ПОӘК 042-05-14-5-05.3/03-2012
|
_____2012 жылғы №3 басылым
|
26 беттің -шісі
|
5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
«Түркі филологиясына кіріспе және қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2015
Мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары
Глоссарий:
Түркітану пәні – түркі халықтарының барлық рухани – мәдени өмірін, әдебиет, тіл, тарих, археология, этнография, география, әлеуметтану, философиялық көзқарасын түгел қамтитын ғылым саласы.
Кунсткамера – сирек кездесетін бұйымдар мен табиғаты ғажайып, ерекше заттардың жинақталған жері, музейі деген мағынадағы неміс сөзі.
Түркі (тюркский) этнонимі түркі халықтарының бәріне ортақ атау.
Түрік – этнонимі Осман түріктерінің халықтарының аты.
Түркі тілдерінің классификациясы – түркі тілдерін топтастыру, жіктеу.
Көне түркі тілдері – Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, көне жазба ескерткіштері.
1-дәріс
Тақырыбы: Түркология пәні. Түркі тілдері туралы мәлімет
1 Түркология пәнінің зерттеу обьектісі
2 Түркі ру-тайпалары алғашқы мәлімет (Қытай жылнамаларында)
3 Түркі ру-тайпалары туралы алғашқы мәлімет (Орыс жылнамаларында)
Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған этникалық топтар. Сондықтан болар, көп .жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген. Түркітану бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге тиісті ғылым саласы.
Көне тарихта қолданылған «түрк» сөзі қазіргі кезде жаңа мазмұнға ие болған. Егер түрк атауы тек ертедегі «түрк будуны» тіркесінде ғана қолданылса, бүгінде «түркі» этнонимі түркі тілдес халықтарының, ру-тайпалардың бәріне бірдей өкілеттік жасайтын жалпы терминге айналды. Қазан төңкерісіне дейін «түркі» терминіне түрлі мағына беріліп, оны бірде татар, енді бірде түркі-татар терминімен теңестіріліп келді. Қазір түрк//түрік термині Түркияның негізгі халқының атауына айналды. Түрк сөзі тарихи уақиғаны білдіру үшін «Түрк қағанаты» деген тіркесте қолданылып жүр. Қалай болса да, түрк//түрік//түркі атауларының түп төркіні бір сөз.
Республикамызда «Түркологияға кіріспе» деген пән 1985 жылдан бастап жоғары оқу орындарында бағдарлама негізінде оқытыла бастады.
«Түркі филологиясына кіріспе» оқу құралының негізгі мақсаты – студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылып, жіктеліну принциптері жайынан мәлімет беру, әрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірімен алыс-жақындығын ажырата білуге үйрету, т.б. Авторлар түркі халықтарының этникалық құрамы мен құрылымы туралы мәлімет бере отырып, олардың тарихи дамуын тіл тарихымен байланыстыра анықтауды, тілдік сыбайластықтың тарихи сырын анықтай білуді, салыстыра анықтауды үйретуді мақсат етті.
Бақылау сұрақтары:
1 Түркология пәнінің зерттейтін обьектісі
2 «Түркі» этнонимі туралы не білесіңдер?
3 Түркі тілдері туралы мәліметтер қашан шықты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
2- дәріс
Түркі тілдерінің зерттелу жайы. ХҮІІІ ғ. І-ІІ жартысындағы
басты зерттеулер
1. ХҮШ ғ. І-ІІ жартысындағы тіл тарихын зерттеу
2. ХҮІІІ ғ. І-ІІ жартысындағы басты зерттеулер, салыстырмалы сөздіктер
3. Алғашқы практикалық грамматикалардың жасалуы
Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
3 -дәріс
Тақырыбы: ХІХғ. І-ІІ жартысы. Басқа шығыс тілдерінің қатарында түркі тілдерінің университеттер мен академия тарапынан зерттелуі
Түркі тілдерінің 19 ғ. зерттелу жайы
Түркі тілдерінің Петербург оқу орындарында оқытылуы, зерттелуі
Шығыстану орталықтары
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресейде едәуір етек алған түркологиялық жүмыстың тағы бір түрі түрколог кадрлар дайындау ісі болды. Алдыңғы ғасырда жекелеген мектептерде, гимназияларда ғана түркі тілдері оқытылатын болса, XIX ғасырдың басынан бастап бүл жүмыс академиялық, университеттік дәрежеге көтеріліп, кең көлемде жүргізідді. Жалпы Шығыс тілдерін, соның ішінде түркі тілдерін де оқыту, сойтіп, түркология кадрларын дайындау жүмыстарын ғылыми негізде дамыту үшін шет елдерден дарынды Шығыстану ғылымының мамандары шақырылды. Сондай мамандардың бірі – атақты Шығыс зерттеушісі Хрестиан Данилович Френ дейтін неміс ғалымы. Ибрагим Халфин, Мырза Қазамбек, Илья Николаевич Березин, Лазарь Захарович Будагов, Қызылүлы Пора Катанов, Николай Иванович Ильминский, Сергей Ефимович Малов, Феодар Евгеньевич Корш сияқты даңқты түркологтар-осы университеттің түлектері және соның оқытушылары болған, XIX ғасырдағы түркологияның дамуына зор үлес қосқан адамдар.
Шығыс тілдерін, түркі тілдерін оқытатын жоғарғы оқу орындары Мәскеу мен Петербургта болды. XIX ғасырдың бас кезінде, яғни 1811 жылы Мәскеу университетінде Шығыс және түркі тілдерінің түңғыш кафедрасы үйымдастырылып, онда араб, парсы, түркі тілдері окытылатын болған. Мүнда белгілі түркологтар Ф.Корш, А.Крымский, В.АТорделевскийлер сабақ берген, ғылыми жүмыстар жүргізген.
Шығыстанудың тағы бір орталығы- Петербургтағы Ресей Ғылым академиясы мен университеті болған. 1822 жылдан бастап университетте шығыс тілдері кафедрасы ашылды да, онда шығыс және түрік тілдері оқытылатын болды. 1855 жылы аталған кафедра негізінде шығыс тілдері факультеті ашылды. Бұл оқу орнымен қатар 1818 жылы академия жанынан «Азия музейі» дегек құрылды. Музей жазба нұсқаларын жинау, оларды зерттеу, жариялау сияқты ғылыми жүмыстармен айналысты. Бүл музей і 938 жылы қүрылған Мәскеу шығыстану институтына негіз болады.
Петербургте қалыптасқан түркологиялык орталық баска жердегіден барлық жағынан да күшті еді. Сол замандағы корнекті түркологтар-Қазамбек, Березин, Вельяминов-Зернов, Будагов сияқты ғалымдар осында істейді.
XIX ғасырдьщ екінші жартысынан былай түркологияға басшылық ететін орталықтың өзгергені мәлім. Бүрын оның мекен-жайы Қазан каласы болса, енді ол Петербургке ауысты. Петербург университетіндегі Шығыстану факультеті осындағы Азия музейі түркологиялық орталыққа айналады, шығыс халықтарының бай жазба ескерткіштері енді осындағы кепшілік кітапханасына шоғырландырылады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай түркология теориялық тереңдігі жағынан да, қамтыған тілдері мен проблемаларының колемі жағынан да, ғылыми кадрларының саны мен сапасы жағынан да үздіксіз ілгері басуда, дамуда болды. Бүл мезгілдер ішінде түркологияны дамытуға, оның даңқын арттыруға үлес қосқан ғалымдар В.Радлов, О.Бетлинк, В.В. Вельяминов-Зернов, Н.Ильминский, П.Мелиоранский , В.Бартольд, XX ғасырдың бас кезінен бастап бүларға С.Малов, А.Самойлович, Н.Ашмарин, В.Богородицкий сияқты белгілі түркологтар қосылды. Бүл мерзімнің бастапқы кезінде түркі тілдері ішінде әзірбайжан, түрік, қазақ тілдерін зерттеуге кобірек коңіл бөлінді. Әзірбайжан, түрік тілдерін оқытуға арналған шағын көлемді бірнеше оқу қүралдары, соларға қоса екі тілді создіктер бірінен кейін бірі шығарылды.
Бақылау сұрақтары:
ХІХ ғасырдың І жартысындағы түркітанушы орыс ғалымдары кімдер?
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы түркітанушылар зерттеулері?
Петербор, Москва, Қазан, Харьков университеттерінде шығыс тілдерінің оқытылуы туралы не білесің?
В.Н.Татишев, В.В.Бартольд, В.В.Радлов, А.Казем-Бек, И.Н.Березин, Н.И.Ильминский т.б. еңбектері туралы не білесіңдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
4-дәріс
Тақырыбы: Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі
Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі.
Түркі тілдеріне тән мәселелерді зерттеудегі кеңес түркологтары еңбектерінің мәні.
Ұлттық тіл білімінің қалыптасуы
XX ғасыр XIX ғасырдағы зерттеудің жалғасы ретінде бұрынғы еңбектерді тереңдетті, жаңа зерттеушілерді дүниеге әкелді. Олар А.Байтұрсынұлы, И.Гаспренский, Фитрат, А.Ахундов сияқты халық өкілдері, А.К.Дмитриев, В.А. Гордлевский, А.К.Боровков, Е.Д. Поливанов, В.А.Богородицкий, И.А.Батманов сияқты орыс тілшілері, шетелдік түркітанушылар Дж.Дени, А.Зайничковский, Н.Полис, т.б. XX ғасырда түркі халықтарының көпшілігіп Ресей өкіметі жаулап алып, қол астына бодан ретінде қалдырып отырған. 1917 жылгы Қазақ төңкерісінен соң да түркі халықтарына еркіндік бермей, Кеңестік езгінің астында үстады. Сондықтан қол астындағы халықтардың тілін, әдебиетін, мәдениетін аз болса да зерттеп, тізгінін қол астында үстап түрғандығы да анық. Бірнеше рет қуғын-сүргін жасады, көрнекті адамдарын сталиндік түрмелерге жаппаса да, өте әлсіз болса да, егемендік жорығы жақындай берген сайын үлттық мәдеңиет, ғылым дами бастады. Соның бірі ұлттық тіл білімі еді. Әрине, озық, мәдениетті орыс ғалымдары ұлттық ғылымға жәрдем берді, түркітанымның қалыптасуына ықпал жасады. Бірақ ғылымның бар саласын дамытуға жағдай жасамады. Кеңестік билік аппарат, коммунистік саясат өз мақсатына байланысты жоспармен жұмыс істеді, сол үшін еңбекші халықтарды да, интелигент-оқымысты азаматтарды да аямады. Оған дәлелді тарихөтан мол көрсетуге болады. Соңғы кезде аты белгілі болған атакты орыс ғалымдары Вавилов, Сахаров, Поливановтарды, қазақтың А.Байтүрсынүлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты басқа халық азаматтарын да атауға болады. Кеңес өкіметі кезінде түркітану пәнінде қызмет еткен көрнекті ғалымдарды қүрметтеп қазір де атап жүр. Мысалы, қазак тілшілері Н.К.Дмитриев пен Е.С.Малов, қырғыз тілшілері К.Юдахин мен И.А.Батмановты, өзбек тілшілері Е.Д.Поливанов пен А.К.Боровковты, түркімен тілшілері А.Н.Самойловичті қүрметтеп атайды.
Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым. А.НКононов(1906-1974)- көне түркі жазба ескерткіштерінің грамматикалық жүйесі мен мәтінін жариялаушы, түркітаным тарихын зерттеуші, қазіргі түрік, езбек тілдерін зерттеген және тілді зерттеу әдістері туралы теориялық еңбек жасаған ғалым. Орыс ғалымдарымен қатар жеке-жеке үлт тілдерін зерттеуде өндіре еңбек еткен және еңбек етіп жатқан жергілікті үлт ғалымдары да за емес. Олардың біразын біз тек өздері зерттеп жүрген түркі тілдері бойынша ғана атап өтеміз. Қазақ тілі бойынша: А.Байтұрсынұлы, С.Аманжолов, К.Аханов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, ,Т.Қордабаев, Ө.Айтбаев т.б., қырғыз тілі бойынша: Б.Юнусалиев, Б.Орузбаева, Т.Ахатов, Ә.Жапаров т.б., ноғай тілі бойынша: Н.Баскаков, М.Милых, түрік тілі бойынша: ДА.Магазаник, А.Н.Кононов, Р.А.Аганин т.б.
Бақылау сұрақтары:
1 Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі, жетістіктері қандай?
2 Кеңес түркологтары еңбектерінің мәні неде?
3 Түркітану ғылымына қазақ ғалымдарының қосқан үлесі туралы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
5-дәріс
Такырыбы: Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу
1 Түркі тілдерін (орта ғасыр) салыстыра зерттеудегі ғалымдарының еңбектері.
2 М.Қашқари сөздігінің мәні.
3 Араб ғалымдары зерттеулері.
4 Салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар.
XIX ғасыр тіл білімі тарихында ерекше орын алады. Өйткені бүл кезде тіл фактілерінің ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін ғылыми негізінде дүрыс түсінуге, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп қарауға мүмкіндік туғызылатын салыстырмалы-тарихи тәсіл пайда болды. Бүл тәсілдің қалыптасуына байланысты туыстас тілдердің озара қарым-қатынас, төркіндестігін, сондай-ақ, әрбір нақты тілдің дамуын кезеңдерге болу тәрізді мәселелер қарала бастады. Бүл тәсілді қолдану арқылы әрқашан өмір сүруден көне, олі тілдердің қүпия сырларына үңілуге мүмкіндік туды. Салыстырмалы -тарихи тәсіл жеке бір елде ғана пайда болған жоқ. Тілдерді өзара салыстыра отырып зерттеу идеясы бірсыпыра елдерде, ірі лингвистер енбектерінде де бір кездерде, дәлірек айтсақ, ХІХғ. I жартысында пайда болды. Алғашқыда, көбінесе тілдердегі кейбір сөздердің фонетикалық және семантикалық үқсастығы өзара салыстырылды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің алғашқы өкілдері Ф.Бопп, Р.Раск, А.Қастеков өз еңбектерінде тілдің дыбыстық жағын тарихи негізде қүнтты түрде талдау қажеттігін көбірек көңіл бөлді. Оның себебі-тілдердің дыбыстық үқсастығы кездейсоқ болуы да мүмкін. Сондықтан да дыбыстық кешендердің бір тілде немесе бір топ туыс тілдерде өмір сүрген үзақ мерзімін түтас алып зерттегенде ғана олардың даму процесін аңғартуға болады.
1) Тіл материалдарын салыстырғанда оның қазіргі жайын өткендегі тарихымен байланыстыра қараған жен. Осыған байланысты салыстырмалы-тарихи зерттеудін негізгі мақсатты-ең көне формасын анықтау.
2) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде әр тілдің ішкі заңдылығы есепке алынуы керек. Жеке- жеке тіл болып саналатын түркі тілдері езара ортақ заңдылықтарымен байланысты жатады.
3) Салыстырмалы-тарихи зерттеу хронологиялык зандылықты қатаң сақтау қажет.
4) Салыстырмалы-тарихи зерттеулерде тілдердің генеологиялық жақындығы есепке алынуы керек. Тіл материалдарын салыстырғанда алдымен туыстық тілдердің материалы қамтылуы тиіс. Әр текті тілдер салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісі болмайды(Түркі тілдерін генеологиялық жақтан классификация жасаған(Н.А.Баскаков бойынша)). Оларды: батыс және шығыс хун тілдеріне бөлеміз де, қазақ тілін қыпшақ тобына енгіземіз. Оларды тағы 3 топқа беліп(қыпшақ-қүмақ, қыпшақ.бүлғар, қыпшақ-ноғай)
қазақ тілін қыпшақ-ноғай тіліне жатқызамыз.( 4-нші өз ішіндегі говорлармен ) Сонда 2-ші генеологиялық жағынан қыпшақ-ноғай тобына енетін ноғай, қарақалпақ тілдер материалдармен салыстырған жөн)
5) Салыстырмалы-тарихи әдістің фактілері-дыбыстар мен оның заңдылықтары, морфологиялық түлғалар, сөйлем жүйесі, және сөздердің лексикалық, грамматикалқ мағыналары.
6) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде тек туыстас тілдердің материалы ғана зерттеледі.
Кеңес түркологтарынан салыстырмалы-тарихи зерттеуге өз үлесін қосқан: А.Н.Кононов, В.А.Богородицкий, Н.Н.Дмитриев, Э.Қ.Севортян, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак т.б.
Түркологияда салыстырмалы-тарихи зерттеушілер тілдің барлық саласы бойынша жүргізілді. Соның ішінде біршама толық зерттегені-Фонетика. Грамматикалық категориялардың қалыптасу, даму жолдары салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісіне жатады.
Лексиканы салыстырмалы зерттеу М.Қашқари «Сөздігінен» басталған. В.В.Радлов «Древнотюркский словарь»(1968) жарық көрді. Бүл еңбекте Орхон-Енисей ескерткішітерінін бәрі қамтылған, ғылыми ескерткіштерінің тілі бойынша Ә.Нәджіп, Ғ.И.Фазылов, Ә.Құрышжанов, А.М.Щербактар тарапынан басылған сөздіктер, сондай-ак, Э.М.Севортянның этимологиялық сөздіктерін ерекше атап өтуге болады.
Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер ХІ-ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жүмыстар істеліпті.
Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердің ең алғашқысы және ең келемді де күндысы түркі әулиетінен шыққан , Бағдат ғалымы Махмүд Қашқари жасаған «Диуани лүғат ит түрік» деп аталатын сөздік. Махмүд сөздігі әдеттегі сөздіктер сияқты тек лексикалық материалдармен ғана айналыспай, ол-өте кең мазмүнды зерттеу. Мүнда түркі тілінің сез колданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған. Махмүд Орта Азияны мекендеген түркі халықтарын солтүстік, оңтүстік деп екі түстікке бөледі де, әр түстік қүрамына енетін халықтар тізімін береді. Сондай-ақ, түркі тілдерін оғуз, қыпшақ, түрки деп аталатын үш топқа бөліп, әр топқа жататын тілдердің бір-бірінен дыбыстық, гармматикалық, лексикалық өзгешеліктерін көрсетеді. Түркі тілдері материалдарын бір-біріне салыстыра баяндайды. Түркі тілдерінен 10 мыңға жуық сөз қамтылған. Тілдерді әр түрлі группаға жіктеуде олардың фонетикалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Махмүд сөздігі Х-ХІ ғасырдағы түркі халықтарының сөйлеу тілі фактілерінен тарихи мәлімет беретін, қазіргі түркі халықтарынық бәріне ортақ еңбек. Сонымен қатар бүл еңбек-тек түркология ғана емес, бүкіл әлем лингвистикасында салыстырмалы, салғастырмалы әдіс бойынша жазылған түңғыш туынды. Көрнекті ғалымдардың бәрі де Махмүд сөздігін түркі тілдері тарихының энциклопедиясы тәрізді дейді. Араб ғалымдары Махмүдтың Диуанынан кейін бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай сөздіктің бірі- Абулқасым Махмүд ибн Омар(туған жері атымен Әл-Замахшари деп те атайды) жасаған «Муккаддимат әл-адаб» (әдебиетке кіріспе) деп аталатын арабша-парсыша-түрікше моңғолша сөздік. Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еңбек жазған. Мүнда түркі тілдерінің лексикасы мен морфологиясы, синтаксисі мен ықшамды түрде қаралған фонетикасы сөз болған. Бүл салаларды сөз еткенде автор оларды түрікмен тілі мен қыпшақ тілі материалдарын салыстыра қарау аркылы айқындайды. Бүл еңбекте түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тіліне тікелей қатысы бар қыпшак тілінің фонетикасы , грамматикасы, лексикасы женінде бай материалдар бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Салыстырмалы-тарихи зерттеуге қойылатын негізгі талаптар
2. М.Қашқари "Диуани лүғат ат түрік" еңбегі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
6 -дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу
XVIII-ХІХғ.ғ. Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Салыстырмалы-тарихи фонетика
Салыстырмалы-тарихи грамматика
Салыстырмалы-тарихи лексика
Қазақ тілі гармматикалық қүрылысы мен дыбыстық жүйесінің азды-көпті болса да жүйелі түрде зерттеле бастауы XIX ғасырдан, әсіресе, оның екінші жартысынан басталады. Бүл саладағы түңғыш туынды леп Н.И.Ильминскийдің 1860-186 Іж.ж.Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизкого наречия» атты еңбегін атаған жөн.
1) Николай Иванович Ильминский(1822-1892) орыс Шығыс зерттеушісі, түрколог, арабист, миссионер, бүкіл өмірі халық ағарту майданында откен. Қазан қаласындағы діни академиясын (1842-1846)бітіріп, сондағы университеттің профессоры болып істеген. Біраз жыл Орынбор шекара комиссиясында кіші аудармашы болып істей жүріп, татар, башқүрт, чуваш, мордва, қазақ халықтары арасында хрестиан дінін тарату, мектептерде сол дінді оқыту істерімен шүғылданған. Н.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизкого наречия» 1860-61 ж.ж.Қазан унгиверситетінің ғылыми жазбаларында Жарияланды. Еңбек кіріспеден, дыбыс саласы, грамматика саласы, сөздік деп аталатын 3 бөлімге бөлінген. Кіріспеде қазақ тілі татар тіліне жақын, оның жазбаларының барлығында да татарға еліктеу күшті, ал сөйлеу тілі, фольклор туындыларының тілі көркем, түркі тілдері ішінде ең таза, образды тіл деп көрсетеді.
Т.Қордабаев: «Ильминскийдің бүл сөздігін қазақша-орысша сөздіктердің алғашқы қарлығашы деген жөн» деген болатын. 1875жылы Петербургте орыс армиясының майоры Михаил Терентьев жазған «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» деген еңбек жарияланды. Осындағы «қырғыз» деген атпен жазылған грамматика -қазақ тілінікі. Автор грамматиканың сипаттауын Ильминскийдің «Материалына» сүйеніп жазғанын айтады. Сипаттау тек морфологияға ғана арналған. «Оқу ережесі» деген кіріспесінде түрік-татар тілдерінен қазақ тілінің дыбыстық өзгешеліктері айтылды. Қазақ тіл білімінің жақа беті Петербург университетінің профессоры, орыс Шығыс зерттеушісі, кернекті түрколог Платон Михайлович Мелиорнаскийдің(1868-1906) «Краткая грамматика казахско-киргизского языка» деген еңбегімен ашылады. Екі кітап болып басылған бүл еңбектің фонетика мен морфологияға арналған.1 бөлімі 1894ж, синтаксиске арналған бөлімі 1897 ж Петербургте басылып шығарылады. Фонетика және грамматика деп аталатын 1-нші кітабы кіріспеден, 6 тараудан күралған. Кіріспесінде қазак тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза, ең бай тіл, диалектілерге белінбейтін біртүтас тіл дейді. 1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка, фонетика, этимология и синтаксис» деп аталатын еңбегі жарияланды. Осы еңбек 1906 жылы қайта басылды. Фонетика деп аталатын 1-нші бөлімде қазақ тіліндегі дыбыстарды таңбалауға араб графикасынан гөрі орыс графикасының анағүрлым қолайлы екендігі, қазақ тілі дыбыстарының бір-бірімен байланысуындағы заңдылықтары, сөйлеу процесінлегі қүбылыстары дегендерге тоқталады. Сонымен қатар, этимология, синтаксис салалары туралы айтылады. Қазан төңкерісіне дейін орыс тілінде' жарық көрген еңбек авторларына байланысты есте үстауды қажет ететін бір жағдай - олардың ешқайсысының да қазақ тілін сөйлеу тілі ретінде қолданбайтыны, практикалық түрғыда білмегендіктері. Сондықтан олар қазақ тілі мәселелерін сез еткенде, өздеріне белгілі, өздерінің ана тілі болып есептелетін орыс тілі үлгісіне сүйенді, соған негіздеп, қазақ тілі туралы топшылаулар жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |