ПОӘҚ 042-18-12 39/03-2014 Баспа №.. 201 ж


Өзін тексеруге арналған сұрақтар



бет8/16
Дата13.02.2017
өлшемі9,52 Mb.
#9200
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Өзін тексеруге арналған сұрақтар

Теңіз көлігінің даму тарихы


Ұсынылатын әдебиет:
  1. Под флагом России. История зарождения и развития морского торгового флота. Пузырев В.П. Издательство: Согласие 1995 г.

  2. Бянкин В. П. Русское торговое мореплавание на Дальнем Востоке (1860-1925 гг.). Владивосток, 1979.

  3. История отечественного судостроения. В 5-ти т. СПб., 1992-1996.

  4. История флота государства российского. Т. 1-2. М.,1996.

  5. Морской транспорт в мировой экономике. Н. В. Лукьянович




7 дәріс. «Өзен көлігінің пайда болуы және дамуы»

Сабақ мақсаты: өзен көлігінің даму ерекшеліктерімен танысу.

Дәріс жоспары:



  1. Өзен көлігінің даму тарихы.

  2. Өзен көлігінің республика мен облыста дамуы.

  3. Кеме жүзетін су жолдарының сипаттамасы.

1. Өзен-су көлігі - бұл жолаушылар мен жүктерді негізгі табиғи (өзендер, көлдер) және жасанды (каналдар, су қоймысы, шлюздік өзен бөлігі) су жолдарымен тасымалдайтын көлік түрі. Магистральді су жолдарының ішінде халықаралық, яғни бірнеше мемлекеттер арасындағы ішкі тасымалдау (мысалы, Дунай, Одер, Рейн, Амур, Парагвай, Нигер), ауданаралық, яғни мемлекеттегі үлкен аудандар арасында тасымалдау (мысалы, Волга, Янцзы, Миссисипи) және жергілікті, яғни аудан ішіндегі байланыстарды қамтамасыз ету ерекшеленеді.

Өзен-су көлігі елдердегі жыл мезгіліне байланысты жұмысына қарамастан, басқа көлік түрлерімен салыстырғанда артықшылықтарға ие. Үлкен өзендерде су жолдарын ұйымдастырудағы шығын теміржол салуда кеткен шығындармен салыстырғанда 8 - 10 есе аз. Магистральды суларда тасымалдаудың өзіндік құны теміржолдағы тасымалдауға қарағанда 35% төмен және автомобильге карағанда 3 – 5 есе аз.

Адамдар ерте заманнан бері өзендерді қозғалыс, жол ретінде пайдаланады. Месопотамияда, Ежелгі Египетте, Ежелгі Қытайда желкенді және ескекті кемелер қолданылды. Ресейде суда жүзудің көпғасырлық тарихы бар. Ежелгі славяндар хабарлама жіберудің табиғи жолы өзендер мен көлдердің жағасына қоныстанған. Славяндар 9 ғ. су кемелерімен Дон, Волга және Каспий теңізінде жүзген. Балтық теңізін Қара теңізбен байланыстыратын Волхов-Днепр жолдарымен кеме керуендері жүзген. 18 -19 ғ. басында волоктардың орнына жасанды су жүйелері құрылды: Вышневолоцкая (1708), Тихвинская (1811), Мариинская (1810) және басқалар.

19 ғ. басында орыстың өзен-су құрылысында металл пайдаланыла бастады. Бұл уақыт кемелерде механикалық двигательдер қолданумен сәйкес келді. Пароходтарды ең алғаш Петербургте (1815), кейін Камадағы Пожва қаласында құрастырылды. Волгада көптеген пароходтар қоғамы құрылды: «Общество по Волге» (1843), «Кавказ и Меркурий» (1850—59), «Самолёт» (1853), Камск-Волжск пароходтар қоғамы «Польза» (1854) және басқалар.

20 ғ. басында су кемелері ішіндегі бу көлігін іштен жанатын двигатель ығыстырды. Өзен-су көлігі арқылы жүк тасымалдау 49,1 млн. т . жетті. Ал жолаушылар саны 11 млн. адам болды.

Флот құрамы әскери кезеңнен кейін саны және сапасы жағынан өзгерді: орташа қуаттылығы, жүк көтеруі, жолаушылардың сыйымдылығы және кемелер қозғалысының жылдамдығы артты.

2. "Cу объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 105 қаулысымен кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарына мыналар жатқызылған:


      Қара Ертiс өзенi (Қытай Халық Республикасымен шекарадан) - Зайсан көлi - Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларымен Ертiс өзенi (Ресей Федерациясымен шекараға дейiн);

Қытай Халық Республикасының шекарасынан Қапшағай ГЭС бөгетiне дейiн Қапшағай су қоймасымен Iле өзенi;

Жайық-Каспий арнасы;

Балқаш көлi;

Петропавл су қоймасының бөгетiнен Ресей Федерациясымен шекараға дейiн Есiл өзенi;

Қиғаш өзенiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскесi (Волга өзенiнiң сағасы);

Ресей Федерациясымен шекарадан оның сағасына дейiн Жайық өзенi;

Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнiң ауданындағы Сырдария өзенi.

Iшкi су жолдары жалпы пайдаланымдағы жолдар болып табылады және олар мемлекеттiк меншiкте. Оларды күтiп ұстауды және пайдалануды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк тапсырысқа сәйкес, Өскемен, Семей, Павлодар, Орал, Атырау, Қапшағай және Балқаш қалаларында орналасқан жетi республикалық мемлекеттiк қазыналық су жолдары кәсiпорындары жүзеге асырады.
      Iшкi су жолдарын күтiп ұстау Қазақстан Республикасының Су Кодексiмен, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы", "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледi. Су жолдарының барлық учаскелерiнiң және шлюздердiң өткiзу қабiлетi қазiргi уақыттағы көлемде жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi және оның ұлғайюы үшiн жеткiлiктi резервi бар.

Қазақстан Республикасының су жолдары мынадай тәртiпте жiктеледi:

"О" санатындағы бассейндерге Балқаш, Зайсан көлдерi; Қапшағай, Бұқтырма су қоймалары жатады;

"Р" санатындағы бассейндерге Өскемен, Шульба су қоймалары жатады;

"Л" санатындағы бассейндерге Ертіс, Қара Ертiс, Жайық, Іле, Есiл, Сырдария өзендерi, өзге де каналдар мен өзендер жатады.

Жайық, Iле, Есiл, Сырдария өзендерiндегi кеме жүзудiң көлемiнiң жай-күйi бассейндердегi табиғи су көлемiмен, Ертiс өзенiнде Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларынан ГЭС-тың төменгi бъефтерiне су өткiзу мөлшерiмен белгiленедi. Су өткiзу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.



3. Ертіс өзені:

Қытай Халық Республикасының шекарасынан Ресей шекарасына дейiн қашықтығы 1718 км кеме жүзетiн санатына жатады. Қара Ертiс өзенi ҚХР-дан басталады, Бұрғымадан Зайсан көлiне дейiн кеме жүзедi, тереңдiгi 100 см-ге дейiн. Зайсан көлi Өскемен су қоймасымен жалғасатын Бұқтырма су қоймасымен қосылады. Өзенде және су қоймаларында кеме жүзу көлемi шектелмеген. Өскемен ГЭС-iнен Өскемен портына дейiн 10 км, кеме жүзу тереңдiгi 210 см. Өскемен портынан Шульба су қоймасының сыналау аймағына дейiн 124 км, Ертiс өзенiнiң бос учаскесi Yлбi өзенiнiң зор құйылуымен. Ертiс өзенiнiң осы учаскесiнiң тереңдiгi 105 см. Одан әрi ұзындығы 50 км Шульба су қоймасы бар, оған Уба өзенi қосылады. Шульба ГЭС-iнен Семейге дейiн 75 км, тереңдiгi 105 см. ГЭС-тен төмен кеме жүзу тереңдiгiнiң жай-күйi, негiзiнде, ГЭC-тың төменгi бъефтерiне Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларын пайдалану ережесiнде белгiленген су өткiзу көлемiмен анықталады. Өткiзу көлемi жиi бұзылады, бұл кеме жүзуiнiң күрт нашарлауына әкеледi және кемелердiң аварияға ұшырауына алғышарттар жасайды. Бұл жағдай қолда бар техникалық құралдармен тереңдетiлмейтiн түбi тасты қайрандары бар бiрқатар учаскелердiң (Семей-Майск учаскесiнде 19 учаске бар) бар болуы қиындыққа соқтырады. Семейден Павлодарға дейiн 463 км, тереңдiгi 145 см. Өзенге тән көрсеткiш - Семей - Павлодар учаскесi үшiн судың реттелуiне дейiн арна құрастыру шығысы - 2 950 м3/сек, реттелгеннен кейiн барлығы - 750 м3/сек, бұл кеме қатынасы жағдайын күрт және едәуiр нашарлатады, оның нәтижесiнде осы учаскеде 1992 жылдан бастап тереңдiктер навигацияда 90 күннен астам кепiлдi тереңдiктерден төмен болады. Павлодардан Ресеймен шекараға дейiн 381 км, тереңдiгi 190 см. 



Өзін тексеруге арналған сұрақтар

Өзен көлігінің даму тарихы

Өзен көлігінің республика мен облыста дамуы

Ертіс өзені


Ұсынылатын әдебиет:

1. «Морской и речной транспорт» Л. В. Труханович, Д. Л. Щур

2. «Речное судоходство в России» Под редакцией М.Н. Чеботарева
8 дәріс. «Авиацияның пайда болуы мен дамуы»

Сабақ мақсаты: авиацияның даму ерекшеліктерімен танысу.

Дәріс жоспары:



  1. Ұшақтардың бірінші моделін жасау.

  2. Авиацияның қазіргі жағдайы.

1. Авиация (франц. aviation, лат. аvis - құс) – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. 1754 жылы орыс ғалымы М.В.Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс-жүзінде дәлелдеді. 19-ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891-96 жылдары неміс ғалымы О.Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19-ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері А.Ф.Можайский (1825-1890) өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 жылы жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 жылы Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп қирады. Француз өнертапқышы К.Адер жарқанаттың қанатын көзге елестетін «Авьон» аппаратымен бірнеше ондаған қашықтықты ұшып өтіп барып (1897) құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштардың аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. 19-ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер У. Және О.Райт пайдаланды. 1903 жылы 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 жылы сенімді басқарылатын және 1,5 сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 20-ғасырдың басында Еуропада, негізінен, Францияда, А. Сантос-Дюмон, Ф.Фербер және басқалар бірінен соң бірі ұшақ жасауға кірісті. 1909 жылы 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Л.Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1909-14 жылдары Я.М.Гаккель, Д.П.Григорович, В.А.Слесаров, И.И.Стеглау жасаған ұшақтар шықты. 1910 жылы Б.Н.Юрьев Ресейдегі алғашқы тікұшақтың жобасын жасады. Дегенмен, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік ізденістерге кірісті



11 сурет. Леонардо да Винчи махолёті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет