3.1 – жұмыс. Гомогенді реакциялардың тепе – теңдігін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Ертіндідегі гомогенді реакциялардың тепе–теңдігін зерттеу.
Құралдар мен ыдыстар: 100 мл сыйымдылықты колба, сулы термостат, 100 мл сыйымдылықты конусты колба, пипетка.
Реактивтер: 0,03 М FeCl3,, 0,03 М KI, дистилденген су, 0,015 М натрий гипосульфит ертіндісі, мұз.
Берілген жұмыста қайтымды реакциялардың негізгі қасиеттерімен және төмендегі реакция мысалында химиялық тепе – теңдікті зерттеу әдістерінің бірімен танысады.
Жұмыс реті. Тығыз жабылатын 100 мл сыйымдылықты 4 құрғақ тығынды колба алады және нөмірлеп, келесі ертінділердің нақты концентрациясын құяды.
Ертінді
|
Колба 1
|
Колба 2
|
Колба 3
|
Колба 4
|
0,003 МFeCl3, мл
|
50
|
-
|
55
|
-
|
0,03 МKI, мл
|
-
|
50
|
-
|
45
|
Сонан соң колбаларды температурасы 25±0,2С сулы термостатқа 30 минутқа қояды. Титрлеуге қажетті 100 мл сыйымдылықты 8 конусты колбалар дайындайды. Әр колбаға 35-50 мл дистилденген су құяды және оларды суыту үшін мұзға қояды. 1 және 2 колбадағы сұйықтықтарды бір – біріне құйып, ал 10 минуттан кейін 3 және 4 колбадағыны. Ертінділерді құю кезеңін сағатпен белгілейді. Колбаларды тығынмен тығыз жабады және термостатқа орнықтырады. Колбаларды араластыру кезеңінен 25 минут өткен соң, термостаттан шығармай пипеткамен 15 мл ерітінді алып, титрлеу колбасына құяды. Ертіндіні пипеткадан титрлеу колбасына құю кезеңін сынама алу уақыты деп санайды.
Сынама алу уақытын 1 минутқа дейінгі дәлдікпен белгілейміз. Құйғаннан кейінгі бөлінген иодты титрі белгілі 0,015 М гипосульфит ертіндісімен титрлейміз. Гипосульфит ертіндісін ертінді ашық сары түске боялғанша қосады. Сонан кейін бірнеше тамшы крахмал ертіндісін тамызып, көк түс жоғалғанша титрлейді. Титрлеуден кейінгі біраз уақыттан соң пайда болатын ашық көк түс ескерілмейді. Пипетканы сынама аларда зерттелінетін ертіндімен шаймалау керек.
Сынама алғаннан кейін 30 минуттан соң әр колбадан қайтадан 15 мл ертінді алып, гипосульфитпен титрлейді. Кейін 40 минутан соң үшінші және т.б сынама алады. Әр колбадан қатарынан алынған екі сынамадағы иодты титрлеуге кеткен гипосульфиттің бірдей миллилитр мөлшері реакцияның тепе – теңдік күйге жеткен көрсетеді.
Есептеу келесідей жүргізіледі.
1. Тепе – теңдік кезінде иод концентрациясы келесідей болады:
Достарыңызбен бөлісу: |