ПОӘК 042-18-12 71/01-2015 №3 басылым ж



Дата09.06.2018
өлшемі110 Kb.
#42170

ПОӘК 042-18-12.1.71/01-2015

№3 басылым ________ж

11.09.2014 ж №2 басылым орнына



беттің -беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.71/01-2015



ПОӘҚ

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы



№3 басылым ________ж

11.09.2014 ж №2 басылым орнына




«Кәсіби қазақ тілі»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған




ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2015

Алғы сөз

1 Әзірленді

Құрастырған ___________ «____» _________2015 ж Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Сагатбекова А.Б.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2. Талқыланды

2.1 Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама № _____, « » ______________2015 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ С.К. Смагулов

2.2 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде

Хаттама № ______, « » ____________ 2015ж.

Төрайымы__________ Б.Ш.Турусбекова

3 бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды

Хаттама № _____, « » _____________ 2015ж.

ОӘК төрайымы _______________ Г.К. Искакова


4 11.09.2014 ж. №2 баспа орнына енгізілді


Мазмұны


1

Қолдану аясы

2

Нормативтік сілтемелер

3

Жалпы ережелер

4

Оқу пәнінің мазмұны

5

Білім алушылардың өздік жұмыстарына арналған тақырыптар тізімі

6

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

7

Әдебиеттер

1 қолдану АЯсы

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 5В070300 — «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені берілген пәнге арналып құрылған және осы пән бойынша жүргізілетін оқу процесін ұйымдастырудың реті төмендегі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес құрылған:

- 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша жалпыға бірдей білім стандарты, ҚР МЖБС, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 23 тамызда № 1080 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған;

- 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-ГУ-4-2014 университет стандарты «Пәннің оқу әдістемелік кешенін дайындау және өңдеуге жалпы талаптар»;

- ДП 042-01.01-2014 Құжаттық процедура «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен құрлымы»;

- Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 2013 жылдың 12 қыркүйегінде бекітілген мамандық бойынша элективті пәндердің жиынтығы.

3 Жалпы ережелер

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Кәсіби қазақ тілі курсы бойынша қатысымдык құзыретті қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім мазмұны

Білім алушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Тыңдалым бойынша білім алушы кәсіби мәтінді таспадан тыңдап:

• берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

• түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы бойынша мәтінді, негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:

• іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдар арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек.

Тыңдалым уақыты 5-6 минут және бір рет тыңдалады.

Оқылым әркеті бойынша көлемі: 1000-1200 сөзден тұратын мәтінді тыңдап:

• оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.



Білім алушы мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әгімелеп бере білуі қажет. Оқылым қарқыны минутына 220-230 сөз болуы тиіс. Материал көлемі-2-2,5 бет. Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу барысында білім алушы мыналарды орындай білуі қажет:

• оқудың басты стратегияларын қолдана білуі;

• мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

• хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына өзінше баға бере білуі.

Жазылым бойынша жұмысты орындауда білім алушы таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.

Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5- бет болуы тиіс. Білім алушы сонымен қатар:

• мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы, осы тақырып бойынша естіген, оқыған материалды қайта жаңғырта алуы, толықтыруы, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

• ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

• нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.

Айтылым бойынша білім алушылар өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Білім алушының берілген тақырып бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, айтылым қарқыны минутына170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, айтылым қарқыны минутына 160-180 сөз.

Диалогтық сөйлеуде студент:

• айтушының ой-пікіріне өзіндік тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

• мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;

• естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.

3.2 Пәннің мақсаты:

Бұл пән бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар факультеті мамандықтарының студенттері үшін өзекті пән болып табылады. Курс қазақ тілін дәрісханаларда кәсіби тілге бейімдей оқытуға, іскерлік дағды-машықтарды қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеу әрекетінің барлық түрін өзара сабақтастыра оқыту, тілдік материалдарды қолданымдылық (функционалдық) жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту көзделеді.

3.3 Пәннің міндеті:

Кәсіби қазақ тілі курсында білім алушылар ресми-іскери, өз саласында, қоғамдық-саяси салада қолданылатын лексикалық қорды игеруі қажет. Тіл үйренушілердің (кәсіби ортада) тілдік қатысымда қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс қолдана алу машығы мен дағдысын қалыптастыру және дамыту.

Өз саласындағы күрделі мәтіндерді түсініп, әр түрлі аудитория алдында шешен, тартымды сөйлеуге үйрену.

3.4 Пәнді оқып, аяқтаған студенттердің білуі керек:

Курстың соңында білім алушы келесі дағдылар мен біліктерді меңгеруі қажет:

● мамандығы бойынша қажетті тақырыптардағы орташа және күрделі мәтіндерді түсіну және қабылдай алу;

● баяндамалар, хаттар жаза білу, мамандығына қажетті құжаттарды сауатты құрастыра және толтыра білу;

● қажетті ақпараттарды талдай, сұрыптай білу;

● сызба, кестелердегі ақпараттарды сауатты сөйлете алу;

● қажет материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне сауатты аудару;

● түрлі тақырыптардағы пікірталастарда айтпақ ойын дәлелдей білу, өз ойын (ауызша және жазбаша) тілдік нормаларды сақтай отырып, дәйекті,шебер жеткізе алу;

● негізгі терминдерді, ұғым-түсініктерді орынды қолдана алу;

● өтілген тақырыптар негізінде эссе,баяндамалар, хабарлама жазу, студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезис құра білу;

● кез-келген стильдегі материалды түсініп, ажырата алу;

● өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі;

● іскерлік ортада шебер сөйлей алуы, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қажетті тұстарда оңтайлы қолдана алуы;

3.5. Пән пререквизиттары: Қазақ тілі

3.6. Пән постреквизиттары:



  • Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

  • Мамандықтар бойынша пәндер.

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді

Кесте 1

Курс


Сем-естр

Кредит

Дәріс (сағ)

Практикалық(сағ)

Лаб. (сағ)

ОЖСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ)

Барлы ғы

(сағ)


Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ІІI

V

2

-

15

-

15

15

45

емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

Кесте 2

Тақырыптардың аталуы және мазмұны

Сағат саны

Тәжірибелік (семинар) сабақтар


Модуль 1.

Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары. Кәсіби мәтін № 1. Тіл және оның мақсат-міндеттері. тіл, әдеби тіл, сөйлеу, кәсіби терминдер, мамандық тілі, мәтін, әдеби тіл нормасы, стиль. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

Кәсіби қазақ тілінің негіздері. Кәсіби мәтін № 2. Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

Семасиология туралы түсінік. Кәсіби мәтін № 3. Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

Кәсіби тілдің стиль нормалары. Кәсіби мәтін №4. Кәсіби сөздер туралы түсінік. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы алатын рөлі. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

Модуль 2.



Терминдік сөздер. Кәсіби мәтін №5. Терминдік сөздер туралы ұғым. Мамандық саласындағы терминдер мен ұғымдар. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

Кәсіби сала мамандары тілдерінің қатынасымдық қызметі. Кәсіби мәтін №6. Дұрыс сөйлеу қағидасы: нормаландыру (сөз дәлдігі, тіл тазалығы, сөз әсерлігі, сөз байлығы, сөз талғамы, сөз әдебі және кодка жіктелуі). Сөз дәлдігі және оның қағидалары. Сөз талғамы. Тілдің басқа салалармен байланыстарындағы ауытқушылықтары мен сәйкестіктері. Сөзді дұрыс айту нормалары. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

Мамандықтың кәсіби қазақ тілінде сөйлеу мәдениеті мен этикеті. Кәсіби мәтін № 7. Сөйлеу әдебі: толеранттылық, айқын сөйлеу ұстанымы, әдептілік ұстанымы, алдын-алушылық. Тілдесу мен әдептіліктің алмасуы. Қоғамдық орындарында тіл әдебін сақтаудың жолдары, тәртібі, этикеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі кәсіби қазақ тілінің рөлі. Кәсіби мәтін № 8. Кәсіби тілдің құзыреті және қолданым жиілігі. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары. Қарым-қатынас жасаудың түрлері. Қатынасымдағы тілдің құзыреті мен коммуникативтік қызметі. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

Модуль 3.

Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы. Кәсіби мәтін № 9. Ғылыми тілдің сипаты. Іскери кәсіби тілдің әдебі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

Этномәдени айшықтары. Кәсіби мәтін №10. Этномәдени айшықтары.Кәсіби мамандардың тілі мен сөйлеу мәдениеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Кәсіби мәтін № 11. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдердің қазақша-орысша баламалары. Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктері, фразеологиялық тіркестердің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктері. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолдану. Кәсіби мәтінмен жұмыс

1

Модуль 4.

Кәсіби мәтін – тілдік бірлік. Кәсіби мәтін № 12. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері. Аударма. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

Кәсіби тілдегі ұлттық реалия мәселелері. Кәсіби мәтін № 13. Аударуға жатпайтын сөздер, мағыналары контекстік ұғымда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

Жаттығулар орындау. Кәсіби мәтін № 14. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс,семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

1

Қорытынды сабақ. Кәсіби лексиканы жинақтау. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс, семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтіндермен жұмыс.

1


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ
5.1 Кәсіби тілдің стиль нормалары

5.2 Кәсіби сала мамандары тілдерінің қатынасымдық қызметі

5.3 Мамандықтың кәсіби қазақ тілінде сөйлеу мәдениеті мен этикеті

5.4 Кәсіби тілдің құзыреті және қолданым жиілігі.

5.5 Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары

5.6 Этномәдени айшықтары

5.7 Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдердің қазақша-орысша баламалары

5.8 Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері. Аударма.

5.9 Аударуға жатпайтын сөздер, мағыналары контекстік ұғымда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері



6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

Кесте 3


Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Білім алушылардың саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Мұхамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі. - Астана, 2012.

2

4

50 %

Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – А., 1999.

10

4

100%

Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001

5

4

100%

Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005

3

4

75%

Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.

6

4

100%

Өмірзақ Т., Сансызбай Ә. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006

10

4

100%



7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

7.1.2 Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

7.2 Қосымша әдебиеттер


7.2.1 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

7.2.2 Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

7.2.3 Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

7.2.4 Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

7.2.5 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.

7.2.6 Сөз сарасы. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойын. Әдістем. құрал. Астана, 2009.

7.2.7 Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.

7.2.8 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.



7.2.9 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы».

Сөздіктер

1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 2001.


2. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеолог.сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977.

3. Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.



4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /10 томдық/. – Алматы, 1986.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет