Бақылау сұрақтары:
1 М.Қашқари жіктеуі
2 Түркі тілдерінің жүйесін жасаудағы В.В.Радлов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойловичтардың еңбектері туралы
3 Г.Менгес, И.Беньцинг, Т.Текин жіктеуі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
12, 13-дәріс
Тақырыбы: Н.А.Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хун саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
1. Н.А. Баскаков классификациясының өзіндік ерекшеліктері
2. Батыс хұн тілдері (Бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлұқ тобы)
3.Шығыс хұн тілдері (Ұйғыр-оғыз тілдері, саха якут тіл тобы, хакас тілдерінің тобы)
4.Қырғыз-қыпшақ тілдері (Шығыс хун тілдерінің екінші тармағы)
Кейінгі жылдарда түркі тілдерін сол тілдердің иесі болып табылатын халықтардың қалыптасу, даму тарихындағы кезеңдерге қарай, яғни халык тарихына байланысыра жіктеу бағыты байқала бастады. Жіктеудің осы принципін қолданған Н.А.Баскаков түркі тілдерін алдымен Батыс хун тілдері, Шығыс хун тілдері деп кесек екі топқа беледі де, батыс хун тілін ішінен бүлғар, оғыз, қыпшак, қарлүк деп 4 топқа бөледі. Бүлардың әрқайсысы өз ішінен әрі қарай қазіргі түркі тілдеріне белшектенеді.
Бүл жіктеуде қазақ тілі қыпшақ тілінен бөлінетін ноғай группасына жатады. Б.Серебренников жоғарыда аталған мақаласында Н.Баскаковтың классификациялау принципіне жан-жақты тоқталып, оны қатал да, біраз мәселеде әділ сынайды. Ол түркі тілдерін Н.Баскаков айтқандай сол тілдерде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты жіктеу үшін 2 шарт керек дейді: біріншіден, тарихи документтерде, жазба ескерткіштерде аталатын түркі халықтары мен қазіргі түркі халықтары арасында тарихи абсолюттік жалғастылық, төркіндестік барлығы даусыз болсын; екіншіден, тайпалык - бірліктер тілдің қандай екендігі белгілі болсын. Бұларсыз дұрыс шешімге келу мүмкін емес, ал Н.Баскаков аталған екі түрлі алғы шарттың бір-біріне кесі.мді жауап бере алған жоқ.
2-ден, Н.Баскаков өзіне дейінгі зерттеушілер сан рет айтып айқындаған тілдік группаларды тек басқаша, жаңа атаумен ғана атаған. 3-ден, әр группаға жататын тілдік ерекшеліктер деп көрсететіндері де онша сезімді емес, көпшілігі әр түрлі группадағы тілдерде бірдей кездесетін ортақ түлғалар, оның үстіне бүдан басқа әр түрлі группада әр баска болып өзгеріп айтылу себептерін де ашпайды деп сынайды.
Н.А.Баскаков түркі тілдеріне жіктеме жасағанда осындай мәліметтерді, тілмен сол тілде сөйлеуші халыктын тарихи есу жолын, тілдердің карым-қатынасы мен езіндік ерекшеліктерін негізге алады. Осыған орай ол түркі тілдерін ең алдымен батыс және шығыс хун тілдері деп екі топқа беледі. Батыс хун тілдеріне: 1) бүлғар тобын 2)оғыз тобын 3) қыпшақ тобын 4) қарлүк тобын жатқызады да, олардың негізгі фонетикалық ерекшеліктері ретінде : а) з-д-т-й дыбыс сәйкестіктерін (айақ-адақ-азақ-атах); ә) қатаң дыбыстар мен үяң дыбыстардың ажыратылуын( б-п,к-г,с-з,д-т); б) х,в,қ дербес дыбыстарының бар-жоғын тексереді. Лексикалық ерекшеліктерін араб-парсы және монғол элементтерінің аз-көптігін, грамматикалық ерекшеліктерінен қүрмалас сейлемдердің даму жүйесі, жалғау-жүрнақтардың жалғану тәртібін, т.б. көрсеткен.
Бақылау сұрақтары:
1. Шығыс хұн тілдері (ұйғыр-оғыз тілдері, саха-якут тіл тобы, хакас тілдерінің тобы)
2. Қырғыз-қыпшақ тілдері (Шығыс хун тілдерінің екінші тармағы)
1. Н.А. Баскаков классификациясының өзіндік ерекшеліктері
2. Батыс хұн тілдері (Бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлұқ тобы)
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
14, 15- дәріс
Тақырыбы: Қазіргі түркі тілдері бойынша қысқаша мәлімет
1. Түркі тілдерінің бұлғар тобы (чуваш тілі)
2. Түркі тілдерінің оғыз тобы (түрік, әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, салар тілдері)
3. Түркі тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобы (қырғыз, алтай тілдері)
1. Түркі тілдерінің қыпшақ тобы (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқүрт, қарайым, қарашай-малқар, құмық, қырым-татар тілдері)
2. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы (ұйғыр, өзбек тілдері)
3. Түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз тобы (якут, хакас, тува, тофа, шор, сары ұйғыр тілдері
Жоғарыда айтылғандай бүрын түрік қағандығы қүрамында болған бірнеше тайпалық бірліктер Орта түркі дәуірінде айқындала түседі де, бір -бірінен белініп, жеке тайпалар одағы болып қалыптасады. Олардың қатарына Бүлғар, Оғыз, Қыпшақ, Қарлүқ деп аталатын тайпалық одақтар жатады. Бүл тайпалық одақтар қазіргі кептеген түркі тілдерінің тараған төркіні болды. Енді соларға токталайық:
1. Бүлғар бірлестігі және оның тілі
Бүлғар мемлекеті VII-VIII ғасырларда Волга, Кама бойында қалыптаса бастаса керек. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бүл бірлестіктің тілі, яғни бүлғар группасына жататын тілдер туралы алғашқы мәлімет араб географы
Истрахридың еңбегінде берілген. Онда бүлғарлар тілі хазар тіліне үқсас екендігі айтылады. Ол X ғасырда емір сүрген Ибн-Русте де булгар тілінің хазар тіліне үқсастығын және бүл екі тілдің орыс тілінен мейлінше белек тілдер екендігін айтқан. Бүлғар хандығы 1236-1237 жылдардан бастап жойылған. Ғалымдар кене бүлғар тілінен беретін жазба нүсқалар-эпитафиялық жазулар. Бүлардың ең кенесі 1173 жылға жатады. Бүл жазбаларды /барлығы 250-дей/ зерттеу XVIII ғасырдың бас кезінен басталған керінеді. Ғалымдар ол жазбаларда, негізінде, топонимикалық, ономастикалық атаулар берілген дейді. Бүлғар бірлестігі қүрамына бүрынғы Хазар, қазіргі Чуваш тілдері жатады. Тарихшылар бүл тілдер бір-біріне жақын тілдер деп есептейді. 2. ОеЫЪ бірлестігі және оның тіліОғыздар-орта ғасырда сүр>ен түркі тілдес тайпалар одағы. Оғыздар «тоғыз оғыз» деген атпен VII ғасырдағы Шығыс түрік кағандығы қүрамында болған. Оғыздар Орталық, Орта Азия, Жетісу өңірлерін, Ыстық кел аймағын мекендеген. IX ғасырда осы аймақтарды ез билігіне алған оғыз тайпаларының Үлы Салжүқ деп аталатын ерте феодалдық мемлекеті қалыптасады. Оның орталығы Жаңакент қаласы болған. XI ғасырда оғыздар қыпшақтардан жеңіліп, біразы Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысалы да, енді бір белігі Мәуеренахрдағы Қарахан әулиеті мен Хорасандағы Салжүк әкімдеріне тәуелді болды. Оғыздар гүркмендердің, езбектердің, қарақалпақтардың арғы аталар болып есептеледі. Оғыздар түрік, қазак халықтарының калыптасуына да белгілі үлес косқан.
I. Қарлүқтар және оның тілдері. Түркештер үстемдігін қүлатқан Қарлүқтар 766-940 жылдар ішінде ез қағандықтарын қүрып, Жетісу мен Қашқардан, Ферғана мен Сырдарияға дейінгі кең алқапты мекендеген. Қарлүқ бірлестігі де бірнеше тайпалық одақтардан қүрылған. Қарлүқтар туралы алғашқы мәлімет біздің заманның екінші ғасырынан басталатын керінеді. VIII ғасырдың орта түсынан бастап Қарлүқтар әскери-саяси күшке айналды. Жетісудағы Суяб, Талас қалаларын ездерінің орталығына айналдырады. Бүлардың билігі X ғасырға дейін созылады. Алғашқы қағаны-Үшлік-Үшжеле деп аталған. Қарлүқ қағандығының тілдері-қарлүқ тілдері деп аталады. Қарлүқ тілі Х-ХІ ғасырда қалыптасқан. Ол этникалық және тілдік ерекшеліктеріне қарай ез ішінен қарлүқ-үйғыр, қарлүқ-хорезм деп аталатын екі топқа бөлінеді.
II. Қыпшақтар және оның тілдері. «Қыпшақ» деген атау қытай жазбаларында б.з.алдындағы 2-ғасырдан бастап кездесетін керінеді. Ал оның әйгілі, жауынгер тайпа ретінде сахнасында керінуі Орта ғасырдан/9-11/ ғасыр басталады. Тарихи деректерге қарағанда, қыпшақтар бір кезде Түркі қағанаты қүрамында болғн Қимақ мемлекетінің ыдырауына байланысты содан бөлініп шыккан. Қыпшақтар Европа жазбаларында Кумандар, Россияда половшылар деп аталады.Қыпшақ Евразияның кептеген аймақтарын "мекендеген мал есіруші, кешпелі халықтар болған. Олар Қытай шекарасынан бастап Дон езеніне, Оралдан бастап Қара теңізге дейінгі үланғайыр аймақгарды жайлаған. Тарихи әдебиеттерде қыпшақтар «дешті Қыпшак» /дала Қыпшағы/ деп те аталады. Қыпшақтар көптеген ру, тайпаларды жаулап алып, езінің қүрамын мейлінше молайтқан. Қыпшақ бірлестігі кейінде қаракалпақ, қырғыз, өзбек,
түрік, азербайжан, татар, башқүрт, түрікпен, ноғай, қарашай, карайым, балқар, ғағауыз сияқты халықтардың қалыптасуында елеулі роль атқарған.
Бақылау жұмыстары:
1. Түркі тілдерінің бұлғар тобы (чуваш тілі)
2. Түркі тілдерінің оғыз тобы (түрік, әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, салар тілдері)
3. Түркі тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобы (қырғыз, алтай тілдері)
4. Түркі тілдерінің қыпшақ тобы (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқүрт, қарайым, қарашай-малқар, құмық, қырым-татар тілдері)
5. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы (ұйғыр, өзбек тілдері)
6. Түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз тобы (якут, хакас, тува, тофа, шор, сары ұйғыр тілдері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
Тәжірбиелік сабақтар
|
1. Түркология пәні.
Түркі тілдері туралы мәлімет.
|
1
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
2. Түркі тілдерінің зерттелу жайы. ХVІІІ ғ: І-ІІ жарт. басты зерттеулер.
|
1
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
3. ХIХ ғ. І-ІІ жарт. баска шығыс тілдерінін қатарында түркі тілдерінің университеттер мен академия тарапынан зерттелуі.
|
1
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
4. Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуіндегі жетістіктер. Түркі тілдеріне тән мәселелерді зерттеудегі кеңес түркологтары енбектерінің мәні.
|
1
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
5. Түркі тілдерінің тарихын сол тілдерде сөйлейтін халықтар тарихымен салыстыра зерттеу. Түркі тілдерін салыстыра зерттеудегі орта ғасыр ғалымдарынын енбектері.
|
1
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
6. Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеу. ХҮШ- XIX ғғ.. Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері. Түркі тілдерінің құрылысын салыстыра зерттеуде орыс ғалымдары еңбектерінің мәні.
|
1
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
7.Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері.
|
1
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
8. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезендері. Көне түркі дәуірі, Орта ғасырлык дәуір.
|
2
|
Ә.Қоңыратбаев. Т.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары.
Ғ.Айдаров. Орхон ескерткіштерінің тілі.
|
9. Түркі тілдерінін пайда болу проблемасын зерттеудің, оларды топтастырудың, жіктеудің негізгі дәуірлері. Жаңа түркі дәуірі. Түркі тілдері дамуындағы ең жаңа дәуір.
|
2
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
|
10. Түркі тілдерінің классификациясы. Орыс, Европа ғалымдарының классификациясы. Н.А.Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хун саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау.
|
1
2
|
Ә.Қайдар, М.Оразов.
Түркітануға кіріспе.
Отар Әлі Бүркіт. Түркітану
|
11. Қазіргі түркі тілдері бойынша қысқаша мәлімет.
|
1
|
Т.Р.Қордабаев. Түркология және қазақ тіл білімі.
|
|
15 сағат
|
|
5 Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары
1. Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
2. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері
3. XX ғасырдағы түркітану тарихы
4. Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу
5. Салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қойылатын талаптар
6. Салыстырмалы-тарихи фонетика, грамматика, лексика
7. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
8. Түркі тілдерінің жіктелуі
Реферат тақырыптары
1. В.В.Радлов және түркология
2. М.Қашқари «Диуани лүғат ат түрік» сөздігі
3. Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
4. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
5. Түркітанушы қазақ ға-лымдарының еңбектері
Достарыңызбен бөлісу: |