ПОӘҚ 042-33 27/03-2014 Баспа №1 11. 09. 2014


Монотипия-бір басылым сурет



бет4/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,6 Mb.
#22975
1   2   3   4

Монотипия-бір басылым сурет.

Изонить-жіппен бейнелеу.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Сурет салу кезінде қандай құрал-жабдықтар қолданылады?

2.Акварельдін басқа бояулардан айырмашылығы?

3.Акврель техникасында қандай қылқаламдар пайдаланады?

4.Палитра не үшін қажет?

5.Акврельмен сурет салудың тиімді әдістері?



Б)Студентерге тапсырма:Акварель бояуларын пайдаланып жіппен монотипия орындау.
5 тәжірибелік жұмыс:

Тақырып:Графика. Графиканың түрлері.

Сабақтың мақсаты:Бейнелеу өнерінде графиканың орны, оның түрлерімен таныстыру.

Б)Қысқаша мазмұны:Графика-сөзі гректің «графо»-жазамын, сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Ал жалпы графика дегеніміз-ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынған сурет. Ақ түс ретінде қағаз, қара түс ретінде қарандаш,көмір және т.б. материалдар пайдаланады. Суреттер қолмен және машинамен бірнеше данада жасалуы мүмкін. Сондықтан да графиканы екі түрге бөлүге болады: қағазға тікелей салынған сурет және баспа графика. Сурет бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында қалыптасты. Бұған дейін оған картинамен,мүсінмен,гобеленмен жұмыс жасаудың алдындағы дайындық ретінде қарады. Тарихи даму барысында суретке әр түрлі түстер де араласа бастады. Енді графикаға пастельмен,акварельмен,гуашьпен салынған суреттер де қатысты болды. Әлемнің үлкен мұражайларында тез салынған нобайлар да, болашақ картинаның нұсқасы ретіңде салынған ұзақ мерзімді суреттер де сақталған. Көптеген мұражайларда енді арнайы графика бөлмелері жабдықталған. Егер жанды бейнеде барлық түстердің палитрасы қолданылса, суретші-график бір ғана түспен немесе аз ғана түстермен үлкен шығарма жазады. Жоғарыда айтып өткендей, суретшінің орындаған жалғыз шығармасымен қатар, бастыру арқылы көп дананы орындауға болады.Осындай баспа графикасының түрі гравюра деп аталады/ағашта,металда,таста./ Гравюрлудің ең көне әдісі 15 ғасырда Батыс Еуропада және 16 ғасырда Ресейде қолданыла бастаған ағашқа салынған гравюра болды. «Гравюра» сөзі француз тілінен аударғанда «ойып алу» деген мағынаны білдіреді. Гравюраға литография,ксилография,линогравюра,офорт жатады. Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.

Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз.

Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол беріледі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Бейнелеу өнері қандай түрлерге бөлінеді?

2.Графикаға қандай бағытта салынған суреттерді жатқызуымызға болады?

3.Гравюра сөзінің мағынасы?

4.Графика неше түрге бөлінеді?

5.графиканың бейнелеу өнеріндегі рөлі?



Б)Студентерге тапсырма:Графикамен геометриалық денелерді салу.

6 тәжірибелік жұмыс:



Тақырып.Мүсін.Бедерлі мүсін.

Сабақтын мақсаты:Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығын анықтау.

А)Қысқаша мазмұны:Мүсін, яғни, «скульптура»/латынша sculptura/ сөзі алғашқыда қатты материалдадан фигураларды қашап жасауды, шекуді /мүсін жасауды білдірген. Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген. Мұсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол, оның басты әсерлік құралы аймақтық форма. Мұның өзі оныжасаған кезде ағаш, металл,тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың, Үндістан иен Американың мүсіндері мен барельефтері кеңінен мәлім. Антикалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер-Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.

Монументті өнер, пластикалық өнердің шығармаларын нақты архитектуралық орта үшін кеңістік-идеялық жағынан толықтыру мақсатымен жасалады. Монументті өнердің бірнеше түрі бар; ескерткіштер (көшеде, алаңда қойылатын), монументтер (ірі тарихи оқиғаларға байланысты қойылатын), мүсінді – архитектуралық ансамбльдер, т.б. Бұл өнерге өте қатты, төзімді материалдар: гранит, қола, мрамор, т.б. қолданылады. Қазақстан жеріндегі Монументті өнер қола дәуірінен (Алматы облысы Там-ғалы шатқалындағы, Маңғыстау түбегіндегі, Балқаш жағалауындағы және Оңтүстік Қазақстандағы тас таңбалар-петроглифтер) басталады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі сырлы сурет көріністері мен қабырғаларының мозаика қалауы – орта ғасырлардағы Қазақстан Монументті өнерінің жоғары деңгейін танытады. Монументті өнер КСРО тұсында біршама дамыды. Осы жылдары 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы паркте монументтік Даңқ мемориалы (1975) тұрғызылды. Тарихи тақырып Монументті өнер түрлерінде көрініс тапты. Олар: Алматы қаласындағы А. Иманов (1947) және Ә.Жангелдин ескерткіштері (1975). Облыс орталықтарындағы алаңдар мен парктердегі тарих, мәдениет, өнер қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер: Жамбыл бюсті (1971), Абай ескерткіші (1960), Т.Рысқұлов (1979), М.Әуезов (1981) ескерткіштері болды. Монументті өнер мен архитектураның әдемі үйлескен түрі – барельеф (бедерлі мүсін). Әсіресе Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратындағы “Кітаптар кейіпкерлері” (1985) көлемі мен композициясы жағынан ерекше көзге түседі. Қазіргі кездегі Монументті өнерге дәстүрлі өнермен қатар, оның жаңа түрлері мен жанрларын (портреттік ескерткіштер, витраждар, сграффито, түс кілем, қабырға өрнектері, т.б.) дамыту, сонымен қатар бейнелеу пластикасын архитектура техтоникаға үйлестіру тән. Осындай эстетикалық бетбұрыстың негізгі шығармалары: “Азат адам” мозаикасы (1971), “Медеу” қонақ үйіндегі керамикалық панно (1970), т.б. Алматы қаласындағы оқушылар сарайының, “Қазақстан” қонақ үйінің ішкі және сыртқы қабырғаларының әшекейлері кешенді Монументті өнер туындылары болып саналады. Қазақтың мемл. академ. драма театрының ғимараты мен М.Әуезов ескерткіші (1981) архитектура мен мүсінді тұтастыру идеясымен салынған құрылысқа жатады. ҚР өұА ғимаратының жанындағы хауыз (1980) шағын пошымды мүсіндермен, табиғат көріністерімен әдемі үйлесім тапқан.



Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Мүсін өнері қандай салаларға бөлінеді?

2.Статуя деген не ?

3.Рельеф мағынасын айт?

4.Станокты және монументті мусін айырмашылығы?

5.Біздің қаланың қандай мүсін шығармасын атай аласын?



Б)Студентерге тапсырма:Ермексазбен ертегі кеипкерлерің жазықта бейнелеу.
7 тәжірибелік жұмыс:

Тақырып. Сәулет өнері.Архитектурадағы стиль.Сәулет ескерткіштер.

Сабақтын мақсаты: Студентерге сәулет өнерінің стилін, ежелден келе жатқан ескерткіштердін маныздылығын аша білуге баулу.

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.



Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Сәулет өнерінің күнделікті өмірімізде алатын орны қандай?

2.Сәулет өнерін неге ұзақ жасайтын өнер деп атайды?

3.Сәулет өнері неше түрге бөлінеді?



Б)Студентерге тапсырма: Қала көрінісін салу.
8 тәжірибелік жұмыс:

Тақырып. Сәндік қолдабалы өнер және оның түрлері.

Сабақтын мақсаты: Қазақтың сәндік қолданбалы өнерің насихаттауға оның түрлерін білуге, сабақ барысында пайдалануға үйрету.

А)Қысқаша мазмұны:Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.Қазақтың бейнелеу өнері ерлер мен әйелдердің, жануарлардың тастан қашалған бейнелері, сондай-ақ қыз-келіншектердің қола мүсіншелері түрінде өз өрісін тапты. Жаңа қоғамның рухани тәжірибесін образ түрінде бейнелейтін көркемдік туындылар жастарға тәрбие беріп, ұрпаққа ықпал жасау арқылы дәуірді жалғастырады. Сондықтан бейнелеу өнерінің мазмұны аса мәнді өзгеше жас ұрпаққа көркем ой туғызатындай болуға тиіс. Дүниенің сан алуан тіршілік тынысы мен адам сезімінің байлығын бейнелеу өнері кең ауқымды, көркемдік тұрғыдан көрсетеді. Азаматтық нысандылық, мүсіндік сомдау өнерінің игі дәстүрлерін игеру, елуінші, алпысыншы жылдардағы Қарағанды суретшілер шығармашылығының басты сипаттары болды. Олардың туындыларын көшелер алаңдары мен гүл бақтарының кеңістігінде тұлғаның жарасымды, келісті пішінделуіне, мәнділігіне қарай жазбай тануға болады. Мысалға, А. Билыктың қаламыздың сәулеттік-кеңістік ортасымен әдемі үйлескен, сымбатты шешімін тапқан кенші тұлғасы. Соңғы жылдарды Қарағанды қаласының көркеюіне байланысты ескерткіштердің символдық мәні көп жағдайларда мүсін мен сәулет формаларының өзара белсенді байланысы, сәндік бастаудың, көркем тұлғалық пен шығармашылықтың ұштасуы арқылы ашылды.Алып ауқымды қала құрылысы, халық әл-ауқатының артуы, өскелең рухани талаптар, жастарға идеялық және адамгершілік тәрбие беру жөніндегі жұмыс ұлттық бейнелеу өнерін өрге бастыруға, оның осы тіршілік кезеңінің талаптарын қажет ететін көркемдік түрлерінің туына пәрменді серпін берді. Түрлі шығармашылық көркемдік құралдарды жандандыру көкейкесті мәселеге айналып, өнердің қоршаған ортада өзгеше эстетикалық әсер қалыптастыратын тәсілдері: мүсін бедерлері; сұңғаттық паннолар, қабырға өрнектері дамыды.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Киіз үйдін жабдықтарын ата?

2.Қазақтын ұлттық киімдерін ата?

3.Қазақтын ою-өрнектері неше топқа бөлінеді?

4.Қазіргі таңда қолданбалы өнер өз орнын тауып жүрме?

5.Ұлттық киім үлгісін жаса?



Б)Студентерге тапсырма:Ою-өрнек буклетін жасау.
9 тәжірибелік жұмыс:

Тақырып. Аппликация.(Жапсыру.) Көркемдеп өндеу.

Сабақтын мақсаты:Жапсыру іскерлік дағдыларын меңгеруге ,түстердің үйлесімділігін сезінуге баулу.

А)Қысқаша мазмұны:Түрлі – түсті қағаздармен жұмыс істеу баллалар үшін сиқырлы жұмбақ әлем. Қағаздың ашық бояулары бейнелердің үйлесім тауып дәл орналасуы бүлдіршіндерді тандандырып еріксіз өзіне тартады. Көркемдік іс әрекеттің бұл түрімен айналысу баланың зейінің өзіне аударып, қиялым жарықтатып көру арқылы есте сақтауы, қабылдауы, заттың пішінің, көлемің, ырғақты түсті сезінуін дамытады. Сонымен қатар шыдамдылық, төзімділік қасиеттерің қалыптастырып бастаған ісің аяғына дейін аяқтауға, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылдырады. Дайын болған жұмыстың ұқыпты, сәтті шығуы, әсерлілігі баланың көркемдік талғамын қалыптастыруға, заттар мен құбылыстарды қабылдауға, талдауға бағалай білуге ықпал етеді. Қажетті құрал жапдықтармен ұқыпты жұмыс істей білуге үйретеді. Қағазбен жұмыс істеу іскерліктерің менгеру сәбилер тобында желімсіз жапсыру дидактикалық ойындар арқылы жүргізіп тәрбиеші келесі топтарда дайын қиылған негізгі бөлшектерді беріп балалар оны өздері түр-түсіне, көлемі пішініне қарай қағаз бетіне рет-ретімен қойып орналастырып алып, біртінде желімдеу дағдыларын игеруіне де байланысты болмақ. Ал ересектер тобында әдемі қағаздармен қайшымен, желіммен,жұмыс жасау біртіндеп күрделене түседі. Қиюдың әртүрлі әдіс- тәсілдерін меңгере бастайды. Мысалы: шеткі сызықтары бойынша қию, қос бүктеп қию, қатпарлап бүктеп және жұлмалап қию т.б

Абзалы, аппликация - бұл өзi кез келген баланың қалаулы жұмысы. Бiрдеңе өте ұналардың балдырғандарына қағаздан өз қолдарымен ұстасын, ойып кесiп, желiмдеу. 2-3 жылдар жас шамасында балалармен мүмкiн аппликациямен шұғылдана бастады. Мұндай ұсақ-түйектер үлкен қуаныштығана емес, бөпенiң бiлiмдерiнiң қорларын молайтады да әкеледi. Ол геометриялық пiшiн, шама және заттардың кеңiстiктiң орналастырылулары айыруға оқытады. Қауiпсiздiктер өзi кiшкентай мақсаттардағы аппликациялардың дайын бөлiктерi ендi қағазға жабыстыруға ойып кесiп беруге керек. Балалар үлкендеу, қараумен ересек, өздерi ендi қайшылармен және желiммен айналуға оқиды. Бiздiң жұмыс шыдам, ықылас және шыдамдылық сияқты мұндай сапалар бөпелерде тәрбие алуға көмектеседi, сонымен бiрге эстетикалық дәм және көркем елестетулердi қиялдап, дамытуға үйретедi.Аппликация латынша сөзбен аудармада жабыстыруды бiлдiредi. Шындығында, суреттi немесе бұл әдiс iстелiнген оюлар барлық олар сурет элементтерi материалдың түске немесе фактурасы бойынша басқа ойылған болып ЄдЄйтын (негiздi ) төс етегiн алатын айырады. Өте қызықты аппликациялар кездемелерден пайда болады. Олардың iшiненi сурет, сәндiк кiлемшелер және панно, киiмдiктi әшекей құруға болады. Бұл әдiстiң ықшамдалған варианты ұсынуға болады Аппликация ойлап шығарғаны және мерекенiң элементi күнделiктi тұрмыс-салтқа енгiзiлуге мүмкiндiк беретiн қызықты және ең қызық жұмыстардың бiрi болып табылады. Әмбебап, өйткенi онымен ол әбден балдырғандар, және ересек те шұғылдана алады. Аппликация сөз қоса тiркеу, қосуды бiлдiретiн латынша applicatioлердi болады. Аппликацияның техникасы жапсыру немесе бiр жапырақ қағаздарды тiгуде, кездеме, сүрiк, қағаз, дарымаушы немесе басқа фонға өсiмдiк материалдарында болады. Бұл қол шеберлiктiң түрi ежелгi уақытша белгiлi баяғыдан адамдар (Шатыр, күркелер, құрал-сайман, аспап) тұрмысқа қажет заттар әшекейлеп және әсем түрдi киiмдерге беруге ұмтылды. Олар бұл мақсат үшiн малдар, терiлердi терiнi пайдаланды және жүнде. Аппликациялар үшiн өрмектiң пайда болуымен өзi түрлi кездемелердiң шақпақтарын қолданыла бастады.Аппликация форма бойынша дөңес және жазық болады. Түс бойынша - бiр түстi және көп түстiсi. Тағайындау бойынша - астына қоятын, немесе өрнектiң бөлшектерi мөлдiр кездеменiң терiс жағынан бекитiнде терiс және кездеменiң бет жақ атқарылатын беткi.Аппликация әр түрлi материалдарды оны жасау үшiн қолданылады: (мақта, жiбек, мақпал, баулар) түрлi фактураның қағаз, кездемелерi, терi, терi, киiз, фетр, сақтиян, маржан. Бұл қол шеберлiктiң түрi өзiн қайта жөнделер және киiмнiң жөндеуiнде жақсы кепiлдеме бердi, әсiресе бала.



Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Жапсыру және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен мақсаттары қандай?

2. Жапсыру және көркем құрастыру сабақтары оқушылардың қандай қаблеттерін дамытады?

3.Оқушылар осы сабақ барысында қандай қолөнер түрлерімен танысады?

4.Бұл сабақта дәстүрлі қолөнер түрлерінен басқа қандай өнерлер қарастырылады?

5.Сабақ жоспарының үлгісін құрастыр?



Б)Студентерге тапсырма: Жапсыру техникасымен көлемді жұмыс орындау.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар

1.Өнер дегеніміз не

2.Бейнелеу өнерінің түрлері

3. Бейнелеу өнерінің жанрлары

4.Натюрморт дегеніміз не

5.Портрет дегеніміз не

6.Пейзаж дегеніміз не

7.Әлемнің жеті кереметін ата

8.Кескіндеме және оның материалдары

9.Графика. Графика техникасы.

10.Графикалық құрал-жабдықтар.

11.Сәндік қолданбалы өнердің түрлері.

12. Сәндік қолданбалы өнердің техникасы.

13.Халықтық өнер.

14.Мүсіннің түрлері.

15.Сәулет өнеріндегі стиль.

16. Сәулет өнеріндің техникасы.

17.Акварель техникасы.

18.Монотипия.

19.Стилизация.

20.Жапсыру.

21.Көркем жапсыру.

22.18-20ғ.ғ орыс бейнелеу өнері.

23.Қазақстан суретшілері.

24.Өнердегі жаңа бағыттар.

25.Қайта өрлеу өнері

26.Өнердегі композицияның роөлі.

27.Жануарлар бейнеленген көркем шығарма

28.Орыстың пейзажшы суретшісі

29.Түрлі-түсті бояулармен орындалған көркем шығарма

30.Батик өнері.
7 ӘДЕБИЕТ

7.1Франсиско Асенсио Сервер Акварель для начинающих. Москва АСТ.Астрель 2006г

7.2.Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. Уч. Пособие лля ХГФ в пединститутах. М., 1998г

7.3.Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. Зарубежная школа рисунка. М., 1981

7.4 Ростовцев Н.Н.история методов обучения рисования. Русская и советская школа рисунка. Уч. Пособие. М.,1982г.

7.5 Кузин В.С. Основы обучнеия ИЗО искусства и методика его преподавания в начальных классах. М.1984г.

7.6 Кузин В.С. ИЗО искусство и методика преподавания в начальных классах. Мю, 1984г.

7.7 Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. М.,1980г.



Қосымша әдебиеттер:

7.9Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство в 4ч. Ч 1-4. Основы рисунка. Основы живописи. Основы композиции, Краткий словарь художественных терминов. Уч. Пособие для 5-8 кл. Обнииск. 1996г.

7.10 Шпиклова Т.Я. Народное искусство на уроках декоративного рисования. Пособие для учителей. М.,1976г.

7.11 Костерин Н.П. Учебное рисование. М.,1984г.



7.12 Шорохов Е.В. Методика преподавания композиции на уроках

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет