Цикл Тринклера - компрессорсыз дизель циклы. Жылуы аралас келтірілетін цикл.
Компрессорлы қозғалтқыштардың ұмысың жақсартуға және қарапайым етуге ұмтылу, 30,0 – 40,0 МПа қысымда жанармайды механикалық шашырату жүзеге асырылатын, компрессорсыз қозғалтқыштардың жасалуына әкелді.
Осы жоғарғы қысымдарға дейін насоста сығылатын сұйық жанармай форсункаға келеді, оның көмегімен шашыратылған түрде цилиндрға еңгізіледі.Тұтану температурасынан әлдеқайда жоғары температурадағы сығылған ауа ортасына түсіп, жанармай тұтанады да және қозғалтқыш цилиндрына енгізіліп тұрған кезде жанады. Жану камерасындағы қысым алдымен артып, сосын тұрақты болатындай етіп ұйымдастырылған.
Сурет 5 – - диаграммадағы жылу аралас келтірілетін поршеньдік ІЖҚ теоретикалық циклы (Тринклер циклы)
Сурет 6 – - диаграммадағы жылу аралас келтірілетін поршеньдік ІЖҚ теоретикалық циклы (Тринклер циклы)
Жылуы аралас келтірілетін цикл 5 және 6 суреттерде берілген және газдың адиабаталық сығылуынан, оған изохоралық сосын изобаралық жылу келтірілуінен, газдың адиабаталық ұлғаюынан және газдан жылудың изохоралық алынуынан тұрады.
Бұл циклдың параметрлері: сығылу дәрежесі , қысымнан арту дәрежесі, алдынала ұлғаю дәрежесі.
Тринклер циклының термиялық ПӘК:
.
|
(4)
|
Осы дәрістің материалдарының негізгі түсініктерің білүі керек:
Отто циклы; Дизель циклы; Тринклерциклы; сығылу дәрежесі; қысым көтеру дәрежесі; алдын ала ұлғаю дәрежесі.
Өздік бақылау сұрақтары
1 Термодинамикалық диаграммаларда поршеньді Іштен жану қозғалтқышының изохоралы жылу келтірілетін циклын көрсетініз
2 Іштен жану қозғалтқышының изохоралы жылу келтірілетін циклын ПӘК-ің қалай анықтайды?
3 Термодинамикалық диаграммаларда поршеньді Іштен жану қозғалтқышының изобаралы жылу келтірілетін циклын көрсетініз
4 Іштен жану қозғалтқышының изобаралы жылу келтірілетін циклын ПӘК-ің қалай анықтайды?
5 Термодинамикалық диаграммаларда поршеньді Іштен жану қозғалтқышының жылу аралас келтірілетін циклын көрсетініз.
6 Іштен жану қозғалтқышының жылу аралас келтірілетін циклын ПӘК-ің қалай анықтайды?
Ұсынылатын оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. – б.3-20
2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». – М.: Высшая школа, 1980. – б.3-15
3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16
4 Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41
5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.
Модул 1. Техникалық жылудинамика
Достарыңызбен бөлісу: |