Поәдк №3 Базалық білім


Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз. Тезис



бет37/46
Дата31.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#155924
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Байланысты:
abaitanu keshen (1)

Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.
Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.
Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.
Резюме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.


Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Жоғары мектептердегі практикалық сабақтар. Жоғары мектептердегі оқыту процесі қайсыбір пәнді тереңдетіп оқытуға арналған практика-сабақтарды қамтиды. «Практикалық сабақ» термині педагогикада зертханалық жұыстардан, жаттығулардан, әр түрлі семинарлардан тұратын, жинақтайтын тектес ұғым ретінде пайдаланылады. Дәрісханада өтетін практикалық оқулардың студенттердің оқытушылармен бірлескен қызметінде практикалық міндеттерді шешу үшін алған білімдерін пайдалану дағдысын қалыптастыруда маңызы зор. әр түрлі практикалық сабақтар академиялық жүктемелердің ең сыйымды бөлігі болып табылады. Төменгі курстарда практикалық сабақтар жүйелік сипатта болады, олар әрбір немесе екі-үш лекцияның соңынан үнемі өткізіліп отырады. Күндізгі және кешкі бөлімдерде, барлық лекциялық курс және оның негізгі, күрделірек бөлімдері лекциялар мен практикалық сабақтар арқылы өтеді, олар лекцияда басталған жұмыстарды іштей жалғастырады.


Егер лекция ғылыми білімнің жалпы түріндегі негізін қаласа, практикалық сабақтар осы білімдерді тереңдетеді, кеңейтеді, бөліктерге жіктейді, кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Практикалық сабақтар студенттердің ғылыми ойлауы мен оны өз сөзімен жеткізу қабілетін дамытады, олардың білімін тексеруге мүмкіндік жасайды, осыған орай, жаттығулар, семинарлар, зертханалық жұмыстар мейлінше жедел кері байланыстың маңызды құралы ретінде саналады.
Практикалық сабақтардың жоспары – пәнді оқыту жоспарының бір бөлігі. Ережеге сәйкес, ол кафедраның мәжілісінде талқыланады және лекция курсының негізгі ғылыми идеялары мен жалпы бағытына жауап бере отырып, кафедраның барлық оқытушыларына ортақ болып табылады. Алайда, бұл оқытушылардың бастамасы мен педагогикалық шығармашалығы кафедра жоспарына байланысты болады дегенді білдірмейді. Практикалық сабақтардың әдістемесі оқытушының тәжірибесі мен әдістемелік тұжырымдамасына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мұндағы маңызды нәрсе: студенттердің оқу жұмыстарында білімді меңгеруіне жағдай жасау.
Практикалық сабақтар теория мен практиканың байланысын жүзеге асырудың өзіндік нысаны болып табылады. Практикалық сабақтардың құрылымы негізінен бірдей – оқытушының кіріспе сөзі, студенттердің материал бойынша қосымша түсіндіруді қажет ететін сұрақтары, практикалық бөлігінің өзінен, оқытушының қорытынды сөзі. Рефераттардан, баянадамалардан, пікірталастардан, жаттығу тапсырмаларын орындаудан, міндеттерді шешуден, бақылаудан, эксперименттен және т.б. тұратын негізгі, практикалық бөлігінде әр түрлілік туындайды. Тәжірибе көрсеткендей, практикалық сабақтарда тек практикалық дағдыларын қалыптастырумен, міндеттерді шешудің техникасымен, графиктер құрумен және тағы басқалармен шектеліп қалуға болмайды. Студенттер әрқашан курстың басты идеясын және оның практикасын көре білуі керек. Сабақтың мақсаты тек оқытушыға ғана емес, студенттерге де түсінікті болуы керек. Бұл оқу жұмысына өміршеңдік сипат береді, кәсіби қызметтің тәжірибесін меңгеру қажеттігін паш етеді, оларды практикалық өмірмен байланыстырады.
Оқытушы сабақты барлық студенттер шығармашалық жұмыспен, дұрыс және дәл шешімдер іздестірумен айналысатындай етіп өткізу керек. Әрбір студент өзін «ашып» көрсетуге мүмкіндік алуы керек, сондықтан оқытушы оқу және жеке тапсырмалар жоспарын дайындағанда әр студенттің жұымын қадағалайтын, студенттің бастамасы мен дербестігіне қысым жасамай, дер кезінде лайықты педагогикалық көмек көрсетуге қабілетті кеңесші ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет