ПОӘК 042-14-2-06 20. 44/01-2009.№2 баспа 2010 ж



бет124/213
Дата28.01.2018
өлшемі21,94 Mb.
#34605
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   213

Дәріс № 14 Электромагниттік индукция құбылысы.

Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы.

  2. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы.

  3. Ұзын соленоидтың индуктивтігі.

  4. Өзара индукиця коэффициенті.

  5. Токтың магнит энергиясы.

  6. Магниттік энергияның тығыздығы.

Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:

1931 жылы ағылшын физигі М.Фарадей жәжірибелер жасау барысында тұйық өткізгіш контурға магнит өрісімен әсер етіп электр тогын алды. Бұл құбылыс электромагниттік индукция құбылысы деп, ал алынған ток индукциялық ток деп аталады. Бұл құбылыс тұйық өткізгіш контурда осы контурды қамтитын магнит индукциясы ағынының өзгерісі салдарынан электр тоғының пайда болуы.



Индукциялық токтың шамасы магнит индукциясы векторы ағынының өзгеру жылдамдығына байланысты (магниттің жылдамдығы үлкен болған сайын, гальванометр стрелкасының ауытқуы да көп болады).

Фарадей магнит индукциясы ағыны өзгерген сайын, контурда индукциялық токтың пайда болатынын, оның пайда болуы тізбекте э.қ.к. барлығын көрсетеді. Оны электромагниттік индукцияның э.қ.к. деп атайды. Ол магнит ағынының өзгеру жылдамдығына байланысты:

минус таңбасы магнит ағыны артқанда, э.қ.к. тудырады, яғни индукциялық токтың өрісі ағынға қарама-қарсы бағытталған; ал магнит ағыны кемігенде, э.қ.к. тудырады, яғни индукциялық токтың өрісі ағынға бағыттас болады. Осы Фарадей заңы немесе электромагниттік индукция заңы деп аталады. Бұл заң универсаль заң, ол магнит ағынын өзгерту әдісіне байланысты емес.

Ленц ережесі: индукциялық токтың бағыты оны тудырушы магнит өрісіне қарама-қарсы бағытталады, яғни индукциялық токтың магнит өрісі сыртқы магнит өрісінің өзгеруіне қарама-қарсы бағытта болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет