4. Ақпарат қайда сақталады?
Ұсынылатын әдебиеттер :
негізгі Әдебиеттер
1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997
4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997
5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995
Қосымша Әдебиеттер
1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS
2.WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001
3.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004
4.Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 1998
5.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997
6.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001.
7.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001.
8.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996
9.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997.
10.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 1998
4-дәріс. ДК программалық жабдықтары
Дәріс сабағының мазмұны:
Программалық жабдықтардың жіктелуі Қолданбалы ПЖ Жүйелік ПЖ Аспаптық ПЖ
Программалық жабдықтар ЭЕМ-нің жұмысын қамтамасыз ететін барлық программалар жиынынан тұрады, оларды программалық жүйе деп те атайды. Программаларсыз ЭЕМ-нің жұмыс атқаруы мүмкін емес.
Программалық жабдықтар – ЭЕМ-ді толық пайдалануға арналған программалар мен олардың қолдану ережелерін сақтайтын құжаттар жиыны. Оның құрамдық бөліктерін 1.1-суреттен көруге болады.
Қолданбалы Тестілік Жүйелік Текстік
программалар программалар программалар программалар
Операциялық Утилиттер Драйверлер Программалау
жүйе тілдері
Қолданбалы немесе кәделі программалар – белгілі бір мамандық саласындағы арнаулы есептерді шығаруға арналған программалар тобы. Текстік программалар – текс түрінде дайындалып, операциялық жүйенің басқаруымен бірден орындалатын программалар жиыны.
Кростық немесе тестілік программалар деп компьютердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеріп, оны жасап шығару кезеңінде аппараттық құрылғыларының қызметін толық бақылауға арналған программаларды айтады.
Жүйелік программалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, шеткері құрылғыларды басқару программалары – утилиттерден, драйверлерден (сервистік программалар) және программалау тілдерінен тұрады.
Драйверлер – белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын айрықша арнайы программа. Олар процессорды принтермен, пернелер тақтасымен, дискілермен байланыстырады.
Утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Олар программалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Қандай сыртқы құрылғылар енгізу құрылғыларына жатады?
2.Қандай сыртқы құрылғылар шығару құрылғыларына жатады?
3.Ақпаратты сақтаудың негізгі принциптары.
Достарыңызбен бөлісу: |