ПОӘК 042-14-3-02 12. 15-2013 Басылым №2


Тақырып 6. Кәсіпорын және аудитті жүргізу тәртібі



бет6/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,98 Mb.
#27255
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып 6. Кәсіпорын және аудитті жүргізу тәртібі
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Аудиторлық таңдау. Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістердің таңдаулы негізгі қағидалары.

2. Аудитті жүргізу этаптары. Аудитті жоспарлау процесі



3. Аудит туралы келісім-хат

4. Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі.
1. Аудиторлық таңдау. Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістердің таңдаулы негізгі қағидалары.

Іріктеу аудиттің барлық саласы үшін қажет болып табылмайды, бірақ оны біртипті операциялардың санының көптігі байқалатын салаларда өткізу орынды. Толық тексеру ерекше мақсатқа қол жеткізуді міндетті түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, сатып - өткізілген тауар үшін барлықшот-фактураларды тексеру барлық сатып- өткізудің есепке алғандығын куәландырмайды (яғни, ол толықтыққа дәлел ретінде қызмет ете алмайды) және қатенің бар екендігін ескерте алмайды.

Іріктеу тәуекелдігі. Іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығының барлық баптарын аудитор тексермейтін болғандықтан, ол мәліметтердің барлық жиынтығынзерттеу нәтижесінде жасалуы мүмкін қорытындыдан айырмашылығы бар қорытынды жасау тәуекелдігі болады. Бұл іріктеу тәуекелдігі болып табылады.

Аудитор жоспарлау, таңдау (іріктеу), үлгілерді тестілеу және мәліметтердің өз жиынтығына тәнкөрсеткіш болып табылатындығына және іріктеу тәуекелдігі қолайлы деңгейге дейін төмендейтіндігіне тиісті дәрежеде сенімді болуы үшін нәтижелерді бағалау кезінде ұтымды негізді пайдалануға тиісті.

Статистикалық және статистикалық емес іріктеу. Статистикалық іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығы бойынша таңдау жасау үшін ықтималдық теориясы сияқты математикалық процедуралар қолданылады. Статистикалық емес іріктеу кезінде негізгі әдіс аудитордың пікірі болып табылады. Фирманың тәжірибесінде статистикалық және статистикалық емес іріктеулер құрамдастырыла пайдаланылады. Бірақ, аудиторлар ой-пікірді статистикалық іріктеу кезінде қолдануды шектемейтіндігін байқап қарау керек. Себебі, ой-пікір маңыздылық деңгейін анықтау үшін керек.

Іріктеп тексеру жүргізудің негзгі кезеңдері:



  • іріктеуді жоспарлау;

  • іріктеу үлгілерін таңдап алу;

  • іріктеу үлгілерін бағалау.

Аудиторлық іріктеудің көлемі мен құрылымын жоспарлау кезінде аудиторлар аудиттің мақсатын, үлгілер алатын мәліметтер жиынтығын, олардың көлемі мен алу әдістерін назарға алуға тиісті.

Мәліметтер жиынтығы – тиісті қорытынды пікірлерді құрау мақсатында іріктеу жасау үшін аудитор негізге алатын мәліметтер кешені.

Мәліметтер жиынтығы бір жылдағы еңбек ақы бойынша барлық сметалардан тұрадыделік, бірақ аудитор жылдың ортасында еңбек ақыны есептеуге жауапты адамның ауысқанын біледі. Аудитор қатенің болу мүмкіндігі жауапты тұлға ауысқаннан кейін оған дейінгіге қарағанда жоғарырақ екендігі жөнінде қорытынды жасай алады. Сондықтан, шынмәнәнде мәліметтердің жиынтығы екеу болады. Әрбір іріктеудің жоспары басқалардан өзгеше болуы керек.

Мәліметтер жиынтығын іріктеу жасау оның толықтығын көрсете алмайтындығын ескеру керек. Мәліметтердің азайғандығын (немесе толықтығын) тексеру бастапқы құжаттардан басталып қаржылық қорытынды есеппен аяқталғанға дейін жүзеге асырылуға тиісті.

Жиынтық страталарға немесе кіші жиынтықтарға бөлінуі мүмкін. Мұндай кезде әрбір страта жеке-жеке тексеріледі. Яғни, «жиынтық» терминінің ішіне «страта» термині кіреді.

Стратификация - жиынтықты әрқайсысы ұқсас сипаттарымен (жиі кездесетін ақшалай құн) іріктеу бөліктерінің тобы болып есептелінетін кіші жиынтықтарға бөлу процесі.

Стратификация мәліметтер жиынтығының шегінде баптардың өзгеру дәрежесін төмендету үшін қолданылады және аудиторға өзінің назарын қаржылық қателердің болу ықтималдығы жоғары салаға аударуға мүмкіндік береді. Ол іріктеу көлемін азайтуға жағдай жасайды.



Іріктеу көлемі. Іріктеу көлемін анықтау кезінде аудитор іріктеу тәуекелдігін, жіберілген қателердің санын және қатені табу дәрежесін ескеруге тиісті.

Жіберілген қате – аудитор қабылдайтын және сол кезде өзінің мақсатына қол жеткізгендігі туралы қорытынды жасайтын мәліметтер жиынтығындағы ең көп қателер. Бұл аудитордың бақылау процедураларының орындалмау жағдайларының белгілі бір санын қабылдайтындығын және ол процедураларды тиісінше ішкі бақылаудың орындайтындығы туралы қорытынды жасайтындығынбілдіреді. Демек, аудитор іріктеу кезінде маңызды қателердің белгілі бір санын қабылдайды және солкездле іріктеу жасалған мәліметтер жиынтығында елеулі бұрмалаушылық жоқ деген қорытынды жасайды.

Болжамды қателер. Егер аудитор мәліметтер жиынтығында қате бар деп болжайтынболса, онда үлкен көлемдегі іріктеуді зерттеу қажет. Егер аудитор мәліметтер жиынтығында қате жоқ деп есептейтін болса, онда іріктеудің кішкене көлемі анықталған болып табылады.

Мәліметтер жиынтығында болжамды қателерді анықтау кезінде аудитор өткен тексерулердің барысында анықталған қателердің саны, субъект қызметіндегі өзгерістер сияқты факторларды есепке алады. Басқа процедураларды жүзеге асыру арқылы алынған дәлелдеулер есепке алынады.

Аномальдық (ауытқушы) қате – кейбір нақты жағдайлардан басқа жасғдайларда қайталанбайтын, және сондықтан да қатені көрсетпейтін, бөлек оқиғалардың салдарынан туындаған қате.

Іріктеудің негізінде дұрыс қорытынды жасау үшін мәліметтер жиынтығына тән болып табылатын үлгілерді таңдап алу қажет. Мәліметтер жиынтығының барлық баптары үшін олардың таңдалып алынғандығына белгілі бір ықтималдық бар болуға тиісті.



Еркін таңдап алу. Қарапайым еркін іріктеу- бұл, мәліметтер жиынтығының барлық баптарының іріктеліп алынуға бірдей мүмкіншіліктері болатынтаңдап алу әдісі. Сондықтан үлгі мәліметтердің барлық жиынтығын жалпы түрде көрсетеді.

Кездейсоқ таңдап алу - бұл, жүргізілу барысында мәліметтер жиынтығын құраушы барлық баптардың таңдалып алуына бірдей мүмкіншілік беруге аудитор ынталанатын таңдап алу процесі.

Құны бойынша таңдап алу. Мұндай жағдайда мәліметтер жиынтығын іріктеу ретінде баптар емес, ақша бірлігінің құны пайдаланылады. Құн бойынша таңдап алудың артықшылығы жоғары көрсеткіш құны бар баптардың таңдалынып алуы мүмкіншіліктерінің үлкен болуында.

Жүйелі таңдап алу. Үлгілерді жүйелі түрде таңдап алу кезінде аудитор мәліметтер жиынтығының көлемін іріктеудің көлемінебөлу арқылы іріктеудің біріңғай интервалын анықтайды. Еркін басталған нүктені анықтағаннан кейін іріктеу интервалына сәйкес келетін әрбір бап іріктеледі.

Блок бойынша таңдап алу. Блок бойынша таңдап алу әдісі кезінде барлықуақытта орынды бола бермейді. Себебі мәліметтер жиынтығы ретімен орналастырылған баптардың бір-біріне ұқсас сипаттамасы болып, мәліметтер жиынтығының басқа жерінде орналасқан басқа баптардан айырмашылығы болмайтындай етіп құрылуы мүмкін. Блок бойынша таңдап алу операцияның немесе баптардың қатарында орналасқан сандарды іріктеуден тұрады.

Іріктеу әрбір бабы бойынша аудиторлық процедура өткізілгеннен кейін аудитор:

-үлгіден табылған қателерді талдауға тиісті;

-іріктеу тәуекелдігіне қайта бағалау жасауға тиісті.



Іріктеудегі қателерді талдау. Үлгідегі табылған қателерге талдау жасау кезінде, аудиторға бірінші кезекте қарастырылыпотырған бапта шын мәнінде қате бар екендігін анықтау қажет.

Іріктеуді жоспарлау кезінде аудитор аудиттің мақсатын есепке ала отырып, қатені құраушы жағдайларды анықтайды.



Іріктеу тәуекелін қайта бағалау. Еге болжанған қателер ұйғарылған қатеден көп болса, онда тәуекелділікті қайта бағалау қажет. Осының нәтижесінде қосымша процедураларды жүзеге асыру қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

2. Аудитті жүргізу этаптары. Аудитті жоспарлау процесі.

Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу масштабын анықтау кезінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады:

1.Аудиторлық процедураларды жоспарлау және даярлау

2.Қаржылық есеп беру элементтерін тексеру

3.Пікірді қалыптастыру және тұжырымдаманы құру

300 «Жоспарлау» халықаралық аудит стандартында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тимді жүргізуді қамтамасыз ету екендігі көрсетілген.

Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды мәселелерді анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі.

Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны төмен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:

-Аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;

-Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;

-Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.

Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің жалпы принциптері, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:

-Жоспарлаудың кешенділігі;

-Жоспарлаудың үздіксіздігі;

-Жоспарлаудың оптималдылығы.

Аудитті жоспарлаудың кешенділігі принципі, жоспарлаудың алдын-ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезеңдердегі өзара байланыспен келісімдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыруды көздейді.

Аудитті жоспарлаудың оптималдылығы принципі аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын таңдау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Жоспарлау – бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Аудитор өз жұмысын тескерілетін ұйымммен танысудан бастау қажет.

Жоспарлау процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады.

1. Алдын ала жоспарлау

2. Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау

3. Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау

4. Ішкі бақылау жүйесін бағалау

5. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау.

Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының келесі кезеңдерін қамтиды:

- Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау;

- Аудитті орындау үшін персонал таңдау;

- Жұмыс жағдайларын келісу;

- Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру.



Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау. Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастық жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес. Жаңа клиенттерді таңдау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды:

- Көзделген клиент беделін, оның қаржылық жағдайының нақтылығын және оның алдыңғы аудиторлық фирмамен өзара қатынастарын бағалау;

- Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.

Аудитті орындау үшін персонал таңдау. Аудит тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны жүргізетін персоналды дұрыс таңдау аса маңызды. Аудитті сәйкес техникалық дайындығы және қажетті кәсіби қабілетке ие адамдар жүргізуі керек.Аудиторлық міндеттемелердің кең масштабы кезінде тексеруге басшылары бірнеше қызметкерлер, сонымен бірге заң, салық мәселелері бойынша мамандар қатыса алады.

Жұмыс жағдайларын келісу. Клиент пен аудитор арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының төртінші бабына сай шарт негізінде құрылады. Кез келген шартты құрмас бұрын алдынала келіссөздер жүргізіледі.

Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру. Клиент пен аудиторлық фирма аудитті жүргізу туралы шарт жағдайларын түсіну қажет. Түсініксізді айту үшін осы жағдайларды келісім-хат көмегімен жазбаша түрде тіпкеу қажет.

Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау. Қаржылық есеп беруді тексеруді жоспарлау кезінде аудитор алдын ала жүргізілетін аудиторлық жұмыстың көлемі мен сипатын анықтайды. Бұл кезде клиент «тәуекелдігі» көп болған сайын, жұмыс көлемі үлкен болатынын ескеру керек. Себебі, аудитор маңыздылықпен тәуекелдікті бағалауы керек.

Маңыздылықты бағалау аудиторлық тексерудің барлықкезеңдерінде жүреді: аудитті жоспарлау, орындау және аудит нәтижелерінжинақтау. Жоспарлау кезеңінде аудитор баланстар жеке және қаржылық есеп беру үшін жалпы алынған табыстар мен шығындар туралы есептер бөлімдері үшін маңызды болып табылатындар жайында алдын ала пікір білдіреді.

Маңыздылықты бағалауды аудитор белгілі бірізділікпен орындайды:

-Маңыздылықты бағалау;

-Маңыздылық туралы алдын ала пікір білдіру;

-Есеп беру элементтері бойынша маңыздылық туралы пікір білдіру;

-Есеп берудегі жиынтық қатені бағалау;

-Маңыздылық туралы алдын ала пікір білдірумен жиынтық бағалауды салыстыру.

Алғашқы екі пункт жоспарлау кезеңіне жатса, кейінгі екеуі аудиторлық тексеруді жүргізу нәтижелері болып табылады.

Тәуекелдік мынадай нысандарда болуы мүмкін: клиент тұрақсыз нарық жағдайында жұмыс істеп табысқа жете алмауындағы тәуекелдік, басқарудың жүйелі қателерін немесе ішкі бақылау қателерді таба алмауы және түзетпеуі салдарынан қаржылықесеп беру бұрмаланған тәуекелдік.



Ішкі бақылау жүйесін бағалау. Барлық тексерулер кезінде аудитор ішкі бақылаудың әр элементінен аудитті жоспарлауға жеткілікті мәлімет алуы қажет.

Ішкі бақылау жүйесінің элементтері келесідей байланыста қарастырылуы керек:

-шаруашылықты жүргізуші субъект көлемі;

-субъект бизнесінің мәні;

-қызмет құрылымының қиыншылығы;

-субъектінің ақпаратты беру, өңдеу,сақтау және бағалау үшін пайдаланатын әдісі;

-субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттеуші заңдық және нормативтік базалар.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау. Алдынала жоспарлау процесінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдарламаларын дайындауға кіріседі.

Жалпы жоспар дайындау процесі ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлықтексеру тиімділігіне көмекмесуі мүмкін.

Аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруға қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек.

Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:



  • аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;

  • аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;

  • аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, таңдау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгетуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.

Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшінқажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.

Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негізбойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепке айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.


3 .Аудит туралы келісім-хат.

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме — хат жазуға тиісті.

Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.

Міндеттеме хаттың түрі және мазмүны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:

  • қаржы есебін тексерудің мақсаты;

  • тапсырушылардың тексеретін мәліметтерінің дұрыстығына жауапкершілігі;

  • аудит жүмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданатын заң қүжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;

  • тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;

  • жүргізілетін аудит жүмысының бағдарламасы;

  • аудит жұмысының төлем ақысы.

Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.

Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жүмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық қүпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері көрсетіледі.

Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жүмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтында беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.



Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына бірінші хаттама тіркеледі. Онда аудит жүмысына төлем нақты көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.

Шартта қажет болған жайғдайда қосымша төлем жасау мүмкіңдіктері келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысында шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.

Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.

Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған себеп тапсырушы шарт талаптарын орындамаудан болады.
4. Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі.

«Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15-бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандартына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қортынды есеп жасалады.

Қазақстан Республикасы қортынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 «Қаржылық қортынды есеп бойынша аудиторлық қортынды есеп», 710 «Салыстырмалы көрсеткіштер», 800 «Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.

Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесінде есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізілуі керек. Аудитормен келісімнің орындалуы Қазақстандық 5 стандарт бойынша қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы және сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің аудиторлық қорытындысымен анықталады.

Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:


  • есептің басқалардан ерекшеленетін тақырыбы болуы керек;

  • есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;

  • егер аудит есебі басылымға ұсынылса, оған қоса негіз болатын қаржы құжаттары да жариялануы керек;

  • есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.

Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде тексерудің жалпы көлемі, мазмұны көрсетіліп, оның құқықтық жақтары сәйкес стандарттарға жүргізілгендігі көрсетіледі.

Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі: 1. Тест арқылы талдау жасау- қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу; 2. Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету; 3. жалпы қаржылық есепке баға беру.

Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын, оның заңдарға, нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.

700 «Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында аудитордың шолу жасауы және қаржылық қортынды есепке қатымты пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәләлдеулер бойынша жасалынған қортындыларды бағалау қарастырылады. Аудиторлық қортынды есепке жалпы қаржылық қортынды есеп беру бойынша анық жазбаша пікір болдыруға тиісті . Сондықтан білдіретін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қортындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:



  • Ескертусіз аудиторлық қорытынды;

  • Ескертулер бар аудиторлық қорытынды;

  • Аудиторлық қортындыны беруден бас тарту;

  • Теріс аудиторлық қорытынды.

Аудиторлық қортындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қортынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы.

Қортынды есептің атауы. Аудиторлық қортынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қортынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қортынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қортынды есептерінің арасында айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның тауында « Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етеді.

Адрес иесі. Аудиторлық қортынды есеп жергілікті ережелер мен келісім шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуі тиісті.

Кіріспе бөлім. Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебінде қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытындыны есеппен бірдей болуға тиісті.

Қортынды есепке қаржылық қортынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, сонымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қоытындыны есеп жайында өзінің қортындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.

Қаржылық қортынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпартаттар. Ондай қортынды есепті дайындау басшылықтанелеулі есепік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қортынды есепті дайындау екзіндепайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принцптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама-қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қортындыны есеп бойынша өзінің қортындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылады.

Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім. Аудиторлық қортынды есептіе аудиттің Халықаралық аудит стандарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масшатабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады.

Аудиторлық стандарттар немесе тәжірбие ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірбие ескертіліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірбиесі есептелінеді.

Қортынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қортынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдар болуға тиісті.

Аудиторлық қортынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:



  • Қаржылық қортындыны есепте ашылып көрсетілген ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;

  • Қаржылық қортындыны есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принцптерін бағалау;

  • Қаржылық қортынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;

  • Жалпы қаржылық қортынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.

Қортынды есепке аудиттің қортынды жасау үшін қолайлы негізде қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.

Қортынды жасау бөлімі. Аудиторлық қортынды есеп қаржылық қортынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндіегі аудитордың қортындысын анық көрсетуге тиісті.

Аудиторлық қортындыны білдіру үшін пайдаланылатын «дұрыс және көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген» терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қортынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғанда көрсетеді.

Қаржылық қортынды есепті дайындау тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуы мен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігі пайдаланылатын контекст жөнінде хабардар ету үшін қорытынды «Халықаралық аудит стандартына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қортындыны есепті дайындап тапсыру негізінде көрсетуге тиісті.

Дұрыс және дәл көрініс жөніндегі қортындыға қосымша ретінде аудитордан аудиторлық қортынды есепке қаржылық қортынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен және заңдармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қортынды кіргізу талап етілуі мүмкін.

Есеп беру мерзімі. Аудитордың қортынды есебінде қойылатын мерзім болып табылады. Бұл- аудитордың қаржылық қортынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандағы туралы оқырмандарды хабардар етеді.

Аудитордың адресі. Қортынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт көрсетілуге тиісті.

Аудитордың қолы. Қортынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің атынан, егер ол қажетболса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қортынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.

Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарилерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қортынды жалпы қаржылық қортынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.

Аудиторлық қортынды аудитор мен қаржылық қортынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады. Аудиторлық қортынды есептің негізін қалаушы кейбір концепциялар бұрын қарастырылған болатын. Бұл тарауда 700 «Қаржылық қортынды есепке қатысты аудиторлық қортынды есеп» деп аталатын. Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес стандартты аудиторлық қортынды есептің толық тексті келтірілді.

Ескертусіз аудиторлық қортынды аудитор қаржылық қортынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді деген қортындыға келген жағдайда жасалынады.

Ескертусіз қортындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кезкелген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қортынды есепте ашылатындығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.



Фактіні бөліп көрсету- бұл ақпарат пайдаланушылардың назарын қаржылық қортынды есепке әсер етуші фактілерге, сонымен бірге осы позиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескертуі бар аудиторлық қортынды болып табылмайды. Әдетте ол қортынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қортындының шартты емес екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады:

  1. Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесінекөңіл аудару үшін. Егер қаржылық қортынды есепте тексеру нәтижелері мен бірдей ашып көрсету нәтижелері бар болса, онда аудитор ескертуі жоқ қортынды жасауға және аудиторлық қортынды есепті, оған қаржылық қортынды есепке түсіндірме есептемелерге назар аудару арылы кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі: «Ескертусіз қортынды бере отырып біз сіздердің назарларыңызға қаржылық қортынды еспке №____ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын 200 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған бір жылдың ішінде *** мөлшерінде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінен *** сомаға артық болады. Бұл факторлар №___ ескертпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болғандығына едәуір күмән тудырады».

  2. Шешім табу кәсіпорынның тікелей бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалармен байланысты елеулі дәрежедегі сенімсіздік жағдайында күтпеген жағдайлар бойынша ақпараттарға жүгіну қажет. Халық-аралық аудит стандарты бойынша текстің мысалы төменде қарастырылады

«Ескертусіз қортынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қортынды есепке №___ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын потеннтік құқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапкер болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қояды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым талап бойынша алдын –ала тыңдау және соттық іс қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қортындысын бүгінгі күні анықтау мүикін емес, және де міндеттеме туындаған жағдайда қаржылық қортынды есепке оны жабатын резерв құрылған жоқ».

  1. Сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің қаржылық қортынды есебі елеулі бұрмаланған және тиісті сандық көрсеткіштер ағымдағы кезеңде соған сәйкес өзгеретін жағдайлар болады.

Барлық ескертулер аудит масштабының шектеулілігінің немесе келісе алмаушылықтың нәтижесі болып табылады.
Аудиторлық қортынды жасау үшін ескетулерді жіктеу

Ескертулердің себептері

Елеулі ескетулер

Маңызды ескетулер

Аудит масштабының шектеулілігі

Аудит өткізу бойынша жұмыстардың масштабы шектелген. Дәлелдеулердің жетіспеушілігіне байланыста, мысалы, жоғалған немесе жойылған бухгалтерлік жазулардың жетіспеушілігінен немесе соған парапар ақпартаттардың және директорлардың түсініктемелердің жетіспеушілігіне байла- нысты аудитордың процедуралар орындау мүмкіндігі болмайды

Қортындыны

«қоспағанда»

Аудитордың қортынды жасауға мүмкіндігі жоқ және қаржылық қортынды есепте дұрыс әрі дәл ақпа- раттардың көрсетілгендігін білмейді

Қортынды есеп беруден «бас тарту»

Келісе алмаушылықтар

Аудитор есеп жүргізу мен немесе ақпартаттарды ашып көрсетумен келіспейді.

Қортынды

«қоспағанда»

Қаржылық Қортындыны есеп дұрыс әрі дәл ақпараттарды көрсетпейді

Теріс қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет