ПОӘК 042-18-12 57/03-2013 №3 басылым 09. 09. 2013ж 03. 09. 2012ж



бет1/2
Дата21.07.2017
өлшемі391,6 Kb.
#21495
  1   2

ПОӘК 042-18-12.1.57/03-2013

№3 басылым 09.09.2013ж 03.09.2012ж

№2 басылым орнына



беттің




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.57/03-2013



ПОӘК

«Лицензиялау және сертификаттау негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



№3 басылым 09.09.2013ж 03.09.2012ж

№2 басылым орнына




«ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ НЕГІЗДЕРІ»

5В090100 – «Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығына арналған

пәнінен оқу-әдістемелік кешен



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Зертханалық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы


1. Глоссарий


  • Аккредитация – Сертификаттау немесе сынамалау зертханасы ретінде анықталған облыста жұмыс атқаруға құқық беретін мемлекеттік өкілеттің ресми рұқсаты.

  • Аттестат аккредитации – Белгілі бір жұмыс облысында қызмет жасауға рұқсат беретін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес берілетін құжат.

  • Аудит (сертификаттауда) – сертификаттау немесе сынамалау зертханаларының аккредитацияланған ұйымдарының тәуелсіз зерттеуі.

  • Сертификация – Өнімнің, үрдістің, жұмыс немесе қызметтің нормативті құжаттарда бекітілген талаптарға сай екенін көрсететін жазбаша растау

  • Тауардың пайда болу сертификаты – өнім шығарылған мемлекетті растайтын құжат

2. Дәрістер


Дәріс сабағының құрылымы:
1 дәріс. Сертификаттау. Негізгі түсініктер.

Дәріс сабағының мазмұны:

  • Сертификацияны анықтау.

  • Сертификацияның мақсаты.

  • Сертификацияға қатысушылар.

«Сертификация» термині (латынша – «дұрыс істелінген») біздің елімізге енгеніне көп болған жоқ. Бірақ та мағынасы бәрімізге мәлім. Бұрындары Мемлекеттік сынақ тексерулері болған. Ерте кезде тауарларға өздерінің таңбаларын салған және ол таңба сол тауардың кепілдігі мен жоғары сапасын көрсеткен (Фаберже фирмасының тауары және т.с.с.). Сертификация деп біз сатушының тауардың сапасы талапқа сай екенін сатып алушыға жеткізуін айтамыз. Халықаралық стандарттау ұйымы мен Халықаралық электротехникалық ұйымы, сертификаттау бұл үшінші жақтын сатып алушыға белгілі тауардың талапқа сай екеніне кепілдік береді.

Анықтама:

1) Сертификацияға қатысқан немесе өткізген, үшінші жақтын не екінші жақтың дербестігі.

2) Бұйымдар анықталуы тиіс, белгілі бір сынақтан өтуі қажет. Тауарды алдын ала берілген шарт бойынша талапқа сай болуы қажет. Шарт бойынша берілген талаптан бөлек енгізулерді енгізуге болмайды.

3) Сертификация айқындағышы – берілген бір бұйымның жазбаша түрде талаптарға сай екенің растайтын құжат.

Сертификация арқылы қолданушыға бұйымның қашан, қайда шыққан туралы, құжаттарғы шарттардың толығымен орындалуына толық кепілдік береді.


Нарықтың дамуына жаңа жүйенің қалыптасуы мен басқару механизмі кіреді. Нарықтық экономиканың дамуының негізгі принципы құқықтың кеңейуі мен шаруашылықтағы субьектердің жауапкершілігі (кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің). Шаруашылық қызметтің ең маңызды реттеуіштерінің біріншісі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, екіншісі, бағытталған өнімнің денсаулыққа, мүліктін және табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Сертификацияны анықтау.

  2. Сертификацияның мақсаты


Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии; Учебник для вузов. 2-е издание. - М.: ЮНИТИ, 2000г.

2.Исаев Л.К., Малиновский В.Д. Метрология и стандартизация в сертификации. - М.: Издательство стандартов, 1996г.


2 дәріс. Сертификаттаудың заңнамалық базасы

Дәріс сабағының мазмұны:

  • «Қызметтерді және өнімдерді сертификаттау туралы» заңы

  • Сәйкестік декларациясы

ИСО/МЭК 23 көмек құралына сәйкес сертификат келесідей минималды ақпаратты қамтуы керек:

  • Сертификаттау ұйымы, мекен-жайы туралы мәліметтер;

  • Сертификатталған өнім (қызмет) туралы мәліметтер;

  • Атауы, моделі, шығарылған партия нөмірі;

  • Дайындаушының (орындаушының) атауы және мекен-жайы;

  • Өнімнің дайындалуы немесе жеткізілуі жүретін құжаттар;

  • Нормативтік құжаттар туралы мәлімет;

  • Сертификат берілген күні – сертификаттың әрекет ету мерзімі;

  • Сертификациялау ұйымының басқарушының қызметі мен қолы.

Сертификат заңды құжат, сондықтан қол қойған адам оның ішіндегі ақпараттың дұрыстығына жауапты. Сертификатпен қатар «Сертификаттың әрекет ету облысы» берілуі мүмкін.

Сәйкес келуін айқындау өндіруші (сатушы, орындаушы) қабылдаған сәйкес келу декларациясы арқылы жүргізіледі.

Сәйкестік декларациясы өндіруші (сатушы, орындаушы) жеткізілетін (сатылатын) өнімнің орнатылған талаптарға сәйкес келетінін көрсететін құжат. Сәйкестік декларациясына сай келетін өнім тізімі, сәйкестік декларациясына қойылатын талаптар және оны қабылдау реті ҚР үкіметімен бекітіледі. Орнатылған ретпен қабылданған сәйкестік декларациясы сертификаттау ұйымында тіркеледі және оның заңдық күші сәйкестік сертификатының деңгейінде болады.

Сәйкестік белгісі – орнатылған ретпен қорғалған, қолданылатын немесе сертификаттау жүйесінің ережелеріне сай берілген, және өнім, үрдіс, немесе қызмет стандартқа немесе басқа да бір нормативтік құжатқа сай екеніне сенімділік тудырады (ИСО/МЭК 2).

Сәйкестік белгісі мүмкіндігінше тауар қорабында, өнім паспортында, өнімнің өзінде, қосымша құжаттарында (квитанция, чектер, кепілділік талонында, т.б.) беріледі. Сәйкестік белгісі ГОСТ Р 50460-92 сәйкес орындалуы керек. Сәйкестік белгісі ретінде сертификат берген сертификаттау ұйымының кодын берген ыңғайлырақ болады. Сәйкестік белгісі сертификаттау ұйымының атына тіркеледі. Сәйкестік белгісінің қожайыны ғана оны қолдануға және басқаруға құқығы бар.

Сәйкестік белгісі пайдаланушыға мынадай ақпарат береді:

Бұл объектіге белгілі бір талаптар қойылған және оларды (қалаған жағдайда) білуге болады;

Бұл талаптар үшінші жақпен тексерілген және оның кім екенін білуге болады;

Объект қойылған талаптарға сай келеді.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Сертификаттау жүйесінің бағыты, құқықтық және нормативтік құжаттары, және ұйымдастыру құрылымы.

  2. Сертификаттау ұйымы мен сынақ өткізетін зертханалардың техникалық жабдықталуы және жауапкершілігі.

  3. Сертификаттау ұйымдары мен сынақ өткізетін зертханалардың сапасы бойынша көмек құралы.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии; Учебник для вузов. 2-е издание. - М.: ЮНИТИ, 2000г.

  2. Исаев Л.К., Малиновский В.Д. Метрология и стандартизация в сертификации. - М.: Издательство стандартов, 1996г.


Дәріс 3. Автомобильдік транспорттағы сертификаттау жүйесі.
Дәріс сабағының мазмұны:

  • Механикалық транспорттық құралдарды сертификаттау жүйесі

  • Транспорттық құралдың типін мақұлдау

  • Мұнай өнімдерін сертификаттау жүйесі

  • Жүк тасымалдау қызметін сертификаттау жүйесі

Автомобильдік транспортты сертификаттау жүйесі үнемі даму үстінде келеді. Қазіргі кезде ол біртекті өнім мен әртүрлі бағыттағы қызметті сертификаттау жүйесінің кешені болып табылады (сур. 1).


Сур 1. Автомобильдік транспортты сертификаттау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары.


Сертификаттау жүйесін дайындау және енгізу өзіне ұқсас халықаралық жүйені, объектінің техникалық мінездемесін және жұмыс істеу әдісін, таратылу облысын ескере отырып біркелкі процедуралармен іске асады.

Механикалық транспорттық құралдарды сертификаттау жүйесі Женеве келісімі (1987 ж.) мен Вендік жол жүрісі конвенциясынан (1968 ж.) шығатын міндеттемелер мен талаптарды ескереді.

Механикалық транспорттық құралдарды сертификаттаудың барлық үрдісін жекелеген этаптарға бөлуге болады. Олардың барлығы сертификаттауда қолданылатын қызмет түрлерімен байланысады:


  • Жаңа автомобильге орнатуға арналған агрегаттар, түйіндер, бөлшектер (яғни, құрама бөліктер);

  • Транспорттық құралдың жекелеген қасиеттері (мысалы, тежегіштің эффективтілігі);

  • Жалпы механикалық транспорттық құрал (қасиеттердің жиынтығы – агрегаттар, түйіндер, бөлшектер)

Айтылған әрбір этапты аяқтау объектінің қойылған талаптарға сай екенін көрсететін әртүрлі құжаттармен безендірілуі мүмкін:

Сәйкестік сертификаты – агрегатқа, түйінге, бөлшекке немесе басқа бір қасиеті бойынша;

Жалпы механикалық транспорттық құралға – транспорттық құралдың типіне рұқсат беру.

Транспорттық құралдың типі – техникалық баяндауда белгіленген бірдей конструктивті белгілердің жиынтығын мінездейтін транспорттық құралдың мінездемесі.

Транспорттық құралдың типін мақұлдау – транспорттық құрал транспорттық құралдың типіне қойылатын техникалық талаптардың барлығына сәйкес келетініне кепілдеме беретін, орнатылған процедураға сәйкес растайтын құжат.

Механикалық құралдарды сертификаттау жүйесінің орталық ұйымы болып ҚР машина жасау Мемстандартының стандарттау және сертификаттаудың Бас басқармасы болып табылады.

Гараж жабдықтары қызмет етуші персонал мен қоршаған ортаға қауіпті өнімдерге жатады. Гараж жабдықтарын сертификаттаудың халықтық ұйымы ҚР Мемстандарты (машина жасау басқармасы), жүйенің орталық ұйымы – ҚР ТрансМинінің автомобильдік транспорт Департаменті. Жүйенің ережелері бойынша бұл өнімді сертификаттау нәтижесінде сәйкестік сертификаты беріледі.

Мұнай өнімдерін сертификаттау жүйесі мемстандарттың қаулысымен енгізілген. Жүйе аумағында халықтық шаруашылыққа арналған мұнай өнімдерінің кең номенклатурасын сертификаттау қарастырылған.

Жүйе қолданылады:


  • моторлық жанар жағармайдың барлық түрі (ракетанікінен басқасы, қатты әрі күнделікті қолданылатын);

  • турбиндік, компрессорлық, трансмиссиондық, гидравликалық және мұздатқыш жағылатын майлар;

  • пластикалық жақпалар;

  • қатты жағу материалдары және арнайы сұйықтықтар (тормоздық, суытқыш және т.б.);

  • барлық қалдықтар мен препараттар жоғарыда айтылған өнімдер үшін.

Қызметтердің бағыты бойынша ұйымдастыру жұмыстары келесі ретпен жүреді:



  • мұнай өнімдерін, арнайы сұйықтықтарды, қалдықтар мен препараттарды сертификаттау;

  • жай сынамаларды өткізу;

  • квалификациялық сынамаларды өткізу;

  • өндірісте қолдануға рұқсат беру және жанар-жағар материалдарды және арнайы сұйықтықтарды пайдалану.

Мұнай өнімдерін сертификаттау жүйесі міндетті, сонымен қатар ерікті сертификаттауды қарастырады. Ол өнімді дайындаушы, сатушы немесе тұтынушы санатынан жүргізіледі. Міндетті сертификациялауға жататын мұнай өнімдерінің номенклатурасын ҚР мемстандарты орнатады.

Жүк тасымалдау қызметін сертификациялау дайындалу сатысында оның негізгі критерийлері қозғалыс және өмір, денсаулық, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан ең бірінші қауіпті жүктерді тасымаладау қарастырылады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Сертификациялық сынамаларды жүргізудің негізгі ережелері.

  2. Сапа жүйесін (СЖ) сертификаттаудың негізгі этаптары: СЖ құжаттарын алдын-ала бағалау, кәсіпорындағы СЖ элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру, сертификаттау туралы шешім қабылдау.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. - М.: Юрайт, 2000г.

  2. Грузоведение, сохранность и крепление грузов. Под редакцией доктора технических наук Смехова А.С. М: «Транспорт», 1989 г.


Дәріс 4,5. Автомобильді техникалық қамсыздандыру және жөндеу (ТҚ және Ж) қызметін сертификаттау реті.
Дәріс сабағының мазмұны:

  • Сертификаттауға арналған сынақтарды (тексерулерді) өткізу.

  • Жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді бағалау.

  • Өндірістің жай-күйіне анализ жасау.

  • Нормативтік және техника-технологиялық құжаттардың тізімі.

Бұл дәрісте қызметтерді сертификаттау ұйымы (ҚСҰ) орындайтын автомобильдерді техникалық қамсыздандыру және жөндеу (ТҚ және Ж) қызметін сертификаттау үрдісінің негізгі жағдайлары қарастырылған. Бұл жағдайлар ГОСТ қызметтерді сертификаттау жүйесінің талаптарына сай негізделген.

Автомобильді техникалық қамсыздандыру және жөндеу қызметін сертификаттауға тапсырыс беруші ГОСТ Р сертификаттау жүйесі және автомобильдік транспортты қалауы бойынша сертификаттау жүйелері (АТ ҚС) орнатқан қызметтер мен құрылымын анық білуі керек. ҚСҰ сертификаттайтын міндетті түрде сертификатталатын қызметтер тізімінің құрамында «ҚСҰ-ның аккредитациялау облысы» деп аталатын ҚСҰ аккредитация аттестатына қосымша бар. Автомобильді техникалық қамсыздандыру мен жоғарыда айтылған автомототранспорттық құралдарды сертификаттау жүйелерінің жұмыс істеу құрылымдары арасында айырмашылық бар екенін ескеру керек. Бұл айырмашылықтарға қарамастан сертификаттауға ұсынылатын қызмет құрылымы тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің жалпыресейлік классификаторына (ОКУ НОК 002-93) сәйкес келуі керек.

Қызметті сертификаттау төмендегі негізгі этаптарды орындауды қарастырады:



  1. Сәйкестік сертификатын іздеуші (ары қарай – тапсырыс беруші) ұсынған өтініш экспертизасы.

  2. Экспертиза нәтижелері бойынша шешім қабылдау.

  3. Сертификаттау схемасын таңдау.

  4. Таңдалған сертификаттау схемасына сай сертификаттау сынақтарын (тексерулерін) өткізу.

  5. Алынған нәтижелерді анализдеу және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндіктері туралы шешім қабылдау.

  6. Сәйкестік сертификатын беру және сертификатталған қызметті жүйенің реестіріне енгізу.

  7. Сертификатталған қызмет мінездемелерінің нормативтік құжаттардағы талаптарға сай болу тұрақтылығын бақылауды орындау.

Міндетті немесе қалауы бойынша сертификаттауды өткізу үшін өтінуші ҚСҰ-ға сертификаттау жұмыстарын (ары қарай – өтініш) өткізуге өтініш береді. ҚСҰ өтінішті қабылдап оны экпертизациялауды өткізеді. Нәтижелер дұрыс болған жағдайда шешім қабылданып сертификаттау жұмыстарын өткізу келісім шартының жобасы өтінушіге ұсынылады.

Сертификаттауды өткізу жөніндегі өтініш қабылданған жағдайда ҚСҰ және өтінуші келісім шартқа отырады. Оның ішінде жұмыс көлемі, этаптары, мерзімдері және бағасы көрсетіледі. Экспертиза кері нәтижелерге әкелсе келесідей шаралар өткізу керек:


  • Егер ескертулерді жоюға болатын болса, онда өтінуші оларды жоюға байланысты жұмыстар жүргізеді. Келісім шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес өзгертулер енгізіледі;

  • Егер ескертулер жойылмайтын болса, онда ҚСҰ келісім шарт бойынша сертификаттау жұмыстарын тоқтатып, «Сертификат бермеу шешімін» қабылдайды. Сертификаттауды қайтадан өткізу процедурасы бұл өтінуші үшін ортақ негізде болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. - М.: Юрайт, 2000г.

  2. Грузоведение, сохранность и крепление грузов. Под редакцией доктора технических наук Смехова А.С. М: «Транспорт», 1989 г.


Дәріс 6,7,8. Автотранспорттық құралдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметі бойынша сертификаттау методикасы

Бұл бөлімде қызметті сертификациялау органдары іске асыратын, автомобилдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді сертификациялаудың негізгі процедуралары қарастырылады. Бұл положениялар ГОСТ Р қызметті сертификациялау жүйесінің требованияларының сәйкестігіне негізделген. Бұл материалдарды дайындауда сонымен қатар ИСО/МЭК2, 7, 16, 23, 27, 28, 40 Басқармасының положаниялары пайдаланылды. Пайдаланылған терминдер, түсініктер және олардың анықтамалары Россия Федерациясының Заңдарымен «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Стандартизациялау туралы», «Өнімді және қызметті сертификациялау туралы», ИСО/МЭК 2 Басқармасы және ИСО 8402 стандартымен сәйкес келеді.

Автомобилдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді сертификациялауға өтініш беруші, ГОСТ Р сертификациялау жүйесінің және автомобилдік көлікте өз еркінше сертификациялау Жүйесімен бекітілген, қызметтің құрылымы мен тізімін білу керек. Перечень услуг, подлежащих обязатель­ной сертификации и сертифицируемых ОСУ, нормативных доку­ментов, регламентирующих технические требования к услугам и методам определения результатов предоставления услуг, содержит приложение к аттестату аккредитации ОСУ, называемое «Область аккредитации ОСУ». Необходимо отметить имеющиеся различия между сложившейся структурой работ по технической эксплуата­ции автомобилей и предлагаемыми вышеназванными системами сертификации автомототранспортных средств. Несмотря на имеющиеся различия структура услуг, заявляемых на сертифика­цию, должна соответствовать Общероссийскому классификатору услуг населению (ОКУ НОК 002-93).

Қызметті сертификациялауды жүргізу реті келесі негізгі этаптардың орындалуын қарастырады:



  1. Сәйкестік сертификатын ұсынған соискательдің, өтінішін экспертизаға беру( әрі қарайӨтінушімен).

  1. Экспертиза нәтижесі бойынша шешім қабылдау.

  1. Сертификация схемасын таңдау.

  2. Таңдалған сертификациялық схемамен сәйкес келуін сертификациялық сынауды өткізу.

  3. Алынған нәтижелерді анализдеу және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігі жайлы шешім қабылдау.

  4. Сәйкестік сертификатын беру және сертификатталған қызмет Жүйесінің Реестріне енгізу.

Міндетті түрде немесе ерікті түрде қызметті сертификациялау үшін Өтінуші ОСУ-ға сертификациялау бойынша жұмыс жүргізуге өтініш береді. Өтініш формасы 2.3 суретте көрсетілген. ОСУ өтінішті тіркейді және оны экспертизадан өткізу жұмыстарын жүргізеді. Оң нәтиже берген жағдайда Шешім (2.4-сурет) қабылдайды және Өтінушіге сертификациялау бойынша жұмыс жүргізуге келісім проектісін береді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Транспорттық құралдың типін өзгерту

2.Инспекциялық бақылау.

3.Өнімнің сертификаттау талаптарына сай емес болғанда қолданылатын шаралар



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. - М.: Юрайт, 2000г.

  2. Грузоведение, сохранность и крепление грузов. Под редакцией доктора технических наук Смехова А.С. М: «Транспорт», 1989 г.

Дәріс 9,10,11. Жолаушыларды автомобильдік транспортпен тасымалдау қызметін сертификаттау реті

Автомобильді техникалық қамсыздандыру және жөндеу қызметін сертификаттауға тапсырыс беруші ГОСТ Р сертификаттау жүйесі және автомобильдік транспортты қалауы бойынша сертификаттау жүйелері (АТ ҚС) орнатқан қызметтер мен құрылымын анық білуі керек. ҚСҰ сертификаттайтын міндетті түрде сертификатталатын қызметтер тізімінің құрамында «ҚСҰ-ның аккредитациялау облысы» деп аталатын ҚСҰ аккредитация аттестатына қосымша бар. Автомобильді техникалық қамсыздандыру мен жоғарыда айтылған автомототранспорттық құралдарды сертификаттау жүйелерінің жұмыс істеу құрылымдары арасында айырмашылық бар екенін ескеру керек. Бұл айырмашылықтарға қарамастан сертификаттауға ұсынылатын қызмет құрылымы тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің жалпыресейлік классификаторына (ОКУ НОК 002-93) сәйкес келуі керек.

Сәйкестік белгісі мүмкіндігінше тауар қорабында, өнім паспортында, өнімнің өзінде, қосымша құжаттарында (квитанция, чектер, кепілділік талонында, т.б.) беріледі. Сәйкестік белгісі ГОСТ Р 50460-92 сәйкес орындалуы керек. Сәйкестік белгісі ретінде сертификат берген сертификаттау ұйымының кодын берген ыңғайлырақ болады. Сәйкестік белгісі сертификаттау ұйымының атына тіркеледі. Сәйкестік белгісінің қожайыны ғана оны қолдануға және басқаруға құқығы бар.

Сәйкестік белгісі пайдаланушыға мынадай ақпарат береді:

Бұл объектіге белгілі бір талаптар қойылған және оларды (қалаған жағдайда) білуге болады;

Бұл талаптар үшінші жақпен тексерілген және оның кім екенін білуге болады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. - М.: Юрайт, 2000г.

  2. Грузоведение, сохранность и крепление грузов. Под редакцией доктора технических наук Смехова А.С. М: «Транспорт», 1989 г.


Дәріс 12. Лицензия ұғымы.Лицензия шарттары, талаптары және мазмұны.

Лекция сабағының мазмұны:

  • Лицензия ұғымы.

  • Лицензия талаптары.

  • Лицензия қолданылатын территория.

  • Лицензияның жарамдылық уақыты.


Лицензия – лицензиялаудың қызметтік түрінің іске асуына оның міндеттіталаптары мен шарттарын сақтай отырып, лицензиялау органдары арқылы заңды тұлға мен индивидуальды кәсіпкерге рұқсат беру.

Заң шығарушы лицензиялық талаптар туралы айтады. Заң шығарушымен сәйкес олардың ішінде міндетті және арнайы талаптар мен шарттарды ерекшелеуге болады.

Лицензияның міндетті талаптары мен лицензиялау қызметінің түрін іске асыруда заң шығарушы қарайды: ҚР заңның сақталуы, экологиялық, санитарлы-эпидемиологиялық, гигиеналық, өртке қарсы нормалар мен тәртіптің, сондай-ақ қызметтің нақты турлерін лицензиялау жағдайы. Заң шығарушы міндетті талаптармен қатар арнайы талаптарды да қарастырады. Қызметтің лицензиялық түріне арнайы блімді іске асыруды талап ететін лицензиялауды ізденуші мен лицензия алушының квалификациялық талаптарын орындау жатады.

Лицензияланатын қызметтінің түріне қатысты қосымша лицензиялық талаптар мен шарттар қызметтінің нақты түрінің лицензиялау жағдайында анықталады. Лицензия мерзім, шекара, лицензия алушы субъектімен, сондай-ақ лицензия алынған қызметтермен шектеледі.

Лицензия қызметінің лицензияланатын әр түріне жеке беріледі.

Лицензия алу іске асырылған қызмет түрі тек заңды тұлға немесе индивидуальды кәсіпкер алған лицензия арқылы орындалады.Яғни, лицензияны басқа заңды тұлғаға немесд кәсіпкерге беру заңмен шектелген. Бұл дегеніміз, лиц5нзия алу кезінде, лицензия алушы бірнеше индивидуалды лицензиялық талаптарды орындайды.

Заңды тұЛғаны лИквидациялау немесе жеке тұлғаның мемлекетBік регистрацияда индивидуалды кәсіпкер ретінДе куәлік уақытының аяқталуы лицензияның заңды күшін жояды.

Лицензиялауда қолданыдатын шекара.

Мемлекеттік билік органдары арқылы берілген лицензияны іске асыратын қызмет ҚР-ның барлық территориясында орындалады.

РФ-ның лицензиялау орган субъектісімен іске асырылатын қызмет сол РФ-ның субъектісінің территориясында орындалады. Ал басқа субъектінің территориясында, біздің тәртібіміз бойынша, ол лицензиялау органдАры арқылы лицензия алушыны куәләндірушарты болғанда іске асырылады.

Егер осы тәртіп бұзылса, онда РФ-ның заңы бойынша лицензия алушы жауап береді.

Бірақта, мысалы, лицензиялауда алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат берілсе, ол тек лицензия берілген территорияда орындалады. Ол органдар – жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Лицензиялау шұғыл рұқсат ретінде қарастырылады, яғни уақыттың шеклелуі.

Лицензия уақыты оның берілу уақыты аралығында жарамды. Лицензия уақыты лицензияланатын қызметтің нақты түріне байланысты болады, бірақ ол үш жылдан артық болмауы керек. Федералды заң мен жағдайларға байланысты лицензияланатын қызметтің нақты түрінде мерзім көрсетілмейді.

Лицензия үш жылдан кем емес уақытқа лицензия іздеушінің өтініші арқылы беріледі.

Лицензиялау уақыты лицензия алушының өтінішімен ұзартылады. Лицензиялау уақытын ұзарту, егер лицензиялау қызметі барысында оның талаптары мен шарттарының орындалмағандығы белгілі болған жағдайда орындалмайды.

Лицензия мазмұны керекті реквизиттерден тұрады.

Лицензияда көрсетіледі:


  • Лицензия берген органның атауы;

  • Заңды тұлға үшін – атауы және мекен жайы;

  • Индивидуалды кәсіпкер үшін – аты-жөні, құжаттық мәліметтер (сериясы, нөмірі, кіммен және қашан берілген, мекен-жайы);

  • Лицензия берілген қызмет түрі;

  • Лицензияның уақыты;

  • Лицензиялау қызметінің орындалу шарттары;

  • Лицензиялаудың регистрациялық нөмірі және берілу уақыты.

Лицензия лицензиялау органы жетекшісімен тіркеледі және осы органның мөрі басылады.

Айта кететін жайт, лицензия бланкілері бағалы қағаз деңгейінде есептік сериясы және нөмірі бола алады. Олар маңызды құжаттар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет