ПОӘК 042-14 05 20. 52/03-2009 №2 басылым 30. 09. 2009



бет4/10
Дата01.04.2017
өлшемі4,54 Mb.
#13192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұмысшы киім – денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер.

Арнаулы киімдерсыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып , белгілі бір қасиет алған киімдер жатады.

Ведомствалық(салалық) киімдер – белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап,бір үлгімен тіктірген киім жатады.Мысалы: теміржолшылар формасы,орман шарушылығы қызметкерлері формасы,әскери форма,т.с.с.

Технологиялық киімдерге – өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады.

«Еңбеккелерді қорғау жабдықтары.Топқа бөлінуі»- стандарты бойынша жеке қорғау заттары, жабдықтары қолданылуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:



  1. Айырушы костюмдер – ішіне жел толтырылған костюмдер,скафандрлер.

  2. Тыныс жолдарын қорғау жабдықтары – противогаз, респираторлар.

  3. Арнаулы киімдер – комбинезондар, кеудеше, шалбар, костюмдер, сулық, жамылғылар, қысқа тон, тұлыптар, алжапқыш, жеңғаптар.

  4. Арнаулы аяқ киімдер – етік, қысқа қонышты етік, туфли, галош, ботылар.

  5. Қолды қорғайтын жабдықтар – қолғаптардың әр түрі.

  6. Басты қорғайтын жабдықтар–дулығылар, малақай, қалпақ, т.с.с.

  7. Бетті қорғайтын жабдықтар – бетперде,қорғаушы маска.

  8. Есту органдарын қорғайтын жабдықтар – шуға қарсы киетін бас киім,құлаққа киетін аспап.

  9. Көзді қорғайтын жабдықтар – әр түрлі көзәйнектер

  10. Жоғарыдан құлаудан қорғайтын және басқа қорғау жабдықтары - сақтық белбеу, тоқ өткізбейтін кілемше, тізеге, шынтаққа, иыққа арналған қорғау жабдықтары.

  11. Теріні қорғайтын заттар – сабын,арнайы ерітінділер,әр түрлі жағатын майлар.

Еңбеккерлерді арнаулы киіммен,аяқ киіммен қорғау жабдықтарымен уақытында қамтамассыз ету жауапкершілігі мекеме, кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.

Өндірістегі зиянды шаңнан,улы заттардан еңбеккердің тыныс жолын қорғау үшін противогаздар немесе тұмылдырықтар беріледі.Өндірістік противогаздардың әскери (Азаматтық қорғаныс ұйымдарындағы) противогаздардан айырмашылығы,олар тек бір ғана затты сүзіп алуға арналған.Ал әскери противогаздар әмбебаб (универсальный) болып келеді


4 Б) Тыныс жолдарын қорғау құрал-жабдықтары

Сабақ мақсаты: Тыныс жолдарын қорғау құрал- жабдықтарының түрлері- мен танысу және пайдалану мақсатымен танысу

Жұмыс реті:

1) Әскери противогаздардың түрлері мен улы заттарды сүзу принципімен танысу

  1. Өнеркәсіптік противогаздардың ерекшеліктерін білу

  2. Тұмылдырықтар мен тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құрал-дарды пайдалану мақсатын білу


Оқшаулаушы және сүзгілі тыныс жолдарын қорғау құралдары.

Қорғаныш құралдары жаппай жою қаруының зақымдаушы факторларынан адамдарды қорғауға арналған. Олар жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары болып бөлінеді.



Жеке қорғану құралдары - радиоактивтік (улағыш) заттар мен биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабаты мен киімге түсуінен қорғауға арналады. Оларға тыныс органдарын қорғау құралдары (сүзгіш және оқшаулаушы противогаздар, тұмылдырықтар, шаңға қарсы бүркемелер, мақта, дәке таңғыштар) мен теріні қорғау құралдары (Л–1 жеңіл қорғаныш костюмі, жалпы әскерлік қорғаныш толымы және пневмокостюм) жатады.

Сүзгіш противогаздар. Тыныс органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардан қорғауға арналған. Противогаз - противогаздық (сүзіп, сіңіріп алатын) қорап пен беттік бөлімнен тұрады. Противогаз қорабы демалатын ауаны зиянды қоспалардан тазартуға қызмет етеді. Бұл үшін ол түтінге қарсы (аэрозольге қарсы) сүзгімен және арнайы өңделген активтелген көмірмен (шихтамен) жарақталған.

Дем алғанда ластанған ауа противогаздың сүзгілі(сіңіргіш) қорабына келеді, мұнда ол зиянды қоспалардан тазарып, одан әрі противогаздың беттік бөлігі мен тыныс органдарына барады. Дем шығарғанда ауа беттік бөлік астынан қорапқа соқпай сыртқа шығады. Булар мен газдардың сіңірілуі адсорбция, хемосорбция және катализ есебінен, ал түтін мен аэрозольдердің сіңірілуі сүзу арқылы жүзеге асады.



Адсорбция – газдар мен буларды адсорбент деп аталатын қатты дене бетінің сіңіруі. Противогаздарда абсорбент ағаш көмірі болып табылады

Хемосорбция – улағыш, күшті әсер ететін улы заттардың (КӘУЗ) олардың активтендірілген көмірге жағылатын химиялық актив заттармен өзара әрекеті есебінен сіңірілуі.

Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализаторлар ретінде мыстың, күмістің және хромның тотықтары пайдаланылады. Түтіктер мен аэрозольдердің сүзілуі жиі тор құратын талшықты материалдардан жасалған түтінге қарсы сүзгілермен жүзеге асырылады. Одан өткенде аэрозольдердің бөлшектері талшықтарда тұрып қалады.

Қазіргі уақытта халықты қорғау үшін пайдаланылатын противогаздардың неғұрлым жетілдірілген және тараған үлгісі ГП–7 (ГП-7В, ПДФ-7) азаматтық противогазы болып табылады. Ол тыныс органдарының, көздің, беттің терісінің көптеген улағыш және КӘУЗ заттардан, радиоактивтік шаң мен бактериялық құралдардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. (19-сурет)





19-Сурет. Сүзгіш противогаздар
Өнеркәсіптік противогаздар. басқалардан ерекшелігі – бір бағыттылығы, яғни нақты бір жағдайларда адам тап болатын зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан сүзгілі қорап сіңіргіштер құрамы жөнінен қатаң мамандандырылған және онда ауаны ондағы бар улы заттан не зиянды қоспадан тазартатын сіңіргіш қана болады. Мысалы, хлордан – Б; аммиактан – Д, қара; көміртек тотығынан – Ж және З, тиісінше қызыл және сұр; сынап буларынан – В, қара.

Тұмылдырықтар. Сүзгіш тұмылдырықтар адамның тыныс органдарын қорғайтын құралдарға жатады. Арналу мақсаты жөнінен тұмылдырықтар шаңға қарсы (ШБ - 1, "Лепесток", "Кама", У - 2К, РПА - 1), газға қарсы және газ бен шаңнан қорғайтын (РПГ-67, РУ- 60СН, "Лепесток—1") болып бөлінеді

Конструкциялық шешіміне байланысты тұмылдырықтар екі түрлі болуы мүмкін: сүзгіш жарты маска, мұнда демалатын ауа зиянды қоспалардан жарты масканың өзінің материалымен тазарады; сүзгі патрон (бір не екі) қосылатын жарты маска.



Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары:

Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарға: мақта -дәке, таңғыштар мен шаңға қарсы мата маскалар (ПТМ—1) жатады. Олар тыныс органдарын радиоактивтік шаң мен биологиялық аэрозольдерден қорғау үшін қолданылады.

Мақта-дәке таңгышын жасау үшін өлшемі 100x50 см дәке алып, оған қалыңдығы 1—2 см мақта төсейді; дәкенің шеттерін екі жағынан қайырып мақтаға салады, ал ұштарын ұзына бойымен әр жағынан 30-35см жара қияды. Таңғыш иекті, ауыз бен мұрынды жауып тұруға тиіс. Көзге шаңға қарсы көзілдірік киеді.

Шаңға қарсы мата маска корпустан және бекітпеден тұрады (корпус 4-5 қабат матадан тұрады). Корпус пен бекітпені үлгіге не сызбаға қарап пішеді. Масканың корпусында қарайтын тесік ойылып, оған мөлдір материал-дан әйнек орнатылады. Маска, басқа, үстіңгі тігіске орнатылатын резеңке таспамен тығыздалып тұрады; Бекітпенің төменгі тігіске тігілген баулары, масканың корпусының жоғарғы түйіндеріне бекітілетін көлденең резеңке, масканың жылжып кетпей тығыз тұруына себептеседі.

4 С) Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар.


Сабақ мақсаты: Химиялық және ядролық, бактериялогиялық қару зардаптарынан қорғауға арналған медициналық және жеке қорғау құрал-жабдықтарының түрін, пайдалану мақсатын оқып-білу.

Жұмыс реті:

  1. Жеке дәрі қобдишасының пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

  2. Химиялық жеке пакеттің пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

  3. Жалпы әскерлік қорғаныш толымын пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.


22- Сурет . Жеке дәрі қобдишасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет