақталып, жобаға қатысушыларға қолжетімді болады.

Оқытушы

Студент

Студенттердің Интернеттегі www.podomatic.com сервисінде подкасты орналастыруын бақылайды.

Интернеттегі өздерінің подкастын www.podomatic.com сервисінде жазады және орналастырады.

7-қадам. Студенттердің подкасын тыңдау (көру). Әрбір студенттің жасаған подкастын тобы мен оқытушы аудиториядан тыс уақытта мұқият тыңдауы, қарауы керек.

Оқытушы

Студент

студенттердің өз тобының жасаған подкасымен танысуын (тыңдау, қарау) қадағалайды.

өз тобының жасаған подкасымен танысады

8‑қадам. Подкасты желіде талқылау. Әрбір студенттің подкастын тыңдап болған соң, барлығына подкасты желіде талқылауға қатысу ұсынылады.

Студенттерге: «подкасты қараңыздар не тыңдаңыздар және микроблокта подкастың мазмұны мен құрылымы бойынша қысқаша пікір мен ұсыныстар жазыңыздар» деген нұсқау беруге болады.



Оқытушы

Студент

Студенттердің әрқайсысының әрбір подкастқа түсініктеме жазуын қадағалайды

микроблоктағы подкаст парақшасында әрбір подкастқа түсініктеме жазады

9‑қадам. Подкасты аудиторияда талқылау. Желідегі талқылаудан соң студенттерге жалпы пікірталасқа қатысып, ұнаған подкасы туралы талдау жасау ұсынылады.

Оқытушы

Студент

студенттерге подкасты топпен талқылауды ұйымдастырады

ең жақсы подкасты талқылайды

III. БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ (ОЦЕНОЧНЫЙ)

10‑қадам. Өзін өзі бағалау (студенттер талқыланған мәселені қаншалықты аша алды, жобаны жүзеге асыру кезінде қандай қиындықтарға не үшін кезікті деген сұраққа жауап іздейді, келесі жолы жұмысты жақсарту үшін не істеу керектігі айтылады).

11‑қадам. Оқытушының бағалауы (оқытушы алдын‑ала белгіленген өлшем бойынша студенттердің жұмысын бағалайды)

Кесте П.В. Сысоевтің «Подкасты в обучении иностранному языку» мақаласынан қазақшаға аударылды.

Кестеде берілген студенттер мен оқытушының алгоритм әрекеттері үлкен көлемдегі оқу қызметін студенттердің өздігімен жүзеге асыратынын байқатады. Бұл әдістеме аудиториялық сабақтың сағатын үнемдейді, сабақтың қызықты өтуі үшін студенттердің қызығушылығын арттырады, тілді меңгертудің жеке траекториясы бойынша өзіндік жұмыстарды жасау шеберлігі мен дағдысын жетілдіреді, сөйтіп әдістемелік әлеуетті кеңейтеді.



Осындай желілік талқылауды өткізген кезде студенттер қате жіберем, балымды жоғалтып алам деп қорықпаулары керек. Бетпе‑бет отырғанда жеткізе алмаған пікірлерін, ойларын жеке траекторияда отырып шебер жеткізе білетіндері де табылады. Бір‑бірімен әлеуметтік желіде қарым‑қатынас жасау арқылы олар ашылады, сөйлеу тілдері жетіледі, мамандыққа бағытталған лексикалық минимумды орынды қолдана алу мүмкіндігі артады. Ең бастысы, студенттер аудиториядан тыс уақытта аутентикалық жағдаяттар (блокта, форумда Интернет қолданушылармен қарым‑қатынас) бойынша қатысымға шығады, өз кәсібіне байланысты мамандардың пікірін тыңдайды, пікір алмасады, ортақ мәселеге қатысты ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алады, ой түйеді. Осындай жобаларды, тапсырмаларды кәсіби бағдарлы қазақ тілінде үздіксіз орындау арқасында тұрақты клише, құрылымдар, терминологиялық сөздіктер, мамандыққа сай сөз этикасының нормалары және т.б. қалыптасады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Образование для мирового сообщества// Образование: сокрытое сокровище. – Париж. ЮНЕСКО, 1997. – С. 111, 248.

  2. Иманқұлова С.М. Білім беру жүйесіндегі тілді меңгерту әдістерін саралау. «Қазақ тіл білімі: лингвистикалық парадигмалар және лингводидактика» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. –Алматы, 2014. – 213-218 б.

  3. Иманқұлова С.М., Түсіпқалиева Р.Қ. Жаңа буын электронды білім беру ресурстары арқылы тілді меңгертуді жетілдіру мәселесі. «Современные инфокоммуникационные и дистанционные технологии в образовательном пространстве школы и вуза» атты халықаралық ғылыми‑практикалық конференция. Чехия-Прага. 27–28 наурыз 2014. -93-97 б.

  4. Иманқұлова С.М. Интернет‑ресурстар арқылы тілді меңгеру мүмкіндіктері. «Заманауи үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі түлектің құзыреттік үлгісі» атты XLIII ғылыми‑әдістемелік конференция материалдары, 5-кітап. – Алматы,17-18 қаңтар 2013 ж. 28-30 б.

  5. Иманқұлова С.М., Қарабаева Х.Ә. Қазақ тілінің виртуалды мектебі – «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру тетігі. Барманқұлов оқулары аясында «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Алматы, 28 ақпан 2014. – 27-31б.

  6. Иманқұлова С.М. Тілді меңгертуді жетілдіру жолдары. «ҚазҰУ хабаршысы» филология сериясы (гуманитарлық сала №4-5 (150-151)). - Алматы 2014. – 174-177б.

  7. Иманқұлова С.М. Мобильді технологиялар арқылы сөйлеу әрекетін жетілдіру. «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: тәжірибесі және проблемалары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. – Алматы, 28 сәуір 2015.

  8. Сысоев П.В., Евстигнеев М.Н. Методика обучения иностранному языку с использованием новых информационно-коммуникационных Интернет-технологий. М.: Глосса-пресс; Ростов н/Д: Феникс, 2010.

  9. Соломатина А.Г. Развитие умений говорения и аудирования посредством учебных подкастов // Иностранные языки в школе. 2012. № 9. С. 71–74.

  10. Капранчикова К.В. Мобильные технологии в обучении иностранному языку студентов нелингвистических направлений подготовки// Язык и культура. 2008. № 1 (25). С. 85–94.

  11. Қарабаева Х.Ә. Кәсіби бағдарлы қазақ тілі. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы мамандықтарға арналған оқу бағдарламасы. Алматы: «Қазақ университеті». 2013.

  12. Сысоев П.В. Подкасты в обучении иностранному языку // Язык и культура. 2014. № 2 (26). С. 189–201.

  13. Шульгина Е.М. Аутентичность как одно из методических условий формирования иноязычной коммуникативной компетенции студентов посредством технологии веб‑квест// Язык и культура. 2013. № 2 (26). С. 189–201.



Referenses

  1. Obrazovanie dlya mirovogo soobschestva// Obrazovanie – sokritoe sokrovische. – Parij. YuNESKO, 1997. – S. 111, 248.

  2. Imankulova S.M. Bіlіm beru jyiesіndegі tіldі mengertu adіsterіn saralau. «Kazaq tіlі bіlіmі: lingvistikalik paradigmalar jane lingvodidaktika» atti respublikalik gilimi‑adіstemelіk konferenciya materialdari. –Almati, 2014. – 213‑218 b.

  3. Imankulova S.M., Tusіpkalieva R.K. Jana buin elektrondi bіlіm beru resurstari arkili tіldі mengertudі jetіldіru maselesі. «Sovremennie infokommunikacionnie i distancionnie tehnologii v obrazovatelnom prostranstve shkoli i vuza» atti halikaralik gilimi-praktikalik konferenciya. Chehiya‑Praga. 27–28 nauriz 2014. –93‑97 b.

  4. Imankulova S.M. Internet resurstar arkili tіldі mengeru mumkіndіkterі. «Zamanaui yzdіksіz kasіbi bіlіm beru jyiesіndegі tylektіn kyzirettіk ylgіsі» atti XLIII gilimi adіstemelіk konferenciya materialdari, 5‑kіtap. – Almati, 17‑18 kantar 2013 j. 28‑30 b.

  5. Imankulova S.M., Karabaeva H.Ә. Kazaq tіlіnіn virtualdi mektebі – «Mangіlіk el» ideyasin іske asiru tetіgі. Barmankulov okulari ayasinda «Sandik‑akparattik dauіrdegі bukaralik kommunikaciya kuraldarinin jana mүmkіndіkterі men problemalari» atti halikaralik gilimi‑tәjіribelіk konferenciya. – Almati, 28 akpan 2014. – 27-31b.

  6. Imankulova S.M. Tіldі mengertudі jetіldіru joldari. «KazYU habarshisi» filologiya seriyasi, gumanitarlik sala №4‑5 150‑151, –Almati 2014. –174‑177b.

  7. Imankulova S.M. Mobildі tehnologiyalar arkili soileu әreketіn jetіldіru. «Kazaq tіlі kommunikativtіk mәdeni jүiede: tәjіribesі jәne problemalari» atti halikaralik gilimi-әdіstemelіk konferenciya materialdari. – Almati, 28 sәuіr 2015.

  8. Sisoev P.V., Evstigneev M.N. Metodika obucheniya inostrannomu yaziku s ispolzovaniem novih informacionno‑kommunikacionnih Internet‑tehnologii. M.: Glossa‑press; Rostov n/D: Feniks, 2010.

  9. Solomatina A.G. Razvitie umenii govoreniya i audirovaniya posredstvom uchebnih podkastov // Inostrannie yaziki v shkole. 2012. № 9. S. 71–74.

  10. Kapranchikova K.V. Mobilnie tehnologii v obuchenii inostrannomu yaziku studentov nelingvisticheskih napravlenii podgotovki// Yazik i kultura. 2008. № 1(25). S. 85–94.

  11. Karabaeva H.Ә. Kәsіbi bagdarli qazaq tіlі. Gumanitarlik jәne jaratilistanu bagitindagi mamandiktarga arnalgan oku bagdarlamasi. Almati: «Kazaq universitetі». 2013.

  12. Sisoev P.V. Podkasti v obuchenii inostrannomu yaziku // Yazik i kultura. 2014. № 2(26). S. 189–201.

  13. Shulgina E.M. Autentichnost kak odno iz metodicheskih uslovii formirovaniya inoyazichnoi kommunikativnoi kompetencii studentov posredstvom tehnologii veb kvest// Yazik i kultura. 2013. № 2(26). S. 189–201.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет