Өзіндік сана
Сана философиясындағы XXI ғасырдағы проблема: ғылым – ілім –дін.
Саналық ілім дегеніміз - адамға құпия болып келген тылсым дүниені тану. Бір өркениет мөлшері – 11-12 мың жыл.
Рух
әл-қуат материя
Адамның санамен тілдесуі. Эволюциялық процесті білмей тұрып, әлемді түзеу мүмкін емес. Шежіре айналымға түсетін рухани әлем. Тарихи сана өз жолында мына баспалдақтардан өтеді: өмір-өлім, ұғымтал-ұмытшақ, ізігілік-зұлымдық, өсу-өшу. Бұл баспалдақтардан өту пендеге борыш, парыз.
Тақырып 3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жеке адам, тұлға, индивид ұғымдарына түсінік беріңіз.
2. Қоғамдағы жеке адамның, тұлғаның қалыптасу заңдылығы.
3. Тұлға бойындағы адами қасиеттер.
Ұсынылатын әдебиет:
Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г. Этика деловых отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.
Цвык В.А. Профессиональная этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.
горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В. Этика деловых отношений : учебное пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.
Коммуникационный менеджмент. Этика и культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и др.]. Ростов-на-Дону, 2010.
Горелов А.А., Горелова Т.А. Этика : учебное пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2
Тақырып 4. Қазақ этикасының қалыптасуы.
Қазақ халқының этикасы.
Дала ғұламаларының этикалық ойлары.
Қазақ этикасының зерттелуі.
1 Қазақ халқының этикасы
Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Этика термині ежелгі грек тілінде “бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы” дегенді білдірді, кейін әдеп туралы ілім мағынасында ие болды. Әдеп термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Этика ұлттық сипаты айқындалған ілімдер қатарына жатады .Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез- құлық ережелері жүріс- тұрысы, тыныс- тіршілігі қалыптасады. Қазақ этикасы өзінің көл- көсір молдығымен де, адамгершілік қуат-тегеурінімен де, тарихи айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдар Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Осыдан 260 жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, “ұлы жеті ғұламаның бірі Анархсис (Анарыс) өзінің әдеп және адамгершілік туралы терең пікірлерін айтқан. Мысалы, маскүнемдік туралы ол былай деген: “Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық үшін, екіншісін – рахатқабату үшін, үшіншісін- ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан алжасу үшін ішеді”. Кіндік Азиядан табылған түріктердің атақты Құлтегін, Тоныкөк жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді әдеп ұғымдары кездеседі. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар түрік халықтарында кең таралған. Қазақ топырағың әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама- философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырады. Оның түсінігінше, адам жаратылыста ең қасиетті жан. Сондықтан үлкен құрметпен қарау керек. Жақсылық дегеніміз білім, мейірбанды, сұлулық бірлігінде жатыр. “Бақытқа жол сілтеу” трактатында ойшыл баянды тіршіліктегі адами бақыт туралыз сөз қозғайды. Түрлі халықтарының этикасын дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарына Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бқырғани және т.б. жатады. Қазақ хандығы қалыптасқан кезден бастап қазақ этикасы негізінен ақын-жырауларды даналық насихат жырларында дамыды.
2 Дала ғұламаларының этикалық ойлары
Қазақстандағы Ресей империясының отаршылдық саясаты халықты рухани жағынан күйзеліске ұшыратты, оның дін мен діліне, әдебіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне нұқсан келтірді. Халықтың тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде ұнамсыз қылықтар көбейе түсіп, жасқаншықтық, “құлдық психология” пайда бола бастады. Қазақ елі осындай тұйыққа тіреліп, одан қалай шығуды білмей, болашағын ойлап, қабырғасы қайысқан кезде халқымыздың Шоқан, Ыбырай, Абай сынды асыл перзенттері ұллтық әдеп жүйесінің күрделі мәселелерін шешуге ұмтылды. Абай әдеп тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көп көңіл аударады және мәселесіне көп көңіл аударады және оны арлылық пен ұяттың баламалары ретінде түсіндіреді. Абай өз халқының бойындағы кісілік қасиеттермен қатар, теріс қылықтарды да қатал сынға алады:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ ..., -
деген өлең жолдарында Абайдың сыни этикасы көрініс тауып тұр. Хакім 34-ші қара сөзінде “Адам баласына адам баласының бәрі-дос” –дейді. Абай қазақ этикасының түбегейлі ұстанымы – “Адам болу” талап-мұратын жоғары деңгейге қойды. Қазақ этикасын кәсіби денгейге көтерген ұлы тұлға – Шәкәрім. Ол өзінің “Үш анық” атты еңбегінде этиканы “ар ілімі” деп атап, әдептанудың көптеген мәселелерін теориялық тұрғыдан талдады. Шәкәрім ар-ождан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың түп-қазығын құрастырады дейді. “Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты”- дейді ғұлама. Ал әдеп жолы дегеніміз адам баласына пайда тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп ар-ожданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі қажет. Ар-ожданның мазмұнын нысап, қанағат, тәубе, әділет, намыс құрайды деп түсінетінойшыл олардың мазмұнын кісілік қасиеттермен байланыстырады:
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық - өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әл-келгенін жұлып жемек.
Қазақ этикасы кеңес үкіметі тұсында қайшылықты жағдайда дамыды. Социалистік құрылыс қазақы әдеп пен мінез-құлық жүйесіне теріс әсерлерін тигізді. Кең байтақ жерді иемденіп келген көшпелілер табиғатынан ер мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген, өр-тұлғалы қайсар халық еді. Тоталитарлық жүйе “жылқы мінезді” халықты момын “қой мінездіге” айналдырды. Шолақ белсенділер, “пысықтар”, “шаш ал десе, бас алуға” дайын тұратындар пайда болды. “Адам – адамға дос, бауыр”, “Барлық адам тең құқықты”деп ұрандатқанымен, қолында билігі барлардың арасындаекіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық өріс алды. “Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары” деген ұран адам еріктілігіне нұқсан келтірді, “қуыршақ адамдарды” көбейтті. Әкімшіл-әміршіл жүйе ескінің қалдықтарымен күресуді желеу етіп, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп құндылықтарын жойып жіберуге барынша тырысты. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деп келген халықтың ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер шықты. Әрине, бұл заманда қазақ этикасы құлдыраужағдайында болды деу сыңаржақтылық болар еді Жалпы сауаттылықтың артуы, қалалардың өсуі, орыс тілі арқылы әлемдік рухани мұрамен таныса бастау әмбебап әдептілік жүйесін қалыптастыра бастады. Қазақстанда кәсіби философтарды дайындау ісі де жүргізілді. Бұл қазақ этикасын зерделеген кәсіби мамандардың пайда болуына оң ықпалын тигізді. Қазақстан әдептанушылары мораль философиясы және қазақ этикасының тарихи мыселелерімен шұғылданады (Ғ.Ғ.Ақмамбетов, А.Оразбеков, М.С.Бурабаев және т.б.).
3 Қазақ этикасының зерттелуі
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесін жаңғырту мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Қазақ философиясы мен мәдениеті, тарихын зерттеуге арналған еңбектерде (А.Х.Қасымжанов, А.Қасабек, Ғ.Есім, М.С.Орынбеков, О.А.Сегізбаев, Ж.Алтаев, С.Ақатай, С.Нұрмұратов және т.б.) қазақ этикасының ауқымды мәселелері көтерілді. Қазақ этикасының басты мәселері ретінде ұлттық әдеп жүйесін диахрондық және синхрондық талдау, ондағы дәстүр мен жаңашылдық арасалмағын айқындау, өтпелі қоғам мен ғаламдану жағдайындағы әдептік реттеу тетіктерін айқындау, нарық пен моральдың, табыс пен ізгіліктің арақатынасын айқындау, діни әдеп жүйесінің ерекшеліктерін сараптау, т.б.белгіленді. Қ.Ш.Нұрланова қазақ этикасына тән әсемдік пен ізгіліктің синкретті бірлігіне назар аударып, қазақтың ұлттық идеясы ретінде Жарық дүниедегі адами іштесуді атап өтеді. Ғ.Ғ.Ақмамбетов қазіргі өркениеттегі индивидуалистік ұстанымдардыңмаңыздылығына назар аударады.
Т.Ғабитов этиканың жақсылық пен жамандық , әдеттілік, ар, бақыт сияқты категорияларына философиялық талдау бередіжәне әдептік мәдени типтерге назар аударады. С.Мырзалы өз зерттеулерінде өтпелі қоғамдағы саясат пен моральдың арақатынасын зерделейді. Мектептерде “Әдептану” пәнінің енгізілуі арнаулы оқу құралдарын қажет етті. Бұл пәнге байланысты қазақ тілінде алғашқы оқу құралдары жарияланды.(Қ.Жарықбаев, Т.Ғабитов, Ж.Базарбаев, К.Оразбекова,т.б.). Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды енгізу мен азаматтық- құқықтық қоғам құру міндеттеріне байланысты кәсіптік этикалық алғашқы зерттеулер жарияланды.( Т.Ғабитов, Т.Нұрахметов, Қ.Кемелбеков, А.Қанағатов, т.б.). Бұл еңбектерде еліміздегі моральдық ахуалға ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән ауытқушыл қылықтың өрістеп кетуінің себептері мен халықтың әдеп мәдениетінжоғарғы деңгейге көтерудің жолдары қарастырылды.
Тақырып 4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қазақ этикасының қалыптасу тарихы.
2. Ұлттық этиканың даму деңгейі.
3. Қазақстандық мәденитанушылардың этикалық ойлары.
Ұсынылатын әдебиет:
Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г. Этика деловых отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.
Цвык В.А. Профессиональная этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.
горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В. Этика деловых отношений : учебное пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.
Коммуникационный менеджмент. Этика и культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и др.]. Ростов-на-Дону, 2010.
Горелов А.А., Горелова Т.А. Этика : учебное пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2
Тақырып 5. Этиканың заңдар жинағы мен сапалы іскерліктердің концепциясы.
1. Iскер сапаның концепциясы.
2. Бизнесменге сипаттама
Iскер сапаның концепциясы
Зонбарт, Кантильон, Шумплер, Гипс кәсiпкерлерiне түсiнiк беру, кәсiпкерлiк - экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы. Экономикалық белсендiк - индивидтың қоғамдық кәсiпке араласуың және өзiнiң өмiр эрекетiң қамтамасыз ететiн қаржылық құралдар мен формалар.
Iскер сапа концепциясы келесiлердең тұрады:
1) әрбiр аралас бiрлiктiң сапалы және экономикалық - шаруашылық жолымен нарықты талдауды, оның тауарлары, темистерi, шарттары тұрғысынан экономикалық жүйенiң дайындығын және сәулеттi (құрылыстық қолөнер) жүйенi iздестiру қабылетi;
2) тауарға, заттарға, шарттарға мақсатылған кәсiбi құрылымдық арық жағдайда нәтижежелi сақтап қалуға дайындалу және меншiк кәсiби құрылымды қалыптастыру;
3) норықтағы барлық жағдайды дұрыс бағалау және өзгерiстердi дұрыс шеше бiлуге қабылеттi болу;
4) сонымен қоса нарық қажеттiлiгiң анықтау. Бұл қажеттiлiктер анық болуы мүмкiн, бiрақ қанағаттандырылмайтын, толығымен қанағаттандырылатың, сапасы аса емес болуы мүмкiн;
5) алғашқы кәсiби шарттарды жүзеге асыра бiлу, бұлар коньюктуралық және маркетiнгтiк зерттеудiң нәтiжесiнен шығады;
Осылардың негiзiнде кәсiпкер осы идеямен айналуға болатыны жөнiнде шешiмге келедi;
6) кәiпкерлiк жобаны оның мақсаты мен мiндеттерiн, бағынушылардың, серiктестердiң және қызметкерлердiң осы мақсатқа жетулерiн жүзеге асыру қабылеттерiн қалыптастыру;
7) алдымен механикалық, технологиялық немесе ғылыми техникалық идея түсiнiгiне коз жүгiрту және сонғы нятижеге жету деңгейiн осы идеяны қолдану мүмкiндiгiн қарастыра бiлу;
8) қажеттi адамдармен мекемелермен билiк құрылымдармен коммуникациялық проццеске жету қабылетi.
2 Бизнесменге сипаттама
Жанашылдық - кәсiпкердiң iскер сапасының концепциясы. Жанашылдықта қорқыныштын болмауы және жанашылдық - тек осы сапалар оған басқалар көрмейтiң және iстемейтiн iс әрекеттi жасауға мүмкiндiк бередi.
Нарықта осы сапаларды нәтижелi қолдануға болады. Кәсiпкер - нарықтығы тыныштықты қалыптастырушы.
Ол өнiмнiң бiр орнында тұруына жол беремейдi. Жана тауар жеткiзушiге және т.б. қойылатың жаңаталаптар. Менталдық - капиталды игеру және оны басқару, нарық жағдайда кәсiпорын факторынын жүйелеу, осы жағдайда табысқа жету үшiн артық мөлшерде мүмкiндiк туғызу, өзгерiстерге беймделе бiлу, басқарудың ерекше жүйесi, нарықтың сұранысының өзгеруi, иновацияны қабылдау - сапа. Бұларсыз кәсiпорын нәтижелi жұмыс iстей алмайды.
Еркiн күшi, өзiне деген сенiмi-кәсiпкердiн 8%-тiк бағасы, тұрғылықты жерi кәсiп бойынша.
Керiлiкпен айналысады:
Агрессивтілiк - ол кез келген бiрiншiлiктi менгеруге деген сенiмдiлiк, нақты және мақсатқа бағытталған инициативаға жұмылдуруға ұмтылу.
Команданы құру қабылетi - шешiм қабылдау қабылетi және өзiне жауапкуершiлiктi алуға дайындалу, қаупке дайындалу қабылетi.
Мобилизацияға қабылеттiк – идея, iс әрекет фактi және құблыстарды, ресурстарды кезектi формада карастыру, сапа және санды, байланыс қарым - қатынасты топтау қабылетi.
Тақырып 5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Кәсіпкердің жеке қасиеттері.
2.Іскерлік қасиеттерінің тұжырымы.
3.Бизнес өнер сияқты.
4.Кәсіпорын әдеп кодексі оның бөліктері.
Ұсынылатын әдебиет:
Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г. Этика деловых отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.
Цвык В.А. Профессиональная этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.
горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В. Этика деловых отношений : учебное пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.
Коммуникационный менеджмент. Этика и культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и др.]. Ростов-на-Дону, 2010.
Горелов А.А., Горелова Т.А. Этика : учебное пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2
Тақырып 6. Іскерлік адам имиджін қалыптастырудың ерекшеліктері.
Имиджінің түсінігі және басқарудағы оның ролі.
Қазіргі нарық жағдайында имидж және бедел.
Басшы имиджі.
Имиджмейкингтің негіздері
1 Имиджінің түсінігі және басқарудағы оның ролі
Имидж немесе бейне – кәсіпорын жөніндегі бір немесе бір топ адамдардың, қоғамның, тұтынушылардың т.с.с ой-тұжырымы. Ал бір ғана объект жөнінде бірнеше ой пікір болуы мүмкін және мекеме қоғамдық тұрғыдан қарағандағы өз бейнесіне риза болуы немесе оған байланысты проблемаларды аңғаруы мүмкін. Олай болған жағдайда ұйымнан өз қалауына қарай қажетті бейнені құрастыру және ол бейненің маркетинг жасаған жоспарға сәйкес бұрынғы бейнеден жаңашыл және жетілдірілген болуы талап етіледі.
«Имидж» ағылшын тiлiнен шыққан сөз. Яғни, бет бейне, түр-тұрпат немесе кескiндеме дегенді білдіреді. Белгiлi бiр кәсіпорынның тауар таңбасының нарықта және тұтынушылар арасында қалай бағаланып, қадірленуіне байланысты іс әрекеттер, осының барлығы имиджге жатады. Кәсіпорын өз беделін көтеру үшін атқарушы қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, кешенді шараларды жүзеге асыруға ұмтылады. Сондай-ақ жұмыс тәсіліне баса назар аударады.
Сол арқылы өз бейнесін жұртшылық күткен деңгейге келтіруді қолға алады.
Қоғамдық пікірді ұйымдастыру барысында маркетинг тәрізді аудиторияның мұқтажы мен талап-тілектерін, психологиясын білу қажет болса, коммуникация саласында ептілік, адамдардың көзқарасына әсер ететін бағдарлама жасап, оны іске асыруға қабілеттілік талап етіледі. Маркетинг пен қоғамдық пікірді ұйымдастыру арасындағы ұқсастық бірқатар кәсіпорындарда бұл екі функцияның біріңғай басқаруға бірігуіне алып келеді. Кәсіпорындарда маркетингтің қазіргі бейнесін бағалауды және оны жақсарту жөніндегі бейнені қалыптастыру жоспарын жасауды талап етеді [1].
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласында тартымды фирма имиджін қалыптастыру қызметі ерекше мәнге ие болуда. Тартымды имидж тұтынушылар санасында фирма туралы жағымды ақпараттарды
қалыптастыруға және фирма тауарларын сату көлемінің артуына әсер етеді. Көбінесе тұтынушы беделі жоғары фирма өнімін қымбат болса да сатып алуға әрқашан дайын тұрады.
Еңбек нарығындағы өткір бәскелестік жағдайында бәсекеге қабілетті өнім шығару жеткіліксіз болып табылады, сондықтан өзіндік тартымды имидж қалыптастыру аса маңызды.
Фирма имиджі бағыттарының бірі ұйымның жағымды бейнесін қалыптастыру өнері және технологиясы, сондықтан имидж және PR-технологияларды жасау және жетілдіру қоғам және уақыт талабы болып табылады. Ең бастысы кәсіпорын шығаратын өнімінің сапасы, компанияның істелініп жатқан нақты жұмыстарымен бағалануы қажет.
2 Қазіргі нарық жағдайында имидж және бедел
Кәсіпорын имиджін жасау үшін білікті мамандар көмегіне сүйенген жөн, себебі имидждің көзге көрінетін визуалды құралдары ғана (фирмалық стиль) фирмаға тән, ал оның ең басты бөлігі жарнама, қоғаммен байланыс мамандарының көмегімен дайындалып, тұтынушы санасына бекітіледі. Ол үшін ең алдымен фирма имиджінің міндеттерін анықтап алу қажет.
Фирма имиджінің міндеттері:
1. Фирма беделін жоғарылату, яғни фирмалық стиль жасау, ал фирмалық стиль – бұл компанияның жағымды имиджін қалыптастыруға атсалысатын және олардың тұтынушымен жарнамалық байланыстарының, серіктестердің сенімділігін арттыратын және компанияның нарықтағы беделін жоғарылататын визуалды идентификацияның кешендік жүйесі.
2. Тауарды жылжыту барысында әртүрлі іс-шаралардың және жарнаманың тиімділігін жоғарылату. Көбінесе тұтынушы беделі жоғары, танымал фирма тауарын қымбат болса да сатып алуға әрқашан дайын тұрады.
3. Фирманың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, нарықтағы өткір бәскелестік жағдайында бәсекеге қабілетті өнім шығару жеткіліксіз болып табылады, сондықтан өзіндік тартымды имидж қалыптастыру аса маңызды.
Имидж дайындау келесі кезеңдерді қамтиды:
- мақсатты аудиторияны анықтау, оның жасын, уәждерін, қызығушылығын, табыс деңгейін, өмір сүру стилін және т.б. зерттеу;
-имидж тұжырымдамасын дайындау. Имидж тұжырымдамасы – бұл фирма мен оның тауарларына қатысты және де тұтынушыларға маңызды басты принциптер, уәждер және құндылықтар;
-тұтынушы санасына имиджі қалыптастыру, енгізу және бекіту үшін іс-шаралар жиынтығын дайындап, жүзеге асыру.
Фирма имиджінің құрылымы төмендегілерден құралады:
-тауар имиджі;
- тауарды пайдаланатын тұтынушылар имиджі;
- фирманың ішкі имиджі;
- басшы имиджі;
-персонал имиджі;
-фирманынң визуалды имиджі;
- фирманың әлеуметтік имиджі;
- фирманың бизнес имиджі.
3 Басшы имиджі
Қазіргі қоғам басшылардан тұлғалық қабілеті мен қасиетінен басқа, ғылым, мәдениет, ақпараттық және әлеуметтік технологиялардың жалпы дамуына сай жаңа арнаулы білім, білік пен дағдыны меңгеруін талап етеді.
Кәсіпорын мен тұлғаның табысы екі негізгі компоненттен қалыптасады:
1) кәсіпорын немесе нақты тұлға ұсынатын тауардың немесе қызметтің қажеттілігі;
2) нарықтағы басшының немесе компанияның беделі.
Басшының беделі сатылымның артуына ғана әсер етіп қоймайды, беделді басшы ұжымды тиімді басқарады, серіктестермен және мемлекеттік органдармен сауатты қатынас орнатады.
Инновациялық типтегі болашақ басшының жеке басына қойылатын талап кәсіби құзыреттілігімен, шығармашылық әрекетімен, азаматтығымен; әлеуметтік жауапкершілігімен, стратегиялық жаңашыл бағытта ойлауымен, белсенділігі, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет ету дағдысымен; жаңашыл ақпараттық мәдениетті және әлеуметтік шынайылықта әлеуметтік технолог – құрастырушы қасиетін меңгеруімен айқындалады.
Персонал имиджі. Персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді. Кәсіпорын қызметкерінің сырт бейнесі, қызметкерлердің мінез-құлқы, өздерін ұстай білуі, әдептілік танытуы, қошемет білдіруі, клиентпен сөйлесе білуі және оның қажеттіліктерін анықтауға тырысушылық қабілеті, клиенттің қарсылықтарымен, күмәнділіктерімен жұмыс істей білу және сұхбатты аяқтау фирма имиджін қалыптастыруда зор рөл атқаратыны сөзсіз.
Жұмыс тобының психологиясы – бұл ұжым мүшелерінің қалыптасуы және қызмет етуі процесінде пайда болатын нақты әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың жиынтығы. Оған моральді-психологиялық климат (жағдай), қарым-қатынас тәсілдері, қоғамдық пікір және көңіл күй, салт-дәстүрлер, жетекшілік проблемасы, топішілік қақтығыстардың мәні және т.б. жатады
Жұмыс тобының маңызды сапалық сипаттамасы болып оның жетілуі (кемелденуі) болып табылады. Ол жалпы құндылықты бағыттар негізінде оның мүшелері арасындағы берік формальді емес байланыстармен сипатталады. Бұл кезде жеке келіспеушіліктер тез жойылады, тәртіп саналы сипатты иеленеді, өз ұжымы үшін мақтаныш сезімі пайда болады, тұрақты әдет-ғұрып қалыптасады.
Қызметкерлер өздерінің шығармашылық потенциалын білдіруге мүмкіндік алады, қойылған міндеттерді шешуге құлшыныспен араласады [3].
Ұйымның визуалды имиджi. Ұйымның визуалды (көзге көрініп тұрған) имиджi – саудалық және демонстрация залдарының, кеңсенiң интерьер және экстерьерiнің безендірілуін, қызметкерлердің бет-бейнесi, киімдері және фирмалық стиль элементтерін тұтынушылардың сезінуі, көруі. Фирманың визуалды имиджіне эстетикалық, психологиялық және этникалық факторлардың әсері мол.
4 Имиджмейкингтің негіздері
Қазіргі кезеңде мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында да толыққанды мүдделес әріптес болуы керек. “Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі”, – деп атап көрсетті Президентіміз Н. Ә. Назарбаев және түрлі нысандағы кәсіпорындардың әлеуметтік саланы қолдауға ықыласын арттыру мақсатында өз Жарлығымен жыл сайын берілетін “Парыз” сыйлығын белгіледі.
Кәсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне қарай халықтың әлеуметтік жағдайына қарайласып отыруы дүние жүзі бойынша практикаға кең тараған құбылыс. Бірақ, мұның өзі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың мәжбүрлеуімен немесе талап етуімен емес, еріктілік жағдайында, атқарушы билік органдармен меморандумдарға қол қою арқылы атқарылса, нәтиженің де қомақты болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, дүние жүзінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік демеушілік пен қайырымдылық көмек көрсетумен шектелмейтінін көріп отырмыз. Ал халық тұрмысына қатысты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене араласу, бизнес қауымдастығының өзінің де беделінің артуына қызмет ететінін ескеру қажет.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесін енгізу, сонымен қатар, зияткерлік капиталдың сақталуы мен дамуына, мүдделі тараптармен диалог құру арқылы орын алған мәселелерді уақытылы анықтау мен шешу жолымен тәуекелді басқаруға да әсер етеді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстану – бизнес-ортаны жақсартудың және ұйым ішінде, сонымен қатар, фирманың сыртқы серіктестермен қарым-қатынасында әлеуметтік келісімге әсер етуінің барынша тиімді тәсілі.
Аталмыш қызметтің негізгі аспектілерінің бірі болып аймақтық нарықта әрекет етуші басқа компаниялармен бәсекелестік қағидасы және мүдделі тараптардың шынайы технологиялық мүмкіндіктері негізінде серіктестік қарым-қатынастар орнату табылады.
Фирманың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажет:
персоналды дамыту;
өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау;
экология мен табиғи ресурстарды қорғау сұрақтары;
сыртқы әлеуметтік қызмет.
Сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын қолданудың нәтижелерін жақын арада емес, орта және ұзақ мерзімді болашақта көру мүмкін болатындығын да объективті түрде атап өткен жөн.
Фирманың бизнес-имиджі – фирманың белсенді іскер, кәсіпкерлік субъект ретінде танылуы. Фирманың бизнес-имиджін анықтаушы көрсеткіштер құрамына келесілерді жатқызуға болады:
фирма абыройы, беделі; сату көлемі; нарықтағы салыстырмалы үлесі; инновациялық технологиялары; тауарларының әртүрлілігі, баға саясатының икемділігі және т.б. [4].
Даму мақсатына сай әрбір кәсіпорын өз имиджін қалыптастыру стратегиясын таңдайды.
Қазіргі уақытта кәсіпорындарда әртүрлі имидж стратегиялары қолданылуда. Мысалы:
- «ерекше бірегей тауар» стратегиясы тауар туралы жағымды ой қалыптастыру үшін оның тұтыну қаситеттері мен сапа деңгейіне басты назар аударады;
- «тұтынушыны жақсы білу» стратегиясы тұтынушы имиджін зерттеуге және алынған мәліметтерді тауар өткізу бағдарламасында қолдануға бағытталады;
- «таңдаулы, үздік кәсіпорын» стратегиясы фирманың ішкі имиджін басшы мен қызметкерлердің жұмысын жақсарту арқылы жүзеге асыруға бағытталады;
- «керемет басшы» стратегиясы басшы қабілеті, құндылықтары, психологиялық сипаттамасы, келбеті және т.б. факторлардың көмегімен қалыптасады;
- «персонал – фирманың бет-бейнесі» стратегиясы қызметкерлер туралы жинақталған бейнені елестетеді. Ең алдымен бұл ұжым мүшелері арасындағы тікелей байланыс, ынтымақтастық және жақсы қарым-қатынастар;
- «біздің ұйымды барлығы біледі» стратегиясы фирманың визуалды имиджін қалыптастыруға бағытталады. Ол үшін жұртшылық назарына кеңсе интерьері, сауда және демонстрация залдары, қызметкерлердің бет-бейнесі және фирмалық белгілер, стильдер туралы ақпараттар таратылуы қажет;
«Әлеуметтік өмір» стратегиясы жұршылық назарына фирманың әлеуметтік мақсаттары, оның қоғамдағы алатын орны туралы ақпараттар ұсынуға арналады.
Тартымды имидж тұтынушылар санасында фирма туралы жағымды ақпараттарды қалыптастыруға және фирма тауарларын сату көлемінің артуына әсер етеді. Ал тауар өндіретін фирманың имиджі ең алдымен оның тауар таңбасының нарықта және тұтынушылар арасында қалай бағаланып, қадірленуіне байланысты болады. Сол сияқты тауар өндіруші фирманың тауарын сатуға, өткізуге жәрдемдесетін әріптестерінің абырой-беделі, оған қоса олардың іскерлік қарым-қатынастарының өркениеттілік және мәдениеттілік дәрежесіне қарай қалыптасады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл халықтың, мемлекеттің имиджін көтеріп, мәдениеті мен экономикасының негізін құрайды.
Тақырып 6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. «Іскерлік имидж» дегеніміз не?
2.Іскерлік имиджінің қалыптасу техникасын атаныз.
Достарыңызбен бөлісу: |