Контейнерге енгізу командасы
Ерекшеленген объектті басқа объектінің ішіне – контейнерге орналастыруға мүмкіндік береді. алғашқы объектінің контейнерге сыймай қалған бөлігі көрінбейді.
Контейнерден алу (Извлечь содержимое) командасы
Алғашқы объектіні контейнерден алып тастауға мүмкіндік береді.
Редактрлеу (Редактировать содержимое) командасы
Контейнердегі объектіні редактрлеуге мүмкіндік береді. Сонда редактрлеуді аяқтау Завершить редактирование командасымен жүзеге асады.
Растрлық бейнелерді өңдеу
Растрлық бейнелерді қою үшін Файл – Импорт командасы пайдаланылады. Сонда орнату шартын анықтауға болады (алғашқы бейненің тек бөлігін ғана қою немесе қою кезінде алғашқы өлшемін өзгерту), бірақ сол операцияларды бейнені қойғаннан кейін де орындауға болады.
Бейненің өлшемін өзгерту Таңдау (Выбор) құралы немесе Точечный рисунок – Изменить размер командасын таңдау арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар көрсетілген команда көмегімен қажет нәтижеге байланысты растрлық бейне түрін өзгертуге болады.
Форма құралы бейнені дербес формада алуға мүмкіндік береді. Сонда қисықтың тораптық нүктелерін қосуға немесе жоюға болады.
Пышақ құралы көмегімен дербес қисық бойынша бейнені қиюға болады.
Резинка құралы бейненің бөлігін жоюға мүмкіндік береді, сонда бүтін фрагменттерді Arrange -> Break RGB Bitmap Apart командасы көмегімен бір-бірінен алыстатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |