11 дәріс .Үлкен сандар заңдылығы
Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
Математикалық күтім (орта). Математикалық күтімнің қасиеттері
Дисперсия. Дисперсияның қасиеттері
Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
Үлестіру заңы кездейсоқ шаманы сипаттайтынын көрдік. Көптеген практикалық мәселелерді шешкенде кездейсоқ шаманың үлестіру заңын іздестірмей-ақ, сол үлестірудің маңызды ерекшелігін қамтитын кейбір сандық сипаттамаларымен қанағаттануға болады.
Ықтималдықтар теориясында бұл сандық сипаттамалар мен оларға қолданылатын амалдардың ролі өте-мөте зор. Осы сандық сипаттамаларды білу нәтижесінде көптеген ықтималдықтар есептерін шешу жеңілденеді. Әрине, мұндай сандық сипаттамалар көп-ақ. Біз солардың ішінен математикалық күтім, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу және реттік моменттерді қарастырамыз.
Математикалық күтім (орта)
Анықтама. Дискретті кездейсоқ шама Х-тің математикалық күтімі деп оның барлық мүмкін мәндерін сәйкес ықтималдықтарына көбейтілген қосындысын айтамыз, оны деп белгілейміз, сонда
(1)
Ал Х үздіксіз кездейсоқ шама болса
Достарыңызбен бөлісу: |