ПОӘК 042-14-1-05. 01. 20. 60/03-2010 №1 басылым орнына



бет9/29
Дата14.05.2017
өлшемі3,44 Mb.
#16256
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

Дәріс 8


(1 сағат)
Тақырып. Қайнау қабатындағы отынның жану процесі
Дәріс сабақтың мазмұны


  1. Қайнау қабатындағы отынның жану процесі.

  2. Көмір отынының бөлшектерінің жану уақытының көптеген факторлардан тәуелділігі.

  3. Отынның жану есебі.

  4. Кейбір анықталатын параметрлер туралы.

  5. Қайнау қабатындағы отынның жану процесі.

Кайнау қабатындағы ауалы газ ағындағы отынның жануы, оттық процесін толық механикаландыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда қаралған жану процесі, алда қарастырылайын деп отырған жағдай үшін қолданылады. Отын бөлшектері, газды ағынмен көтеріліп, кейін қыздырылған оттық кеңістігінде тез қызып, жануға және одан бөлінген ұшпа заттардың оттық көлемінде жануына мүмкіндік алады. Жану процесі екі кезеңге бөлінеді: бірінші, ауадағы қоспаны және шаңды тұтану температурасына дейін қыздыру және екінші, кокс пен ұшпаның жеке жану процесі.

Көмір бөлшектерінің диаметрі d=30*10-3мм.болған кездегі көмірдің меншікті қабаты 50 м2/кг құрайды, яғни ол кесек көмірдің (d=30 мм) меншікті қабатынан 1000 рет артық.

Бөлшектің жану уақыты келесі факторлардан: бөлшек өлшемінен(бөлшек өлшемі неғұрлым аз болса,жану уақыты соғұрлым аз болады), ауамен отынның қоспа түзу сапасынан(неғұрлым жақсы араласса, соғұрлым жанып біту жылдамдығы үлкен болады),оттық кеңістігінің температурасынан(неғұрлым температура үлкен болса,соғұрлым жану процесі жедел және тұрақты жүреді), отынның қасиетінен және ұшпа мөлшерінен(ұшпа мөлшері көп болса,отынның жануы тездейді) тәуелді. Жану уақыты мынаған (100-Vr)/100 және салыстырмалы салқындату жылдамдығына пропорционалды. Бұл жылдамдық ағын жылдамдығынан көп кіші w0<<n. Ағындағы салыстырмалы жылдамдық жеткіліксіз. Себебі жанғыш заттарға берілетін тотықтырғыш газдың диффузиясы арқылы жүреді.

Жалын ядросында шаңды көмірлерді жағу өте жоғары температурада өтеді, яғни 1600-17000С, реакция бойынша негізгі ролді мына газдандыру процесі алады.


СО2+С2СО және С+Н2О>СО/Н2 ,

(1)

Ауадағы оттегін жеткізумен байланысты тотықтырғыш процестер негізінен, жалынның алғашқы бөлігінде өтеді.

Отынның жану есебі құрылғыны жобалаған кезде және жұмыс істеп тұрған қондырғыны бақылау кезінде орындалады. Екінші жағдайда, кейбір шамалар аппараттардағы бақылау көрсеткіштерінен белгілі болады, сондықтан екінші жағдайдағы есептеу әдістемесінің, бірінші жағдайдағы отынның жану есебінен айырмашылығы бар.

Жобалау кезіндегі қолданылатын есептеу әдістемесін құрастырамыз:

- берілген отын мөлшеріне (сұйық және қатты отын үшін 1 кг және газ үшін 1нм3) қажетті ауаның теориялық шығынын V0 және отынның нақты жануы үшін қажетті ауаның нақты шығынын V0a анықтау.

- жану өнімдерінің көлемін (түтінді газ) анықтау.

- берілген артық ауа коэффициентінде жану өнімдерінің құрамын (көлемдік пайызбен) және үш атомды газдардың порциалдық қысымын анықтау.

- артық ауа және талап етілетін температура кезіндегі түтінді газ энтальпиясын анықтау.

Iг=f(t,α) кДж/кг немесе кДж/нм3 (алынғандар бойынша отынның I-t диаграммасын тұрғызады).

- отынның калориметриялық және теориялық жану температурасын анықтау. Отын бойынша берілгендерді (отынның элементар құрамын) лабораториялық талдау негіздерінен алады.


Кесте 1 - Өмірсутек газдарының жану жылулығы төменгі

Газ аты


Термохимиялық реакция



Реакцияның жылулық әсерлігі

Qn кДж/моль



Құрғақ газдың төменгі жану жылулығы. К кДж/нм3

Метан



19179

8555

Этан



341262

15226

Пропан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет