ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,79 Mb.
#28793
  1   2   3

ПОӘК 042-14-5-05. 02.20.22/2013


_____№ ___ басылым

___беттің _______ беті






« Болашақ мұғалімдерді девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысқа дайындау » мамандықтарына арналған пәнінің


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ-2013


Мазмұны

1 Глоссарий..........................................................................................................

2 Дәрістер.............................................................................................................

3 Тәжірбиелік сабақтар....................................................................................

4 Курстық жұмыстар мен дипломдық жоба...............................................

5 Студенттердің өздік жұмысы........................................................................



1 ГЛОССАРИЙ
Агрессивтілік – басқв тіршілік иесін басуға және зиян келтіруге бағытталған дұшпандық, шамданған сипатты мінез-құлық.

Бейімделу – өмірлік әртүрлі жағдайларынан үйрену үдерісі.

Аддиктивті мінез-құлық- тәуелді мінез-құлық.

Алексия- ми қабындағы сөйлеу аймағынын органикалық зақымдануынынң салдарынан туындаған оқу қабілетінің бұзылуы.

Мінезді акценттеу – тұлғаның белгілі психологиялық зақымдаушы әсерлерге осалдығы мен кейбіреулеріне төзімділігі кезінде көрініс табатын мінездің жекелеген қасиеттерінің шамадан тыс күшеюі.

Адамгершіліксіздік – адамгершілік нормаларын сақтамау, өнегесіздік.

Амнезия – жаттың бұзылуы, есте түсіруге қабілетсіздік.

Ауытқушы балалар – маңызды туа біткен немесе қабылданған кемістіктерден туындаған, әдеттегі физикалық және психикалық дамудан көп ауытқыган балалар.

Қоғамдық тәртіпке қайшы мінез-құлық – әлеуметтік нормаларға қайшы келетін, әлеуметтік тәртіпке және айналадағы адамдардың амандық – саулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.

Асоциалды мінез-құлық – адамгершіліктің – өнегелі нормаларды бас тарту әрекеті.

Тақуалық – сопылық өмірге, жалғыздыққа, өмірлік игілік пен ләззаттан бас тартып, қатаң өмір салтына бейімділік.

Асфиксия – тұншығу. Балаларға асфикция дүниеге келу кезінде жаңа туған баланың жолдас арқылы ананың организімінен оттегінің келуінің тоқталу салдарынан, жаңа туған нәрестенің өкпемен дем алуы әлі қалыптаспаған кезде пайда болады.

Енжарлық – селқосдыққа, сылбырлыққа беімділік.

Аттитюд – әлеуметік нұсқау, яғни тұлғаның топтық немесе әлеуметтік құндылықтарға бағытталғынды, оларға сай әрект етуге дайындығы.

Аутизм – «ақиқат болмыстан қол үзуге» бейімділік, өзінің ішкі уайымынан берілу, тұйықтық.

Аутистік мінез-құлық – қоршаған ақиқат болмыспен, адамдармен араласпау, өзінің қиял әлеміне бату кезінде көрінетін мінез-құлық.

Аффект – жаңға ауыр тиетін жағдайларда пайда болатын жүйкелік-психикалық қозу, ашуланған, долданған, хал, ашу қысқанда уақытша естен адасу. Аффект кезінде бас миінің бақылау әрекеті әлсізденеді. Аффект кезінде адамның беті бозарады немес қызарады, көз қарашықтары тартылады немес үлкейеді, еріндер мен буындар дірілдейді. Аффект жүйке жүйесі тұрақсыз адамдарда жиі кездеседі.

Мақтаншақтық – өзін-өзі мақтау, мақтаншақтық.

Рухсыздық – интелектуалды, рухани мазмұнның болмауы.

Мейірімсіздік – аяушылық білдіруге қабілетсіздік, қатыгездік.

Өнегезісдік – адамгершіліксіздік, әдептілік ережесін бұзу, оларға қарама-қайшы әрекет ету.

Жауапсыздық – бір нәрсеге өзінің жауапкершілігін қабылдамау немесе жете түсінбеу.

Дау - жанжалдан аулақтық – дау жанжалды болдырмау.

Мәдениетсіздік – мәдениеттің, мәдениеттіліктің болмауы.

Бейқамдық – қамсыздық, сақтық шараларын қолдана білмеу.

Илланушылық – ықпал етуге, бұйрық беруге, басқаруға бейімділіе және әдет.

Қозғыштық – ашу кернеген жағдайында мінез-құлықтың ұшқалақтығы.

Әсерленгіштік – әсерге тез көнгіштік, эмотивтілік, сезгіштік.

Ашушаңдық – кейігіштік, ашуланшақтық, қызбалық.

Дөрекілік – әдепсізділік, көргенсіздік, жабайылық, өрескелдік бұрмалау.

Ұстамдық – байсалдылық, бір нәрсені дәл сақтауға бейімділік, бірізділік, ұстамды, байсалды болу.

Босаңдық – ширақтылық, сергектіктің, энергияның болмауы.



Вуайеризм (визионизм) – жалаңаш адамдарға немесе жыныстық қатынастарға сығалап қарауға ұмтылыспен байланысты сексуалды девиация.

Гедонизм – ләззат, рақат.

Гендер – жыныс.

Геронтофилия – кекск адамдар мен қарияларға жыныстық әуестілікпен байланысты сексуалды девиация.

Гиперсексулдылық – субьектінің сексуалды қозуы мен ләззат алуы үшін өзімен бірдей жынысты нысанды таңдауы.

Адамгершілік – басқалардың игілігіне бағытталғандылық, адамдарды жақсы көру және ықыластылық.

Гэмблинг – ойынға тәуекелділік.

Девиантология – мінез-құлықтағы ауытқуларды зерттейтін ғылым тармағы.

Деликт – құлықтық нормаларды іс-әрекет.

Делинкветтілік – қалыптасөқан тәртіпті бұзуға, ұзақ заң бұзушылықтар мен қылықтар істеуге бейімділік.

Делинквентті мінез-құлық – нақты тұлғаның белгілі бір қоғамда және белгілі бір кезеңде бекітілген нормалардан ауытқушы, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін іс-әрекеттері.

Деструктивті мінез-құлық - зиян келтіретін, бұзуға әкелетін мінез-құлық.

Мінез-құлықты анықтау – белгілі бір мінез-құлықты тудыратын, арандатушы, күшейтпелі және қолдаушы факторлар жиынтығы.

Тілектестік – басқаның игілігіне көмектесуге даярлық, мейірбандылық.

Қылымсу – ақ пейімділіктің жіне шынайылықтың болмауы, боямалылық, сыланып-сипанушылық.

Құрбан болғыштық – өзін-өзі құрбан етуге дайын болу.

Мейірімсіздік – аса қаталдық, рақымсыздық, дәрменсіздік.

Тәуелділік – ләззат алу немесе бейімделу үшін біреуге немесе бір нәрсеге арқа сүйеуге тырысу.

Тәуелді мінез-құлық – психикалық күйді өзгерту мақсатында, қандай да бір затты қолдануға немесе арнайы белсенділікке психологиялық және физикалық тәуекелділікпен байланысты мінез-құлық.

Қызғаншақтық –үнемі қызғаныш сезімге бейімділік.

Менсінбеушілік – асқақтық, шадырлық, тәкаппарлық.

Мазасыздық – шағымдануға, күнкілдеп ұрсуға, қандай да бір елеусіз құбылысты немесе затты тыңғылықты талдауға бейімділік, беймазалық.

Қорыққандық – жасқаншақтық, қорқақтық, үнемі зекуден, жазалаудан қорқу.

Ұялшақтық – ұяндық, жасқаншақтық, абыржуға бейімділік.

Баяулық – жайбасарлық, босандық.

Ызалылық – ызалы ашушуандыққа бой алдырмаушылық, қастық ойлаушылық.

Кекшілдік – өкпелерді ұсақ есте сақтауға бейімділік.

Зоофилия (седомия) – хайуанаттармен жыныстық қатынас жасауға әуестілікке байланысты сексуалды девиация.

Ұшқалақтылық – жеңілтектілік, көңілділік жайдармандылық оны дуарлық.

Нәзіктілік – нәзіктілік.

Албырттылық – ырықсыздық, дөрекі, дәлелденбеген қызықтарға дайын болу.

Инфантилизм – адам ағзасы мен психикасында дамудың балалық сатысында тән ерекшеліктер мен мінезбелгілерінің сақталып қалуы.

Енжарлық – талғаусыз, селқос болуға бейімділік.

Интервенция – жағымды өзгерістер жасау мақсатында әсер ету, теріс мінез – құлықты жеңу.

Дел-салдық – бар бұзылымдарды үлкейтуге бейімділік, денсаулыққа қатысты шүбәланғыштық.

Интериялық – қыңырлық, жылауықтық, баршаның назарында болуды қалау.

Классикалық алдын ала келісу (шартты немесе респондентті рефлекс) – бұл уақытта және кеңістікте шартсыз стимулмен ұштасатын шартты реакция ілімі.

Клептомания – потологиялық ұрлық.

Көпшілдік – адамдармен тез араласуға, қарым-қатыннас орнатуға ьейімділік, адамға үйірлік.

Құзіреттілік – білімді болу, білгір болу, беделділік.

Орнын толтыру – бұзылған қызметтерді қалпына келтіру, теңестіру, дамыту, бұзылғандарды алмастыру үшін сақталған қызметтерді қайта құру.

Компульсивтілік – жалықтыратын әрекеттерді, идеяларды қалыптастыруға бейімділік.

Зұлымдық – көз алдайтын, бояма тілектестікке жасырылған қаскүнемдік, жаман ниеттілік.

Конформистік мінез-құлық – тек қана сыртты беделдерге бағытталған, индивидуадықтан айырылған мінез-құлық.

Кертартпалық – бір нәрсенің тұрақтылық сақтап қалуға бейімділік.

Копинг – мінез-құлық – стресті басқару.

Копинг-ресурстар – нақты тұлғаның стресті сәтті жеңуіне себепкер болатын ішкіжәне сыртқы ресурстардың жиынтығы.

Копинг-стратегиялар – стресті жеңудің индивидуалды стратегиялары.

Түзету – баланың дамуы мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған педагогикалық, психолгялық, емдік шаралар жиынтығы.

Жеңілтектік – ойланбастан әрекет ету.

Екіжүзділік – алдамшылық, ойындағысын жасырып, басқаша сөйлеуге бейімділік.

Маргиналдық – норманың ең шетінде болу, сонымен қатар субмәдениеттің шетінде болу.

Пайдакүнемдік – ұсақ есепшілдік, тым үнемшілік, алыпсатарлық.

Күмәншілік – барлық нәрседен өзіне жағымсыз нәрсені көруге бейімділік, сескенушілік.

Мезі қылушылық – мазасыздық, жабысқақтық, беймазалық.

Аңқаулық – аңқылдақтық, жайдарылық, хабардарсыздық.

Нарцистік мінез-құлық – өзінің аса күрделілік сезімімен, сонымен қатар өзінің сыртта, айналасындағылар үшін маңыздылығын растауға мұқтаждылыұпен басқарылатын мінез-құлық.

Ілім – туындаған жағдайда реакцияға негізделген мінез-құлықтың нақты түрлерін меңгеру және сақтау үрдісі.

Жағымсыздық – айналасындағылардан өзін аулақ ұстауға, оларға қарсы шығуға бейімділік.

Кексіздік – ақкөңілділік, момындық.

Долданушылық – ашуын ұстау алмаушылық.

Никрофилия – өліктерге жыныстық әуестікпен байланысты сексуалды девиация.

Әдепсіздік – келісіздік, ұятсыздық.

Қызбалық – ашушандық, кейігіштік.

Әдептілік – сыпайылық және жылы жүзділік.

Ызылынғыштық – ызалы көңіл күй.

Онтогенез – жеке тұлға ағзасының жаму үдерісі. Психологияда онтогенез тұлғаның балалық шағында психиканың негізгі құрылымындарының қалыптасуын білдіреді.

Оперант – өзінің салдарымен анықталған мінез-құлық.

Өжеттілік – батылдық.

Ашықтық – адалдық, ақ жүректілік.

Ауытқушы (девиантты) мінез-құлық – ең маңызды әлеуметтік нормадан ауытқыған, қоғамға немесе тұлғаның өзіне зиян келтіретін, сонымен қатар дезаданғаациямен бірге болатын тұрақты мінез-құлық.

Сандырақтылық – сандырақ, мағынасыз ойлар қалыптастыруға дайын болу, күмәнділік, шүбәлылық.

Педагогикалық караусыз қалу – ортаның жағымсыз ықпалдары мен тәрбиенің жетіспеушілігінен туындайтын, балалардың санасы мен мінез-құлқындағы тұрақты ауытқу.

Педантизм (әріпшілдік) – барлық талаптарды қатаң орындау, аса дәлдікке және ұқыптылыққа беімділік.

Педофилия – балаларға жыныстық әуестікпен байланысты сексуалды девиация.

Пенитенциарлы жүйе – қоғамнан аулақтандырудағы мазмұн жүйесі.

Жабырқаңқылық – көңілсіздік, жабынқы көңіл, қайғы тұңғияғына бату.

Көргенсіздік – дөрекелік, өрескелділік.

Превенция – жағымсыз құбылстың алдын алу – профилактика жасау мақсатында ықпал ету.

Теріс түсінік – айналасындағылармен алдын ала қалыптасқан және жағымсыз көзқарас негізінде әділетсіз қарау, қарым-қатынас жасауға дайын болу.

Менсінбеушілік- біреуге немесе бір нәрсеге жек көріп қарау, менсінбей қарау.

Ой ұшқырлығы – сақтық, көргендік, көп нәрсені көруге, алдын ала болжауға қабілеттілік.

Промискуитет – субьектінің денсаулығына және оның тұлғааралық қатынастарына қауіп төндіретін тәртіпсіз жыныстық байланыстар.

Психологиялық түзету – кемшілігі бар балалармен жүргізілетін реабилитациялық және түзету-тәрбиелеу жұмысының бағыты. Оның тұлғаның психикалық дамуындағы ауытқушылықтың алдын алу және жеңу болып табылады.

Психологиялық қорғау – тұлғаның тұрақтылығына және тұтастығына қауіп төндіретін кез келген өзгерісті бәсеңдету немесе жою тетіктері.

Психопатия – адамның әлеуметтік ортада қолайлы бейімделуіне кедергі жасайтын, тәжірибе жүзінде қалпына келтіруге болмайтын мінез қасиеттерінде көрінетін психикалық ауыру.

Жүгенсіздік – тым артық бостандық басқалармен қарым-қатынаста тым еркін ұстау және өрескелді көрсету.

Ашуланшақтық – тез ашу шақыруға бейімдік, көңілі толмағандықты көрсету.

Бетімен кетушілік – тәртіпсіздікке баруға бейімділік, шімірікпеушілік.

Қызынушылық – қызбалық, өз әрекетін бақылауға қабілетсіз болу.

Реабилитация – жарамдылықты қалпына келтіру, кемшілігі бар баланы әлеуметтік ортаға енгізуге бағытталған медициналық-педагогикалық шаралар жүйесі.

Релаксация – босаңсу.

Ретардация – дамудың ең ерте формаларының алмасуы жүзеге асатын, дамудың жекелеген кезеңдерінің аяқталмауы.

Ретризм – әлеуметтік нормаларды, әлеуметтік өзара әрекеттестікті орындатудан бас тарту.

Садомазохизм – жапа шегу немесе серіктесін азаптау жолымен сексуалды ләззат алумен байланысты сексуалды аддикция.

Ар-намыс – өз абыройына қатысты өткір сезімі.

Менмендік – өз күшін тым артық бағалаушылық, өзіне өзі жшамадан тыс сенушілік, көкіректілік.

Келе етушілік – келеке, өткір мысқыл келеке етуге зәрлі мысқылға бейім болу.

Өзін сүюшілік – тек өзіне деген махаббат, эгоизм, эгоцентризм.

Сексапильность – жыныстық қарым-қатынасқа бейім адам туралы түсінік қалыптастыратын ерікті қозғалыстар, ым-ишираларға бейімді мінез-құлық манерасы, стилі.

Бір беткейлік – қыңырлық, қасарушылық, ойына келгенін істеуге бейімділік.

Әлеуметтік ауытқушылық – әлеуметтік нормаларды бұзу көпшілікпен, тұрақтылықпен таратылғандықтан (қылмын немесе маскүнемділік) сипатталады.

Социопатиялық тұлға –айналасындағы адамдарға сенімсіздікпен және дұшпандақпен қарайтын, ұзақ мерзімді қарым-қатынастар орнатуға қабілетсіз, өз мақсаттарын жуту үшін күш пен манипуляцияны белсенді қолданатын антиәлеуметтік тұлға.

Қайсарлық – жоғары психикалық белсенділік, ерікті тұрақтылығы, табандылық, қыңырлық, қайсарлық.

Делқұлылық – ойына не келсе соны істеу, орнысыз тілек қалау бойынша әрекет етуге бейімділік.

Суицид – өзіне өзі қасақана қол жұмсау.

Суицидті мінез-құлық – өз өмірін қию туралы түсініктердің басқаруымен істелетін саналы түрдегі әрекет.

Трансвестизм – перверсия, сексуалды девиация. Бұл құбылыс психологиялық қолайлы жағдайға немесе қоздыруға жету мақсатында әйел кімдерін киетін немесе өзін әйелше ұстайтын ер адамдарға тән.

Трансексуализм – өз жыныс мүшесін тұрғыдан өзгертуге ынталануда көрінетін жыныстық тиістіліктін бұзылуы.

Қыңырлық – ырыққа көңбеушілік, айтқанға көнбеу кыңырлылық, табандылық.

Байсалдылық – салмақтылық, байыптылық.

Айлакерлік – тәсіл қойлық, жетіктенушілік.

Фитишизм (киелі затқа табыну) – сексуалды девиация, сексуалды қозу және ләззат алу мақсатында тұлға фетишті (жансыз затты немесе адамның дене мүшелерін қолданады)

Ұшқалақтық – жеңілтектік, тұрақсыздық.

Фрустрация – мақсатқа жету жолындағы кедергілермен немесе мұқтаждықты қанағаттандыруға мүмкіншілікдік жиынтығымен байланысты психологиялық қалып.

Шектен шыққан арсыздық – бір нәрсеге жек көре қарау.

Атаққұмарлық – атақ даңққа құмарлық.

Тәкаппарлық – пандық, шектен тыс қаталдық және мінез-құлықтағы, әдеп сақтаудағы лажсыздық.

Эфтаназия – дәрігердің көмегімен өзін өзі өлтіру, ауыру адам қатты азаптанып жатқанда,оның ауыруы жазылмайтын болғанда, өз иесін біліп жатып, ол эфтаназия туралы бірнеше рет сұрады.

Өзімшілдік – өзін сүюшілік.

Эгоцентризм (дарашылдық) – саналы немесе еріксіз түрде өзінің рухани өміріне немесе материалдық тіршілігіне бар назарын аудару.

Шаттық билегендік – өзінің масаттануына, қуанышын көрсетуге бейімділік.

Эксгибиционизм – сексуалдық девиация, девиацияның бұл түрінде жалаңаштық сексуалды ләззат алу үшін қолданылады.

Жарылғыштық – оталғыштық, тез ашуланушылық.

Мәнерлілік – бейнелілік, айқындық, өзінің эмоциясымен қайғы мұның көрсетуге бейімділік.

Таңғажайыптық – шамадан тыс түп нұсқалық, әдеттен тыс әрекет көрсетуге бейімділік.

Эмотивтік – өте жоғары сезімталдық, көңіліне тез алушылық.

Эмпатиялық – басқа адамның эмоционалдық уүйін түсінуге және қайғысын бөлісуге қабілеттілік.

Энурез – зәрін ұстай алмау.

Этиология – ауырудын себептерін және пайда болу жағдайын зерттейтін ілім.

Әдептілік – этикаға сәйкестік, әдеп ережелерін сақтауға дайындық.

Мысқылшылдық – келекешілдік, өткір мысқыл.


1 тақырып. Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері

(3 сағат)

Қазіргі уақытта әлемдегі барлық проблемалар түптеп келгенде экономикалық қал – жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте экономикалық жақтан гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қай - қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен топтар кездеседі. Айталық, ертедегі Спарта қоғамында ауру туған балаларды «өзіне де, басқаларға да зиянынан басқа пайдасы жоқ» - деп дереу көзін жойып жіберген.

Батыс Еуропа мемлекеттерінде және АҚШ – та ерекше көмекке мұқтаж адамдарды бір ұйымға біріктіріп, «проблемалы адамдарға» немесе «мүмкіндіктері шектеулі адамдар» деген мәртебемен барлығына бірдей өмір сүру шарттарын түзіп, кемістіктері мен ауытқуларына қарай әр түрлі іс шаралар қарастырылады.

ЮНЕСКО – есептеуіне сүйенсек, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны жылдан- жылға көбеймесе азаймайды екен. Осылайша қоғамда әдеттегі «қалыпты» дамыған адамдар мен қатар, одан ауытқыған адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады. Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болған, мысалы, қылмысқа барған, ұрлық , қарақшылық зомбылық, маскүнемдік, нашақорлыққа салынған. Алғашқылардың арасында қоғамға пайдасынан зияны көп тиетіндері ерекше әлеуметтік қадағалу мен тәрбиені талап етеді. Сондықтан бұл жерде сол қалыптан тыс теріс ауытқудағы адамдармен жұмыс істеу қарастырылады.

Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті іске баратындар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, заңсыз әрекеттерге баратын алаяқтар мен ұрылар, басқа да заң бұзушылар «қалыптан» ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында бұнда әрекеттерді «девиация» (ауытқу - отклонение).Ол кезегінде істелген іс – әрекеттің сипатына және қоғамға тигізген зиянына байланысты, бірнеше топқа жіктеледі: Девиантты, деликвентті және криминалды жүріс – тұрыс.

Девиантты жүріс – тұрыс - бұған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс – тұрыс ережелерін бұзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады.

Делинквинтті жүріс – тұрыстың девиантты қылықтардан айырмашылығы – тәртіп бұзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, тұрақты мінез – құлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не жазалауға істеген күнәсін дәлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді. Деликвинтті жүріс – тұрыс түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:


  • Белгілі бір тұлғаны кемсіту мақсатында істелген қаскүнемдік пен зорлық, қорлау, ұрып – соғу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру.

  • Жеке басының мүддесі ұсақ – түйек қылмыстар жасау, мысалы, ұрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай дүниесін тартып алу , т.б.

  • Наша секілді зиянды заттарды тарату және сату.

Криминалды жүріс – тұрысқа құқық бұзғандар жатқызылады. Қылмыстары девиантты немесе деликвинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған.

Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипаттамалар беруге болады:



  • Қылмыс түрлері мен сипатына қарай;

  • Деңгейі және көлеміне немесе масштабына қарай – жеке, ұйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді;

  • Құрылымына қарай – әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар;

  • Қоршаған ортаға байланысты – отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, ұрып – соғу немесе өз басына байланысты.

Девиация типтері және басты тұжырымы. Дене кемшілігі барлар қатарына: туа біткен дене кемшілігі бар техногендік немесе тұрмыстық жағдайлардан мүгедектер қатарына қосылғандар, тұқым қуалайтын не жұқпалы ауруға ұшырағандар, табиға апаттар мен құбылыстардың салдарынан денесі не психикасы зақымданғандар кіреді.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылы қабылданған тұжырымдаманың британдық варианты бойынша дене кемістігіне байланысты топтастырудың үш түрі бар:



  1. Туа біткен және созылмалы ауруға ұшыраған адамдар - физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бұзылып еңбекке жарамсыз болып қалғандар.

  2. Қабілеті шектеулі адамдар – өз алдына іс – әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс қимылы шектеулі, адамдар.

  3. Мүгедектер – өз алдына күн көре алмайтын, басқа бір адамдардың көмегіне күнделікті мұқтаждар.

Дене кемістігі немесе мүгедек, психикасына зиян келгендер немесе психикалық ауытқулары барлар педагогикалық және әлеуметтік ауытқулар деп мына кестедегідей қарасытуға болады.

Дене кемістігі

Психикалық ауытқулар

Педагогикалық ауытқулар

Әлеуметтік ауытқулар

Созылмалы не туа біткен аурулар, көруі, естуі нашар, аяғы кемтар не мүгедектер, т.б.

Ырық эмоциясы нашар, ақыл есінен ауытқыған жүйке жүйесіне зақым келген, санасының дамымауы, сезімінің бұзылуы, т.б.

Оқуға қызықпау, білім алмай қалуы, кәсіпке ие болмауы не қызықпауы, тәрбиедегі кемшіліктер, т.б.

Жетімдік, маскүнемдік, нашақорлық қараусыз қалу, қылмыскер, үйден қашу, тәртіп, заң, құқық бұзу, т.б.

Девиациялық мінез – құлықтың қалыптасуы қоғамдық ортаның әсерін зерттеген фр. Психологы Э.Дюркгейм (1858 - 1917) «Анома» теориясын жасаған . Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бойынша қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор – ондағы адамдардың береке бірлігіне байланысты.



Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы девиацияның басты себептері осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады, өйткені жеткіншектер қоғамдағы жақсы жаман нәрселерді барлығын лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін «өтпелі» , «тұрақсыз» , «күрделі» дейді.

Баланың мінез – құлқының қалыптасуына тигізетін әсерін әлеуметтік педагогикалық мәселе тұрғысынан қысқаша былай көрсетуге болады:



  1. Баланың анатомиялық және физиологиялық дамуы талапқа сай келмейтін жағдайларда өтсе, оның әлуметтенуі күрделенеді.

  2. Психологиялық факторлар: Жүйке жүйелерін қозу және тежеу үрдістерінің әлсіздігі, мінез – құлқының жылдам бұзылуы, психопатия, психиатриялық не дәрігерлік көмекке мұқтаждық.

  3. Әлеуметтік педагогикалық факторлар: отбасындағы, қоғамдағы, мектептегі тәрбиенің кемшілігі мен қателіктері баланың жеке және жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі, білім алуға қызықпауы және үлгермеуінің нашарлығы.

  4. Әлеуметтік экономикалық факторлар. Қоғамдағы адам құқықтарының бұзылуы мен әділетсіздік, адамдар арасындағы материалдық экономикалық айырмашылық, жалпы көпшілік халықтың кедейленуі, еңбекақының жеткіліксіздігі әлеуметтік ахуалдың нашарлауы да девиантты мінез құлықтың туындауына алып келеді.

  5. Құлықтық әдеп факторлары. Қоғамдағы адамддардың жүріс тұрыс мәдениетінің төмендеуі мен көпшілік ортада өмір сүру ережелерінің сақталмауы құлықтық әдеп құндылықтарының жоғалуы, ізгілік пен мейірім, физиологиялық, психологиялық дамуы, әлеуметтік ахуалының өзгеруімен сипатталады.


Тақырып 2.
Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде

(3 сағат)
Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз. Бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті әрекет, қылмыстық).

Негізге алынатын факт ретінде,біз девиантты мінез-құлық-бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болу тарихы, макроәлеуметтік. Әлеуметтік-психологиялық және жеке тұлғалық факторлар бірлесе әрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстарының себептерінің жиынтығын зерттеу пәнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пәндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге және олардың қоғамдық әрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдар құралған жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: әлеуметтану, психология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика және т.б. девиантты құбылыстардың барлық «өлшемдерін» тұтас талдай және алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предивиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тәсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді.

Осы бөлімнің міндеті «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, әлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру әрдайым қандай да бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай әрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық әртүрлі формада кездесуі мүмкін:дарындылар, дуаналар, тақуалар, әулиелер, қылмыскерлер және т.б.

Әлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. П.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғмды анықтауда қосымша, дәлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон «Әлеуметтік құрылым және аномия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың әр алуан түрлерімен В.Фокс девиантты мінез-құлық «тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға емесе басқа жазаға тартуға әкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-құлық» ұғымының мазмұнын едәуір тарылтады, өйткені әлеуметтік-құқық саласының аз ғана бөлігін қамтиды.

ХХ ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық –психологиялық ғылым пәні деп жарияланғаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынадай пікір айтқан: «мінез-құлық жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын және ағзаның дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны».

Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу ек бағытта қарастырылады: біріншісі-психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, паталогиялық күй жене т.б.); екінщісі-«әлеуметтендіру –дезадаптация-оқшаулау» құқықтық, мәдени және әлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты әлеуметтікке қарсы мінез-құлық.

С.А.Белиева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:

а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теіс қылық. Бұлар:ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық және т.б.;

ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б.;

б) әлеуметтік енжар түрлері:белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т.б. жатады.

Даму мен мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар санының артуы, әлеуметтік девиация мен мектепке бейімделмеудің оқушылар арасында көбеюі «Девиантология» курсын енгізу қажеттілігін тудырды. Аталмыш курс студенттерді дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалармен жұмыс істеуге, сонымен қатар оларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге даярлауды, болашақ мұғалімге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары әлеміне енуге көмектесуді, бұндай балалармен жұмыс істеудің алдын алу шараларымен таныстыруды көздейді. Дамуында кемшіліктері мен мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмаған балалармен жүргізілетін тәрбиелік –алдын алу және түзету жұмыс осы уақытқа дейін оқыту үрдісін баланың жеке тұлғасын «қайта шыңдауға», «қайта жасауға» бағыттайтын қайта тәрбиелеу педагогикасына негізделген әкімшілік-жазалау тұжырымына сүйеніп жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқының алдын алу мен психологиялық және педагогикалық үрдісті ізгіліктендіру мен дарашылдандыру қағидаларына сүйенетін тиімді және нәтижелі жолдарын қолдану қажеттілігі туындады.

Сондықтан да мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін түзету психологиялық және педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтау үшін арнайы білім беру мекемелерінің ғылыми жаңалықтарына, алдын алу психологиясы мен арнайы педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет.



2 тақырып бойынша сұрақтар

  1. «Девиантологияның» ғылымның басқа салаларымен пәнаралық байланысы.

  2. В.Д.Менделевичтің ауытқыған мінез-құлық мәселелерін ғылыми зерттеуі.

  3. С.А.Беличеваның девиантты мінез-құлыққа жасаған тұжырымдамасы.

  4. Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу-профилактикалық және психологиялық түзету жұмыстарының жай-күйі.

2 тақырып бойынша әдебиеттер

  1. Абдулина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.-М.1991

  2. Акажанова А.Т. К вопросу о некоторых психологических аспектах субъективной стороны пеступления // Материалы МИК, 10 лет независимости Казахстана:итоги и перспективы развития. – Алматы, 2001 –С.405-409.

  3. Выготский Л.Я. Вопросы детской психлогии –СПБ.:союз.1997

  4. Дубрович А.Б. Воспитателю о психологии и психологигиене общения. М.1987


Дәріс 3 Жасөспірімдердің отбасы мен мектептегі педагогикалық және әлеуметтік жолдан ауытқуының теориялық-әдістемелік негіздері.

(3 сағат)
Қазіргі психологияда девиантты мінез-құлық пен соған лайық заң бұзушылықтардың бастауын әлеуметтік мәдени және педагогикалық қараусыз қалушылықтан іздеу қалыптасқан.

Ауытқыған мінез-құлық табиғаты әртүрлі. Мінез-құлықтағы бұзылулар тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады. Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:



  1. Тәртіпке қарсы мінез-құлық;

  2. Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы);

  3. Делинквентті (құқыққа қайшы келетін);

  4. Прессивті мінез-құлық

Девиантты мінез-құлықтың тәртіпке қарсы түріне оқу-тәрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тәртіпті бұзу жатады. Мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орындаудан бас тарту және т.б.

Антиәлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек әрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сексуалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатызуға болады.

«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кәмелетке толмағандар құқықты бұзу әрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған-біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бұзушы әрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жеке тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға әртүрлі этиологияның көптеген психикалық күйлері, есаландықтың және мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады.

Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге және тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тәсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған әлеуметтік стереотип формасына ие болған. «Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар және ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік және әлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.

«Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:


  1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмәдениетк, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады және оның әлеуметтену үрдісін бағыттайды;

  2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тәрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, әлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан тұтады, ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;

  3. Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұрғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың әртүрлі амалдарын қолданады.

Қазіргі замаңғы ресейлік әлеуметтануда Я.И.Гилинскийдің ұстанымы айрықша қызықты, ғалымның пікірінше, девиацияның бастау көзі-қоғамда әлеуметтік теңсіздіктің, әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіншіліктері арасындағы айырмашылық деңгейінің өте үлкен болуы. Жеке тұлғалық мінез-құлық деңгейіндегі девиацияның ең жалпы себебі-жеке тұлғаның объективті қасиеттерінің, соның ішінде оның талаптарының, қабілеттерінің, сонымен қатар әлеуметтену үрдісінде қалыптасқан қасиеттердің қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі алатын позиция талаптарымен сәйкессіздігінің нәтижесі ретінде «әлеуметтік тәртіпке келтірмегендік» болып табылады.

Әлеуметтану ғылымында жеке тұлғаның әлеуметтену тетіктері мен салаларының ара жігі ажыратып көрсетіледі. Әлеуметтену тетігі-бұл адамның әлеуметтік ақпаратты қабылдайтын және меңгеретін тәсілдері. Психологтардың пікірінше, олардың қатарына сендіру, бейімделу, көндіру, еліктеу, басқару, үйрету және т.б. жатқызу қажет.

Мектептегі құқықтық әлеуметтену екі бағытта жүзеге асады. Біріншіден, бұл арнайы сабақтардағы тікелей құқықтық әлеуметтену, бұндай сабақтарда оқушыларға мемлекеттік құрылым, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен қызметтері туралы айтылады, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және т.б. туралы түсіндіріледі. Екіншіден, құқықтық әлеуметтенуге оқушылардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулері септігін тигізеді. Осы аталған кездесулерде оқушыларға құқықтық нормаларды бұзбау қажеттілігі түсіндіріледі және соттық тергеу әрекеттерінің мысалдарына сүйеніп, заң бұзушылықтың салдары таныстырылады. Біздің елімізде тікелей құқықтық әлеуметтендіру мектеппен ғана шектелмейді. Бұндай жұмыстар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жалғастырылып, студенттер құқық негіздері және заң психологиясы және т.б. сияқты пәндерді оқиды.

3-тақырып бойынша сұрақтар


  1. Мінез-құлықтағы ауытқуды түсіндіретін шетелдік тұжырымдар.

  2. «Қиын» және «тәрбиелеуге қиын» ұғымдары нені білдіреді?

  3. Мінез-құлықтың ауытқуына қатысты ресейлік ғалымдардың ұстанымдары.

3-тақырып бойынша әдебиеттер

  1. Арзуманян С.Д. Микросреда и отклонения социального поведения детей и подростков –Ереван,1980.

  2. Акажанова А.Т. Теоретико-психологические аспекты формирования девиантного поведения несовершеннолетних // Тезисыы –ей межд.конф.-Алматы,2005-С.199-202

  3. Бернс Р. Развитие Я-концепции и воспитание.-М.,1986.

  4. Бютнер К. Жить с агрессивными детьми-М.1991


Дәріс 4. Жасөспірімдердің қылмыскерлігі және оның алдын алу шараларының психологиялық және педагогикалық негіздері

(3 сағат)


Мінез-құлықтың бұзылуы немесе әлеуметтік бейімдеушілік деп мінез-құлықтың әлеуметтік тұрғыдан мақұлданбаған формаларының пайда болуын атайды. Бұл формалар соншалықты әр алуан болғанымен, олар басқа жасөспірімдермен және үлкендермен жаман қарым-қатынастармен сипатталады. «Қиын» жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бәріне ортақ негізгі кемшіліктер: адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас (дөрекілік, қыңырлық, өтірік айту, қатыгездік, тәртіпсіздік және т.б.), оқу жұмысындағы жағымсыз қылықтар (жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллектуалды енжарлық, танымдық қызығушылықтың болмауы және т.б.), сонымен қатар екі түрдің жағымсыз қасиеттерінің бір мезгілде көрініс табуы.

«Қиын» жасөспірімдерге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары дер кезінде жүргілмесе, олар тұрақты асоциалды мінез-құлықпен және заң бұзушылыққа бейімділікпен сипатталатын санатқа өтіп кетуі мүмкін.



Кәмелетке толмағандардың заң бұзушылық әрекеттерінің мөлшерінің төмендегі жіктелімі ұсынылады:

  1. Биологиялық мотивтер,бұл мотивтер ағзаның физиологиялық тіршілік етуін қамтамасыз етеді (жасөспірім өзін, ішімдікке салынған ата-анасын, інілері мен қарындастарын асырайды): тамақ, отын ұрлау және т.б.;

  2. Инфантилді мотивтер:өзін-өзі асырау немесе олжа табу мақсаттары болмайды, романтикалық және шытырман реңкті мақсаттар басым болады,. Мысалы, топта бос уақытты «қызықты» өткізу мақсатында дүңгіршекті тонау: ұрланған заттарды бағаламайды, тамақ пен ішімдіктің қалғандарын басқаларға берулері мүмкін;

  3. Референтті топқа еліктеу реакциясы шеңберінде өзін-өзі таныту мотивтері, мұнда топтық заң бұзушылықтардың әртүрлі варианттары байқалады;

  4. Материалды қамтамасыздану мақсатындағы пайдакүнемдік мотивтер.

  5. Туысқандар мен жақындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырушы жалпы адамзаттық мотивтер. Мысалы, өзі немесе інісі үшін велосипед ұрлау, қарындасы үшін ойыншықтар ұрлау және т.б.

  6. Агрессивті мотивтер. Бұндай мотивтер бұзақылыққа, вандализм актілеріне, кек алу, өлтіру және т.б. бағыты бойынша дифференцивті және дифференцивті емес әрекеттерге әкеледі;

  7. Қорқыныш мотиві екі жақты болуы мүмкін: а) топтың мүшелеріне немесе оның басшысына психологиялық тәуелді болу. ә) күштеп бағындыру және қоқан лоқы көрсету арқылы бағындыру. Дәл осы жерде мотивтер күресі анық көрінеді.

Жасөспірімдердің ішімдікке деген қатынасы және оны қолдануға мотивациясы бойынша, жасөспірімдер төмендегі типологияға бөлінеді:

  • «әуестікпен» ішімдік ішуді бастағандар;

  • Өзін-өзі тұрақтандыру мақсатында ішімдік ішетіндер;

  • «ляззат алуды» жақсы көретіндер;

  • «алкогольдік эстеттер»;

  • батылдылар;

  • ішімдікке тәуелділер.

Улағыш заттарды қолдану мотивтері ішімдікті қолдану мотивтерімен сәйкес келеді. Ең кең тарағандары:

  • құмарлықпен қолдану;

  • батырлығын көрсету;

  • өзі сияқтылардың ортасында өзін-өзі танытуға ұмтылыс;

  • топтық іс-әрекеттер («біреуге серік болу үшін»);

  • «ляззат» алуды қалау;

  • Көңілін көтеруді қалау;

  • Шынайы өмір мәселелерін ұмытып, галлюцинация әлеміне енуді қалау;

  • Асоциалды және криминалды әрекеттердің басқа түрін істеу алдында психологиялық кедергіні жою (топтық жыныстық қатынас жасар алдында, қылмыс жасар алдында және т.б.).

Нашақорлық-төтенше күрделі әлеуметтік жағымсыз құбылыс. Бұл құбылыс есірткі заттарын дайындауды, сақтауды және сатуды қамтиды. Бұл-халықаралық сипатқа ие болған, қылмыстық сауданың ең табысты саласы. Бұл салада есірткі заттарын тұтынушы ретінде де және қылмыстық кәсіптің субъектісі ретінде де жасөспірімдер маңызды орын алады. Бұл салада жалғыз жұмыс істемейді. Әдетте нашақорлар тобын жазалау мекемелерінде жазасын өтеп келген үлкен немесе бозбала басқарады. Бұл топқа мынадай белгілер тән: айқын көрінетін құпиялық, бірлескендік, топтағы рөлдердің нақты бөлінуі, өз заңдары мен мінез-құлық ережелері, ақпарат алмасуда қолданылатын сигналдар. Есірткі заттарын дайындаумен,сақтаумен және сатумен айналысатын топты көбінесе нашақорлармен, яғни есірткі қолданылатындармен теңестіреді, бұл дұрыс емес. Есірткі заттарын таратуды баю тәсілі ретінде таңдап алған топ мүшелері есірткі заттарын пайдаланбайды. Бұндай топ тек қана есірткілер даярлайды, сақтайды, сатады, қордалар ұйымдастырып, басқа адамдарды есірткілер қолдануға қызықтырып, нашақорлыққа еліктіреді. Бірақ нашақорлық міндетті түрде топтық қылмыстарға себепкер болады.

Ең танымал топтық қылмыстар:



  1. Опиумдық мак, үнді, оңтүстік, маньчжурлық сора және басқада өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердізаңсыз егу және өсіру;

  2. Құпия нашақорлар тобы арқылы есірткі заттарын өсірілген аймақтан елдің басқа аймақтарына тасымалдау;

  3. Есірткілік әсері бар дәрі-дәрмектерді алу мақсатында жалған рецептер жасау;

  4. Дәрілік мақсаттарға арналған рецептер мен есірткілерді сату;

  5. Есірткілерді қабылдайтын қордалар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осындай мақсаттарға ғимарат тауып беру;

  6. Есірткінің әсері кезінде топтық қылмыс жасау немесе есірткі сатып алуға қажетті қаражат табу үшін қылмыс жасау (тонау, ұрлау, қарақшылық шабуылдар және т.б.).

Алдын алу шаралары мен олардың классификациясы

Зерттеулер жасөспірімдердің қылмыскерлігі үлкендердің қылмыскерлілігіне қарағанда олармен күресу шараларына «сезімтал» келеді. Ең алдымен, бұл жергілікті билік орындары жүзеге асыратын аймақтық деңгейде жүзеге асыратын жалпыәлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру шаралары. Алдын алу жұмысын оқу орындарында және сол оқу орындарында қызмет атқаратын адамдармен тікелей ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыс жалпы шаралармен қоса, жасөспірімдердің топтық және индивидуалды қылмыстарының алдын алу бойынша арнайы мақсатқа бағытталған психологиялық, педагогикалық, арнайы криминологиялық шараларды қамтуы қажет.



Арнайы психологиялық және педагогикалық шаралар:

  • Психодиагностикалық; оқуға түскен контингентті зерттеу және қылмыс жасауға бейім тұлғаларды (есепте тұрған, қиын және қараусыз қалған, сонымен қатар, сотталғандар мен колониялардар келген оқушылар) анықтау, олардың мектептегі және мектептен тыс достық байланыстарын анықтау;

  • Психологиялық түзету: жұмыстың индивидуалды және ұжымдық формаларын қолданып, осы оқушылармен жүйелі түрде құқықтық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу; олардың тұлғааралық қарым-қатынастарын бақылау;

  • Психопрофилактикалық: жайсыз отбасынан, сонымен қатар, оқу топтарынан «шеттетілген» жасөсіпірімдердің топтық заң бұзушылықтарының ерте алдын алу шараларды кеңінен қолдану; оқу орындарында және олардан тыс жерлерде де үнемі бақылау жүргізу.

Аталған шаралардың нәтижелі болууы кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алумен айналысатын мамандардың жоғары деңгейі мен психологиялық және педагогикалық біліктілігіне, терең білімі мен профилактикалық жұмыстың неізгі принциптерін ұстануына тығыз байланысты.
4-тақырып бойынша сұрақтар

  1. Жасөспірімдердің құқыққа қарсы келетін мінез-құлықтарына тән ерекшеліктер.

  2. Асоциалды топтардың түрлері.

  3. Қылмыстық істердің негізгі мотивтері мен классификациясы.

  4. Маскүнемдік, токсикомания, нашақорлық және арнайы алдын алу шаралары.


4-тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер

  1. Колесов Д.В., Мягков И.Ф. Учителю о психологии и физиологии подростка- М.,1986

  2. Ушатиков А.И.,Казак Б.К. Основы пенитенциарной психологии /под.ред.С.Н.Пономарева –Рязань:Узорочье, 2002-554с.

  3. Татушкина М.К. Психологическая помощь и консультирование в практической психологии.- СИб.1999

  4. Шульга Т.И. Олифиренко Л.Я. Психологические основы работы с детьми «группы риска» в учреждениях социальной помощи и поддержки. –М.1997



Дәріс 5. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық ерекшеліктері

(3 сағат)
Жасөспірімдік жасты зерттеуде Э.Ширангердің теориясы айрықша орын алады. Ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның ішкі дүниесі қандай болса да, табиғи немесе әлеуметтік детерминанттармен байланыспайды. Оның шектеуінше 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдік саты балалық тәуелсіздіктен арылуға ұмтылу дағдарысымен түсіндіріледі. Берілген жастың негізгі жаңадан қалыптасқан қасиеттері ретінде «Меннің» ашылуы, жаңадан рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке тұлғалығын ұғыну көрінеді.

Шпрангердің теориялық тұжырымдарын Ш.Бюллер нақтылаған. Оның пікірінше, жасөспірімдік кезең –бұл бозбалалық кезеңнің жағымсыз сатысы. Ерекше белгілері:қажетті физикалық және психологиялық мүмкіндіктермен күшейтілмеген мазасыздану, ашушандық, агрессивтілік, мақсатсыз бүлік, дербестікке ұмтылу.

Әлеуметтік орта факторларының психоаналитикалық дәстүрлері отбасының ішкі қарым-қатынастармен тығыз байланысты. Қайнар көзі З.Фрейдтен басталатын бұл бағыт сексуалды құмарлық энергиясы барлық мұқтаждықтардың алғашқы негіздері –дамумен бірге жүретін барлық өзгерістердің қозғаушы күші және себептері деп жариялайды. Жасөспірімдік кезеңдегі сексуалдықтың өзгеруін психоаналитиктер, ең алдымен, объектінің өзгеруімен байланыстырады: отбасы мүшелерінен-отбасынан тыс қарым-қатынастарға.

Ф.Элкиннің, У.Уистлидің, Э.Доуананың Дж.Адельсонның және т.б. эмпирикалық зерттеулерінде (60-80 жылдары) жасөспірімдік жасты салыстырмалы тұрғыда «дағдарыссыз дамудың» қолайлы кезеңі деп сипаттауға әрекет жасалған. Тұтас алғанда жасөспірімдік жастың заманауи терияларында, бірінші топ теорияларына қарағанда, жас ерекшелік дағдарыстары әдеттегі, қарапайым құбылыс ретінде қарастырылады, ал бұндайлардың жоқтығы-сәтсіз дамудың белгісі.

Жасөспірімдік жасты бөлек бір кезең ретінде қарастырмау керек, оны даму динамикасында қарастыру қажет, себебі онтогенезде бала дамуының заңдылықтарын, бұл дамудың күшін құрайтын қарама-қайшылықтарды білмей, жасөсіпірімнің психикалық ерекшеліктерін айқындай мүмкін емес. Бұндай зерттеулердің негізінде тұлғаның дамуын үдеріс ретінде қарастыратын әрекеттік әдіс жатыр. Аталған үдерістің қозғаушы күштері:біріншіден, ішкі қарама-қайшылықтарды шешу, екіншіден, қалыптасқан қажеттіліктерді қайта құру мен жаңалардың пайда болуына жағдай жасайтын әрекет түрлерінің ауысуы болып табылады.

Жасөспірімдердің соматикалық және жыныстық дамуының ерекшеліктері денсаулық пен келер жылдары жұмысқа жарамдылығына ғана тікелей қатысты емес, әлеуметтік дамудың толықтығын да айтарлықтай айқындайды.

Жыныстық жетілу нәтижесінде адам өзінің биологиялық жағынан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да ер немесе әйел жынысына жатуының ең жоғарғы деңгейіне жететін үдеріс. Баланың жыныстық дамуы оның жалпы дамуынан бөлінбейді және оның туылғанынан бастап үздіксіз жүреді. Алайда дамудың белгілі бір сатысында ол кенеттен қарқынды жетіліп, қысқа мерзімнің ішінде толық жыныстық кемеліне келеді. Бұл кезең жынстық жетілу кезеңі (басқаша айтқанда, пубертатты) деп аталады. Жас ерекшеліктерінің кезеңдерге бөлінуіне сай бұл жасөспірім жасы.

Орталық жүйке жүйесінің барлық осындай күйлерінің көрінісі жасөспірімнің өз айналысында болып жатқан тіптен маңызды оқиғаларға бей-жай қарауы, жақсы не жаман бағалауға деген селқостық секілді мінез-құлқындағы ерекшеліктер болып табылады. Ата-аналар жасөспірім «мейірімсіз», «селқос», оны ештеңе қызықтырмайды және ештеңе толқытпайды деген шағымдар айтады. Басқа жағдайларда немесе басқа уақытта жасөсіпірім қандай да бір маңызды оқиғаға, мақтауға немесе сөгіске еш жауап бермеуі мүмкін, бірақ қандай да бір түкке тұрғысыз нәрсеге бола ашу шақыруы мүмкін.

Қыздарда эмоционалдық тұрғыдағы ауытқушылықтар –ренжігіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, жылауықтық болып табылса, ұл балаларда мінез-құлық пен қозғаушы реакциялардың өзгеруі болып табылады (шуылдақтар, ұшқалақтар, қолдарында бір нәрсені айналдырады, қозғайды, тыныш отыра алмайды).

Сабақтарда жасөспірім сөздік қорын жойып алғандай таяз жауап береді, жай сөйлейді. Осы кезеңде қатты шаршау байқалады (мазасыздық, ұйқышылдық, қалғып мүлгушілік немесе керісінше қатты қозу). Бой қарқынды дамиды және осыған байланысты ауытқушылықтар пайда болады. Бұның негізінде екі себеп бар: біріншісі, жекелеген мүшелер мен жүйелердің бірлескен жұмысының бұзылуы, екіншісі қарқынды дамып келе жатқан ағзаға, мысалы, бас айналу, көздің қарауытуы және тіптен ұзақ уақыт қозғалыссыз күйден дене жағдайының кенеттен өзгеруінен туындайтын естен тану. Жасөспірімде тұрақты қан қысымын тұрақтандыратын реттеуші жүйе дене өлшемінің тым жедел үлкеюіне байланысты өз дамуынан уақытша артта қалады, сондықтан кешігіп іске қосылады. Екінші әрекетке –омыртқаның қисаюы,денені тік ұстаудың бұзылуы жатады. Бұл тез өсіп келе жатқан адам сүйегінің механиккалық төзімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті минералды тұздардың жетіспеушілігінің, сонымен қатар таза ауада сирек болудың, аз қозғалудың салдарынан болады. Сүйектердің дамуы мен олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін буындарда орналасқан жүйке талшықтарын қоздыру қажет.



5-тақырып бойынша сұрақтар

  1. Ғалымдардың жасөспірімдік жас ерекшеліктері туралы ғылыми еңбектері.

  2. Жыныстық жетілудің негізгі сатылары.

  3. Девиантты мінез-құлық себептерін айқындаудағы мектеп психологының міндеттері.

5-тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер

  1. Абеуова И.А.,Дусманбетов Г.А.,Махаманова М.Н..Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе.-Алматы, 2004

  2. Акажанова А.Т. Психологическая характеристика основных видов девиантного поведения несовершеннолетних // Поиск.-алматы, 2008.-С.319-324

  3. Байярд Р.Т., Байярд Дж. Ваш беспокойный подросток.-1998

  4. Буркменская Г.В., Карабанова О.А.,Лидерс А.Г.возрастное психологическое консультирование. Проблемы психического развития детей. М.-1990

Дәріс 6.Кәмелетке толмағандардың жәбірленуші болғыштығының психологиялық және педагогикалық аспектілері

(3 сағат)
Виктимология сөзбе-сөз мағынада «жәбірленуші туралы ілім» дегенді [латын тілінің vikmima-жәбір (құрбан), грек тілінің logos-ілім сөздерінен шыққан] білдіреді. Жәбрленушіні зерттеумен айналысатын ғылым виктимология деп аталады. Тар мағынасында виктимология немесе криминалдық виктимология деп қылмыс жәбірленушісін зерттеу деп түсіну қажет.

Жәбірленуші болушылық немесе құрбандық-бұл адамды қылмыс құрбанына айналуға бейім етуі мүмкін физикалық, психикалық және әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілері. Викмизация жәбірші (құрбан) болушылықты игеру үдерісі.

«Қылмыс құрбаны» ұғымы «зардап шегуші» ұғымына қарағанда кең. Қылмыс құрбаны- заңды түрде зардап шегуші деп мойындалғанына немесе мойындалмағанына қарамастан, заң бұзушылық әрекеттен моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян көрген кез келген адам. Басқаша айтқанда, «жәбірленуші»-виктимологиялық ұғым, «зардап шегуші»-қылмыстық-процессуалдық ұғым. Бұл ұғымдар өзара сәйкес келмеулері мүмкін. «Жеке тұлғаның құрбаны болуы... қылмыстық әрекетпен жасалғаннан басқа, дәлірек айтқанда, белгілі бір жағдайларда қылмыс құрбаны болуға қабілеттілік, немесе, басқа сөзбен айтқанда, объективті түрде мүмкін болған жағдайдың өзінде болдырмауға қабілетсіздік".

Салыстырмалы тұрғыда, виктимология өз алдына жеке ғылым ретінде жақында ғана, тек 1947 жылдан кейін ғана пайда болды (Л.В.Франк).

Қылмыстық виктимологиялық аспектілері бірнеше көрнекті жазушылардың туындыларында анық көрініс тапқан: Ф.М.Достоевскийдің «Ағайынды Кармазовтар», Ф.Верфельдің «Өлтіруші емес құбан кінәлі», Л.Франктің «Себен» және басқалардың туындылары.

ХІХ ғасырдың соңында-ХХ ғасырдың басында құрбан тақырыбы әдебиетшілердің ғана емес, заңгерлердің, психологтардың және криминологтардың шығармаларында айқын көрініс тапты. Виктимологияның пайда болуы неміс ғалымы Ганс фон Хентингтің есімімен байланыстырылады. Ол қылмыскерлердің нақты санаты мен жәбірленушілердің нақты түрлерінің арасындағы тәуелділік туралы идеяны ұсынды [«Қылмыскер және оның құрбаны», 1948]. Аталған тақырыпты алғашқы ашушылардың ішінде-Ф.Т.Джас [«Өлтіру мен оның мотивтері»], ал 1958 жылы М.Е.Вольфганг «Өлтірудің түрлері» атты еңбек жариялады. Бұл еңбекте ғалым көптеген зерттеулерінің нәтижелерін қорытып, өлтірушілердің өздерінің құрбандарымен қарым-қатынасы кезінде қалыптасатын жағдаяттардың түрлерін анықтады. Алаяқтық, қарақшылық шабуылдар, азаптау, бұзақылық, зорлау және тағы кейбір түрлері секілді қылмыстардың виктимологиялық аспектілері ғалымдардың назарын өзіне аудартты. 1967 жылы израилдық ғалым Менашем Амир зорлау барысында туындайтын жағдаяттарды зерттеді [«Зорлау түрлері», 1971 жыл].

Қазіргі виктимология бірнеше бағытта жүзеге асады:


  1. Әлеуметтік қауіпті көрініс құрбаны құбылысын, оның социумға тәуелділігін және басқа әлеуметтік институттар және үдерістермен өзара байланыстарын суреттейтін виктимологияның жалпы «фундаменталды» теориясы.

  2. Орта деңгейлі және виктимологиялық теориялар (криминалдық виктимология және басқалар)

  3. Қолданбалы виктимология –виктимологиялық техника (эмпирикалық талдау, жәбірленушімен алдын алу жұмысының арнайы техникасын, әлеуметтік қолдау технологиясын, қайта қалпына келтіру және орнын толтыру механизмдерін, сақтандыру технологияларын жасау және енгізу, тағы басқалар)

Жәбірленуші дәрежесіне сүйеніп, оның төмеңгі түрлері ажыратылады:

а) қауіптің жоғары қасиеттері бар құрбан әлеуметтік өнегелі деформациямен сипатталады. Зорлық-зомбылық қылмыстар көбінесе девиантты ортада жасалады. Бұндай қылмыстардың мотивтері пайдакүнемдік, бұзақылық, кек алу және т.б. болуы мүмкін, барлық жағдайда да олар тұлғаралық қарым-қатынастың ерекшелігіне байланысты болады. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, гомеосексуализм, заңсыз сауда, қылмыстың орта мүшесі болу және т.б. зорлық-зомбылықтың құрбаны болудың ықтималды қаупін арттырады.

ә) қауіптің тым жоғары қасиеттері бар құрбан, оның әлеуметтік тұрғыда шабуылға ұрыну қауіп-қатері бар. Оларға заң қызметкерлерін, бақылаушылар және кәсібіне байланысты құрбан болуға қаупі жоғары адамдар, өзінің ерекше қылықтарымен қылмыскердің назарын аударуға қабілетті, сонымен қатар психикалық аурулар және психоаналитикалық ауытқулары бар адамдар жатады.

б) қауіптің азғантай қасиеттері бар құрбан қарапайым жағдайда және қауіп факторларында өмір сүреді, жоғары және тым жоғары дәрежелі құрбан болушылық қаупі бар адамдарға тән арнайы жеке тұлғалық және мінез-құлықтық қасиеттер көрініс таппайды.

в) ықтимал (кездейсоқ) құрбан. Олар-лаңкестік әрекеттің, өлтірудің немесе ерекше қауіпті жолмен ауыр зиян келтіру. Оларды орындау барысында үшінші адамдар зардап шегеді.

Индивидуалды құрбан болушылықты анықтайтын жеке тұлғалық қасиеттердің маңыздылық дәрежесі мен сипаттамаға сүйеніп, құрбанды бірнеше түрлерге бөлуге болады:



  1. Әмбебап түрі. Бұл түрге олардың қылмыстың әр алуан түрлеріне қатысты потенциалды осалдығын анықтайтын, айқын көрінетін белгілері бар адамдар жатады. Бұл құрбандық бейімділіктер иелері, аталмыш бейімділіктері әртүрлі қылмыс жағдайында жүзеге асуы әбден мүмкін. Бұл түрге жататын құрбандар өздеріне тән құрбандық мінез-құлық белсенділігімен де, енжарлықпен де сипатталады.

  2. Іріктеуші түр. Бұл түрге жәбірленушілердің кейбір түрлеріне қатысты жоғары осалдығы бар, олардың субъективті және объективті сипаттамаларын ескеретін адамдар жатады. Құрбандардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша саралау:

  • жыныстық ерекшелік бойынша;

  • жас ерекшелігіне қарай;

  • олардың рөлдік мәртебесіне байланысты;

  • олардың қылмыскерге көзқарасына байланысты;

  • келтірілген зиянына байланысты;

  • өнегелік-психологиялық белгілер бойынша;

  • келтірілген зақымның түрі мен еселігі бойынша;

  • қылмыстың ауырлығына байланысты;

  • «кінәнің дәрежесіне»,

  • Олардың мінез-құлық сипаты бойынша.

Қылмыстың жәбірленушісі болу ықтималдығының дәрежесін бекіту және оның түрлерін анықтау тиісті органдардың ықтимал жәбірленушілерді іздеп табу және олармен жағымды белгілер мен қасиеттердің, қалыптасуына септігін тигізетін жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, жағымсыз жекетұлғалық қасиеттерді түп тамырымен жою бойынша істейтін әрекеттерін жеңілдетеді.

6-тақырып бойынша сұрақтар

  1. Қылмыс жәбірленушісі туралы ілімнің психологиялық құқықтық негіздері.

  2. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихы.

  3. Жәбірленушілердің классификациясы.


6-тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер

  1. Арзуманян С.Д. Микросреда и отклонения социального поведения детей и подростков. Ереван, 1980

  2. Акажанова А.Т. О некоторых психологических проблемах виктимности несовершеннолетних // Вестник ун-та «Кайнар».- Алматы, 2002.

  3. Акажанова А.Т. Некоторые психолого-педагогические аспекты виктимности несовершеннолетних // Вестник Казахского наионального медицинского университета –Спецвыпуск, 2004

  4. Криминологи о неформальных молодежных объединениях. – М.,1990.


Дәріс 7. Психологиялық-педагогикалық түзету іс-шараларының ұйымдастыру негіздері

(3 сағат)
Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі оқу-тәрбиелеу үрдісінде және түзету педагогикалық іс-шарасында ең басты тұлға болып табылады. Ол айрықша педагогикалық ықыласты қажет ететін оқушылармен түзету педагогикалық үдерісін ұйымдастырады, нақты мазмұнын анықтайды және жүзеге асырады. Ол оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс орнатады, қарым-қатынасты түзетеді, балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің алдын алуға және жеңуге бағытталған нақты әдістер мен амалдарды іріктейді және қолданады.

Алайда, ғылыми зерттеулер мен мектептердегі педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кез келген мұғалім түзетуші педагогикалық ықпалдардың толық әдіс-тәсілдерін қолдана алмайды. 40-тан 70%-ға дейін мұғалімдер дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалардың әртүрлі санаттарымен тәрбиелеу және түзету жұмыстарын ұйымдастыруда қиыншылықтарға кездеседі.

Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті көпаспектілігімен және көпфункционалдылығымен ерекшеленеді. Мұғалім балалардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу барысында дефектолог, педагог-реабилитолог, әлеуметтік-педагог қызметтерін атқарады.

Мұғалімнің түзету педагогикалық әрекеті біріңғай педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі боп табылады, ал мұғалім – оның белсенді қатысушысы. Сондықтан, оқу тәрбие үрдісі барысында баланың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтын алдын алу және жеңу міндеттерін жүзеге асыру үшін мұғалім педагогикалық үдерістің қатысушысы ғана болып қоймай, оны жүзеге асыруға педагогикалық, физикалық және интелектуалды, адамгершілік, ең бастысы-кәсіби тұрғыдан дайын болу қажет.

Бір сөзбен айтқанда, жалпы білім беретін мектептердің әр мұғалімі қарапайым оқушылармен кәсіби – педагогикалық әрекетке дайын болуымен қатар, дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылыға бар балалармен де түзету педагогикалық жұмыс жүргізуге дайын болуы керек.

Педагогикалық әрекетке дайындық интегралды үлгі ретінде де, мұғалімнің жеке тұлғасының ерекше жай күйі ретінде де көрініс табады, бұл оның бірнеше компонеттерінің өзара әсері кезінде көрінеді: мотивациялық – құндылықтылық, танымдық, операциялық-тәжірибелік, эмоционалды – еріктік және рефлекстік.Мінез-құлықты түзету ауытқушы мінез-құлықты тұлғаға психологиялық ықпал етудің ең адекватты және тиімді формаларының бірі болып мақұлданған. Ол тікелей мінез-құлықты өзгертуге бағытталған және айқын тәжірибелік сипатта болады. Бихевиоризмнің пайда болғаннан бері және бүгінгі таңға дейін тұлғаның мінез-құлқы көбінесе сыртқы әрекеттермен байланыстырылады. Қазіргі таңда ол классикалық мінез-құлық теориясы, необихевиоризм, танымдық әдіс, әлеуметтік ілім теориясы, нейропсихология, копинг-теория секілді бірнеше бағыттың синтезі болып табылады.

Психологиялық білімдерді еңгізу заңды түрде «мінез-құлық» ұғымының тереңдеуіне әкелді. Мінез-құлық бірнеше деңгейлерге бөлінеді: мінез-құлыққа түрткі болатын мотивация; мінез-құлықпен бірге жүретін эмоционалды үдерістер; мінез-құлықтың өзін өзі түзетуі; ақпаратты танымдық тұрғыдан өңдеу; сырттай бақыланатын көріністер мен мінез-құлықтар.Ауытқушы мінез-құлықтың негізгі мынадай жүйелері белгілі:

Девиантты мотивация – бұл құндылықтар, қажеттіліктер, наным-сенімдер, жеке тұлғалық ой пікірлер-белгілі бір адам үшін маңыды болып табылатындар мен оны нормативке қайшы белсенділікке итермелейтіндердің барлығы.



Эмоционалды мәселелер және өзін-өзі реттеудің олармен тығыз байланысты қиындықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет