Арттерапия
Арттерапия біздің ғасырымыздың 30-шег жылдарында пайда болды.
Арттерапия (өнер терапиясы) терменнін ең алғаш рет Адреан Хилл (1938) өзінің санаторидегі туберкулезбен ауыратын адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған.Бұл термин ауруханалар мен психикалық денсаулық сақтау орындарындағы өнермен қатысты іс-шараларда кеңінен қолданыс тапты. Психотерапияның бұл түрі өнерге негізделген, соның ішінде бейнелік және шығармашылық өнерге.
Арттерапия алғаш 3. Фрейд пен К.Т. Юннтың теориялық идеясының контексінде туындап, кейін гуманистік даму моделінде К. Роджерс пен А. Маслаудың концепцияларында кезінен қолданады.
Артерапияның негізгі көздеген мақсаты тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі айқылдауын, тұлғалық үйлесімділігінің дамуын қамтамасыз ету. К. Юнгтың айтуы бойынша өнер, әсіресе ақыздар мен мифтер адамның индивидуалдануына, өзін-өзі дамытуына, өзінің саналы және астарсаналы «Менің» теңестіруде өте маңызды.
Арттерапиялық әсер етудің маңызды техникасына белсенді қиял техникасы жатады. Ол адамның санасы мен астарсанасын саныстырып, оның қайсысының белсенді екендігін анықтау.
Гуманистік бағытты ұстанушылардың айтуынша арттерапияның коррекциялық мүмкіндіктері климетке өзін-өзі жариялауына, өзін-өзі ашуына яғни шығарымашылығының өнімі арқылы өз «менін» дәлелдеуіне, тануына жағдай жасаумен ерекшеленеді. Клиент жасап шығарған өнім немесе туынды оның өнерге деген қатынасын, көрсетеді. Шығармашылықтық нәтижесі айналадағы адамдарға ұнаған жағдайда клиенттің өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі қабылдауы жоғарылайды.
Алғашқыда арттерапия психоаналитикалық көзқарасқа бағыттайды. Яғни клиенттің шығармашылық процесті көрсетеді делінді. Арттерапияның ауқымы өте кең 1960 жылы Америкада америкалық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осындай ассоцияциялар Англия, Жапония, Голландия сынды елдерде де пайда болды. Психиятриялық және жалпынай емханаларда, клиникаларда, орталықтарда, мектептерде, абақтыларда, университеттерде жүздеген білікті арттерапевттер қызмет етеді.
Арттерапия негізгі және қосалқы әдістеме ретінде де қолданылады. Оның психологиялық – коррекциялық екі негізгі механизмі бар.
Бірінші механизм – бұл эстетикалық реакция табиғатымен байланысты яғни «жағымсыз аффект жағдайынан сезіміне ауысу» (Л.С. Выготский, 1987)
Арттерапияның мақсаты.
Агрессивті және түрлі жағымсыз сезімдерді шығаруға орынды түрде ерік беру (сүреттермен, мүсіндермен азайтудың қаупсіз жасы)
Емделу үрдісін жеңілдетеді. Ішкі конфликттер мен уайымдауларды вербалды түрде жеткізуге қарағанда бет келбет арқылы жеткізу жеңіл болып келеді.
Интерпретация мен диагностикалық қорытынды үшін қажет материал алу. Сурет өнерінің шығармалары шексіз көп, клиент олардың бар екендігін жоққа шығара алмайды. Суреттің құрылымы мен стилі клиент жөнінде мол мәлімет алуға көмектеседі.
Клиенттің ойы мен сезімін қайта қарау. Кейде вербалдық емес құрамдар адамның күшті уайымдаулары мен таңдануларын көрсетудің немесе жеткізудің жеңіл жолы болып табылады.
Психолог пен клиенттің қарым-қатынасын реттеу. Істі атқаруға бірге араласу екеуара эмпатиялық және бір-бірін қабылдау сезімдерін тудырады.
Іштей реттеу сезімін дамыту. Суреттермен жұмыс сезімін дамыту, Суреттермен жұмыс жасау кейде түстерді және рітінді дұрыс реттеумен ерекшеленеді.
Сезім мен түйсікке назар салу. Шығармашлық бейнелеу өнерімен айналысу көру мпен кинестикалық түйсінулердің дамуына, қабылдауға мол лирикідік тұрады.
Сурет өнерге дамыту және өз-өзіне деген бағалауды жоғарылату. Арттерапияның негізгі өнімі қанағаттану сезімі болып табылады. Ол жасырын талаптылық пен оны дамытуда туындайды.
Арттерапияның элементтерін қолдану топтық жұмыста, қиянды тереңдетуде, конфликттерді шешуде, топ мүшелелері арасындағы қатынасты реттеуде аса маңызды.
Алғашқыдағы арттерапиясы эмоционалды аутқулары бар адамдарды емдеуде ауруханалар мен психиатриялық емханаларда қолданса, қазір арттерапияның шеңбері кеңейіп, алғашқы психоаналитикалық негізінен алмақтаға.
Арттерапия көп жағдайда отбасының мәселелерді шешуде қолданылады. Ол үшін отбасы мүшелерге бірігіп (шығармашылық) сурет салуды немесе нақты сәттегі отбасының жағдайын бейнелейтін туынды жасап шығаруын тапсырады.
Арттерапия ішкі конфликттерді, күшті эмоцияларды, уайымдауларды шығаруға, клиенттің өз сезімдерін тани білуіне көмектеседі. Арттерапия топтың және индивидуальдық тұрғыда да жүргізіледі. Арттерапияны жүргізу психолог үшін үлкен біліктілік пен дайындықты талап етеді.
Арттерапияның екі формасы бар: басыққы және белсенді.
Басыңқы формада клиент өзге адамдар жасаған суреттерді қарайды, кітаптар оқиды, әуендер тыңдайды.
Белсенді формада аталған әрекеттерді клиент өзі атқарады.
Арттерапия жаттығулары құрылымдық немесе құрылымдық емес болуы мүмкін.
Құрылымдық жаттығуда нақты тақырып белгіленеді. Психолог материалды белгілейді, кейн оны талдайды.
Құрылымдық емес жаттығуда клиент материалды, жабдықты, тақырыпты өзі тоқтайды.
Арттерапияның негізгі бағыттары.
Арттерапия бастауын психоанализден алады. Яғни әрбір адам өзінің ішкі конфликтерін жеткізе алуы тиіс.
Әсіресе вербалды емес түрде жеткізу маңызды. АҚШ-та терапевтік мақсатта өнерді қолануды алғаш ұсынушылардың бірі зерттеулі М. Наумбург (1966). Оның еңбектері З. Фрейдттің бейсаналылық ұғымына негізденген. Астарсанада туындаған ойлар мен уаымдаулар көп жағдайда вербалды емес. Яғни бейнелер белгілер арқылы жеткізіледі деді.
Сурет өнерінің шығармалары астарсанадағы үрдістердің барлығын тонытады. Яғни қорқылым-үрей, ішкі коныликттер, түс көру, және т.б.
Гештальттық арттерапия. Коррекциялық мақсаттағы арттерапияның бұл түріне:
«Мен – функциясын» қалыпқа келтіру немесе реттеу, емдеу
Клиентке бейнелер мен белгілер арқылы өзінің ішкі уайымдаулары мен мазасыздануы таныту мен мазасыздануы таныту мен интерпретациялау арқылы көмектесу;
Ішкі күштің, қабілеттіліктің, бейімділіктің оянуы.
Арттерапияның гештальдық барысына: сурет салу, қағаздағы пішіндеу, бояулармен, ағашпен, таспен жұмыс, бейнелік іңгімелесу, ән айту, әуен, дене қимылдары жатқызылады.
Арттериялық жаттығулар екі әдіспен жүзеге асырылады:
Бірінші – клиентке белгілі тақырыпқа сәйкес туынды жасауды немесе бейнелеуді ұсынады. Нәтижесінде клиенттің әлемге деген көзқарасын, сезімін, уаымдарын санадан тыс белгілерді көрсететін символдарды көруге болады. Сонымен қатар бұл жағдайда арттерапия клиенттің мәселелері жөнінде толықтырушы диагностикалық материалдарды алуға мүмкіндік береді.
Екінші нұсқа – құрылымдық емес жаттығу мұнда клиент тақырыпты өзі таңдайды, керекті құрал – жабдықты да өзі шешеді. Соңында тақырыпты талдау, орындаудағы әрекеттерді талқылау жүзеге асырынады.
Арттерапияның көздеген мақсаты клиенттің өзін-өзі айқындауына, өзін-өзі талуына өнер мен өнер туымдылары арқылы мүмкіндік беру. Осыдан барып арттерапияның басты принципі шығады – яғни әрбір шығармашылық туындыны оның пішініне, құрамына, сапасына қарамай жағымды эмоциямен қабылдау. Суреттер мен түрлі шығармаларды қодана отырып артерапия жас ерекшелігін де ескерді.
Арттерапия балаларға алты жастан бастап қолданылады. Өйткені алты жасқа дейін бада әлі өнерді меңгермеген, тек жабдықтарды ойын барысында ғана қолданатын болады. Алты жасқа толғаннан кейін балада әлемге деген көзқарас, өз әрекеттерін бақылап, болжай алуы, бейнелеу өнері қалыптаса бастады.
Тұлғаның дамуын коррекциялауда арттерапия шетел психологиясында жас ерекшелігіне қатысты кеңінен қолданылады: жасөсперімдерге, жеткіншектерге, ересектерге.
Шығармашының іс-әрекет пен оның өнімдеріне қатысты арттерапиясының кенесі түрлерін бөліп қарастыруға болады: сурет терапиясы, бейнелеу терапиясы, кітап терапиясы, әдебби терапия, әуен терапиясы, би терапиясы және т.б.
Арттерапияны жүргізуді толап ететін жағдайларға: эмоциялық дамудың күрдемілігі, актуалды стресс, депрессия, эмоционалды тонустық төмендеуі, лабилділік, эмоциялық реакциялардың импульсивтілігі, эмоционалдық депривация, уайым, жалғыздық сезімі, тұлғалық конфликттер қанағаттанарлықсыз отбасы жағдайлары, қызғаныш, мазасызданудың жоғарылауы, үрей, фобиялық реакция, негативті «мен концепция», өз-өзіне деген бағалаудық үйлесімсіздігі, төмендігі, өзін-өзі қабылдау деңгейінің төмендеуі.
Арттерапиялық әдістер коррекцияның кез-келген бағдарламасында оның құрамдас бөлігі және (ретінде) оны толықтырушы әдіс ретінде қолданылады.
Арттерапиялық әдістемелерді коррекциялық жұмыста қолдану келесідей жағымды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
Жағымды эмоциялық реакцияларды туындатады.
Тұйық, ұялшақ, баяу адамдар үшін комуникативтік байланыс процесін жеңілтеді.
Вербалдық және қатынастіг жақсартыа, комуникативтік кедергілрді жеңуге, психологиялық қорғанышты меңгеруге көмектеседі.
Адамның өзін-өзі реттеуі ме шығармашылық әрекеті үшін жағымды жағдайлар жасалынады. Мақсатқа жету үшін істе жоспарлау және бірттдеп атқаруда осы жағдайлардың маңызы зор.
Клиенттің туындатқан өнімнң өзгелерден қоладу табуы клиент үшін өз тұлғалық бағасын білуге, жағымды «Мен концепция» тудыруға, өзін-өзіне деген сенімділіктің жоғарылауына ықпалы тигізеді.
Арттерапияның нәтижеліліктік клиенттің қанағаттану сезімінен, белсене ат салысуынан, өз шығармашылығының нәтижесіне қызығушылықпен қарауынан
байқауға болады. Көптеген деректерге сүйенсек адамдар арттерапия тоқтатылғаннан кейін де іртүрлі өнердің түрлерімен, шығармашылықпен, әрі арттерапия барысында меңгерген нышандар мен жұмыс жасайтындығы айтылады.
№9 дәріс Практикалық коррекцияның әдістері
1.Әуен терапиясы туралы түсінік.
2.Кітап терапиясы туралы түсінік.
3.Би терапиясы.
Әуен терапиясы
Әуен терапиясы әуенді қолдана отырып коррекциялық әдістемелерді жүзеге асыру терапиясы. Әуен терапиясында әуен басты әсер ету факторы болып және индивидуалдық түрде әуеннің көмегімен жүзеге асырылады. Ол өзге де терапиялық әдістемелердің нәтижелілігін арттыруда маңызды орын алады.
Әуен терапиясы эмоционалдық ауытқушылықтар мен үрей, сөйлеудің кемістіктері, қимыл-әрекеттің ауытқулары, психосаматикалық аурулар, мінез-құлық кемшіліктері үшін коррекция жүргізуде белсенді түрде қолданылады.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін шет елдерде психикалық ауытқуларды әуенмен емдеудің шеңбері кеңейе түсті.Сәйкес бір-біріне тәуелсіз екі бағыт анықталды:американдық және шведттік мектептер.
Шведтік мектеп терең психологияға бағытталды. Олардың айтуынша әуен өзінің түрлі қасиеттеріне сәйкес тұлғаның ең терең қабатына жетуі тиіс болады.
Альтшулер әуендік әсер барысында пациенттерде физиологиялық өзгерістер болатындығын байқай отырып оны әуен терапиясының изопринципі деп атады. Әуен терапиясында әуен науқастың эмоционалдық тонус деңгейіне сай қатысады. Яғни депрессия жағдайында – тыныш, баяу әуен, ал қозу жағдайында – қатты әрі жылдам темптегі әуел қатысады. Бұл принциптер әуен терапиясында үнемі сақталып отырады.
Әуендік бағдарламаны дұрыс таңдау-әуен терапиясының кілті болып табылады. Әуен клиентпен әсерлесу үшін оның эмоционалдық жағдайына сай болуы тиіс.
1916 жылы В.М. Бехтерев былай деп жазды: «Әуендік шығарма тыңдаушының көңіл – күйіне сай келсе жақсы, ол әрі жағымды күй тудырады. Егер сай келмесе адамға ұнамай ғана қоймай оны түрліктіріп жібереді».
Арнайы физиологиялық зерттеулер бойынша әуен адамның әрбір жүйесіне түрліше әсер ететіндігі айтылады. Әуеннің тітіркендірігіш әсері адамның тамыр соғысыл, тыныс алуын жылдамдатады.
Жүрек-қанайналым жүйесі жақсы көңіл-күй мен рахаттану сезімін тудыратын әуендерге барынша әсерленеді екен төмендеп, тамыр соғысы баяулап, қан алмасы жүйелері кеңейеді. Әуеннің әсерінен бұлшық еттің тонусы мен моторлы белсенділік өзгереді. әуенды тыңдаушы оны тек қозғалыс аппараттар арқылы қостамайды, сонымен қатар іштей айтып, қосылып отырады (перцептивті вокализация)
Әуеннің жағымды көңіл-күй тудыратын, эмоционалдық күйді әуенді қабылдау барысында өзгертетін қасиеті зор. Ол тыңдаушының интелектуалдық ерекшеліктері мен әуенді меңгеру деңгейіне тәуелді.
Л.С. Брусиловскийдің (1971), В.Ю. Завьялованың (1995), К. Швабенің (1974) еңбектерінде әуен терапиясының түрлі аспектілер қарастырылған.
Әуен терапиясы санымен қатар психолог пен клиент арасында қарым-қатынасты жақсартуда қолданылады. Яғни коррекциялық жұмыс процестерінде жеңіл эмоциялық әсерлесу барысын жеңілдетеді.
Әуен етуінің негізгі төрт бағаты бар:
Вербалды психотерапия барысында эмоционалды белсену.
Коммуникативтік функциялар мен қабілеттің, тұлға аралық қарым-қатынас ныстандарының дамуы.
Психовегетативті үрдістерді реттеуге әсері.
Эстетикалық талаптардың жоғарылауы.
Клиенттердің әуен терапиясындағы белсенділіктері мен қатысу деңгейлеріне сәйкес екі түрлі форманы белгілеуге болады: белсенді және баяу.Белсенді – бұл егер клиент әуен терапиясында өзін танытып, белсенділік көрсеткен жағдайда. Ал баяу формасында клиент тек әуенді тыңдаумен ғана шектеледі.
Белсенді әуен терапиясы коррекциялық бағыт пен белсенді әуендік іс-әрекеттерге яғни ойлап табуға негізделген. Ол индивидуалдық (вокалотерапия) және топтық (вокалдық ансамбль, хор) түрде немесе әуендік аспаптарда ойнау түрінде жүргізілді.
Баяу (рецептивті) әуен терапиясы коррекциялық мақсатта әуенді қабылдаумен ерекшеленді. Кешенді коррекциялық әсер ету үшін әуен терапиясы түрлі формада жүргізіледі. Баяу әуен терапиясының үш формасы бар: коммуникативтік, реактивтік, регулятивті.
Комуникативтік – бұл әуен терапиясының қарапайым формасы. Ол клиент пен психолог арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға негізделген.
Реактивті-катарсиске жетуге бағытталынған.
Регулятивті – жүйкелік-психикалық салмақты төмендетуге арналған.
Негізінен баяу (рецептивті) әуен терапиясы қарым-қатынас талаптарына тікелей қатысты болады. Топтағы клиенттер белгілі әуендік шығармалы тыңдап өздерінің сезімдерімен, ойларымен бөлінеді. Тыңдау барысында пайда болған ассоциациялары қиялдарын, уайтындаулары талқылмады. Бір жаттығу күнінде кешінде үш әуендік шығарма -----.Әрқайсысы 5-10 минут.
Бірінші шығарма арнайы атмосфераны құруға, клиенттердің көңіл-күйін анықтауға негізделеді. Бұл жайландыруы әсері бар баяу әуен болады.
Екінші шығарма – драматикалық, динамикалық тұрғыда болады. Ол клиенттердің өткені мен өнері жайлы түрлі эмоцияларын тудыруға бағытталған.
Үшінші шығарма-түскен салмақты азайтып, тыныштық атмосферасын қалыптастыруы тиіс. Ол баяу, тыныштандырғыш әсерде немесе жылдам жадыратқыш әсерде болуы мүмкін.
Топтық психокоррекцияда клиенттің белсенділігін жоғарылату үшін түрлі қосымша тапсырмалар ұсынылады. Мысалы: 1. Клиентке топтағы қай адамның көңіл-күйі ойнап тұрған әуенге сәйкес келетіндігін табу тапсырылады; 2. Клиентке енді топтағы бір адамның көңіл-күйне сәйкес әуенді табу ұсынылады.
Топтың психокоррекциялық жұмыста әуен терапиясының белсенді нұсқасы қолданылады. Ол үшін клиенттер қарапайым аспаптарды пайдаланады. Сол арқылы өз сезімдерін, көңіл-күйін, эмоциясын танытады. Сонымен қатар белсенді. Әуен терапиясында хормен ән айту әдісі де жиі қолданылып отырады. Ол топ арасында түсіністікті, өзара эмоциялық байланыстарды тереңдетуге негізделген.
Баяу әуен терапия регулярлы формада (аптасына 2 рет), топтың (6-8 адам) негізде классикалық – аспаптық әуендерді тыңтаумен жүргізіледі. Тыңдаудың мақсаты-клиенттердің көңіл-күйін өзгерту, уайтылдауларын азайту, мазасыздануын тежеу.
Топтың вокал терапиясы, ән айту-белсенді әуен терапиясылың маңызды әдісі. Топтың құрамы 15-20 адам, жүргізілу уақыты 45 минут. Әндер балу немесе жылдам болуы мүмкін. Ән топтың көңіл-күйіне сәйкес таңдалады. Топ жабық шеңберде тұрып әнді орындайды. Мұнда адамдар өзінің топ ішінде қаншалықты ашыла алатындығын, сезімі мен эмоциясын нақты бақылай алады. Және ол әуен терапиясының басты томаптарының бірі болып табылады. Әр түрлі жағдайдағы клиенттерге әуен терапиясының сйкес формалары қарастырылған.
Әуен терапиясын балалық кезеңде қолдану
70-80 жылдары невроздан зардап шеккен балаларға арналған бірнеше монографиялар жарық көрде. Олардың әр тарауларында әуен терапиясының емдеу заңдалықтары қарастырылған (К. Швабе, 1974). Сонымен қатар ерте балалық шазтағы аутизмге шандыққан балаларға (Р.О. Бенензон, 1973), әуеннің балаға әсерін объективтік зерттеуге (У.Грюс, Г. Грюс, З. Мюллер, 1971) арналған монографиялар болды. 1982 ж. Берлинде Ю. Брюнкер, И. Медераке және К. Ульбрихтің «Балаларға арналған әуен терапиясы» атты кітабы шықты. Кітапта, балалар әуентерапиясының барша түрлері қарастырылған.
Аталған кітаптағы әдістеменің бірінде баланың эмоцияны жіктеп, тануына арналған жаттығулар берілген.
Ол төрт әуендік сабақтан тұрады және біртіндеп күрделене түседі.
Бірінші сабақта балаларға 6 түрлі карта ұсынылады. Мұнда түрлі мимикаларды бейнелейтін баланың бет-келбеті кескінделген.
Әдістеменің авторлары оны «көңіл-күй картолары» деп атайды. Әуенді тыңдаған как кейін бала аталған карталардың біреуін көтеруі тиіс. Егер көтерілген карталардың барлығы әуеннің күйіне сәйкес келсе, бейнеленген эмоция аталмайды.
Қалған сабақтарда керісінше болмау өз сезімдері мен эмоцияларын сөз арқылы жеткізіп оны «көңіл-күй карталары әуенді түсінуі барысында балалар оны бейнелеудің қарама-қарсы анықтамалары былай жеткізеді.
Көңілді – көңілсіз
Жадыраққы – шармаулы
Разы – ренжулі
Тынышты – мазасыз
Батыл – қорқақ
Баяу - жылдам
Жылы – суық
Жарық – бұлыңғыр
Әдемі - әдемі емес
Әдістеме мектепке дейінгі балаларға арналған.
Кітап терапиясы
«Кітап терапиясы» - кітапты меңгеру, психология, психотерапия, психокоррекция ұғымдарының күрделі бірлігі»- деп жазды В.М. Мясищев
Кітап терапиясы – клиентке оның психиканың жағдайын қалыпта келтіру мақсатында таңдалған әдебиеттең көмегімен коррекциялық әсер ету.
Коррекциялық оқу қарапайым кітап оқудан жекелей қасиеттері мен ерекшеленеді. Кітаптың көмегімен түрлі ой тудыру, клиенттің қалацын ояту, кітаптағы образдарды салыстыру кітап терапиясының басты мақсаты болып табылады.
Кітап терапиясының әдістемей және рецептурасы
Кітап терапиясын бірнеше этапта қарастыруға болады:
Психокорректордың өзіндік дайындығы. Кітаптармен танысу, яғни коррекциялық көзқараста жүзеге асады. Алғашқыда 2-3 жанр қарастырылады. Кейін жанрлардың түрлері мен кітап саны арта түседі:
Кітап терапиясының мүмкіндіктері мен оның жанрларының ерекшеліктері.
Клиентпен кездесуде оған кенесідей, сауалдар қойылады. Мысалы: «Сүйікті бес кітабынызды атаңыз», «Қандай кітаптар сізге өмірлік әсер қандарды? Неге?», «Қайсысы сізге зор әсер етті?», «Қандай авторлар сіздің ойыңызша өзіңізге ұқсайды?», «Кітаптағы қандай кейіткерлер сізге ұқсады?
Тізім құру.
Яғни көп немесе аз құрамды әдебиеттер тізімі жасалады.
Оқу жүйесін қадағалау.
Жанрлар, приоритеттік бағыттар және кітаптар саны анықталады. Кітап терапиясының мақсатына қатысты клиентке кітаптар ұсынылды.
А.М. Миллер келесі үш принципті атап көрсетеді:
- Ұсынылған кітаптық күрделілік деңгейі
- Кітапттағы басты кейіпкер клиентке сай болуы тиіс
- Кітаптағы ситуация клиент жағдайы мен принцип психологиялық жағынан өте маңызды.
Терапия барысында клиент оқырман күнделік бастайды.
Кітап терапиясы коррекциялық шараларда қосымша әдістеме ретінде де қолданылады. Яғни ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, эмоционалдық, стрестук ауытқушылықтар кезінде кітап терапиясының маңыы зор. Сонымен қатар кітап терапиясы әсер ету құралдарға байлығымен, таңдану күшінің интимділіктің және ұзақтығының негізінде ерекшеленеді. Ол индивидуалды және топтың сипатта жүргізіледі.
Топта 5-8 клиент болуы тиіс. Көле аз және топтың жаттығу кезінде тез оқылатын шығарма таңдалып ашылады. Шығарма оқылып болған соң пікірталас басталады. Әр клиент шығарма жайлы өз ойларын жеткізеді.
Психокоррециялық процесті кітап терапиясы барысында екі түрге бөлуге болады. Специяикалық және спецификалық емес.
Спецификалық емес процестер кеңдігімен, әмбебептығымен ерекшеленеді. Бұл тыныштану, қуану, өзі-өзіне деген секілділік, рахаттану, өз мүмкіндіктеріне деген сенімділік, өз-өзіне қанағаттану, жалпы психикалық белсенділік.
Тыныштану. Арнайы таңдалған публистикаық, суреткерлік әдебиеттер адамды тыныштандырып, жайландыратын сезім тудырады.
Рахаттану немесе ляззәт алу. Басында мәселесі бар адамдар өздерін әлемнен рахаттанудан, ләззат алу дан шектелген деп есептейді. Күрделі әрі динамикалы кітаптарды оқу клиентке толықтырушы, жағымды сезім сыйлайды.
Өз-өзіне деген сенімділік, өз лирикіншіліктеріне деген толықтай сенім клиентке атақты адамдардың биографиясын, автобиографиясын, естеліктерін, хаттарын яғни басынан өткен қиын жағдайлардан күш-жігерімен шыққандағын оқығанда пайда болады.
Әдеби жанрлардың көпшілігі жоғары психикалық бейсенділік тудырады. Жағымсыз әрі жара салушы әсерлерді жатып, қалыпты және қорғаныш психикалық реакцияларын тудырады.
Спецификалық коррекциялық процес тар арнаулы бағытқа негізделген. Яғни нақты сезім, іс-әрекет және ойлау. Олар өте қарапайым және жеңіл, айқындалады.
Спецификалық процестің келесі компоненттері болады: эмоционалдық қайта құру, жаттығу, конфликті шешу, басқару (психикалық процестерді)
Психикалық процестерді басқару қайталану мел түсітен күш арқылы анықталады. Бұған эмоциялар, еске сақтау, үрлі уайымдаулар мен мазасыздану т.б. жатады.
Бақаруды бірнеше деңгейлерге бөліп қарастыруға болады:
өз жағдайын түсіну
өзінің тұлғалық рөлі мен өз жағдайының даму барысын түсіну;
өмірдегі шылайы мәселелерге өзінің нақты қатынасын сезіну.
әдебиетті оқл отырып клиент кейіпкердің басынан өткен жағдайларды сараптап , толдап, өз мәселесімен саныстырып түрлі шешімдерге келеді және мәселеге деген көзқарасы, пікірі өзгереді.
Эмоционалдық қайта құру. Яғни клиенттің өз эмоиясын қалай көрсететіндігін бағдарлап, оны өзге адамдармен салыстырып белгілі тұжырымға жасайды. Бұрқ еткен, әрі жағымсыз эмоциядан өзін тежей білуді меңгеру жүзеге асырылады.
Жаттығу. Ойдан диалогтарды жасап шығару барысында клиент өз ерекшеліктерін ескере отыра түрлі ситуацияларды суреттейді. Ол үшін клиентті ешкім жазылмайтындығын білгендіктен ашық әрі нақты диалог жүзеге асады.
Конфликт шешу. Яғни оқылған кітаптар, жаттығу барасында,ы түрлі мысалдар, ситуациялар, әдебиеттегі сюжеттер клиент өмірімен сәйкес әрі ұқсас болған жағдайда. Клиент үшін мәселерді, эмоционалды конфликтерді шешу барынша онайға түседі.
Кітап терапиасының жүргізілуі психолог тарапынан аса белсенділікт талап етеді. Яғни психолог клиентке оның өмірімен, мәселесімен, мақсатымен, тұлғанын ерекшелігімен байланысты әдебиеттер тізімі ұсынады. Клиент қалаған кітапті оқып болғаннан кейін оған келесі дей сауалдар қатымады. «Сіз үшін ең қызықты жайт қайсы болды?», «Қандай пайданы жақтарын сездініз», «Сізден күдік, сақтану сезімін қандай жайттар туғызады?», «Нені түсінбедінің», «Кейіпкерлерге жеке көзқарасыныз қалай болды?».
Әдеби жырларды кітап терапиясында қолданылу мүмкіндігін талдау
Арнайы әдебиет психологиядан, мидицинадан, психотерапиядан, педогогикадан және т.б. Бұлар клиентке қажетті білімдерді беруде, оны тыныштандыру мен тепе-теңдікті сақтауына көмектесуде, клиенттін белсенділігін аятуға, өзін-өзі бағалауына аса маңызды орын алады.
Танымал –ғылыми әдебиет. Бұл әдебиеттер де атанған функцияларды атқарады, дегенімен, бұл әдебиеттер мәдени және біліктілік деңгейі жоғары оқырмандарға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |