ПОӘК 042-18-12 67/02-2015 №3 басылым ж



Дата08.06.2018
өлшемі124 Kb.
#41151

ПОӘК 042-18-12.1.67/02-2015

№3 басылым ________ж

11.09.2014 ж №2 басылым орнына



беттің -беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.67/02-2015



ПОӘҚ

«Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнінің білім алушыларға арналған бағдарламасы



№3 басылым ________ж

11.09.2014 ж №2 басылым орнына




«Кәсіби бағытталған шет тілі»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығына арналған



ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2015

Алғы сөз

1 Әзірленді

Құрастырған ___________ «____» _________2015 ж Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Сагатбекова А.Б.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2. Талқыланды

2.1 Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама № _____, « » ______________2015 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ С.К. Смагулов

2.2 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде

Хаттама № ______, « » ____________ 2015ж.

Төрайымы__________ Б.Ш.Турусбекова

3 бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды

Хаттама № _____, « » _____________ 2015ж.

ОӘК төрайымы _______________ Г.К. Искакова


4 11.09.2014 ж. №2 баспа орнына енгізілді

Мазмұны


1

Жалпы ережелер




2

Пәннің мазмұны және сабақ түріне байланысты сағаттарды бөлу




3

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау




4

Курс форматы




5

Курс саясаты




6

Баға қою саясаты




7

Әдебиеттер






1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы қысқаша мағлұматтар

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Сагатбекова Акерке Бакытжановна;

Байланыс ақпараты – тел.: 35 26 22, оқу корпусы № 1, кабинет № 1111;

Кредиттер саны - 2;

1.2. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы



Кәсіби бағытталған шет тілі курсы бойынша қатысымдык құзыретті қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім мазмұны

Білім алушылардың шет тілінде сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Тыңдалым бойынша білім алушы кәсіби мәтінді таспадан тыңдап:

• берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

• түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы бойынша мәтінді, негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:

• іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдар арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек.

Тыңдалым уақыты 5-6 минут және бір рет тыңдалады.

Оқылым әркеті бойынша көлемі: 1000-1200 сөзден тұратын мәтінді тыңдап:

• оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.



Білім алушы мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әгімелеп бере білуі қажет. Оқылым қарқыны минутына 220-230 сөз болуы тиіс. Материал көлемі-2-2,5 бет.

Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу барысында білім алушы мыналарды орындай білуі қажет:

• оқудың басты стратегияларын қолдана білуі;

• мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

• хабарға,ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына өзінше баға бере білуі.

Жазылым бойынша жұмысты орындауда білім алушы таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.

Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5- бет болуы тиіс. Білім алушы сонымен қатар:

• мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы, осы тақырып бойынша естіген, оқыған материалды қайта жаңғырта алуы, толықтыруы, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

• ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

• нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.

Айтылым бойынша білім алушылар өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Білім алушының берілген тақырып бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, айтылым қарқыны минутына 170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, айтылым қарқыны минутына 160-180 сөз.

Диалогтық сөйлеуде студент:

• айтушының ой-пікіріне өзіндік тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

• мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;

• естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.

1.3. Пәнді оқудың негізгі мақсаты – келесіні оқу және түсіну:

Бұл пән бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар факультеті мамандықтарының студенттері үшін өзекті пән болып табылады. Курс шет тілін қазақ тілді дәрісханаларда кәсіби тілге бейімдей оқытуға, іскерлік дағды-машықтарды қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеу әрекетінің барлық түрін өзара сабақтастыра оқыту, тілдік материалдарды қолданымдылық (функционалдық) жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту көзделеді.

1.4. Пәнді оқудың негізгі міндеті – келесіні оқу және түсіну:

Кәсіби бағытталған шет тілі курсында білім алушылар ресми-іскери, өз саласында, қоғамдық-саяси салада қолданылатын лексикалық қорды игеруі қажет. Тіл үйренушілердің (кәсіби ортада) тілдік қатысымда қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс қолдана алу машығы мен дағдысын қалыптастыру және дамыту.

Өз саласындағы күрделі мәтіндерді түсініп, әр түрлі аудитория алдында шешен, тартымды сөйлеуге үйрену.

1.5. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы:

Курстың соңында Сіз келесі дағдылар мен біліктерді меңгеруіңіз қажет:

● мамандығы бойынша қажетті тақырыптардағы орташа және күрделі мәтіндерді түсіну және қабылдай алу;

● баяндамалар, хаттар жаза білу, мамандығына қажетті құжаттарды сауатты құрастыра және толтыра білу;

● қажетті ақпараттарды талдай, сұрыптай білу;

● сызба, кестелердегі ақпараттарды сауатты сөйлете алу;

● қажет материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне сауатты аудару;

● түрлі тақырыптардағы пікірталастарда айтпақ ойын дәлелдей білу, өз ойын (ауызша және жазбаша) тілдік нормаларды сақтай отырып, дәйекті,шебер жеткізе алу;

● негізгі терминдерді, ұғым-түсініктерді орынды қолдана алу;

● өтілген тақырыптар негізінде эссе,баяндамалар, хабарлама жазу, студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезис құра білу;

● кез-келген стильдегі материалды түсініп, ажырата алу;

● өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі;

● іскерлік ортада шебер сөйлей алуы, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қажетті тұстарда оңтайлы қолдана алуы;

1.6. Пән пререквизиттары:



  • Шет тілі I

  • Шет тілі II.

1.7. Пән постреквизиттары:

  • Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

  • Мамандықтар бойынша пәндер.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

1- кесте


п/п


Тақырып атауы

Сағаттар саны

әдебиеттер

CC

ОБАӨЖ

БАӨЖ




1.

Кәсіби шет тілінің негізгі ұғымдары. Кәсіби мәтін № 1. Тіл және оның мақсат-міндеттері. тіл, әдеби тіл, сөйлеу, кәсіби терминдер, мамандық тілі, мәтін, әдеби тіл нормасы, стиль. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

1

3

7.1.4

С. 241-259



2.

Кәсіби шет тілінің негіздері. Кәсіби мәтін № 2. Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

1

3

7.1.1-7.1.6

3.

Семасиология туралы түсінік. Кәсіби мәтін № 3. Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

1

3

7.1.1-7.1.6

4.

Кәсіби тілдің стиль нормалары. Кәсіби мәтін №4. Кәсіби сөздер туралы түсінік. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы алатын рөлі. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

1

3

7.1.1-7.1.6

5.

Терминдік сөздер. Кәсіби мәтін №5. Терминдік сөздер туралы ұғым. Мамандық саласындағы терминдер мен ұғымдар. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

1

3

7.1.1-7.1.6

6.

Кәсіби сала мамандары тілдерінің қатынасымдық қызметі. Кәсіби мәтін №6. Дұрыс сөйлеу қағидасы: нормаландыру (сөз дәлдігі, тіл тазалығы, сөз әсерлігі, сөз байлығы, сөз талғамы, сөз әдебі және кодка жіктелуі). Сөз дәлдігі және оның қағидалары. Сөз талғамы. Тілдің басқа салалармен байланыстарындағы ауытқушылықтары мен сәйкестіктері. Сөзді дұрыс айту нормалары. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

1

3

7.1.1-7.1.6

7.

Мамандықтың кәсіби шет тілінде сөйлеу мәдениеті мен этикеті. Кәсіби мәтін № 7. Сөйлеу әдебі: толеранттылық, айқын сөйлеу ұстанымы, әдептілік ұстанымы, алдын-алушылық. Тілдесу мен әдептіліктің алмасуы. Қоғамдық орындарында тіл әдебін сақтаудың жолдары, тәртібі, этикеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

1

3

7.1.1-7.1.6

8.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі кәсіби қазақ тілінің рөлі. Кәсіби мәтін № 8. Кәсіби тілдің құзыреті және қолданым жиілігі. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары. Қарым-қатынас жасаудың түрлері. Қатынасымдағы тілдің құзыреті мен коммуникативтік қызметі. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

1

3

7.1.1-7.1.6

9.

Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы. Кәсіби мәтін № 9. Ғылыми тілдің сипаты. Іскери кәсіби тілдің әдебі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

1

3

7.1.1-7.1.6

10.

Этномәдени айшықтары. Кәсіби мәтін №10. Этномәдени айшықтары.Кәсіби мамандардың тілі мен сөйлеу мәдениеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

1

3

7.1.1-7.1.6

11.

Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Кәсіби мәтін № 11. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер. Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: ағылшынша-қазақша және қазақша-ағылшынша сөздіктері. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолдану. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

1

3

7.1.1-7.1.6

12.

Кәсіби мәтін – тілдік бірлік. Кәсіби мәтін № 12. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері. Аударма. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

1

3

7.1.1-7.1.6

13.

Кәсіби тілдегі ұлттық реалия мәселелері. Кәсіби мәтін № 13. Аударуға жатпайтын сөздер, мағыналары контекстік ұғымда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

1

3

7.1.1-7.1.6

14.

Жаттығулар орындау. Кәсіби мәтін № 14. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс,семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

1

3

7.1.1-7.1.6

15.

Қорытынды сабақ. Кәсіби лексиканы жинақтау. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс, семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтіндермен жұмыс.

1

1

3

7.1.1-7.1.6




Барлығы:

15

7,5

22,5





3 ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқау
Пән практикалық сабақ ретінде оқытылады. Оқытудың негізгі объектісі "Кәсіби бағытталған шет тілі" тіл білімі туралы ғылыми әдебиеттер, ғылыми мақалалар, қысқаша сипаттамалар, ақпараттық мәтіндер, ғылыми саладағы тілдік тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесі туралы, сөздің грамматикалық мағыналары, сөз тіркестерінің түрлері, жай сөйлем және құрмалас сөйлемдердің синтаксистік ерекшеліктері, құрылымы, жасалу жолдары туралы, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы оқулықтар, оқу құралдары болып табылады.

Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша білім алушылардың рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі. Қазіргі "Кәсіби бағытталған шет тілі" пәні бойынша білім алушылар кәсіби мамандығын басқа тілдермен салыстыра оқытуда оқушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіре қалыптастыруға қол жеткізеді. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы ғылыми түсінік алу білім алушылар тіл білімі ғылымы туралы өзіндік ойы мен біліктіктіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.


4 КУРС ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақытқа тәжірибелік сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа білім алушылар әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған білім алушылар автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.

Негізгі ұғымдар тәжірибелік сабақта ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақта негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер білім алушылары қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа білім алушыдан алуы керек. Оқытушы материалды білім алушыларға дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

ОБАӨЖ мақсаты – әдістеме саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру.

ОБАӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:


  • курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;

  • әдістеме ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы.

Білім алушылардың өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар білім алушының максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін мамандығына сәйкес қазақ тілінде жазба жұмыстары, мәнерлеп оқу, ауызекі сөйлеу, үй тапсырмалары, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары арқылы тексеріледі.


5 КУРС САЯСАТЫ

Өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарап, басқаның көзқарасын қабылдай біліңіздер. Келіспеушілікті сыпайы түрде көрсетіңіздер. Плагиаттық және басқа лас істерге (өзгенің жұмысын көшіріп алу, идеясын ұрлау т.б.) қатаң тыйым салынады. Әсіресе, БАӨЖ тапсыру барысында, аралық, ағымдық бақылау мен қорытынды емтихан кезінде кітаптан немесе басқа біреуден көшіруге, тапсырмалардың дайын көшірмесін пайдалануға және басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға болмайды. Шектеу қойылған мәліметтер алған, интернет жүйесінің тыйым салынған ақпараттарын және шпаргалканы пайдаланған студентке қорытынды емтиханда «F» бағасы қойылады.



Қосымша:

Өзіндік жұмысты орындау, тапсыру, оны қорғау және өткен пән бойынша қосымша ақпарат алу және де басқа сұрақтар бойынша кеңес алу үшін оқытушының офис-сағат уақытында кафедраға келіңіз.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген



Кесте 2

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Тәжірибелік

0

10

15

15

15

15

20

0

10

10

10

10

10

15

15

ОБАӨЖ

0

0

0

20

0

25

0

0

20

0

10

0

10

0

5

БАӨЖ

0

0

0

35

0

40

0

0

20

0

15

0

20

0

20

Межелік бақылау



















60






















70

Барлығы

270 270


7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 И.П.Агабекян. Английский для технических вузов, 2009.

7.1.2 В.Н.Бгашев. Е.Ю.Долматовская, Английский язык для студентов машиностроительных специальностей

7.1.3 Малютин Э.А., Шитов Ю.И. Английский язык для программистов 1992г.

7.1.4 Гольцева Е.В. Английский язык для пользователей ПК и программистов: Самоучитель. — СПб.: Учитель и ученик, КОРОНА принт, 2002. — 480 с.

7.1.5 Ю.Голицынскиий. Грамматика (сборник упражнений), Санкт-Петербург, 2005.

7.1.6 К. Эккерсли, М. Маколей «Живая грамматика английского языка» Харьков «Торсинг» 1998

7.1.7 Ю.Голицынскиий. Грамматика (сборник упражнений), Санкт-Петербург, 2005.


7.2 Қосымша әдебиеттер


7.2.1 Эккерсли К.Э. Учебник английского языка. Москва, 1998.

7.2.2 Качалова К.Н., Израилевич Е.Е. Практическая грамматика английского языка. М, 2001

7.2.3 Блох М.Я., Лебедева А.Я. Практикум по английскому языку. Грамматика. Сборник упражнений. М, 2000

7.2.4 Каушанская В.Л. English Grammar.М, 1975

7.2.5 Беляева М.А. Грамматика английского языка. М, 1997

7.2.6 Кобрина Н.А., Корнеева Е.А. Грамматика английского языка. С.-П., 2001

7.2.7 Верба В.В. Грамматика современного английского языка. М, 2001

7.2.8 Барабаш Т.А. Пособие по грамматике английского языка. М., 2000

7.2.9 Irwin Feigenbaum The Grammar Handbook. Oxford university Press, 1985

7.2.10 Трофимова В.Н. Практическая грамматика английского языка. (справочник) М, 1997

7.2.11 Гичева Н.Г., Дворжец О.С., Черкашина П.П.1200 тестов по английскому языку. М, 2001

7.2.12 www.grammar.englishclub.com



7.2.14 И.С Богацкий, Н.М Дюканова Бизнес курс английского языка. Киев- 2002 г





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет