ПОӘК 042-18. 10. 97/03-2014 18. 10. 2012 ж №1 басылым


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет14/15
Дата20.06.2018
өлшемі4,11 Mb.
#44098
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Электролиз деген не?

2.Анод және катодта жүретін процестерді түсіндіріңдер.

3.Металды рафинадтау деген не? Ол қалай жүреді?

4.Электролиз заңдары?

10 Зертханалық сабақ



Металдар коррозиясы
Жұмыстың мақсаты: Электрохимиялық коррозия жылдамдығына әр түрлі факторлар әсерін көру.

1 Тәжрибе. Хлор-ионының коррозияны жылдамдатуы

Екі пробиркаға 6 мл мыс сульфатын, 2 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Бір пробиркаға 5 мл натрий хлоридін құйыңдар. Екі пробиркаға да алюминий сымын батырыңдар. Қай пробиркада газ интенсивті бөлінеді?

Анодтық, катодтық және жалпы процестердің теңдеулерін жазыңдар. Реакция жылдамдығына хлор-ионының әсерін түсіндіріңдер.


2 Тәжрибе. Оттегінің концентарциясына байланысты коррозия.

Болат пластинканы наждак қағазымен тазалаңдар. Кранның астына қойып жуыңдар. Фильтр қағазымен сүртіп кептіріңдер. Содан кейін таза пластинканың бетіне мынандай ерітінділер: натрий хлориді, калий гексацианоферрат (ІІІ) және фенолфталеин қоспасынан тұратын ерітіндіні тамызыңдар. 3-5 минут уақыттан соң тамшының ортасында көк түсті, ал шетінде қызыл түсті ерітінділер пайда болады. Тамшының арасында гальваникалық элемент түзіледі. Тамшының ортасында оттегі аз болғандықтан анодтық, шетінде оттегі көп болғандықтан катодтық зона пайда болады. Тамшының ортасында темір екі валентті ионға тотығады, сондықтан турнбулевая синь (көк түсті) пайда болады. Тамшының шетінде судың әсерімен оттегі тотықсызданып, гидроксид-ион түзеді, сондықтан фенолфталеин қызылға боялады. Катодтық және анодтық процесстердің теңдеуін жазыңдар: Ғе2+ және ОН- иондарын анықтау реакцияларының және темірдің тат басу (ржавчина) реакциясының теңдеуін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Металдарды коррозиядан протектор әдісімен қорғау.

Пробиркаға сүйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Оған бірнеше тамшы калий иодиді ерітіндісін тамызыңдар, бір-бірімен контактқа келтіріп мырыш және қорғасын пластинкаларын батырыңдар.І- ионы Pb2+ ионына индикатор болып саналады. PbІ2 сары түсті тұнба. Салыстыру үшін басқа пробиркаға осы ерітінділерді құйып, тек қорғасынды салыңдар. Қай пробиркада қорғасын иодиді тез түзіледі? Pb – Zn гальваникалық элементтің схемасын жазыңдар. Қай металл протектор болып саналады?


4 Тәжрибе. Коррозия жылдамдығына ингибитор әсері.

Екі пробиркаға 5-6 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Әр пробиркаға жұқа темір пластинкасын салыңдар. Бір пробиркаға уротропин не басқа ингибитор қосыңдар. Ингибитордың коррозия жылдамдығына әсерін қорытындылаңдар.


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:1.Металдар коррозиясы деген не?

2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Электрохимиялық коррозияның химиялықтан айырмашылығы неде?

4.Коррозиялық микрогальвани элементтері неге пайда болады?

5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?

6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.Қысқаша әр әдісті сипатта.

7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?
11 Зертханалық сабақ

Металдардың жалпы қасиеттері. ІА,ІІА топ элементтері

1 Тәжрибе. Натрий мен калийдің ауада тотығуы.Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.

2 Тәжрибе. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының гидролизі.Үш пробиркаға 6-7 см3 дистильденген су құйыңдар. Әрқайсысына 1-2 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға бірнеше натрий карбонатының кристалдарын, екіншісіне осынша натрий гидрокарбонатын салыңдар. Үшінші пробирканы салыстыруға қалдырыңдар. Пробиркалардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін үшінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Неге пробиркалардағы (№1 және №2) ерітінділер түсі әртүрлі?

3 Тәжрибе. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз арқылы натрий гидроксидін алу.Натрий хлориді ерітіндісін электролиздеңдер. Анодта қандай газ бөлінеді? Катодтың жанындағы ерітінді ортасы қандай екенін тәжірибе арқылы анықтаңдар. Электролизпроцессінің теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Кальцийдің сумен әрекеттесуі. Пробирканың 1/3 дейін су құйып, пинцетпен кальций металының аз мөлшерін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Су неге тұнбаланады? Суға фенолфталеин тамшылатып, ерітіндіде ОН- -ионы пайда болғанын дәлелдеңдер. Фенолфталеин түсі қалай өзгереді? Кальцийдің сумен әрекеттескен реакция теңдеуін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты айтыңдар.

5 Тәжрибе. Аз еритін магний тұздарын алу.Пробиркаға 2-3 мл магний тұзының ерітіндісін құйып, оған магний гидроксокарбонатының тұнбасы түзілгенге дейін сода ерітіндісін құйыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Бұл түзілген негіздік тұздың хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.Магний гидроксокарбонатының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?

  2. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар

  3. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.

  4. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?

  5. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?

  6. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.

  7. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

  8. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?

  9. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?

  10. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?

1.1. 500кг СаО өшіргенде қанша жылу бөлінеді? СаО гидратациялану энтальпиясы ∆Н= -66,6 Дж/моль. Жауабы: 594,6∙103 кДж

12 Зертханалық сабақ



Комплексті қосылыстар

1 Тәжрибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу.Екі пробиркаға 5 мл 1 н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.Үшінші пробиркаға 5-7 мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?


2 Тәжрибе. Аниондық комплекс қосылыс.

Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3∙КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.


3 Тәжрибе. Катиондық комплекс қосылыс.Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?o(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?

13 Зертханалық сабақ



Көміртегі,қалайы,қорғасын қосылыстары

1 Тәжрибе. Металдардың гидрокарбонаттарының түзілуі.Магний, кобальт және кадмий тұздарына (2-3 мл) 2-3 мл-ден натрий карбонатын құйыңдар. Тәжірибені үш пробиркада жасау керек. Бұл металдардың гидроксокар-бонаттарының тұнбасы түзіледі, газ бөлінеді. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Реакциялар теңдеулерін молекулалық, иондық түрде жазыңдар. Реакция теңдеуінде суды көрсету керек.

2 Тәжрибе. СО32- ионының кей тұздардың гидролизіне әсері.

Темір (ІІІ) және қалайы (ІІ) тұздарының ерітінділеріне (3-4 тамшыдан) 3-5 тамшы натрий карбонатын тамызыңдар.Газдың бөлінгенін және темір мен қалайының гидроксидтерінің тұнбаға түскенін көріңдер. СО32- қосылғанда гидролиз неге аяғына дейін жүреді. Бұл реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Ерітіндідегі бояғыш заттарды соруы.Пробиркаға 4-5 тамшы лакмус ерітіндісін құйып, оған активтелген көмір салыңдар. Пробирканы саусақпен жауып 2-3 минут жақсылап шайқаңдар. Ерітіндіні біраз уақытқа қойыңдар, аздан соң ерітіндінің түсі түссізденеді.

4 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

5 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері.Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.

6 Тәжрибе. Қорғасының (ІІ) тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар. Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3∙Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Көміртегінің,қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

3.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4. Қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

5.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

6.Көміртегіде неге көп аллотропиялық түр өзгерістер бар?

7.Көміртегі қосылысының тек тотықтырғыш не тек тотықсыздандырғыш болатын қосылыстарын атаңдар.

8.Көміртегі (ІІ) оксидінің ағзаға тигізетін физиологиялық әсерін түсіндіріңдер.

9.Сілтілік-жер металдарының, қорғасынның карботнаттары суды көмір қышқыл газымен қанықтырса, суда жақсы ериді. Неге? Бұл жағдайдың табиғатқа қандай мәні бар?

10.Көміртегі (ІІ) оксидін алу жолының реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
14 Зертханалық сабақ

Органикалық қосылыстардың сапалық анализі

Органикалық химия зертханасындада жұмыс жасау ережелері:

1.Алдымен студент оқулықтан зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, дәріс конспектісін оқып және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады.

2.Тәжірибеге қажетті ыдыстардың, реактивтердің, құрал- жабдықтардың тазалығын тексермей жұмыс бастамайды.

3.Тәжірибені жасағанда оқулықта көрсетілген жұмыс ретін сақтап, жұмысқа қажетті заттардың дәл мөлшерін алуы тиіс.

4.Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сыртқы киіммен тұруға болмайды.

5.Жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауы қажет.

6.Тәжірибе кезінде байқалатын құбылыстарды зер салып бақылап, өзгерістерді арнаулы дәптерге жазып отыруы керек.

7.Зертханада тамақ жеуге, темекі тартуға болмайды.

8.Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір студент жұмыс орнын, қолданған ыдыстарды жуып, тазалауы қажет.

9.Тез тұтанатын заттарды құйғанда немесе өлшегенде оларды оттан алыс ұстау;

10.Металл натриймен, калиймен жұмыс кезінде көзге қорғағыш көзілдірік кию қажет.

11.Металл натрий, калийді қолмен ұстауға, сулы орынға немесе қалдық заттар салынатын ыдысқа тастауға болмайды.

12.Күкірт қышқылын сұйылту үшін суға күкірт қышқылын құяды. Қышқыл немесе сілті қосылған қоспаның аузын қолмен басып тұрып немесе ашып қойып, қатты шайқауға болмайды.

Органикалық заттардың сапалық құрамы оның молекуласындағы қандай заттар бар сонымен сипатталады. Органикалық қосылыстарда көміртегіден басқа сутегі, оттегі, күкірт, галогендер, фосфор болады. Органикалық қосылыстардың құрамына енетін заттар бейорганикалық және аналитикалық химия әдістерімен анықталады.

Жұмыстың мақсаты: органикалық заттарды және олардың негізгі элементтерін ашу әдістерімен танысу Реактивтер мен жабдықтар: сахароза, Ва(ОН)2 ерітіндісі, СuO, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, спирт шамы.Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,1г зерттелетін затты және мыс оксидін салып, газ жүретін түтікшелі тығынмен жабамыз және оның ұшын көлемінің 1/3 бөлігіне барий гидроксидінің ерітіндісі құйылған екінші пробиркаға түсіреміз. Спирт, шамының жалынына қыздырғанда, зерттелген зат ыдырайды, көміртегі атомдары көмір қышқыл газының молекуласына ауысады. Көмір қышқыл газын барий карбонатының тұнбасы түзілуінен байқауға болады. Зертелетін қосылыстағы сутегі атомдары су молекуласына айналады. Су пробирканың жоғары жағына және газ жүретін түтікшеде түзіледі. Реакция теңдеуі: С12Н22О11 + 24СuO → 12CO2 + 11H2O + 24Cu

2- тәжірибе. Азотты анықтау. Реактивтер мен жабдықтар: натрий гидроксиді, органикалық зат (мочевина,жұмыртқанның ақуызы), шпатель, спирт шамы, мақта, пробиркалар, лакмус қағазы, хлороформ, төртхлорлы көміртегі, мыс сымы.

Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға натрий гидроксидін және аз мөлшерде зерттелетін затты (шпатель ұшыңда) саламыз. Пробирканы мақтамен жауып, үстіне ылғалды лакмус қағазын қоямыз.Алдымен пробирканы спирт шамымен әлсіз, содан кейін қатты қыздырамыз.Лакумус қағазының көк түске бояулы, азоттың барын көрсетеді. Тәжірибе шартында азот аммиакқа айналады.

3- тәжірибе. Галогендерді ашу. Бейльштейн реакциясы. Хлор, бром, йод Бельштейн сынамасымен оңай анықталады. Бұл реакция галогентуынды-ларды мыспен қыздырғанда, ұшқыш мыс галогенидтері түзіліп, жалынды жасыл түске бояуына негізделген. Жұмыс барысы: мыс сымын иілген күйде мыс оксиді түзілгенше қыздырамыз. Суығаннан кейін сымның ұшын зерттелегн затқа (хлороформ, төртхлорлы көміртегі) батырып, жалынға ұстаймыз. Мыс оксидінің түзілу және оның төртхлорлы көміртегімен әрекеттесу реакцияның теңдеулерін жазыңыздар. Түйін жазыңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1.Органикалық затты бейорганикалық заттан ажыратудың қарапайым тәсілін атаңыздар.

2.Органикалық қосылыстардағы элементерді сапалық қалай анықтайды?

3.Барий гидроксидінде қандай реакция жүреді?

4.Органикалық заттарда көміртегі мен сутегінің болуы неге негізделген, түйін жасаңыздар.

5.Бейльштейн сынамасының мәні неде?

6.Органикалық қосылыстардағы азотты ашудың басқа тәсілдерінатаңыздар.
15- зертханалық жұмыс

Көмірсутектерді алу және химиялық қасиеттер.

Жұмыстың мақсаты: Көмірсутектерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен жабдықтар: Натрий ацетаты (СН3СООNa), натронды ізбес (NaОН + Са(ОН)2) калий перманганаты (КмnO4), штатив, пробиркалар, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, фарфор тостаған.


  1. тәжірибе. Метан алу және оның қасиеттері.

Жұмыс барысы: Бір бөлек сусыз натрий ацетаты мен екі бөлік натронды ізбестін қоспасын фарфор тостағанда араластырып құрғақ пробиркаға салып, аузын газ түтігі бар тығынмен бекітеді де, штативке көлбеу орнатады. Алдымен пробирканы баяу, ал қоспа салынған жерін қатты қыздырады. Бөлінген метанды су астында жинайды. Метанды екі пробиркаға жинандар. Метан жақсы жанады. Оны байқау үшін метаны бар пробирканың су астында бармақпен аузын басып тұрып, судан шығарады да спирт шамының жалынына немесе аузын тұтатады, метан көкшіл түсті күйесіз жалын шығарып жанады. Метан толық жану үшін пробиркаға шетінен аз- аздап су құю керек, сол кезде пробирка түбіндегі газ біртіндеп жоғары көтеріледі де, жану толық жүреді. Қоспаны қыздыра отырып, газ жүретін түтікшенің ұшын 1 мл калий перманганаты құйылған пробиркаға батырады.Қандай өзгеріс болады?

2. Тәжірибе Этилен алу және оның қасиеттері. Жұмыстың мақсаты: Этиленді зертханалық тәсілмен алуды игеру және оның қасиеттерін зерттеу, метанның қасиеттерімен салыстыру. Реактивтер мен жабықтар: этил спирті (С2Н5ОН), күкірт қышқылы (Н2SO4 концентрлі), калий перманганатының (КмnO4) ерітіндісі, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, пемза үгінділері, спирт шамы. Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5 мл этил спиртін құйындар және оған абайлап 2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосындар. Үстіне қыздырған кезде қоспа біркелкі қайнау үшін пемза түйірлерін салыңдар. Пробирканы баяу және ептілікпен қыздырындар.Қыздырғанда пробиркадағы қоспа қарая бастайды, одан этилен газы бөлінеді. Түтіктен шығып жатқан этиленді екінші пробиркадағы 1 мл калий перманганатының ерітіндісіне жіберіңдер. Не байқалады? Бөлініп жатқан этиленді су астында жинап алып немесе газ түтігінің ұшында жағындар. Жалынның түсің байқандар. Қыздыруды тоқтатып, құралды суытыңдар.

3. Тәжірибе. Ацетилен алу және оның қасиеттері. Жұмыстың мақсаты: ацетиленді тәжірибелік жолмен алу және ацетиленнің химиялық қасиеттерін зерттеу. Реактивтер мен жабдықтар: кальций карбиді калий перманганаты ерітіндісі, бром суы, фенолфталеинің 1%-тік спирт ерітіндісі, шыны пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын. Жұмыс барысы: Газ жүретін түтікшемен жабдықталған пробиркаға бір кесек кальций карбидін (СаС2) салып, 3-4 тамшы су құйыңдар. Пробирка ішіндегі кальций карбиді сумен әрекеттесіп, ацетилен түзіледі.

С

│││ Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + НС ≡ СН



С

Газ түтігінен шығып жатқан ацетиленді түтік ұшында тұтатыңыздар, сонда ашық қызғылт түсті күйелі жалынмен жанады. Содан кейін газ жүретін түтікшенің ұшын калий перманганатының ерітіндісі құйылған пробиркаға батырыңдар. Дәл осындай тәжірибені бром суы ерітіндісімен жүргізіңдер. Ацетиленнің бөлінуі аяқталған соң пробиркаға 1 тамшы фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісін қосыңдар.



Бақылау сұрақтары:

1. Метан суда ери ме?

2. Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

3. Метанның түзілу реакциясын жазыңыздар.

4. KMnO4 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады? Неліктен?

5. Зертханада этиленді алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

6. Неліктен тәжірибеде қолданылған күкірт қышқылы концентрлі болуы керек?

7. Неліктен калий перманганатының ертіндісін түссіздендіреді?

8. Этилен жалынымен метан жалынының айырмашылығы неде?

9. Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

10. Ацетиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

12. Ацетиленді калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

13. Ацетиленді бром суы арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

14.Бастапқы пробиркаға фенолфталеин ерітіндісін қосқанда, ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіріңіздер.



Студенттердің өздік жұмыстарына арналған тапсырмалар.

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

1.Көрсетілген гидроксидтердің қайсысы негіздік тұздар түзе алады:

А) Cu(OH)2; B)Ca(OH)2; C)LiOH; D)Al(OH)3; E)KOH?

2. P2O5 қай қышқылдың ангидриді:

А) фосфорлылау; B)қос фосфорлы; C)ортофосфор?

3. C2O7 оксидін қай қышқылдың ангидриді деп санауға болады:

А)хлор; В)хлорлы; С)хлорлылау; D)хлорлау

4. Келтірілген қосылыстардың қайсысы пероксидтерге жатады.

А)NO2; В)K2O2; С)BaO2; D)Mn

5. Калий гидроксидін ортокүшән қышқылымен нейтралдау реакциясында соңғысының эквивалентті молярлық массасы 142 г/моль тең. Нәтижесінде қандай тұз түзілді?

А) калий ортоарсенаты; B)калий гидроортоарсенаты; C)калийдің дигидроортоарсенаты.

6. Қай формула марганецті қышқылға сәйкес келеді:

А) HMnO4; B)H4MnO4; C)H2MnO4

7. Қай формула барий хлоратына сәйкес келеді:

А)BaCl2; В)Ba(OCl)2; С)Ba(ClO3)2; D) Ba(ClO4)2

8. Cu (OH) 2CO3 тұзына қандай атау сәйкес келеді:

А)мыс гидрокарбонаты; В)гидроксомыс(11) карбонаты;

С)дигидроксомыс (11) карбонаты.

9. Гидроксомагний хлоридінен орта тұз алуға қандай әрекеттесу әкеледі?

А)MgOHCl+NaOH; С) MgOHClO3+HCl;

В) MgOHClO3+NaOH; D) MgOHCl+HCl

10. Негіздермен әрекеттесетін заттардың ретін анықтап, реакциялар теңдеулерін келтіріңіз:

А) Сl2O7, CO2, Sr(OH)2, HCl

B) Nb2O5, HNO3, ZnO, Fe (OH) 3

C) A2O3, H2SeO4, Sr O, HNO2

D)H3PO4, Mg(OH)2, KNO3, SO3

11. Қышқылдармен әрекеттесетін заттар ретін анықтап, реакциялар теңдеулерін келтіріңіз:

А) CuO, HNO3, NaOH, CuCI2;

B) MoO3, Na2O, A12O3, N2O5;

C) MgO, Zn (OH) 2, KOH, A12O3;

D) As2O5, H3PO4, Na2O, Cr2O3.

12. Алюминий гидроксиді түзілетін реакцияны анықтаңыз:

A) A1+H2O → B) A12O 3+H2O

C) A1C13+KOH (артық мөлшерде)

D) A1C13+KOH (аз мөлшерде)

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

1. Берілген қышқылдардың ангидридтерінің формуласын жазыныз: H2SO4; H3BO3; H4P2O7; HOCl; HMnO4. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

2. CuSO4; AgNO3; K3PO4; BaCl2 тұздарынан қандай тұздарды алуға болады? Реакция тендеулерін жазып, алынған тұздарды атаңыз.

3. Келесі қосылыстарды атаңыз: K2O2; MnO2; BaO2; MnO; CrO3; V2O5. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

4. Келесі қосылыстарды атаңыз: KHSO3; NaMnO4; Re2O7; Fe2O3; SO3; Al(OH)3. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

5. Төменде көрсетілген реакциялар ерітіндіде болуы мүмкін бе? Дәлелді жауап беріңіздер.

K2SO4 + CuCl2 → BeO + H2O→

Fe2S3 + KOH → ZnS + HCl→

NaCl + PbNO3 → Fe(OH)3 + KOH →

6. Көрсетілген қышқылдың қайсысы қышқыл тұздар түзеді: HI, H2Se, H2SeO3, H2C2O4, CH3COOH? Реакция теңделерін жазып, аттарын атаңыз. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

7. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы натрий гидроксидімен әрекеттеседі: HNO3, CaO, CO2, CuSO4, Cd(OH)2, P2O5, Cr(OH)3? Реакция тендеулерін құрастырыныз.

8. FeO, Cs2O, HgO, Bi2O3 структуралық формуласын келтіріп, негіздік қасиеттерін дәлелдейтін реакция тендеулерін жазыныз.

9. SeO2, SO3 , Mn2O7 , P2O5, CrO3 стуктуралық формуласын келтіріп, қышқылдық қасиеттерін көрсететін реакция тендеулерін жазыңыздар.

10. Тұздар алу жолдарына негізделіп магний хлоридінің алыну реакцияларының тендеуін құрыныз.

11. NaNO3, NaHSO4, Na2HPO4, K2S, Fe2(SO4)3 тұздарының түзілуіне әкелетін қышқыл мен негіздердің реакцияласу тендеулерін құрыныз.

12. Қышқылдың тұзбен әрекеттесуі нәтижесінде қандай заттар алынуы мүмкін? Қышқылдың негізбен ше ? Тұздың тұзбен ше? Мысалдар келтіріңіз.

14. Калий мен кальцийдің а) көмір қышқылынан; б)фосфорлы қышқылынан алынған орта және қышқыл тұздарының формулаларын жазып, аттарын атаңыз және структуралық формуласын құрастырыз.

15. Мына тұздарды атаңыз:

SbONO3; [Fe(OH)2]2CrO4; (AlOH)SO4; Cd(HS)2; Ca(H2PO4)2.

16. Mg2P2O7; Ca(PO4)2; Mg(ClO4)2; Ba(NO3)2 мына затардың:

а) негіздік және қышқылдық оксидтердің; б) негіз бен қышқылдық оксид; в) негіздік оксид пен қышқыл; г) негіз бен қышқылдың әрекеттесуі нәтижесінде түзілуінің реакция теңдеулерін жазыныз:

17. Лабораторияда келесі заттарды қандай реакция тендеулерінің көмегімен алуға болады: а) хлорлы сутек; б) қорғасын сульфиді; в) барий сульфаты; г) күміс ортофосфаты; д) темір (11) гидроксиді; е)мыс (11) нитраты.

18. Мына өзгерістерді қалай іске асыруға болады? Заттардың аттарын атаңыз.

а) MgO→MgCl2→ Mg (OH)2 → MgSO4

б) N2O5 →HNO3→ CaOHNO3→Ca( NO3)2→NaNO3

в) CaCO3 →CaO → Ca(OH)2 → Ca(HCO3)2 → CaCO3

19. Реакцияларды аяқтаңыз:

Zn (OH) 2 + Li OH → H3PO4+CaCl2

CrO3 + Na OH → Cu (OH) NO3+HNO3

Ca (HCO3)2 + Ca (OH) 2 → Sb2O5+K2O→

20. Төменде көрсетілген реакциялар ерітіндіде болуы мүмкін бе? Дәлелді жауап беріңіздер.

CaO+V2O5 → CsOH+CuSO4

Li2O+CaO → Cr2O3+NaOH→

Sr(OH)2+TeO3 → Ca(OH)2 +KCl→

21. Берілген заттардың арасынан қышқылдық әрі тұз қышқылымен, әрі калий гидроксидімен әрекеттесетін заттарды анықтап, реакция теңдеулерін жазыныз: Al(OH)3, MgO, N2O5, ZnO, FeSO4, CaCO3, CuS, Be(OH)2, Pb(NO3)2, NiWO4, NaNO3.

22. Берілген заттардың әрекеттесуінен орта, негіздік және қышқыл тұздар түзілуі мүмкін болатын реакцияларын жазып, заттардың аттарын атаңыз:

Fe (OH) 3 + HNO 3 → H2SO4+ Ca (OH) 2

H2CO3 + Ca (OH) 2 → HCl+Ca (OH) 2

NaOH+H3PO4 → HNO3+LiOH→

23. Көрсетілген қышқылдардың сәйкес ангидридтерінің формуласын жазыныз: H2SO4; HMnO4 және HOCl.

24. Ерітіндіде төменде келтірілген реакциялардың қайсыларын іске асыруға болады:

А) CuSO4+BaCl2=BaSO4+CuCl2;

B) Fe S+K2SO4=FeSO4+K2S;

C) AgNO3 +KCl=AgCl+KNO3;

D) 2KNO3+ZnCl2=2KCl+Zn (NO3)2

25. CuSO4, K3PO4 және BaCl2 тұздары берілген делік. Осы тұздары пайдаланып, реакцияны ерітіндіде жүргізе отырып қандай тұздарды алуға болады? Реакциялардың тендеулерін жазып, алынған тұздарды атаңыз.

26. Көрсетілген қышқылдардың қайсысы қышқыл тұздар түзе алады: HI; H2Se; H2SeO3; H2C2O4 және CH3COOH? Қышқыл тұздардың формулаларын жазыныз, аттарын атаңыз.

27. Төменде келтірілген оксидтерді сумен әрекеттестіргенде қандай қышқылдар түзіледі: P2O5; CO2; N2O5; NO2 және SO2? Қышқылдардың формулаларын жазыңыз, аттарын атаңыз және структуралық формуларын келтіріңіз.

28. ZnO; Al2O3 және Sn(OH)2 қосылыстарының амфотерлік қасиеттерін қалай дәлелдеуге болады?

29. Төменде көрсетілген негіздердің қайсылары негіздік тұздар түзе алады:

А) Cu(OH)2; B) Ca(OH)2; C)LiOH; D) Al(OH)3; E) KOH?

Негіздік тұздардың формулаларын жазыңыз.

30. Нәтижесінде KNO3; NaHSO4; Na2HPO4; K2S және Fe2(SO4)3 түзілетін қышқылдар мен негіздердің арасындағы реациялардың тендеулерін жазыңыз.

31. Цинк гидроксидінің 1 моль мөлшері ортофосфор қышқылының 2 моль мөлшерімен әрекеттескенде қандай тұз түзіледі?

32. Қандай реакциялардың нәтижесінде орта тұз түзіледі:

А) CuOH+ NaOH; C) Ca(HCO3)2+Na2CO3

B) KHSO3+KOH; D) MgOHCl + HCl?

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

1. Химиялық элементтің эквиваленті неге тәуелді болады?

А) элемент валентігіне; В) әрқашан тұрақты шама болып табылады.

2. Қай формула эквиваленттер заңын сипаттайды:

А) v=m/M B) m1. Mэ (2) = m2. Mэ (1)

C) Mэ=M/B D) m1/ m2 = Mэ (2)/ M (1)

3. Фосфор құрамы бойынша екі түрлі хлорид түзеді. Осы қосылыстарда қай элементтің эквивалентілігі тұрақты болады?

А) хлордікі; В) фосфордік

4. Қалыпты жағдайдағы оттек пен сутектің эквиваленттері көлемдерінің дұрыс мәндері қандай?

А) 11, 2л О2 және 22, 4л Н2;

B) 11, 2л О2 және 5, 6л Н2;

С) 5, 6л және 11, 2л Н2.

5. Металдың эквивалентінің молярлық массасы 12 г/моль. Оның оксидінің эквивалентінің молярлық массасы неге тең?

А) 24 г/моль; B) анықтауға болмайды; С) 20 г/моль

6. Металдың эквивалентінің молярлық массасы оттегінің эквивалентінің молярлық массасынан 2есе артық. Оксидтің массасы металдың массасынан неше есе артық:

А) 1, 5 есе B) 2 есе С) 3 есе

7. Күкірт S2Cl2 және SCl2 хлоридтерін түзеді. SCl2 қосылысындағы күкірттің эквивалентінің молярлық массасы 16 г/моль. S2Cl2 қосылысындағы күкірттің эквивалентінің молярлық қанша?

А) 8 г/моль; B) 16 г/моль; С) 32 г/моль

8. CrCl3 және Cr2(SO4)3 қосылыстарындағы хромның эквиваленттіктері бірдей ма?

А) иә; В) жоқ

9. FeCl2 және FeCl3 қосылыстарындағы темірдің эквивалентінің молярлық массалары бірдей бола ма?

А) иә; В) жоқ

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

1. 5г металл жанғанда 9, 44г металл оксиді түзілді. Металдың эквиваленттік массасын анықтаңыз.

2. Металдың бірдей мөлшері 0, 200г оттегімен немесе 3, 17г галогенмен әрекеттеседі. Галогеннің эквиваленттік массасын анықтаңыз.

3. 1л оттегінің массасы 1,4 ға тең. Магнийдің 21г массасын жағу үшін қанша литр оттек газы қажет, егерде магнийдің эквиваленті 0,5 мольге тең болса?

4. 80г металл оксидін тотықсыздану үшін 883 мл (қ.ж. өлшенген) сутек газы қажет. Оксид пен металдың эквиваленттік массаларын есептеңіз.

5. 16,8г металды еріту үшін 14,7г күкірт қышқылы жұмсалды. Металдың эквиваленттік массасын және бөленген сутек газының көлемін (қ.ж. өлшенген) анықтаңыз.

6. Белгісіз металдың 1,00г массасы 8,89г броммен немесе 1,78г күкіртпен әрекеттесе алады. Күкірттің эквиваленттік массасы 16,00 г/моль екендігін ескере отырып, бром мен металдың эквиваленттік массаларын анықтаңыз.

7. Қышқылдың 2,45г массасын нейтралдау үшін 2,00г натрий гидроксиді жұмсалды. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз.

8. Алюминий 0,376г массасы қышқылмен әрекеттесіп, нәтижесінде 0, 468л (қ.ж. өлшенген) сутек газы бөлінді. Алюминийдің эквиваленттік массасы 8, 99 г/моль екендігін ескеріп, сутек газының эквиваленттік массасын есптеңіз.

9. Хлордың эквивалентінің молярлық массасы 35,5г/моль, мыстың молярлық массасы 63,5 г/моль, ал мыс хлоридінің эквивалентінің молярлық масасы 99,5 г/моль. Мыс хлоридінің формуласын анықтаңыз.

10. Металдың эквивалентінің молярлық массасы 27,9 г/моль. Қалпты жағдайда ол қышқылдан 700 мл сутегін ығыстырады. Металдың массасын анықтаңыз.

11. Массасы 5,95г заттың 2,75г хлорсутектің өзара әрекеттесуінен 4, 40г тұз түзіледі. Түзілген зат пен тұздың эквивалентінің молярлық массасын есептеңіз.

12. Массалары 1,60г кальций және 2,61г мырыш қышқылдан бірдей мөлшерде сутегін ығыстырады. Егер кальцийдің эквивалентінің молярлық массасы 20,0 г/моль болса, мырыштың эквивалентінің молярлық массасы қандай болғаны?

13. Мыс екі оксид түзеді. Мыстың белгілі бір мөлшерінен түзілген бірінші оксидке, екінші оксидке қарағанда екі есе артық оттегі жұмсалады. Мыстың бірінші оксидтегі валентілігінің екінші оксидтегі валенттілігіне қатынасы қандай?

14. Ортофосфор қышқылы мен сілтінің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде Na2HPO4 тұзы түзіледі. Осы жағдайдағы ортофосфор қышқылының эквивалентінің молярлық массасының мәні қандай?

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

1. Берілген газдың массасын арттырғанда оның көлемінің артуы үшін қандай жағдай туғызуға болады?

А) температураны төмендету.

В) қысымды арттыру.

С) жағдайды тандауға болмайды.

2. Газдар үшін қалыпты жағдайдағы тмпература мен қысымның сәйкес мәндері:

А) t=250C; P=760 мм сын.бағ. В) t=00C; P=1, 013.105Па.

3. Ыдыс іші оттек және азот қоспасымен толтырылған. Газдардың массалары парциалдық қысымының қандай сәйкестіктерінде бірдей болады?

A) PO2 =PN2 B)PO2 = 0,875.PN2; C) PO2=1,14.PN2

4. Ауадағы оттектің парциалдық қысымы 22кПа. Көлем бойынша оттектің проценттік құрамы неге тең?

А) 42% ; В) 21% ; С) 10, 5 %

5. Бірдей жағдайда тең көлемді N2 мен O2 алынды. Газдардың массаларының қатынасы қандай?

А) mO2>mN2 ; B) mN2> mO2 ; C) mO2 = mN2

6.Бірдей көлемде H2 мен Cl2 араластырылды. Қоспа көлемі реакция өткеннен кейін қалай өзгереді?

А) өзгермейді; В) екі есе өседі; С) екі есе азаяды?

7. 1 моль HCl мен 1моль Cl2 (Tмен P бірдей) алатын көлемінің қатынасы қандай?

А) V HCl > VCl2 ; B) V HCl = VCl2 ; C) V HCl < VCl2 ;

8. HBr қыздырғанда толығымен айрылады. Сонда газ көлемі өзгермейді. Айырылу реакциясының өнімі қандай?

А) Н және Br атомдары; В) Н2 және Br2 молекулалары; С) Н2 молекуласы және Br атомы?

9. Ауа бойыша хлордың тығыздығы нешеге тең?

А) 2,44; В) 3, 0 С) тек тәжірибелік жолмен анықтауға болады.

10. Газ тәрізді оксид 30, 4% азоттан тұрады. Оксид молекуласына бір атом кіреді. Оттек бойынша газ тығыздығы нешеге тең?

А) 0,94; В) 1,44 С)1,50

12. 2,24г газдың (қалыпты жағдайда) массасы 2,8г. Газдың молекулалық массасы қандай (г/моль)?

А) 14; В)28 С)42

13. Сутегі арқылы салыстырмалы тығыздығы 8,5 тең болатын газ.

A) O2 B) H2S C)NH3 D) CO2 E)N

14. Көміртек пен азоттан тұратын қосылыста азоттың үлесі 53,8 масс.% . Ауа арқылы салыстырмалы тығыздығы 1,79 тең болса, заттың молекулалық формуласы:

A)CN B)C2N C)CN2 D) C2N3 E)C2N2

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

1. 27 0 C және 720мм сынап бағанасында газдың берілген бір мөлшері 5л көлем алады. Осындай газдың мөлшері температура 39 0C, ал қысым 104кПа болғанда қандай көлем алатынын анықтаңыз.

2. 12, 5мПа қысымда болат баллонның ішіндегі азоттың температурасы 17 0С. Балонның шектеулік қысымы -20, 3 мПа. Қандай температурада азоттың қысымы шектік мәніне жетеді?

3. 98,7 кПа қысымда және 91 0 C температурада газдың көлемі 680 мл көлем алады. Газдың қалыпты жағдайда алтын көлемі қандай?

4. 21 0 C температурада және 104,5 кПа (784мм сын бағ.) қысымда 1,28г металл сумен әрекеттескенде 380 мл сутегі бөлініп шығады. Металдың эквивалентінің молярлық массасын есептеңіз.

5. Сыйымдылығы 0,6м3 жабық ыдыста, 0 0C температурада 0,2кг CO2 0,4кг O2 және 0,15кг CH4 газдар қоспасы бар. Осы жүйедегі: а) қоспаның жалпы қысымын; б) газдардың әрқайсысының парциалдық қысымын; в) көлем бойынша қоспаның проценттік құрамын есептеңіз.

6. 200 C және 104,3кПа қысымда 0,350г металл қышқылдан 209 мл сутек су астында ығыстырылды. Осы температурада қаныққан су буының қысымы 2,3 кПа. Металдың эквивалентінің молярлық массасын есептеңіз.

7. Судың астында 26 0C температурада және 98,7 кПа қысымда 250 мл сутегі жиналған. 26 0C тағы су буының қаныққан қысымы 3,4 кПа. Қалыты жағдайда сутегінің көлемін және массасын.

8.Бірдей жағдайда оттек, сутек және метанның тең массалары алынды делік. Газдардың көлемдерінің қатынасын табыңыз.

9. Қалыпты жағдайда 1г ауа  773мл көлемді алады. Ауаның дәл сондай массасы 00C температура мен 93,3кПа (700мм.сын.бағ.) қысымда қандай көлемді алады?

10. Қалыпты жағдайда сутек газының 1,00 мл көлемінде қанша молекула болады?

11. Газдың 27.10 21 молекуласы қалыпты жағдайда қандай көлемді алады?

12. 21 0C температура мен 142кПа (1065мм.сын.бағ.) қысымда N2 газының 0,07кг массасы қандай көлемді алады?

13. Қалыпты жағдайда 200 мл ацетиленнің массасы 0,232г. Ацетиленнің мольдік массасын анықтаңз.

14. Көлемі 20л газометр газбен толтырылған. Осы газдың ауамен салыстырғанда тығыздығы 0,40. Газдың қысымы 103,3 кПа (774,8 мм.сын. бағ.), ал температурасы 170C. Газдың массасын есептеңіз.

15. Сынап буының ауамен салыстырғанда тығыздығы 6,92. Сынап буындағы молекуланың құрамына қанша атом кіретіндігін есептеңіз.

16. Белгілі бір температурада күкірт буының азотпен салыстырғандағы тығыздығы 9,14. Осы температурада күкірттің молекуласы қанша атомнан тұрады?

17. 170C температура мен 83,2кПа (624мм.сын. бағ.) қысымдығы ауаның 1м3 көлемінің массасын есептеңіз.

18. Берілген газдардың массаларын есептеңіз:а) 150C температурадағы және 100,7кПа (775мм.сын. бағ.) 2л Н2 ; б) 100C температура және 102,9 кПа (772мм.сын. бағ.) қысымдығы 1м3 N2 ;в) 200 С температурада және 99,9 кПа (749,3мм.сын. бағ.) қысымдағы 0,5м 3 Cl2 .

19. Қалыпты жағдайда кез келген газдың 1м3 көлемінің зат мөлшері қандай ?

20. 68, 2 бутан жанғанда қандай көлем CO2 түзіледі? Екі газдың да көлемі бірдей жағдайда өлшенген.

21. Жабық ыдыста 1200 С температура және 600кПа қысымда қоспа бар. Қоспа үш көлем O2 және CH4 ның бір көлемінен тұрады. Егер қоспаны жарып және ыдыстың ішіндегісін бастапқы температураға әкелсек, ыдыстағы қысым қандай болады?

22. Көлемі бірдей SO2 және O2 қоспасы контакт аппарат арқылы өткенде SO2 нің 90% SO3ке айналады. Контакт аппаратынан шығатын газ қоспасының құрамын (процент бойынша көлемдік үлесі) анықтаңыз.

23. Үш көлем Cl2 және бір көлем H2 тұратын қоспа, тұрақты температурада жабық ыдыста, жарық астында қалдырған. Біраз уақыттан кейін қоспадағы Cl2нің үлесі 20% ке азайды. Ыдыстағы қысым өзгерді ме? Қоспаның көлемдік үлесі қандай болды?

24. NH3 және Cl2 әрекеттескенде хлорсутек және азот түзіледі, NH3 пен Cl2 қандай көлемдік қатынастарда әрекеттеседі, ал алынған газдар ше?

25. 1,5кг мырышты тұз қышқылында еріткенде қанша көлем (17 0C және 102,4кПа қысымда ) сутек бөлінеді?

26. Белгісіз зат құрамына (массасы бойынша) 26,53% калий, 35,37% хром және 38,10% оттектен тұрады. Осы заттың ең қарапайым формуласын табыңыз.

27. Құрамында (массасы бойынша) 54,4% көміртек, 36,4% оттек және 9,1% сутектен тұратын май қышқылының буының сутек бойынша тығыздығы 44 екенін біле отырып, оның молекулалық формуласын табыңыз.

28. Құрамында (массасы бойынша) 93,75% көміртек және 6,25% сутектен тұратын затың ауа бойынша тығыздығы 4,41 екенің біле отырып, белгісіз заттың молекулалық формуласын табыңыз.

29. 4,3 көмірсутек жанғанда 13,2г CO2 түзілді. Көмірсутек бұының сутек бойынша тығыздығы 43. Заттың молекулалық формуласын табыңыз.

30. Массасы 1,88г құрамында бром болатын органикалық заттың толық жанғанда 0,88г CO2 және 0,3г H2O алынды.Өлшенді құрамындағы барлық бром күміс бромидіне айналғанда 3,76г AgBr алынды. Зат буының сутек бойынша тығыздығы 94 . Белгісіз заттың

молекулалық формуласын анықтаңыз.

31.Бір көлем белгісіз газбен екі көлем оттектен тұратын қоспа қопарылғанда екі көлем CO2 және бір көлем N2 түзіледі. Газдың молекулалық формуласын есептеңіз.

32. Көлемі 10см 3 дәнекерленген ампуладағы массасы 0,01г газ тәрізді хлорды 0-ден 273 0C-қа дейін қыздырған. Хлордың бастапқы 00C және 273 0C температураларда қысымын анықтаңыз.

33. 15 0C және 790мм сын.бағ. қысымда 10г көміртек (11) оксиді алатын көлемін табыңыз.

34. 18.10 23 сутек молекулаларының (қ.ж.) көлемі?

35. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 32 тең күкірт оксидінің молярлық массасын анықтаңыз.

36. 2 атм. қысымда және 100 0C температурада 68г аммиактың көлемі.

37. Көлемі 2,6л колбаға қысымы 2,3 атм және 260C температурада оттегі толтырылған. Колбадағы оттегінің моль санын анықтаңыз.

38. Гелий газдың біраз мөлшері 78 0C мен 45,6 атм қысымда 16,5л көлем алады. Осы газдың қалыпты жағдайда көлемі және моль саны қандай?

39. Бір газдың 0,70г массасы қалыпты жағдайда 560 мл көлем алады. Осы газдың салыстырмалы молекулалық масасын есептеңіз.

40. Қалыпты жағдайда азот (IV) оксиді 6,02 .10 22 молекулалары, көміртек (II) оксиді 6,02.10 23 молекулалары, көмірсутек 0, 602.10 23 молекулалары қанша моль болады және көлем алады.

41. 170C да, 780мм с.б. қысымда 106 мл газдың массасы 0,26г. Осы газдың молекулалық масасын есептеп шығарыңыз.

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

1. Атомдық орбиталь дегеніміз:

А) валенттік электрон орналасқан атомның кеңістік бөлігі;

В) электронның атомдағы болу мүмкіндігі максималды болатын кеңістік бөлігі;

С) атомның электрондық тығыздығы;

D) ядро маңайында электронның таралуы;

Е) атомдағы электронның қозғалу траекториясы.

2.Қысқаша электродық конфигурациясы …4s23d1 болатын затты анықтаңыз:

А) скандий В) мыс С) неон D)күміс Е) аргон

3.Элементтің химиялық қасиеттері оның қандай сипаттамасына байланысты?

А) топтың номеріне В) периодтың номеріне

С) атомдық массасына D) ядро

4. Төртінші энергетикалық деңгейдегі орбиталдар және электрондар саны:

А) 14 және 28 В) 4және 8 С) 9 және18 D) 16 және 32

5.Кеңістіктегі атомдық орбитальдың пішінің белгілейтін квант саны:

А) бас В)орбиталь С)магнит D)спин

6. Бесінші топқа жататын элементтердің электрондық конфигурациясы:

А)4d35s2 В)4s24p3 С)3d54s1 D)5s25p4 E)5s25p5

7. Элемент атомының сыртқы қабатшаларының электрондық құрылымы 5s24d1 болса оның периодтық кестеде орналасатын пеиоды мен тобын анықтаңыз:

A) VI период , 2 топ B) VI период, 3 топ C) V период, 3 топ

D) IV период, 5 топ E) V период, 4 топ

8. Элетрондық формуласы 6s25d106p3 аяқталатын элементтің периоды мен топтың нөмірін анықтаңыз:

A) VI және 2 B) VI және 3 C) V және 3 D) VI және 5

9. Радиусы ең үлкен болатын атомның электрондық формуласын анықтаңыз:

A) 2s2 B) 2s22p1 C)2s22p2 D)2s22p3 E)2s22p4

10. Электрондық формуласы 3s23p3 аяқталатын атомның жоғарғы валенттілігін анықтаңыз:

A) II B)III C)IV D) V E)VI

11. Құрамында электрондардың саны протондардың санынан көп болатын бөлшекті анықтаңыз:

A) Cl B) Ba+2 C) Al +3 D) S-2 E) F

12. F –ионының электрондық формуласы:

A) 1s2 B) 1s22s2p4 C) 1s22s22p5 D) 1s22s22p6 E)2s2

13.Электротерістігі ең жоғары болатын атомды белгілеңіз:

A) Na B) Mg C) P D) O E) N

14. Иондану энергиялары кему арқылы орналасқан элементер реті:

A) Sr, Ba, Ca, Mg B) Al, Si, P, S C) Li, K, Rb, Cs

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

1. Электрондық құрылымы 1s22s22p63s23p63d74s2 болатын элементті атандар.

2. Ядроларының зарядтары 3,8,23, 31 болатын элементтердің электрондық формулалары мен конфигурацияларын келтіріндер.

3.Мыс атомының электрондық формуласы мен электрондық конфигурациясын келтіріндер. Электрондарға толған және толмаған деңгейлерді көрсетіңдер.

4. Титан (Ti) мен ванадий (V) атомдарында қанша бос d-деңгейше бар? Осы d-деңгейшелердің конфигурацияларын келтіру.

5. V период элементтерінің рет нөмерлері 37, 43, 48, 52 және 54-ке тең электрондық формулаларын жазып, элементтердің ұқсас топтардың қайсысына жататынын анықтандар. 72..

6. IV период кальций (Ca), скандий (Sc), селен(Se) және марганец (Mn) элементтерінің электрондық формулаларын жазып, элементтердің ұқсас топтардың қайсысына жататынын анықтандар.

7. II және III период элементтерінің электрондық формулалары мен электрондық конфигурацияларын келтіріп, s- және p- элементтерді атандар.

8. IV, V және VI период элементтерінің ішінен d-орбитальдары электрондарға толған элементтерді атандар. Солардың электрондық формулаларын жазып, перидтық кестеде алатын орнын (период, топ, топша) көрсетіндер.

9.Қай период элементтерінің конфигурациялары мынадай болып келеді: a)6p3; б)4f9; в) 7d3; г) 5f5 ?

10. Периодты кестедегі 83 элемент атомының электрондық формуласын жазып, қай тип элементтеріне жататының, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттілігін анықтаңыз.

11. Хлор атомының электрондық формуласын жазып, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін, және сәйкес келетін қосылыстарын келтіріңіз.

12. Бор атомының электрондық формуласын жазып, элементің қандай түріне (s-, p-, d-, f-) жатандығын, қалыпты жағдайда жұптаспаған электрондар санын анықтаңыз.

13. Периодты кестегі 51элемент атомының электрондық формуласын, қалыпты жіне қозған күйлеріндегі валенттіліктерін және сәйкес келетін қосылыстарын жазыңыз.

14. Атомының электрондық формуласы былай аяқталатын ... 3d64s2 элементтің периодтық кестеде орналасқан орнын, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықтаңыз.

15. Атомының электрондық формуласы былай аяқталатын ... 4d105p1 элементтің периодтық кестеде орналасқан орнын, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықтаңыз.

16. Берілген иондардың Bi+3, Sn+2 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

17.VII периодта орналасқан элементтердің электрондық конфигурациясы 5f36d1. Ол қай элемент? Соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

18. 152 63 Eu изотопы ядросының құрамындағы протон мен нейтрон саңдарын есептеңіз.

19. Берілген иондарының Ta+5, N+4 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

20. Берілген иондарының Fe+3, Cl-1 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

21. Берілген иондарының N-3, Mn+2 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

22. Германий Ge атомының электрондық формуласын жазып, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін , және сәйкес келетін қосылыстарын келтіріңіз.

23. Азот атомының электрондық формуласын жазып, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін , және сәйкес келетін қосылыстарын келтіріңіз.

24.Реттік номірі 61, 62 элементтер атомдарында бос f-орбитальдарының саны қанша? Хунд ережесі негізінде осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

25. Sc, Ti, V элементтер атомдарында бос d -орбитальдарының саны қанша? Осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

26. Реттік номірі 91,92 элементтер атомдарында бос f-орбитальдарының саны қанша? Хунд ережесі негізінде осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

27. Fe, Zr, Ta элементтер атомдарында бос d -орбитальдарының саны қанша? Осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

28. Электрондық құрылысы мыналарға сәйкес келетін: а) s2p4; б)d3s2; в)p6s1;г) s2p3;е) p6d2s2 элементтердің топтары мен топшаларын атаңдар. Бұлардың қайсысы металдарға, қайсысы бейметалдарға жатады?

29. Сыртқы және сырттан ішкі қабаттардың электрондық құрылысы мыналарға сәйкес келетін: 3s23p63d54s2; 4s24p64d55s2; 5s25p65d56s2 элементтерді және қандай типке (s-, p-, d-, f-) жататын анықтаңыз. Осы элементтердің жоғары тотығу дәрежедегі оксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?

30. Иондану потенциалдарының мәндеріне қарай Be, Mg, Ca, Sr, Ba элементтердің қайсысы нағыз металдық қасиеттер көрсетеді?

31. Электротерістіктер мәндері негізінде O, S,Se, Te элементтер ретінде электрон қосып алу қабілеттерінің өзгеруің түсіндіріңіз.

32. Элементтердің периодтық кестесінің Iтобының элементтерінің біріншілей иондану потенциалдарының мәні (B) сәйкесінше: Li-5,4; Cs-3,9; Cu-7,7; Au-9,2 а) I топтың элементтерінің қай топшасындағы элементтердің металдық қасиеттері мейлінше айқын байқалады? б) топшалардағы иондану потенциалдарының мәндерінің өзгеру жолдарының әртүрлілігін немен түсіндіруге болады?

33.Асыл газдардың атомдарының иондану энергиясы (эВ): He-24,6; Ne-21,6; Ar-15,8; Kr-14,0; Xe-12,1; Rn-10,8 құрайды. Осы топшадағы иондану энергиясының өзгеру жолын түсіндіріндер.

34.a) Sn2+; б) Sn4+; в) Mn2+;г)Cu2+;д) Cr3+;е) P3- иондарының электрондық формуласын жазындар.

35. Периодтық жүйенің VI топ элементтерінің ішінен электрондық аналогтарды атандар. Осы элементтер атомдарының валенттік электрондық деңгейшелерінің электрондық формулаларын жалпы түрде жазындар.

36.Не себептен хром мен кіүкірт, фосфор мен ванадий периодтық жүйеде бір топта орналасқан? Неліктен оларды әртүрлі топшаға орналастырады?

37. Ядро зарядтары a) 8; б)13;в)18;г) 23;д) 53;е) 63;ж)83 болатын элемент атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар.

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет