∆ = 0 – = 0 ∙ В ∙ ln(С/A + 1)
В – БАЗ - ң табиғатынан тәуелсіз тұрақты, Т≈20˚С 0,2 тең
1/A – БАЗ тән меншікті капилярлық тұрақты.
Бақылау сұрақтары:
Қандай беттік құбылыстарды білесіз?
Физикалық және химиялық адсорбцияның ерекшелігі неде?
Адсорбат, адсорбент дегеніміз не?
Десорбция дегеніміз не?
Адсорбция изотермасы үшін қарапайым теңдеуді айтыңыз (Ленгмюр изомермасының теңдеуі).
Фрейндлих және Лэнгмюр теңдеулеріндегі адсорбция константаларын мономолекулалық теориясы.
Беттік активті заттар. Гиббс теңдеуі. Шишковский теңдеуі
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Зертханалық жұмыс №1 Органикалық қосылыстар құрылысын молекулалық рефракция арқылы анықтау
Жұмыстың мақсаты: Берілген заттың молярлық рефракциясы арқылы ықтималды құрылысын анықтау. Рефракция аддитивтілігін тәжірибеде зерттеу.
Қажетті құралдар мен ыдыстар: Рефрактометр ИРФ-22, пикнометр, аналитикалық таразы, түтікті тамызғыш.
Реактивтер:Толуол, ацетон, бензол, гексан, гептан, жай және күрделі эфирлер, этил, изопропил спирті, хлороформ, дистилденген су.
Жұмыс реті: Оқытушы тапсырған сұйықтықтың сыну көрсеткіші мен тығыздығын бірдей температурада өлшеп, анықтайды.
Тәжірибелік бөлім
Зерттелінетін заттың меншікті (мольдік) рефракциясын есептеу үшін, алдымен сол заттың тығыздығы мен сыну көрсеткішін анықтау керек. Ол үшін салмағы алдын-ала өлшенген бос пикнометрдің белгілі сызығына дейін дистилденген су толтырады. Судың артық мөлшерін сүзгіш қағазымен сорып алуға болады. Сонан кейін суы бар пикнометрді аналитикалық таразыда өлшеп, салмағын анықтаймыз. Мұндай өлшемді ішінде зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометрмен де жүргізеді. Сұйықтың тығыздығын (г/см3) келесі формул бойынша анықтаймыз:
(1.1)
мұндағы g0–бос пикнометрдің салмағы (г); g1, g2–ішінде суы және зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометрдің салмағы (г); –25оС температурадағы судың тығыздығы (г/см3).
Тығыздықты үтірден кейін үшінші санға дейінгі дәлдікпен 3 рет анықтап, орташа арифметикалық мәнінін алады. Зерттелінетін сұйықтықтың сыну көрсеткішін Аббе рефрактометрінің көмегімен анықтайды.
Мольдік рефракция RM электрондық поляризацияны көрсетеді және Лоренц- Лоренц теңдеуімен ( 1.2 ) өрнектеледі:
(1.2)
RM – мольдік рефракция, м3/ моль
n – сыну көрсеткіші
М – заттың мольдік массы
– тығыздық
Молекулалардың рефракциясын аддитивтілік (біртектілік) ережесі бойынша да есептеуге болады:
( 1.3 )
– атомдар рефракциясының алгебралық қосындысы,
– байланыстар рефракциясының алгебралық қосындысы.
1.2–теңдеу және аддитивтілік (1.3) ережесі бойынша анықталған мольдік рефракция мәндерін салтырамыз. Атомдар, байланыстар рефракция мәндерін анықтама кестесінен (қосымша 1.1)аламыз. Өлшеу нәтижелерін 1.1 кестеге енгіземіз.
1.1кесте.
өлшеу реті
|
бос пикно-метр салмағы, г
|
суы бар пикно-метр салмағы, г
|
зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометр салмағы, г
|
тығыздық
,г/см3
|
Сыну көрсеткіші,
п
| RМ
тәж.
|
RМ
теор.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |