ПОӘК 042-18-10 54/01-2014 11. 09. 2014ж. №2 басылым


- жұмыс. Химиялық тепе – теңдік



бет66/75
Дата26.08.2017
өлшемі7,49 Mb.
#29733
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75

3.2 - жұмыс. Химиялық тепе – теңдік

Жұмыс мақсаты: Әрекеттесуші заттар концентрацияларының химиялық тепе – теңдікке әсерін зерттеу.

Құралдар мен ыдыстар: пробиркалар, штативтер, шпатель.

Реактивтер: калий роданиді, темір хлориді.

Жұмыс реті. 4 пробиркаға 1 мл 0,3 М темір хлориді (III) - FeCl3 және 1 мл 0,6 М калий роданиді – KCNS ертінділерін құямыз. Сәл ғана пробиркаларды шайқап, ертінділерді араластырамыз. Барлық пробиркаларды штативке бекітеміз, бір пробиркадағы ертіндіні салыстыру үшін бақылау ретінде аламыз.

Ертіндіде қайтымды реакция орын алады:



Темір үш роданиді ертіндіге қызыл түс береді. Пробиркалардың біріне 1 мл FeCl3 0,3 M, басқасына 1 мл KCNS

0,6 M ертінділерін, үшіншісіне 2-3 микро шпатель KCl қосады. Барлық жағдайдағы түс қарқындылығының өзгеруін бақылау ертіндісімен салыстыра отырып белгілейді. Нәтижелерді кестеге толтырады.
Кесте 3.2

пробирка

Қосылған ертінді



Түс қарқындылығының өзгеруі (әлсіреуі, күшеюі)

Тепе – теңдіктің ығысу бағыты (оңға, солға)

1

1 мл 0,3 MFeCl3







2

1 мл 0,3 M KCNS







3

2-3 микрошпатель

KCl







4

-






Байқалған құбылысты түсіндіріп, Ле-Шателье ережесіне сүйеніп сәйкес қорытынды жасаңыз.


Бақылау сұрақтары

1. Химиялық тепе – теңдік сипаттамасы.

2. Тепе – теңдік константасын тепе – теңдік концентрациялар және қысым арқылы өрнектеңіз.

3. Әрекеттесуші массалар заңын сипаттаңыз.

4. Егер жүйені идеалды деп қарастырсақ, КС және КР тепе – теңдік константталарына қандай факторлар әсер етеді?

5. Тепе – теңдік константасы температура мен қысымнан тәуелді ме және қалай?

6. A+BC+D химиялық реакциясы үшін КС және КР тепе – теңдік константалары арасында қандай байланыс бар, егер барлық реагенттер идеалды газтәріздес күйде болса?

7. Тепе – теңдік константасын есептеу жолдарын келтіріңіз.


Зертханалық жұмыс №4

Балқыма. Екі құрамдас бөлікті жүйенің күй диаграммасы
Жұмыстың мақсаты: Екі құрылымдық жүйені зерттеу, балқыманың кристалдану(қатаю) температурасын анықтау, салқындату қисықтарын сызып және күй диаграммасын құру.

Аспаптар мен ыдыстар: Термометрлер, секундомер, электрлік плита, қыздыратын суы бар ыдыс, жай техникалық таразы, колбалар мен пробиркалар, реактивтер, фенол-су, фенол-нафталин, нафталин-дифениламин, несеп нәрі-резорсин, бензол қышқылы және басқа да қолда бар жеңіл балқитын органикалық қосылыстар.

Жұмыс реті: Көптеген жағдайларда органикалық қосылыстардың балқу температурасы жоғары бола бермейді. Мұндай жүйелердің термиалық талдауын лабараториялық жағдайда, кәдімгі пробиркамен термометр көмегімен жүргізуге болады. Ол үшін біренше пробирканы алып, 1-інші мен соңғығы таза 2 органикалық затты, ал аралық пробиркаға осы қосылыстың әртүрлі проценттік қатынаста алынған қоспаларын салады да оларды ортасындағы тесігі арқылы термометр өткізілген тығынмен тығындайды.Термометрдің сынапты ұшы балқитын затқа еніп яғни ішінде қоршалып, тұруы керек. Енді ішінде қатты органикалық зат және олардың қоспасымен термометрі бар, тығындаулы пробирканы не спиртовка жалынымен,не қайнаған ыстық сумен, не қыздырылған маймен жылытып, ішіндегісін толық балқытады. Сонан соң бұл пробирканы өзінен жуандау пробиркаға салып,ондағы температураның төмендеуін,секундомер көмегімен әрбір 30 сек сайын өлшеп,бақылайды.Алынған деректерді ,әуелі не крест не бағана түрінде жазып,сосын мұның негізінде температура-уақыт координатында сызба жасап,салқындатқыш қисықтарын алады.Онда 1 градусты 1 миллиметрге, әрбір 30сек. 1 милиметрге тең деген жөн.Қоспаны қолдағы бар қатты органикалық заттардың, ретіне орай әрбір 2,4,6,8,10 грамдықты 100%-ке балап, есептеуге болады.Және оның реті 1 кестеде берілген.

Құрылымдық бөліктер

Қоспа құрамы (балқыма),%

Қоспа салмағы

1

2

3

4

5

6

7

А

100

80

60

50

40

80

0

2-10

Б

0

20

40

50

60

20

100



Тәжірибе кезінде алынған деректерге сүйене отырып, кристалдану температурасы-құрам координатына күй диаграмассын тұрғызады.

Диаграмма құрастыруға арналған деректер. 2-кесте.

Балқыма реті

Кристалдану жүрісі (сипатты нүктелер)

1

2

3



4

5

6



7

Кристалданудың басталуы,°С

Кристалдану соңы,°С








Бақылау сұрақтары:

1.Көрініс-фаза, құрамдас, еркіндік дәрежесі жайлы түсінік.

2.Гибсстің көріністер дәрежесі.

3.Көріністер арасындағы термодинамикалық тепе-теңдік жағдайы.

4.Кристалдану температурасы, салқындату қисықтары.

5.Термиялық талдау, балқыма күй диаграмма түрі.


Зертханалық жұмыс №5

Үш құрамдас бөлікті жүйе ертінділердің өзара ерігіштігін зерттеу

Жұмыс мақсаты: Берілген сұйықтың өзара ерігіштігін анықтап, ерігіштік диаграммасын тұрғызу.

Жабдықтар мен ыдыстар: Тығынды пробирка – 8, бюретка – 3, 50 мл бөлу құйғыштары, 30-50 мл тығынды колба – 2 дана.

Реактивтер. А- ацетон, метил спирті, этил спирті, сірке қышқылы, диоксан, В – бензол, толуол, ксилол, хлороформ, төрт хлорлы көміртек, С -таза су.

Жұмыс реті: Үш құрамдас бөлікті жүйенің ерігіштігін, әр түрлі құрамдағы екі сұйықтың гомогенді қоспасын, үшінші затпен титрлеу арқылы анықтайды. Титрлеуді лайланғанша не ерімейтін қабаттың алғашқы тамшысы пайда болғанша жүргізеді, лайдың көрінуі екінші фазаның түзілуін, гомогенді жүйенің гетерогендіге түрленгенін нұсқайды. Мұны асқан сезімталдықпен байқап, мұқият қадағалау нәтижесінде анықтайды. Ол үшін осы тәжірибе жүргізеді. А мен В қоспаларын С затымен және А мен С қоспаларын В мен титрлейді (лаборант не оқытушы нұсқауымен). Бөліну аймағын көрсететін қисық айқын болу үшін, мына құрамдағы екі сұйық қоспасын әзірлеген жөн.



А

В


2

8


4

6


5

5


6

4


8

2


8,5

1,5


9

1


9,5

0,5


А

С


2

8


4

6


5

5


6

4


8

2


8,5

1,5


9

1


9,5

0,5


Әрбір сұйықты жеке - жеке бюреткаға құяды. Әуелі А мен В сұйықтарын кестедегі реті бойынша бірнеше колбаға қоспалар жұбын бюреткадан құйып, әрқайсысын С заты бар бюреткамен титрлеп, оған кеткен мөлшерін анықтайды, сонан соң екінші А мен С қоспаларын дайындап, оларды да В құйылған бюреткамен титрлейді. Бұлардың нәтижесін кестеге жинақтайды:

Реті



Көлемі, мл

Көлем қосындысы

ΣV


Көлемдік үлес, %

VA VB VC

VA/ΣV*

100%


VB/ΣV*

100%


VC/ΣV*

100%


1

2

3



4

5
























Бақылау сұрақтары

  1. Үш құрамдас жүйенің құрамын Гиббс және Розебом әдісі бойынша қалай көрсетеді?

  2. Біреуі шекті және екеуі өзара шексіз еритін сұйықтарға арналған ерігіштік диаграммасы қандай болады?

  3. Екі және үш сұйықтардың ерігіштік диаграммаларының айырмашылығы неде?

  4. Шегіне жеткен межелі нүкте деген не?

  5. Егер берілген құрамдағы нүкте қисықтан аулақ, қисықтың өзінде және межелі нүктеде болса, жүйедегі еркіндік дәрежже саны қандай болады?

  6. Жанасқан қабат пен межелі нүкте жағдайындағы құрамды анықтау үшін тәжірибе кезінде қолданылатын иін ережесінің мәні неде?


Зертханалық жұмыс №6

Гальваникалық элементтің Э.Қ.К өлшеу
Жұмыс мақсаты: пайдаланылатын ерітінділердің активтігіне тәуелді гальваникалық элементтің Э.Қ.К анықтау, алынған нәтижені Нернст теңдеуімен есептелінген деректермен салыстыру.

Аспаптар: Микровальтметр, Якоби-Даниэль элементіне арналған ыдыс, электролиттік көпір, мыс, мырыш-электродтары, ЭВЛ-1М3 хлоркүмісті салыстыру электроды, көлемі 50-100 мл стакандар. Реактивтер: мырыш және мыс сульфаты (0,1-1,0 моль/г), қаныққан калий хлориді, қаныққан азот және тұз қышқылдары, түрпі қағазы. Бірінші тапсырма. Якоби-Даниэль элементінің Э.Қ.К өлшеу. Жұмыс реті: электродтарды әзірлеп, олардың беткі қабатын түрпілі қағазбен тазалап, сумен шаяды, мыс электродын бірнеше минут азот қышқылына (1:5), ал мырышты– осындай концентрациядағы тұз қышқылына батырады да электродтарды таза сумен мұқият жуады. Оқытушының нұскауымен мыс пен мырыш сульфаттарының ерітінділерін әзірлеп, Якоби-Даниэль элементінің бірнеше түрін құрастырып, ЭҚК өлшейді. Осы орайда, бір ерітінді ішінде және екі ерітінді электролиттік көпір арқылы өлшеп, диффузиялық потенциалды салыстыра отырып, бағалайды.

E0 = ECu2+,Cu0 – EZn2+,Zn0


Өлшеу нәтижесін кестеге жинақтайды.

Тізбек сұлбасы

Еесепт

Етәж

Салыстырмалы қателік,%














Бақылау сұрақтары:

  1. Тарамдылық және химиялық гальваникалық тізбек дегеніміз не?

  2. Гальваникалық тізбектерге арналған Нернст теңдеуі?

  3. Гальваникалық тізбектердің ЭҚК термодинамикалық потенциалымен қалайша байланысқан?

  4. Диффузиялық потенциал дегеніміз не және оны қалай кемітеді?


Зертханалық жұмыс№ 7

Әлсіз және күшті электролиттердің электрөткізгіштігін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Меншікті және эквиваленті электрөткізгіштің ертінді концентрациясынан тәуелділігін анықтау, сондай-ақ әлсіз электролиттер үшін диссоциациялану дәрежесін және константасы мен күшті электролиттер үшін электрөткізгіштік коэффициентін анықтау

Аспаптар мен реактивтер: Кондуктометр S-230, термостат, 10мл. пипетка, 5стакан көлемі—100мл.,

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет