ПОӘК 042-18-10 54/01-2014 11. 09. 2014ж. №2 басылым



бет44/75
Дата26.08.2017
өлшемі7,49 Mb.
#29733
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
Бір компонентті гетерогенді жүйелер

Судың күй диаграммасы.

Бір компонентті жүйелер үшін фазалар ережесі:


с = 1 – ф + 2 = 3 – ф ( 7.8)
Қысымның температурадан немесе қысымның құрамнан және температураның құрамнан тәуелділігінің графикалық кескінін күй диаграммасы дейді.

Күй диаграммасын талдау фазалар санын, олардың болу (өмір сүру) шекарасын, ондағы компоненттердің әрекеттесу сипаттамасын, қайтадан түзілген қосылыстардың барын, олардың құрамын анықтауға мүмкіндік береді.



Сурет 7.1 Судың күй диаграммасы




Жазықтықтар фазалар: мұз (М), сұйық (С), бу (Б) болуын көрсетеді. Жазықтықтардың қиылысу сызықтары тепе – теңдік күйді сипаттайды: С↔М (АО қисығы); М ↔ Б (СО қисығы); С ↔ Б (ВО қисығы). Күй диаграммасындағы нүкте (фигуративтік нүкте) жүйенің сол күйдегісін сипаттайтын параметрлер мәні. Жазықтың кез – келген шегінде фазалар санын өзгертпей – ақ Т және Р мәндерін өзгертуге болады. Себебі еркіндік дәрежесі


с = 1 – 1 + 2 = 2 (жүйе бивариантты).

Кез–келген қисыққа түсірілген нүктеде жүйе моновариантты с = 1. с = 1 – 2 + 2 = 1. Температураны немесе қысымды ғана өзгертуге болады.

Диаграммадағы О нүктесінде жүйе үш фазалы, (М, С, Б)

с= 1 – 3 + 2 = 0 (жүйе инвариантты)

О нүктесін судың үштік нүктесі дейді. Параметрлердің біреуінің өзгеруі тепе – теңдікті бұзып, бір немесе екі фазаның жоғалуына әкеледі.

Екі компоненті жүйенің күй диаграммасы

Екі компонентті жүйе үшін қысым тұрақты болғанда, Гиббстің фазалар ережесі келесі теңдеумен анықталады:


с = 2 – ф + 1 = 3 – ф (7.9)
Бұл кезде тепе – теңдіктегі фазалар саны үштен ф = 3 (с = 0), ал еркіндік дәрежесі екіден артық болмайды с = 2 (ф = 1).

Қатты фазалы екікомпоненті жүйенің күй диаграммасын балқу диаграммасы (термиялық талдау) дейді.

Балқу диаграммасы жүйе күйінің қоспалардың балқу температурасы мен құрамынан тәуелділігін көрсетеді.

Термиялық талдау температураның уақыт бойынша өзгеру сипаттамасы бойынша жүйенің салқындау кезіндегі өзгерісі туралы қортынды айтады. Салқындау қисықтары бойынша екі компоненті жүйенің күй диаграммасын тұрғызады.

Негізгі күй диаграмма түрлеріне: эвтетикалық диаграмма, конгруэнтті және инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыстар, қатты және сұйық фазада ерігіштігі шектелген және шектелмеген жатады.

Сурет 7.2. Қатты күйінде ерімейтін А және В компоненттерінің балқу диаграммасы.


ТА, ТВ – таза А және В заттарының балқу температурасы. ТАЕ жәнеТВЕ қисықтары ликвидус сызығы деп аталады. Ликвидус сызығынан жоғарда жүйе сұйық күйде ( 1 – фаза ).
с = 2 – 1 + 1 = 2 (жүйе бивариантты)
ТАЕ және ТВЕ қисықтары екі фазалы жүйеге сәйкес келеді ( таза А және В компоненттерінің кристалдары және балқыма).
с = 2 – 2 + 1 = 1 (жүйе моновариантты)
Е нүктесін эвтетика нүктесі дейді. Екі компонент бірдей уақытта кристалданатын, кез–келген құрамдағы балқыма үшін бірдей ең төменгі тұрақты температураны эвтетикалық температура ТЕ деп атайды. ТЕ Е ТЕ сызығын эвтетикалы қисық немесе солидус сызығы дейді. Солидус қисығынан төмен балқыма болмайды. Е нүктесіне балқыма және А мен В кристалдарының екі қатты фазалар жүйе құрамы сәйекс келеді (ф = 3).
с = 2 – 3 + 1 = 0 (жүйе инвариантты)
Идеалды ертінділердің заңдары.

Рауль заңы.

Егер ертіндінің құрамдас бөліктері ұшқыш болса, онда белгілі бір уақытта сұйық пен газға айналған құрамдасбөліктер арасында тепе-теңдік орнығады, сөйтіп қаныққан бу түзіледі. Ертінді бетіндегі қаныққан будың жалпы қысымы Р құрамдас бөліктердің үлестік қысымдарының қосындыларына тең, яғни Р=Pі

Шексіз сұйытылған ертінділер үшін кез келегн идеалды емес ертінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымы:

p1=p10 x1 (7.10)

p1 - еріткіштің ертінді бетіндегі қаныққан бу қысымы,

p10 - таза еріткіштің сол температурадағы қаныққан бу қысымы.

x1 - еріткіштің мольдік үлесі.

x1 ді 1- x2 (еріген заттың мольдік үлесі)арқылы түрлендіріп жазсақ:

(p10 - p1)/p10 =x2 (7.11)
p10 - p1 - ерткіштің қаныққан бу қысымының кемуі

(p10 - p1)/p10 - ерткіштің қаныққан бу қысымың салыстырмалы кемуі

7.11 теңдеу б/ша еріткіштің қаныққан бу қысымың салыстырмалы кемуі еріген заттың мольдік үлесіне тең. 7.10 және 7.11 теңдеу Рауль заңының математикалық өрнегі болып табылады.

Еріген заттың молекулалық массасын мына формула б/ша анықтайды:

M2=m2/m1M1 p10/p (7.12)
Сұйытылған ертінділердің қату температурасы

Ертінділердің қату температутурасы таза ерткіштің қату температурасынан төмен. Ертіндінің қату температурасының кемуі Тқт ертіндегі еріген заттың концентрациясына тура пропорциональды.

Тқт=Kқт m (7.13)

Тқт=T0қт-Tқт (7.14)

T0қт,Tқт - еріткіш пен ертіндінің қату температуралары.

Kқт - пропорциональдық коэффициент н/е криоскопиялық тұрақты.

m - еріген заттың моляльды концентрациясы.

Криоскопиялық тұрақтыны былай анықтайды:



Kқт= R (T0қт)2/1000қт (7.15)

қт - еріткіштің меншікті балқу жылуы, Дж/моль.

Заттың молекулалық массасын келесідей формуламен анықтауға болады:

M= Kқт m2 1000/m1Тқт (7.16)

m1, m2 - еріткіш пен еріген зат массасы.


Бақылау сұрақтары:

  1. 1.Фазалық тепе теңдіктің термодинамикалық жағдайын түсіндіріңіз?

  2. Фаза дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  3. Компонент дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  4. Еркіндік дәрежесін қалай түсінесіз?

  5. Күй диаграммасындағы үштік нүкте дегеніміз не?.

  6. Гиббстің фазалар ережесін жазыңыз, егер температура мен қысым тұрақты болса.

  7. Клапейрон — Клаузиус теңдеуін жазыңыз.

  8. Рауль заңын түсіндіріп, оның математикалық теңдеуін жазыңыз.

  9. Қаныққан бу қысымдары ертінді және ерткіш бетінде қалай өзгереді?

  10. Рауль заңынан оң және теріс ауытқуды түсіндіріңі


Дәріс 8. Үш компонентті ерітінділердің тепе-тендік ерекшелері.

Дәріс жоспары:

  1. Үш компонетті ерітінділердің құрамын көрсететін графикалық ерекшеліктер.

  2. Экстракция. Бөліну коэффициенті.


Қысқаша мазмұны

Үшкомпонентті жүйелер

Үшкомпонентті жүйелер құрамы жазық үшбұрыш диаграммасында көрсетіледі. Тең қабырғалы үшбұрыш төбелері таза А, В, С заттарын, ал сол төбелерді қосатын қабырғалар сәйкесінше екікомпонентті жүйелер құрамын көрсетеді. Үшбұрыш ішіндегі барлық нүктелер үшкомпонентті жүйелер құрамын көрсетеді. Жүйедегі әр компоненттің үлестік құрамы нүкте қай төбеге жақын орналасқан сайын, соғырлұм артады.



Үшкомпонетті жүйенің құрамын анықтаудың екі әдісі бар. Гиббс ұсынған әдісте 100% (н/е 1) деп, дұрыс үшбұрыштың биіктігін алады. P нүктесіндегі әр компоненттің проценттік үлесі (Р нүктесі сурет 7.3) осы нүктеден таза компонентке сәйкес келетін қарсы төбеден үшбұрыш қабырғасына түсірілген перпендикуляр ұзындығымен анықталады. 7.3а суретте Ра кескіні А– ның проценттік үлесіне, Рb - В проценттік үлесіне, Рс – С проценттік үлесіне.

Сурет 7. 3. Үш компонентті жүйенің құрамын көрсететін үшбұрыш.
Розебом әдісі бойынша 100% (н/е 1) деп, дүрыс үшбұрыштың қабырға ұзындығын алады. А компоненттінің құрамы pa кескініне, С құрамы –pc кескініне, В құрамы –рb кескін ұзындығына тең.

Экстракция әдісімен бөлу екі фазалы жүйеде қоспа компоненттерінің әртүрлі ерігіштігіне негізделген, көбінесе су және онымен араласпайтын органикалық еріткіш алынады. Ондай экстракцияны сұйықтық деп атайды.

Экстракция әдісі органикалық табиғи және минеральды заттарды концентрлеуге және бөлуге қолданылады. Заттардың фаза аралық таралуы

органикалық және сулы фазадағы концентрацияларының қатынасымен сипатталады.

Сос=К К-таралу коэффициенты(тұрақты мән)


Қанық ертінділер үшін Со мен Сс мәні анықталатын заттың екі еріткіште ерігіштігімен анықталады. Сондықтан, заттың органикалық еріткіштегі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым судағы ерігіштігі төмен болады, ал зат толық экстракцияға ұшырайды. Экстракциялану дәрежесі көбінесе органикалық еріткіштің қасиетіне және сулы фазадағы зерттелетін заттың күйіне байланысты. Кейде затты сулы фазадан бірнеше қайталап экстракциялап толық бөліп алуға болады.

Металдарды экстракциялау олардың органикалық реагенттермен қосылыстары қолданылады. Ондай қосылыстар суда аз ериді, ал органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Мысалы, іс жүзінде суда ерімейтін металдардың оксихиналинаты бензолда, хлороформда жеңіл ериді. Бұл қосылыстардың сандық мәнін экстракциялаған соң сусыз фазада оптикалық тығыздығын өлшеу арқылы анықтайды.

Экстракциялау процессі өнеркәсіпте материалдарды және реактивтерді тазалауға қолданылады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Үшкомпонетті жүйе құрамы қандай әдістермен анықталады?

  2. Гиббс және Розебом әдістерінің айырмашылықтары неде?

  3. Экстракция дегеніміз не?

  4. Таралу коэффициентінің мағынасы неде?

  5. Экстракция процесінің қолданылу аймағы.


Модуль 3. Химиялық кинетика және электрохимия.

Дәріс 9,10. Формальды кинетика және катализ.

Дәріс жоспары:

  1. Формальді кинетиканың негізгі ұғымдары. Жылдамдық константасы.

  2. Реакцияның жылдамдығы, реттілігі, молекулалығы және оның түрлері.

  3. Температураның жылдамдыққа әсері. Вант-Гофф ережесі

  4. Аррениус тендеуі. Активтілік энергия.

  5. Катализ. Негізгі ұғымдар.

  6. Фотохимиялық реакциялар


Қысқаша мазмұны

Химиялық реакцияның жылдамдығы ретінде уақыт және көлем бірліктеріндегі әрекеттескен зат мөлшерін немесе уақыт бірлігіндегі әрекеттесуші заттың концентрациясының өзгерісін қарастырады.

Жалпы түрде химиялық реакцияның жылдамдығы төмендегі теңдеумен өрнектеледі:



υ= = , (9.1)

мұндағы С – әрекеттесуші зат концентрациясы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет