Дәріс № 6 Де Бройль гипотезасы. Микробөлшектердің дифракциясы.
Дәріс сабағының мазмұны:
Де Бройль гипотезасы.
Микробөлшектердің дифракциясы
Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және анықталмағандық қатынасы.
Толқындық функцияның статистикалық мағынасы.
Шредингердің уақытша және стационарлық теңдеуі.
Бір өлшемді тік бұрышты шұңқырдағы бөлшек.
Бөлшектің потенциалдық бөгеттен өтуі.
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:
ХХ ғасырдың басында физиканың дамуы классикалық механиканы микробөлшектерге, сонымен қоса атомдарға және оның ұның құрамды бөлшектеріне қолдануға келмейтінін көрсетті,. Сондықтан ХХ ғасырдың 20-жылдарында біріншіден, электронға және басқа қарапайым бөлшектерге қолданылатын кванттық, немесе толқындық, механика пайда болды. Кванттық механиканың пайда болуы классикалық статистиканың пайда болуына әкеп тіреді: электрон және басқа да микробөлшектер үшін Максвелл-Больцманның кванттық статистикасын Ферми-Дирак статистикасына алмастыру қажеттігін көрсетті.
Алдымен сәулеленудің корпускулярлық қасиетін қарастырамыз. Абсолютқ қара дененің жылулық сәулеленуі мен фотоэффектіні теориялық зерттеулерде кезінде сәулені шығару мен жұтулар жеке-жеке порциялар (квант) түрінде өтетіндігі , жарықтың квант энергиясы екендігі тағайындалды, немесе басқаша жазғанда
мұндағы - бұрыштық жиілік; ал -Планк тұрақтысы.
Достарыңызбен бөлісу: |