12 дәріс .Математикалық статистиканың элементтері
Математикалық статистика
Статистикалық жиынтық. Жиынтық бірліктері
Вариациалық қатар
Эмпирикалық үлестіру функциясы
Вариациялық қатарларды графиктік кескіндеу
Үлестіру сипаттамалары
Арифметикалық орта
Құрылымдық орталар
Медиана
Квартильдер
Мода
Әрқашанда статистикалық бақылау объектілер жиынтығын қарастырудан басталады. Бұл объектілер әрқайсысы бір объектіден екінші объектіге өткенде өзгеріп отыратын көптеген белгілерімен сипатталады. Ал барлық белгілерді бірден қарастыру мүмкін емес. Сондықтан зерттеуші олардың ішіндегі біреуіне көңіл аударады да қалған белгілер үшін жиындағы объектілерді тең праволы деп ұйғарады, сөйтіп мұндай объектілер жиынын біртекті дейтін болады. Осындай тәсілмен жасалған біртекті жиынды статистикалық жиынтық деп атаймыз, ал оны объектілердің жиынтық бірліктері дейміз.
Статистикалық жиынтық сандық немесе сапалық белгіге ие болатын барлық біртекті объектілерді біріктірсе, ондай жиынтықты бас жиынтық деп атаймыз. Бас жиынтықтың бірліктер саны шекті де, шексіз де болуы мүмкін. Егерде бас жиын шексіз немесе өте көп болса, оны зерттеу үшін алынған оның бөлігін таңдама жиынтық деп атайды.
Вариациялық қатар
Бақылау нәтижесінде қарастырып отырған белгінің жиынтықтағы әрбір бірлікке қатысты сандық немесе сапалық өзгерісі туралы мәлімет аламыз. Ал белгінің мүмкін мәндерін статистикада варианта деп атайды.
Тәжірибе жүргізгенде белгі мәндері қалай болса, солай орналасуы мүмкін. Мысалы, тексерілген 10 вал диаметрі см-мен 15,12,16,12,13,14,16,13,14,12 болып шықты. Мұны реттеп жазсақ 12,12,12,13,13,14,14,15,16,16 болар еді. Мұндай жазу өте созыңқы.
Мұны ықшамдап кесте түрінде жазсақ мынадай болады.
-
х
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
|
|
3
|
2
|
2
|
1
|
2
|
10
|
Осылай реттелген таблицаны вариациялық қатар деп атайды. (кейде үлестіру қатары, эмпирикалық (тәжірибелік) үлестіруі деп те атайды.
Әдетте белгіні кездейсоқ шамалар сияқты әріптерімен белгілеп, оның қабылдайтын мәндерін сонда вариациалық қатар былай беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |