Демек, (2) формуладан .
Квартильдер
Медиана реттелген қатарды тең екі топқа бөлгенін көрдік. Осы сияқты ол қатарды 4-ке, 10-ға бөлуге де болады. Белгінің қатарды екі тең топқа бөлетін мәнін медиана десек, 4-ке бөлетін мәндерін квартиль, 10-ға бөлетін мәндерін дециль, жалпы бірдей бірнеше тең бөліктерге бөлуді квантиль дейміз. Сонда медиана, квартиль және дециль осы квантильдің дербес түрі болуын байқау қиын емес.
Үш түрлі квартиль аламыз: бірінші квартиль медианадан төменгі қатарды екіге бөлетін бөлік, мұны төменгі квартиль дейді; үшінші квартиль медианадан жоғарғы қатарды екіге бөлетін бөлік, мұны жоғарғы квартиль дейді; екінші квартиль медианамен бірдей. Медиана жоғарғы және төменгі квартильдермен қосылып барлық жиынтықты теп-тең төрт топқа бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |