ПОӘК 042-14-3-02 12. 15-2013 Басылым №2



бет2/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,98 Mb.
#27255
1   2   3   4   5   6   7   8

1. Ғылыми аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті неғұрлым толық бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика жағдайында әрекет жасаушы
талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады, өйткені ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды
шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір білім және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.

2. Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді.

Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық процедуралардың жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.



3. Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы.

Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскесіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар.



4. Объективтілік. Объективтілік- бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі. Аудитор өз жүмысында шыншыл, адал әрі тура, ойын ашық айтатын болуы тиіс.

Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есеп беруінің дұрыстығы жайлы өз пікірін көрсететін қорытындысында аудитор оның қаржы жағдайын дәл көрсетуі тиіс. Шаруашылық субъектінің әрекетінің нәтижесін дәл, объективті бағалау-информацияны пайдаланушылардың дұрыс шаруашылық щешімдерін қабылдау үшін қажетті алғы шарт. Объективтілік-интеллектуалдық шыншылдықты көрсетеді, жай ғана жалпы мағынадағы шыншылдық емес, іске бүтіндей адал, әрі объектквті қарау. Өйткені сыртқы аудиторлар ешкімте тәуелсіз емес.



5. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларғы ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа, пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті емес.

6. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге информацияларды ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық информацияларды ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық мойыңдау - оның тәуелсіздігін мойындауға нетізделген. Әрбір аудитор өзінің пайымдауын өз бетінше қалыптастыруы тиіс және оның әділдігіне ешнәрсе ықпалын тигізуге тиіс емес. Аудитор, ол сырт жақтан әлдекімнің бақылауынан немесе әсерінен бос болғанда ғана тәуелсіз болады.

7. Профессионалдық, шеберлілік, білушілік және ұқыптылық. Аудит тиісті дайындық тәжірибесі бар және жіті білікті адамдармен, профессионалдықпен жүргізілуі тиіс. Профессионал аудитор тексеретін кәсіпорындарды, онда қабылдаған ішкі бақылау тәсілдерін зерттеуін, кәсіпорынның бухталтерлік проблемалары жайлы кез-келген информацияны алуын күтпеген жағдайларда тез әрекет етуін, зерттеуді бұзушылық бар екеніне (немесе жоқ екеніне) толық көзі жеткенше жүргізуін талап етеді. Ал бұл үшін ол жетік білікті маман болуы тиіс. Жетік білікті аудитордың аудит теориясы мен практакасын білетіндігімен, дайындық тәжірибе мен мамандық дәрежесінің белгілі деңгейде екендігімен, бухталтерлік және аудит сұрақтары бойынша халықаралық және үлттық стандарттар мен нормативтердің даму бағытын, сондай-ақ заң органдарымен белгіленген белгілі реттеуші талаптарды түсінетінімен шамаланады.

Шеберлілік - қандай да бір нәрсені жақсы істей алу қабілеті Аудитор болғысы келген талапкер шеберліліктің жоспарлау, аудиторлық тесттерді өңдеу және компыотермен зерттеу жүргізу секілді элементтерін оқиды.

Ұқыптылық – абайлылық сақтық секілді түсініледі: аудитор жұмысында сақ болуы тиіс, яғни ол өзі сенімділігіне көзі жетпейінше түсініктемелерді дұрыс деп санауына болмайды, ұқыпылық деп сондай-ақ орындалатын жұмысқа мұқият, әділ ниетпен қарауы түсініледі. Аудитор өзінің жұмысын дұрыс жоспарлап, содан кейін оның орындалуының дұрыстығын қамтамасыз етеді, яғни тесттерді толық көлемде орындалып және олардың нәтижелері бойынша адекватты қорытынды шығуын қамтамасыз етеді.

8. Құпиялылық немесе конфиденциялдық. Аудитор өзінің жұмыс барысында алған информацияны үшінші бір жаққа ерекше рұқсатсыз немесе мұндай заңды немесе мамандық міндеті болмаса беруіне болмайды.

9. Оперативтілік. Бұл қағида тапсырманы тез, анық әрі тиімді орындауын білдіреді. Аудиттің оперативтілігі аудиторлық процедуралардың өз уақытысында жүргізіліп және тапсырыс берушіге дер кезінде зерттеу нәтижелерін беруінде қорытындыланады. Осы нәтижелердің негізінде тиісті қаржылық, басқарушылық, өндірістік және өзге де шаруашылық шешімдер қабылданады.

10. Есеп берушілік. Аудитор көп жағдайларда акционерлердің мүддесін, сонымен бір уақытта шаруашылық процесінің өзге де қатынасушыларының мүдделерін ескере отырып қимыл жасауы тиіс.

11. Дайындау, пікір. Аудитор оның профессионалдық пікірлерін қолдануы тиіс.

12. Коммуникация. Аудитор өз пікірін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуы тиіс. Көпшіліктің мүддесі үшін аудиторлар, егер оларға кәсіпорын сақтауға тиіс болған ережені, заңды бұзғаны немесе алдау фактісі белгілі болса тиісті деңгейдегі басшыларға мәлімдеме жасауы мүмкін.
4. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар.

Экономикалық субъектінің жағдайын өзгертуде немесе сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.

Ақпарат – жинау,сақтау, өңдеу объектісі болыптабылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, нарықты талдау, пайдаланылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметін пайдалану, сонымен қатар нақты шығындар жатады.

Басқару – шешім қабылдау деген сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек ақпарат негізінде ғана мүмкін болады.

Экономикалық ақпарат – бұл экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер.

Аудитті ақпаратпен қамтамасыз етудің міндеті – аудиторлық процесске қатысушыларды бақылаудағы объектілер, олардың қызмет етуі және нормативтік-құқықтық актілер мен кәсіпорындағы шаруашылық механизмдегі заңдарға сәйкестігі туралы хабарлау болып табылады.

Экономикалық ақпарат басқару аппаратының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық ақпаратты түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Басқару қызметі бойынша жоспарлы, есепке алу, нормативтік-анықтамалық және талдамалық болып бөлінеді.

Нормативті ақпаратқа өндірістің конструкторлық- технологиялық дайындығы міндеттерін шешу кезінде есептелінетін нормативтер мен нормалар жатады. Сонымен қатар ақпаратқа тарифтік мөлшерлемелер, айлықтар, жалақыдан бюджеттен тыс қорларға бөлінетін жарналар мөлшерлемесі, салық салу мөлшерлемесі, және т.б. көптеген ұқсас мәліметтер жатады.

Талдамалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің көрсеткіштерін бағалау процесінде туындайды. Оның негізінде басқарушылық шешімдер дайындалады.

Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесіне қатысты, ақпарат шығушы және енуші болып бөлінеді. Енуші ақпарат түсу көздеріне қарай экономикалықсубъектінің ішкі және сыртқы ақпараты болып бөлінеді. Ішкі ақпарат өндірістік-шаруашылыққызмет фактілерін тіркеу кезіндегі күнделікті оперативтік есеп барысында алынған бастапқы ақпаратты, сонымен бірге кәсіпорынның басқа функционалды жүйесінің ақпаратын, мысалы, жоспарлы нормативтік және сан алуан анықтамалық ақпаратты қамтиды. Сыртқы- сыртқы орта туралы ақпарат, мысалы, жоғары ұйымдардың сан алуан директивалары, жеткізушілер мен тасып алушылардан түсетін ақпарат, банк ақпараты, өткізу нарығындағы өнім бағалары туралы ақпарат және т.б.

Есепке алу ақпараты нақты және толық , өзекті және уақытылы, жеткілікті және пайдалы болуы керек. Бастапқы ақпарат құжатпен рәсімдеу және заң нормативіне сәйкес толтырылған болуы қажет. Есепке алу ақпаратының негізгі құрамдас бөлігі – қаржылық есептеме.

Қаржылық есеп беру ақпаратына ерекше талаптар қойылады. Себебі, аса маңыздышешімдер қабылдау кезінде сыртқы және ішкі пайдаланушылар қолданады.

Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылықжағдайын, оның қызметінің нәтижелері және ол жердегі өзгерістер туралы ақпатартты көрсетеді. Олар:

-Бухгалтерлік баланс;

-Шығындар мен табыстар туралы есеп;

-Ақшалардың қозғалысы туралы есеп;

-Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп;

-Есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірмелік жазба.

Аудит мақсаттары тұрғысына қаржылқ есепберуді құру мен ұсынудың негізгі ерекшеліктері және оған қойылатын талаптар келесідей:

1) қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылықнәтижелерін, ақша қозғалысын және ұйымның меншік капиталындағы өзгерістерді қажетті менімділікпен көрсетуі керек;

2) ұйым сапалық сипаттамаларға жауап беретін ақпаратты қаржылық есеп беруді ұсынуды қамтамасыз ететін төмендегі саясатты даярлауы керек:

а) пайдаланушылар үшінорынды шешім қабылдау;

б) келесілерді қамтамасыз ететін сенімділік:

- ұйымның нәтижелері мен қаржылықжағдайыннақты ұсыну;

- оқиғалар мен операциялардың тек заңды нысандарын ғана емес, экономикалық мазмұнын да көрсету;

- бейтараптық (түрлі қатысушыларға қатысты объективті);

- байқап қарау;

- барлық елеулі қатынастарда толықтық.

3) ұйым пайдаланушылардың қаржылықжағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық өзгерістері туралы толық және нақты ақпаратпен қамтамасыз етуі керек;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мерзім ішінде ұйым қаржылық есеп беруді; мемлекеттік статистика органына, әр құрылтайшы мен басқа да мүдделі пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасызетуі керек.

Қаржылық есеп берудің мақсаты – ұйымның қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен қаржылық есеп берудегі өзгерістер туралы ақпаратты ұсыну.

Экономикалық ақпарат категориясы ретінде есепке алу ақпараты түрлері иерархиялыққұрылымға ие және ол былай көрсетілген: реквизиттер, көрсеткіштер, құжаттар.

Реквизиттер – ары қарай логикалықбөлуге жатпайтын қарапайым ақпараттық бірліктер. Олар объект, процесс, құбылыстардың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді және белгілі бір мағыналық мәнге ие.

Реквизит келесілерге бөлінеді: объект, процесс, құбылыстардың сандықжағын сипаттайтын реквизит негіздері және суреттеліп отырған объект немесе процесстің сапалық жағын сипаттайтын реквизиттік белгілері.

Көрсеткіш – бұл бір реквизит негіздер және бір немесе реквизит-белгілерді қамтитын ақпараттың құрамдас бөлігі болып табылады. Басқа жағынан, бұл ақпаратқа толы және құжат құруға қабілетті ақпараттың мимимальды құрамдас бөлігі.

5.Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.

Аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:

-маңыздылық;

-аудиторлық тәуекелдік;

-қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.

Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылықесеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылықесепберу белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:

-болуы (әрекет ету);

-құқықтар мен міндеттемелер;

-құбылыс;

-толықтық;

-бағалау;

-өлшеу (дәлдік);

-ұсыну және алу.

Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міндеті – басшылықтың қаржылық есеп беру жөніндегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.

Аудит мақсатының мәні – аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.

Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдіген анықтау үшін пайдалануға болады:

- сәйкестігін тексеру;

- ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кезеңдерін);

- мән бойынша бақылау;

-талдамалық реттемелер.

Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған. Сәйкестігін тексерудің мақсаты – елдегі нормативтік – құқықтық актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің оңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері:


  • клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;

  • құжаттар мен жазбаларды тексеру;

  • лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.;

  • осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.

Ішкі бақылауға тест жүргізу ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор қателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды.

Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операциялардың қажетті түрде мақылданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа номерленгенін анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.


6.Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.

Аудитті сегменттеудің түрлі тәсілдері бар. Әр шот бойынша сальдоны жеке сегмент ретінде қарастыруға болады. Бірақ мұндай сегменттеу тиімді бола бермейді. Сондықтан бір-бірімен байланысты шаруашылық операциялар циклдері мен осыған сәйкес олардың шоттарын көрсететін топтар бойынша жекеленген аудит жүргізу пайдалы. Бұлциклдік жол деп аталады.

Аудит сегменті ретінде шаруашылық операциялардың циклдерін бөліп көрсету экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі қолданатын бухгалтерлік есепжүйесі мен құжат айналым жүйесінің мазмұны ескеріле отырып жүргізіледі. Циклдік тәсіл негізінде капиталдың толық айналымын салуға болады. Бұл ақшалар, шикізат пен материалдар, негізгі құралдар мен басқа активтерді сатып алуға бағытталады. Есеп айырысу операциялары жүргізіледі. Осы процессті сатып алу циклі ретінде қарастыруға болады. Өнімдайындауға белгілі біршығындар жұмсалады. Ары қарай дайын өнімдісатады және шот-фактуралар құрайды, төлемдер алады, осындай жолмен алынған дивидендтер мен пайыздарды төлеу, сонымен қатар жаңа циклдерге кірісу үшін пайдаланылады.

Шаруашылық операциялар циклдерін бөліп көрсету аудит барысында қосарлы жазбаның есепке алу принципіне негізделетін бағытты тест жүргізу әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

Қосарлы жазба табиғатына сай кредиті бойынша жазбаның бұрмалануы дебеттік жазудың бұрмалануына немесе жіберіліп қоюына әкеледі және керісінше. Бағытты тест жүргізу әдісін пайдалану кезінде, аудитор бір шоттың дебетіне артық тест жүргізілсе, сонымен бір мезгілде корреспонденттік шот кредитіне де артыққа тест жүргізіледі.

Сонымен, типтік жобалар бағытты тест жүргізу аудитті жүргізгенде қажетті еңбек пен уақыт шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Объективтік тәсіл кезінде аудит сегменттері бухгалтерлік есеп объектілеріне дәл келеді де шаруашылық операцияларға бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарына қатысты дәлел алу тұрғысынан тест жүргізіледі.

Сонымен, әр шаруашылық операциясындағы дәлелдерді жинау кезеңінде олардың арасындағы өзара байланысты анықтамастан, бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарының орнатылған критерийлеріне сәйкестігіне дәлел жинау тұрғысынан жүргізіледі. Бухгалтерлік шоттың әр шотының аудиті аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерді жинау мақсатында олардың арасындағы өзара байланысқа талдау жасау керек.

Әрине, аудиттің мұндай нұсқасын ең ұтымды деп тануға болмайды, себебі бірдей қаржылық шаруашылық операцияларын аудитор бірнеше рет тексеруі мүмкін.
7. Аудит түрлері.

Аудиттің түрлерін зерттеудің методикалық жағының өте зор маңызы бар. Өйткені аудитті қандай түрлермен жүргізу және олардың әрбір жағдайларда тигізетін әсерлерін анықтау қажет. Осыған орай аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі:



  1. Субъектілер бойынша – ішкі және сыртқы;

  2. Зандылығы бойынша – міндетті және бастамашылық;

  3. Объектіні аудиторлық жұмыспен қамту бойынша – толық және ішінара.

Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшыларды тапсыруы бойынша жүргізіледі, егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе. Мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты.

Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық фирмаларды шақыруға міндетті.

Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсіз экпертиза берідің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту, жұмыстардың тиімділігн арттыру жөнінде керек болған жағдайда өздерінің ұсыныстарын береді. Сонымен қатар субъектінің төлем қабілеттілігіне және қаржы тұрақтылығына баға береді. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырыс берушілердің мүддесіне қарай жасалынады. Сыртқы аудиттің басты міндеті – субъектінің есебіне тәуелсіз түрде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігін анықтап, сол жайында тапсырыс берушілерге өз пікірін айту. Сыртқы аудит өз жұмысын заңға, стандартқа, бухгалтерлік есептің принциптеріне, нормативтерге т. б. Сүйене отырп жүргізіледі.

Ішкі аудит субъектінің ішінде жүргізілетін жұмыстарға тәуелсіз түрде баға беру, оларға қызмет көрсету болып табылады. Ішкі аудиттің мақсаты субъектінің экономикалық саясатын дұрыс жүргізілуіне, ішкі бақылаудың дұрыстығына, барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жұмыстың орындалуына эксперттік түрде баға беру.

Жалпы алғанда ішкі аудиттің орындалатын жұмыстарының саны өте көп. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс орындалуы мен барын тексерумен қатар, ішкі аудит әкімшілік тәртіптің сақталуын, бұйрықтар мен үкімінің орындалуын тексереді және тауарлы материалды құндылықтарды, негізгі құралдарды түгендеу жұмысын ұйымдастырады т. с. с. Ішкі аудиттің міндеті мен мақсаты және орындалатын жұмысы субъекті бастығының талабына сай жүргізіледі. Сонымен қатар субъекті бастығының ұсынысы бойынша ішкі аудиттің жұмысы ұйымдастырылады. Осы жоғарыда айтылғандарға қарай сыртқы және ішкі аудиттің жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы олардың объектілері, бағыты, міндеті, мақсаты және жауаптылығ бойынша.

Аудиттің бағыты – заңдылықтарымен анықталған, аутиорлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шеші болып есептелінеді.

Аудиторлық қызметтің негізгі бағыты – субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) есептерінің дұрыстығын және оларндың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.

Аудиттің міндеті – қаржы есебін төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:


  • Есептердің дұрыстығын, анықтығын растау;

  • Тексеру кезінде есеп пен отчетта көрсетілген шығындардың, табыстардың қаржы нәтижелерінің қорытындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлдігін тексеру;

  • Бухгалтерлік есепті жүргізуде олардың заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін және отчеттардың жасалуын, активтерді, міндеттемелерді және меншік капиталды бағалау әдістемелерінің дұрыстығын тексеру;

  • өзінің негізгі және айналым қорын дұрыс пайдаланудың арқасында, келешектігі резервтерді анықтау.

Қаржы отчеті жөніндегі аудиттің негізгі міндеті – отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылдаған есеп саясатының заңдары мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.

Аудит қызметінің қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты пайда болды:



  1. Пайдаланушылардың өздеріне қажетті ақпаратты әкімшіліктер жағынан дұрыс мәліметтер бермеудің нәтижесінде пайда болған дау жайында;

  2. Ақпараттың сапалығы жөнінде қабылдаған шешім – тәуелділігінің әсері;

  3. Ақпаратты тексеру үшін арнаулы білімнің қажеттіліг;

  4. Сапасын анықтауға ақпарат пайдаланушылардың мүмкіншілігінің жоқтығын.

Осы айтылған алдынғы жағдайлар тәуелсіз эксперттің қызметтерінің қажеттілігін анықтады. Ол экперттер немесе аудиторлар өздеріне сай дайындалған, тәжірибесі бар мамандар және аудиторлық қызмет жасауға куәлігі және құқығы бар адамдар немесе фирмалар.

Дұрыс ақпараттың барлығы капитал рыногының үнемділігін, (тиімділігін) жоғарылату үшін қажет және әр түрлі экономикалық шешімдерді жобалауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Аудиторлық тексеруді жүргізу міндетті болмаса да дегенмен оның келешекте дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.

Меншік иелері, әсіресе акционерлер, пайщиктер және де қарыз (несие) берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық оперцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың дұрыстығына көзі жетпейді немесе мүмкіншіліг жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар кәсіпорыннң шаруашылық жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін және дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.

Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау жйне басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

Аудиторлық қызметкер қаржылық берудің заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестігі мен ондағы қаржы-шаруашылық қызметті нәтижелерінің дұрыс көрсетілуі, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, құқық және сақтандыру ісі, өндірісті дұрыс ұйымдастыру, накрықтық динамика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік құуаттарының тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау мақсатында ақы төлеу негізінде жасалған шарттар бойынша тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер, кеңес беру түрінде көрсетіледі.

Аудит нарықтық экономикм жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерініңнақты екендігің анықтау болып табылады.

Бұл арада клиенттің нормативті-құқықты актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы былай делінген: «Аудитт – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелері мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықты қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық эконоикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.

Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескерту арқылы нақтылануы мүмкін.

Бұл туралы ХАС 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойныша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды, жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есптің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсаты, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатынаң консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:


  1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;

  2. Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;

  3. Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметьін жүйелі талдау;

  4. Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;

  5. Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берідің дұрыстығын, шаруашылық жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;

  6. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;

  7. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;

  8. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Аудиттің нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады,

Аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.

Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тесеру» термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.

Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. иАудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым- қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.

Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, слнымен бірге, кемшіліктерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Аудиттің пайда болуы және дамуы туралы не білесіз?

2.Аудит пәні не, оның қандай объектілері бар?

3.Аудиттің қандай принциптері бар?

4.Аудиттің қандай мақсаттары мен міндеттері бар?

5.Ақпарат дегеніміз не?

6.Басқару деген не?

7.Экономикалық ақпарат ұғымына анықтама беріңіз.

8.Экономикалық ақпараттың қандай түрлері бар?

9.Есепке алу ақпаратына қандай талаптар қойылады?

10.Есеп ақпаратының құрылымы қандай?

11.Қаржылық есеп беру ақпаратының мақсаттарын айтыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет