ПОӘК 042-18-16 28/03-2013 Баспа №1 13. 09. 13


Тақырыбы: Өндірістік оқыту кәсіби дайындық мәселесі



бет5/5
Дата03.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#3030
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Өндірістік оқыту кәсіби дайындық мәселесі

Сұрақтары:

  1. Өндірістік оқыту аймағындағы еңбек психологиясының міндеттері.

  2. Аналитикалық әдістер мен іріктеу.

  3. Оқыту мен іскерлікті жоғарлату

Жастарға дұрыс мамандық таңдауға көмектесу – оқу орындарының, бүкіл оқу-тәрбие процесінің ең негізгі міндеті. Негізгі мақсат пен міндет белгілі еңбек түрін таңдап, жастардың таңдаған мамандықтарына танымдық ықыласы мен бейімділігін қалыптастыру. Бұған, ең адымен, оқушылапрды үйірме жұмысын тарту арқылы қол жеткізіледі. Үйірме сабақтары кезінде оқушы өзінің мүмкіндіктері туралы үйірме жетекшісімен әңгімелеседі, білімін әрі қарай тереңдетіп, кеңейту жөнінде кеңес алады, мамандық таңдау жөніндегі жоспарын нақтылайды.

Мектепаралық оқу - өндірістік комбинаттардағы сабақ – оқушы бейімі дамуының бір шарты. МАОӨК-да оқушылар еңбек қызметін оқумен ұштасқан кең политехникалық негізде жүзеге асырады, мұнда игерген еңбек түрінде тұрақты ықылас қалыптасады. Еңбекке үйренуге кеңес берген кезде класс жетекшісі жұмысшы мамандығы оқушының таңдаған мамандығына тектес екендігін ескеруі қажет.

Мамандыққа және оның талаптарына оқушының ықыласы мен бейімі, жеке басының ерекшеліктері сәйкес келген жағдайда мамандықты әрі қарай игеруі үшін нақты жағдайлар мен әрекеттер жасалады. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда оқушыға МАОӨК-да оқудың басқы профилі ұсынылады.

Жеткіншектің қабілеті мен икемі туралы мәлімет жинау үшін класс жетекшісіне «Оқушы әрікеті түрлерінің кестесін» толықтырылуға кеңес беріледі. Кестенің көмегімен жеке оқушы белсенділігінің, оның түрлі бағытына бөлінген жалпы келбетін алуға болады, «Социометриялық анкета» арқылы жүзеге асырылатын оқушының іcкерлік қасиеттері туралы кластарының пікірін білген де пайдалы. Ол оқушы әрекетіне кластастары қойған 5 балдық бағадан көрінеді


Сұрақтардың нөмірі

3 балл

2 балл

1 балл

1.

2.

3.



4.

5.










Жұмыс әр оқушының өзін-өзі тануы мен тәрбиеленуіне көмектеседі, әр оқушы өз бетінше жауап беру керектігін мұғалім ескертеді де, мұнадай мысалды келтіреді: «әрқайсыларына жұмыс 4-7 адамнан тұратын бригада құру керек. Еңбек ақы жұмыстың саны мен сапасына қарай, бірақ бәріне бірдей млшерде төленеді. Кластастарымен кімдерді бригадаларына алар едіңдер? Үш оқушыны таңдап алыңдар да, менің түсіндіруімнен кейін олардың аты-жөнін тиісті сұраққа орай жазындар. Ең жақсы деген бригада мүшесіне үш балл беріп, оның аты-жөнін тиісті торға жазындар т.б. жауаптарыңды маған аты-жөндаріңді жазбай өткізіңдер, олар құпия, оны мен ғана білетін боламын»

Бұдан соң мынадай сұрақ берілуі мүмкін:


  • Қолдарынан үздік іс келеді деген 3 оқушының аты-жөні (схема бойынша радиоқабылдағышты жинау, киім тігу, орындық жасау, ас әзірлеу т.б)

  • Оқушылардың бәрі қызығатындай баяндама жасап, жиналысконференция өткізуге өз кластарыңнан кімді таңдар едің?

  • Көңілді, салтанатты мектеп кешін ұйымдастырғанда кластарыңның ішінде кімнен көмек сұрар едің?

  • Күштілікті, шыншылдықты, ұжымдық сезімді қажет ететін қиын туристік сапарға класыңнан кімджі алар едің?






Аты-жөні(алфавит бойынша)

Сұрақтың нөмірі

1

2

3

4

5

1

2


Ахметов Н

Ақанов А


52

15


10

7


5

4


12

12


17

27


Әр фамилияның тұсын жолдастарының пікірі бойынша оқушы жинаған балл мөлшері қойылады, ең жоғары және төменгі балл мөлшері қасиеттерінің айқын көрінісі болып табылады.
13-дәріс

Тақырыптары: Кәсіби қабілеттерді жоғарлатудың психологиялық аспектілері

Сұрақтары:

  1. Өнімділік, қабілеттілік түсініктерінің анықтамасы.

  2. Өнімділік көрсеткіштері.

  3. Адам ағзасындағы жұмысқа қабілеттерінің өзгеруі

Қабілет дегеніміз – іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз етеін жеке адамның қасиеттерінің жиынтығы. Іс-әрекеттің түрі адамның психикалық қасиетіне байланысты. әрекеттің бір ғана емес, көптеген түрінің талабына жауап беретінжалпы қасиеттер, бірқатар ерекшеліктер бар. Бірінші, жалпы қабілет туралы, екінші, ерекше қабіліт. Ерекше қабілетке жалпы қабілетпен қатанақты әрекетті игеруге керекті қабілет жатады.имектепте оқу кезеңінде адамның жалпы қабілеттерін дамыту қажет, себебі олар кезеңінде адамның жалпы қабілеттерін дамыту қажет, себебі олар кез келген әрекет түрін орындау үшін керек. Бұл ерекше қабілеттің қалыптасуында еш кедергі келтірмейді. Ортақ қабілет нителлектуалды, ерік-жігер және эмоционалды деп бөлінеді.



Интеллектуалды қабілеттерге жататындар: Ақыл-ойдың айқындығы, онда ешқандай көмечскілік болмайды. Интеллекуалды емес, сонымен қатар моральдік келбет, себебі ақыл-ойдың айқындығы тек іс-әрекет үшіін емес, жауапкершілік сезімін де арттырады. Ақылдың логикалылығы – қатаң дәйектілік, ойлаудағы жүйелілік, зеріктік, ақыл-ой бағдарының жыолдамдығы. Ақыл-ой тереңдігі-заттар мен құбылыстардың жасырын қасиеттерін тануға көмектесу;ақыл-ой өрісінің кеңдігі – мәселенің барлық жағын ескеру қабілетін күшейту.

Аталған қасиеттердің дамуы адамның ақыл-ой қабілетінің деңгейін сипаттайды. Еңбек әрекетінің дұрыс болуы үшін шешімділік, ұстамдылық, тәртіптілік, өзіне сенімділік, өзін-өзі билеу қасиеттері қажет. Жігерлілік адамның еңбекке деген қабілетін анықтайды. Басқа қабілеттер көрінбесе де, еңбекке деген жігерлілік іс-әреекттің ақырғы нәтижесін сипаттайды.



Қабілеттің басқа да елеулі факторының бірі- ықылас. Кез келген іске деген ықылас қабілетті дамытады, табысқа деген сенімді күшейтеді.

Б.Г Ананьев бойынша жеке тұлғаны дұрыс түсіну үшін жеке тұлғаның дамуының, оның дәрежесі мен әлеуметтік позициясының, әлеуметтік жағдайының анализі ажет. Шынымен де жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасатындығын мойындайтын болсақ, іс-әреект нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасалды. Бірақ кез келген адам онда әрекет етіп, қоғамдық қатынастардың құрастырылған жүйесімен ұсынылған нақты дәрежені иеленеді. Жеке тұлғаның дәрежесі обьективті болғандықтан, оны жеке тұлға бірдей немесе әртүрлі, белсенді немесе енжар үмкін. Ол жеке тұлғаның социумдағы орнын анықтайды.

Жеке тұлғаның позициясы өз дәрежесінің әрекетшіл, субьективті жағы ретінде өз басшылыққа алатын жеке тұлға бағдарланған мақсаттарды, құндылықтарды анықтайды. Қасиеттердің осындай күрделі жүйесі дамудың әлеуметтік жағдайларындағы жеке тұлғаның рольдерімен жүзеге сасады. Осылайшы, жеке тұлғаның динамикалық тенденцияларын-оның қажеттіліктерін, мотивтерін, қызығушылықтарын, тілектерін, ішкі сенімдерін, құнды бағдарларын, идеалдарын, бағыттылығын зерттеп, оның әлеуметтік рөлдерінің дәрежесінің, позициясының мазмұнын ұғынып, түсінуге болады.

Алайда рөлді орындау сапасы, дәреже мен позиция жеке тұлғаның динамикалық тенденцияларыменьірге, оның мүмкіншіліктерімен, нышандарымен, арнайы қабілетерімен, дарындылықпен міндеттеледі.

Жеке тұлғаның барлық психологиялық сипаттамалары, ол оның айналасындағы адамдарға қалай көрінсе, сол бейнеде сипаттайды. Алайда, адам басқаалары үшін емес, өзі үшін де өиһмір сүреді. Ол : мен кіммін?мен қандаймындеген сұраққажауап іздейді.адамныңөз-өзіне тиесілі психологиялық және әлеуметтік психологиялық сипаттамаларына ие субьектретінде ұғыну қасиетін өзіндік сана сезімі деп білеміз.

Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектінің обьектісімен байланысты. Қандай да бір іс-әреектті орындау барысында адам бірнәрсені қабылдауы, ойлауы, есінде қалдыруы, оған зейін туындап, ерік сапалары іскеқосылады, ниет –ұғымдары мен қатынастары т.б.Іс -әрекеттің мақсаты-сол іс-әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын саналы болжау.

Кәсіптік қабілет кәсіптік біліктіліктің түрде жүруін психологиялық процестермен қадағалау арқылы ерекшеленеді. Қабілеттілікке байлансты мамандар мынадай шеберлікті қалыптастыра білу қажет:


  • Коммуникативтік-адамдармен араласа білу;

  • Перцептивті-кәсіптік интуиция, эмпатия, рефлексия;

  • Тұлғалық динамизмі – еркін әрекет жасау қабілеттілігі және логикалық түрде шешімқабылдау;

  • Эмоционалды тұрақтылық-өзін басқару қабілеті;

  • Оптимистік түрде бақылау;

  • Креативтілік-шығармашылық қабілет.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру үшін ұстаздар мен ұйымдастырушыларды нормативттік документтер мен талаптар дәрежесінде: кәсіптік бағдар жұмысының үлгі жоспарымен, кәсіптік бағдар міндеттерін оқыту процесінде жүзеге асыру, әңгімелер, кездемсулер, конференциялар, кештер және кәсіптік бағдар бероудің басқа түрлерін өткізудің, сондай-ақ сұрау қағаздарының үлгілерімен, оқушылардың ксіптік ынтасын дамытуға арналған топтық және жекелей жұмысты ұйымдастыру әдісі жөнінде ұсыныстарымен қаруландыру қажет. Кәсіптік бағдар беру жұмысында ғылым мен практиканың өзара байланыс сипатын мынадай жүйеден көруге болады:

  • Іргелі зерттеу

  • Эксперименттік талдау жасау

  • Педагогикалық заңдылықтарды орындау

  • Тәжірибені қорыту, қолданбалы зерттеулер

  • Методикалық талдаулар

  • Нормативтік нұсқаулар мен талаптар комплексі

Осы аталғандардың ғылыми және практикалық қызметтің тұтас циклі болып табылады. Күрделі өңдеумен, қолданбалы зерттеулердің және методикалық сипаттағы жұсмыстиардың раснда нақты байланыс жоқ,бұл жағдайды ғылыми ойдың ерекшеліктерімен, сондай-ақ түрлі сатылардың белгілерін өзінде жинақтайтын зерттеулердің түрі мен әдістерінің алуан түрлі болуымен түсіндіруге болады. Іргелі зерттеулекр кәсіптік бағдарлың теориялық негіздері болғадықтан,олардыңөзіндік ерекшеліктері де болады.

Іргелі зертеулер – ғылыми өнімнің шоғырланған түрі. Ғылыми тұжырымдардың одан әрі дамытылу кезеңінде оны практикаға енгізу жөніндегі арнаулы шаралар қажет. Көптеген методикалық құралдардың, ұсыныстардың, нұсқаулар «жоғарыдан төмен қарай» түскен принципін:

  • Іргелі зерттеулер

  • Қолданбалы зерттеулер

  • Методикалық талдаулар

сақтау арқылы емес, практикада-методикалық талдау-методикалық талдау практика болып тұйықталу жолымен жасалатынын байқатады. Кәсіптік ынта мен бейімдікті, біріншіден алныған информацияны кәсіптік білімге пайдалану үшін, екіншіден, кәсіптік бағдар беру жұмысн тексеру үшін зерттеп білу керек.

Еңбек пен мамандықтың психологиялық түсініктемесі-кәсіптік әрекет бұл ең бірінші еңбек әрекеті. әр адамның мамандықта ,еңбекте өз орнын табуына кедергі келтіретін жағдайларды Е.А. Климов былайша бөледі:



-«Жеңіл еңбек» идеалы – адамға өз ісін емін-еркін , еш қиналмай атқартын кәсіп иесі немесе маман идеал бола алады.

-«Аңғал антиэнтропизм» - күрделі обьектілер мен құбылыстарда өте қарапайымқалыптасқан белгілі бір тәртіп жүйесі сызбасына келтіру.

-«Жандүниені түсінбейтін соқырлық» - басқа адамдардың әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл-күйін, хал-ахуалдарын түсіне білмеу.

-«Ғалымның» «тәжірибелі маман»алдындағы артықшылығы – кейбір жас маман көп жыл істеп жүрген мамандарды тәжірибелік негіздерге үйрету. Мамандықтың негізгі сипаттамасы:

  • Еңбек әрекетінің ең қарапайым түрі (еңбектің тарихи дамуы нәтижесінде);

  • Қоғамдық пайдалы еңбек;

  • Арнаулы дайындықты болжайтын әрекет;

  • Белгілі марапат моралдьық, материалдық байланысты орындалатын әрекет;

  • Адамға белгілі бір әлеуметтік және қоғамдық статус беретін әреект

  • Кез келген мамандық – бұл әрекет, жұмысқа қарым-қатынас адамның мамандығына кзөқарасын көрсетеді.

Мамандық-кәсіптікпен түсіндіріледі. Квалификация – кәсіптік шеберлік, мамандық деңгейі.

14- Дәріс



Тақырыбы: Еңбек іс-әрекеті кезіндегі адамның психикалық күйі

Сұрақтары:

  1. Еңбек іс-әрекетіндегі адамның функциональды күйі.

  2. Психикалық қажу күйі

  3. Психикалық қажу мен басқа күйлерді өлшеу әдістері

  4. Іс-әрекеттің экстремальды жағдайлары және стресс күйі.

Еңбек іс-әрекетіндегі ойлауды Теплов зерттеп,оны практикалық деп атады.Теплов практикалық ойлаудың ерекшеліктерін бөліп көрсетті:

1.практикалық ойлау-практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты.

2.әрқашанда уақыт шектелген,сондықтан көптеген гипотезалар қарастырылмай қалады. Ойлауды зерттей келе Пушкин оған оперативті деген ұғымды береді(латынша-opera-еңбек деген мағына береді)яғни ойлау,оперативті ойлау кезінде қойылған шарттар мен талаптарды орындау кезінде дау-жанжал туындауы мүмкін. Пушкин диспечердің әрекетін зерттегенде оперативті ойлау келесі функцияларды атқарады:-1.Жоспарланған-ойлау әрекеті,белгілі уақыт ішінде құрылған жоспар бойынша әрекет ету керек.-2.Бақылау және реттеушілік жоспарды орындаудағы арнайы әрекет болып табылады.-3.Басқару процесіндегі нормадан ауытқу-тапсырманы орындауда көрінеді,диспечер мен жоғары қарқынға үлкен эмоциялы көңіл-күй әсер етеді.-4.Диагностика-апаттық жағдайда және қалыпқа келмейтін жағдайда туындайды.

Еңбектегі ойлаудың диагностикалық қызыметін Р.Т.Сверчкова зерттеді.Ол диагностиканың кез келген обьектісіне мыналар тән деді:-а) Тура сол нормадан ауытқушылық-көптеген себептердің нәтижесі болуы мүмкін.-б) Бір себеп бір уақытта бірнеше салдар туғызуы мүмкін. -г)Көптеген комплексті себептердің салдары артық немесе кем ұқсастықта болуы мүмкін.-д) Себептер арнайы бақылаудан жасырын болғандықтан оны анықтау үшін арнайы жұмыстар атқару керек.-е) Басқа да белгілерді (симтомдарды) да анықтау үшін де көптеген жұмыстар атқару қажет.

Сверчкова тәжірибелі жөндеуші мен тәжірибесі жоқ жөндеушінің әрекетін зерттеді-оларды диагностикалық тапсырмаларды орындау барысында салыстырды.Тәжірибелі жөндеуші-тәрірибесі жоқ жөндеушіге қарағанда өнімді,мықты жұмыс жасады. Диагностикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі практикалық іскерлік этаптарының ерекшелігін Сверчкова қарастырды:

-1-этап.Интенсивті ізденпаз әрекеті.

-2-этап.зерттеушілер өздерінің ішкі байланыстарын көрсетті.

Пайымдау процесіндегі өзгеріс,зерттеушілер “себептерден салдарға дейін-дегенді ойлай бастады.Адамда себептен салдарға дейін –деген ұғым неғұрлым ерте және жеңіл болса,соғырлым диагностикалық тапсырманы рындау оңайға түседі.

-3-этап. Ойлау-танудың эстафетасын автоматты байланыс аяасында береді.Тағыда себептерден салдарға дейін деген ұғым туындайды,бірақ басқа мақсатта.

Еңбек әрекетіндегі болжамды Архангельский зерттеді,ол жоспарланған өз еңбегін зерттеп,жоспарланған жұмыс 3-формадан тұрады деді,олар:

1.Бағдарланған жоспар –бұл жаңа өндіруші тапсырмаларды орындау кезінде керек болады,тапсырманы орындау барысында жұмысшы мақсатты ұғынуға тырысады.

2.Ұйымдасқан жоспар –жұмысшы тапсырмаларды орындау кезінде барлық жағдайларды ойластырып,қалай өнімді жұмыс жасау керек екендігін қарастырды.

3.Жоспарланған орындау-жұмысты атқару барысын ойша қарастыру.Әрбір осы жоспарланған этаптардың бәрі арнайы күш жігерді талап етеді,яғни салыстыра алу,ой қорытындысын жасай алу,Архангельский жоспарлауды әрқашан ойша қарастырғанда-жұмыс барысында қолданылатын құралдарды,материалдарды,қолданатын басқада техникалардың бәрін қарастырған.

Л.Л.Кондратьева қарастырылған экспериментте жоспарлау,білімнің қалыптасу мүмкіндігін көрсетті. Сонымен қоса ол жүйелі жоспарды орындалмайтын тігіншілерді (тәжірибелі)қайтадан үйретті. Г.С.Альтшулер проблемалық жағдайларды шеше алу мүмкіндігінкөрсетті.Ол жұмысшыларды бейнелеудің басты әдістерімен таныстыру мақсатында техникалық курс ұйымдастырды.Курсқа қатысқан 10-даған жұмысшы тез арада авторлық куәлік алды.

Психологияда ерік –ол адамның өзінің мінез-құлығымен әрекет-қылығын саналы реттеуді айтады және де мақсатты іс-әрекеттегі ішкі –және сыртқы қиыншылықтарды шеше алуды айтады. Еңбек әрекетінде ерік маңызды роль атқарады,өйткені еңбек рпоцесінде көптеген қиындықтар туындайды: шығармашылық байланыс жағдайлардағы күтпеген өзгерістер ,еңбектің өнімсіздігі ұзақ уақыттың кету. Бұл ішкі және сыртқы қиыншылықтарды шешпей іс-әрекет өнімді болу мүмкін емес.

Еріктік қасиеттер:мақсатта бағытталу табандылық,шыдамдылық,батылдық және қайсарлық,талапкерлік және тәуелсіздік,төзімділік және өзін-өзі меңгерушілік әр түрлі мамандыққа бірдей қажет емес,кез-келген еріктік қасиет еңбектің мазмұнын анықтайды, спецификалық қиындықтар мен тәжірибелік ортаның ерекшклігі немесе байланысы.

А.Ц.Пуни әр түрлі спорттағы еріктің өзіндік және динамикалық құрылымын сенімді түрде көрсетті.Ол дамытқан теориялық жағдай-жалпыға тән ортақ ұғым-еңбек іс-әрекеттері қолдануы мүмкін.Пуни еріктік қасиеттерді:қозғалмалы динамикалық жүйені бір-бірімен белгілі бір құрылым түзіп байланысты деді. Ерік қасиетіндегі іс-әрекеттің тұрақты объективті талабына сай,ең алдымен типтік болып табылады.Ерік қасиетінің құрылымы:Тұрақтылық немесе қозғалмалылық іс-әрекетінің талаптық тұрағ\қтылығын деңгейіне байланысты.Өзгермелі жағдай еріктік қасиет ретінде сол немесе басқа қасиет кірісе алады және сол қасиеттің әрекеттестігі өзгерді.Ақыл-ой мен мораьдық сезімнің,еріктің әрекеті жағынан қарастыра отыра-Сеченов арқылы құрылған ерікті анықтау болып табылады.

А.Ц.Пуни әрбір еріктің тұлғалық көрінуі –интеллектуалды крмпоненттерден тұрады деді. Әрбір адамда-оның даму процесіндегі еріктің көрінуі өзінің ерекшелігіне байланысты. Пунидің айтуы бойыншаерікті тәрбиелеудің басты факторларын анықтау-еріктің басты интеллектуалдықтың қалыптасуы (өз бетінше сынаушылық,ақылдылық)еріктің моральды негізі (мінез-құлыықты тәрбиелеу) және кедергілерді және алудың қалыптасуы. Пуни және оның шәкірттерімен бірге спортта еріктік әркеттің техникалық реттеушілігі зеттеледі.

М.Н.Ильинаның зерттеуі бойынша,еріктік қасиет және оның динамикасы адамның табиғи ерекшелігіне байланысты.Адамның ұзақ уақыт бойы жұмысты атқаруы,оған шыдауы болып табылады. Қозу процесінің қозғалмалы деңгңйіне төзу туралы тенденция қарастырылды.Бірақ,басты типолгиялық әсер-етудің ерекшелігі –төзімділік компонентіне байланысты:еріктік компонент жүйке-жүйесі мықты адамда кездеседі.Бірақ төзімділік жүйке жүйесі мықты және жүйке жүйесі әлсіз адамда да кездесе береді.Бұл факт Тепловтың айтқанын дәлелдейді,ол жүйке жүйесінің жақсы да жаман қасиеттері жоқ екенін және әрбір адам өзіндегі бар қасиетке бейімділігін айтады.Төзімділіктің ең бір ерекшеленген өзіндік мінездемесі(Ильинаның қарастыру бойынша)-қарым-қатынас пен өзіндік бағалауға әсер ететіндігі(экстрт\аверт және өзіндік төмен бағалайтын адам). Ильинаның зерттеуі боцынша-тәуелсіздіктің статикалық әрекетіне әсер етудің мотивін зерттеуде қызықты мағұлмат алды.Оның зерттеуінің нәтижесі бойынша,қолданған мотивті салыстыру кезінде төзімділіктің артуын көрсетті.

Төзімділікті зерттеу үшін-жүйке жүйесі әлсіз адамдар мен жүйке жүйесі мықты адамдарға эксперимент жүргізді.Сондықтан жүйке жүйесі әлсіз адамдар –жүйке жүйесі мықты адамдарға олардың да төзімді келетінін көрсетті. Еріктік компоненттің артуына байланысты –жүйке жүйесі әлсіз адамның төзімділігі жоғары деңгейде болады.Өкінішке орай,мұндай зерттеулер басқа еріктік қасиеттерге өткізілген жоқ. Бірақ, шыдадылық және өзін-өзі басқару,табандылық және қайсарлық,батылдық және шешім қабылдай алушылық-адамдардың табиғи ерекшелігіне байланысты.Бір жағынан -әлеуметтік факторға,екінші жағынан дайындық пен тәрбиеге байланысты болуы мүмкін деп айтуға болады.Барлық психикалық қасиеттер-табиғи ерекшелікке байланысты тұрақты болып келеді.

15. Дәріс.



Тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігінің психологиялық сұрақтары

Сұрақтары:

1.Травматизмге байланысты Марбе теориясы.

2.Жүйке жүйесі сапасы және травматизм

3.Травматизмді анықтайтын психофизиологиялық факторлар
Адамның еңбек етуі және еңбек барысында қалыптасқан бағалы құндылықтар мен қасиеттер еңбек психологиясының зерттеу объектісі болып табылады. Адамның еңбек етуін зерттеумен қатар адамның іс -әрекетін, биологиялық-әлеуметтік ерекшеліктерін, еңбек физиологиясы мен гигиенасын, терапиялық және профилактикалық маңызын, еңбек экономикасын , еңбек құқығы мен этикасын, еңбек ету теориясын қарастырады. Еңбек психологиясының дамуы және оның пайда болуы археологиялық және тарихи мәліметтермен байланысты. Сондықтан Б.Г. Ананьев әділетті түрде оның дамуына керекті комплекстерді айтты: «Өмір туралы және практика туралы айтқанда оның қажеттіліктерін, толық синтетикалықкартинасын білу қажет, бірақ физиологиялық, немесе психологиялық, немесе социалистикалық картинаны көрсете алмайды ». Еңбек психологиясы психологиялық заңдарды, психологиялық процесстерді және олардың жеке тұлға қасиеттерін және еңбекпен қатар физиологиялық және әлеуметтік ортамен байланыстарын қарастырады.

Еңбек психологиясы И. М. Сеченовичпен байланысты. Ол табиғи психикалық рефлекстермен қызығып айналысқан. Сонымен қатар И. М. Сеченов белсенді демалу еңбек етуді жоғарылатып сақтайды деген. Келесі этап еңбек психологиясының дамуы сырт мемлекеттердің пайда болуымен тығыз байланысты, сондықтан біздің әлемде психологияның кешірек психотехникасы пайда болды . Еңбек психологиясының дамуында психологиялық, эксперементтарды физиологиялық,ғылыми факторлық, сондағы практикалық сфера медециналық, педагогикалық болып табылады. Сонымен қатар оны оқып білуде сезгіштік анализаторларда жеке қасиеттерді атап сондай-ақ төмен сезгіштіктердің сондағы профессиялық адамдарға көздің көруі, естуі және басқада органдарының жоғарғы деңгейде болғаны дұрыс.

Екіншіден стимулдың дамуында, прикладной психология әлеуметтік зкономикалық жағдайлар жатыр. Бұл позиция Робер Лаганның айтуынша: «өнердіжақсы пайдалану коллективтағы адамдардың энергиясы қазіргі уақытта ерекше фактор болып табылады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бұл олардың кадрларының жиынтығы ». Инженерлік- психологияның бағытын мынадай жұмыстарды айтуға болады. Жазу машинасындағы әріптерді, клавиатураның баспаларын сондағы қозғалу реакциясын жатқызамыз. В. Штерннің еңбегінде критериялық құндылықтардың көрсеткіштері, есте сақтауы, аффектік жағдайлар: осыған атақты орыс заңгері Ф. Кони психотехникалық және рекламалық проблемалар және оның санаға және астар санаға әсер етуі деген. Ағылшын психотехник Дилль Скотт шаруашылық, системасын қарастырды.

Бірақ психотехникадағы ең басты көрініс табатыны профессиялық жиын. Сондағы психотехникадағы ең жарық бетті көрсеткен Гуго Мюнстерберг. Ол арнайы тесттарды профессионалды жиын түрде телефонисттарға, вагоновожатыйларға, теңіз штурмандарына өзінің ойларын, толық анализін көрсетті. Мюнстербергтің еңбек жазуларында, ол психологиялық профессияда вожатыйдың көз қарасын қарастырды және арнайы халықаралық психотехникалықконгресстік журналдар шығарылды. Біздің әлемде психотехника практикалық психологтялық білімі 20-жылдары қалынтасты Москвада, Ленинградта, Казаньда, Харьковте және тағы басқа қалаларды психотехникалық лабораториялар болды.

1927 жылы барлық Ресейлік психотехникалық ортада «Психофизиология труда және психотехника » деген журнал шығарылды. Бұл уақыттарды профессияграфикалық методтар, схемалар шығарылды.

Сонымен қатар динамикалық еңбек ету және еңбек етудегі рядтық тәуелділік, факторлық қарастырылды ғылымдардың еңбектерінде еңбек етудің ақыл ойдың өзгеруіне, бір-бірімен тығыз байланысты деген.

Дегенмен біздің әлемде фактически психотехника өзін мүлдем тоқтатты тек 30-жылдары ғана жиырма жыл өткеннен кейін ғана пайда болды.

Кризис психотехниканы іштей әсерін тигізді. Механикалық позициялар профотборды үлкен қателік жіберді, яғни психотехникалық іс-әректтерге шек қойып отырды. Біздің әлемде жұмыссыздық ликвидациясы « өзін қалдырды » практикалық психотехникалық профотбор ең негізгісі. Бірақ бұл психотехникалық пайда болуына кері әсерін тигізген жоқ. Дегенмен психотехника өте тез өзін жоя бастады.

1957 жылдары наурызда дегенменде психотехника өзін қайта жаңғыртты. Осы жылдары Москвада еңбек психологиясына байланысты үлкен жиналыс өтті. Онда осыған байланысты ғылыми зерттеулер айтылды. Оның ішінде профессиялық заңдар, профессиялық шеберлік, еңбек етуі айтылды. Адамдардың еңбекке деген проблемалары, еңбек етудегі көрсеткіштер, аз мөлшердегі жұмысшылардың еңбек етуіне өзінің көрсеткіштерін көрсетуге ашуға қоғамдық ортаға көптеген көмек пайдаларын әкелді. Бұл еңбек психологиясының дамуына улкен әсерін тигізді. Осы 20- жылдың ішінде, осы этапты психология ғылымында көптеген өзгерістер болды. Мұнда теориялық және методологиялық еңбектер өткңзілді және жоғарғы деңгейдегі білім психологиялық эксперементтер өткізілді. Осы зерттеулер жаңа бағыииа жүргізіле бастады.

50-70-ші жылдары еңбек психологиясының мінездемесі өткізілді. Еңбек психологиясы арнайы психологияның облысы болып табылады және оның теориялық проблемкалары жалпы адам психологиясының негізгі проблемасы болды жеке тұлға психологиясының жұмысы осы периодта еңбек психикасына терең әсерін тигізді. Ал субъект индивит және жеке тұлға деп қарастырады.

Кез келген еңбектің түтінде әрекеттер жүйесі болады. Еңбектің әр түрінде әрекеттер әртүрлі сипатқа ие, алайда сенсорлы болмасын, ақыл-ой әрекеттерінің болмасын барлығы үшін келесі факторлар тән:


  1. мақсаттылық (бағыттылық);

  2. ағымды әрекеттің еңбек объектісінің ағымды жағдайына сәйкестігі;

  3. әрекеттің еңбек құралдарымен толықтырылуы; оның сипаты техникалық прогресстің дамуымен өзгереді;

  4. бір әрекетті түрлі бұлшықет топтарының көмегімен орындау мүмкіндігін білдіретін еңбек әрекеттерінің полиэффектілігі;

  5. фиксацияланған, автоматтандырылған және өзгермелі, қайта құрылатын компоненттердің арақатынасы;

  6. еңбек әрекетінің қоғамдық байланыстылығы оларды орындайтын адаммен ғана емес, сондай-ақ басқа адаммен де немесе басқа адамдардың іс-әрекетінің материалдық өнімдермен (қолдану әдістерімен, сызбалармен, технологиялық карталармен және т.с.с.) реттелуін көрсетеді.

Іс-әрекеттің жалпы құрылымын талдай келе А.Н.Леонтьев адам іс-әрекеті әрекеттер немесе әрекеттер тізбегі формасынан басқа формада болмайды дегенді баса айтады:«Бір әрекет түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруы мүмкін, бір іс-әрекеттен екіншісіне ауыса алады. Бұл саналы мақсаттарға бағытталатын өзіндік салыстырмалы процестер».

Әрекет орындалатын тәсілді А.Н.Леонтьев «операция» түсінігімен белгілейді. Операция негізінен мақсатқа емес әрекеттер шарттарына жауап береді. Сондықтан бір операцияның көмегімен түрлі әрекеттер жүзеге асырылуы мүмкін. Өз кезегінде ол көрсетілген шарттардың өзгеруі кезіндегі бір мақсатқа түрлі операциялардың көмегімен жетуге болады. Сонымен, адам өмірін оның жоғарғы көріністерінде қалыптасатын іс-әрекет анализі біріншіден, іс-әрекеттің жеке түрлерін олардың мотивін туғызатын критерийлері бойынша ерекшелейді. Одан кейін саналы мақсаттарға бағынатын процестер - әрекеттер ерекшеленеді. Ақырында, бұл нақты мақсаттарға жетудің шарттарына тәуелді операциялар. Бұл адам іс-әрекетінің бірлігі және оның құрылымын жасайды.

А.Н.Леонтьев іс-әрекет жүйесінің жеке құрылымды белсенділігін және оның ішкі байланыстарын ашу қажеттілігін ерекше көрсетеді. Еңбек іс-әрекетінің жүйелік анализі мәселесіне психология толықтай жақындады. Оны шешудің методикалық әдістері жасалып жатыр, бірақ нәтижелерін айту ертерек. Еңбек әрекетінің сипаты, техникалық прогресс дамуымен байланысты олардың өзгерістері және осы динамиканы анықтайтын (субъективті және ортаға тәуелді) факторлар ғана зерттелген.

Еңбек әрекетінің негізгі үш өлшемін ажыратады: қуаттылық, кеңістіктік және уақыттық. Техника дамуының ерте сатысында қуаттылық факторы жетекші болды. Уақыт өте келе технологиялар өзгерді.Кеңістіктік және уақыттық факторлардың рөлі өсті. Бұл ірі қуатты қозғалыстардың соққы немесе қысымның неғұрлым нақты күшін қамтамасыз ететін неғұрлым көбірек ұсақ бөлінуге әкелді.

Еңбек процесінің қозғалыс екпініне комплексті автоматизациясы мен механизацияның дамуы мен еңбек әрекетінің реттелуі қалай өзгерсе (ойлау әрекетінің рөлі өседі), дәл солай қозғалыстың негізгі өлшемінің сипаты да (қуаттылық, кеңістіктік және уақыттық) өзгереді. Өндірістік іс-әрекеттің көптеген басқа түрлеріндегі сияқты дистанционды басқару құралдары бар операцияларда қозғалыстар мөлшерлі болады. Бұл қозғалыстардағы бұлшықет қысымы күш-жігердің төменгі сатысында дифференцияланады.

Еңбек операцияларындағы макроқозғалыстардың салыстырмалы анализі, қол әрекетінен (қарапайым шегені қағу мен күрделілердің бірі – радиошам бөлшектерінің монтажы) механизацияланған және автоматизацияланған өндіріске аысу, жасалатын макроқозғалыстардың мөлшерінің біртіндеп азаюымен қабаттасады. Қолдың басының, оның саусақтарының микроқозғалыстары еңбек іс-әрекетінің неғұрлым күрделі түрлерінде ғана көрінеді. Бір еңбек әрекетінің шегінде неғұрлым күрделі немесе нақты қозғалыстарға қосылған микроқозғалыстардың көлемі ұлғаяды.

Еңбектің даму процесіндегі қуаттылық факторы кеңістіктік және уақыттыққа неғұрлым көбірек бағынады. Механизацияланған өндіріс жағдайында кеңістіктік-уақыттық факторлар өзіне толығымен қуаттылық факторын бағындырады. Бұл ірі екпінді қозғалыстардың кейіннен бөлшектеніп, неғұрлым ұсақталуына, қол саусақтарының микроқозғалыстарының пайда болуына дейін әкеп соғады. Алайда ұсақ қозғалыстармен қатар қолдың неғұрлым ірі бұлшықеттерімен орындалатын көптеген жұмыс қозғалыстарын сақтайды. Автоматтандырылған өндіріске көшу максималды нақтылық пен реакция тездігін (яғни кеңістіктік-уақыттық факторлардың рөлін жоғарылатады) қажет етеді. Қолдың ірі бұлшықеттерімен мұндай қозғалыс дәлдігін жүзеге асыру мүмкін емес. Саусақ қозғалыстарының ең нәзік қозғалыстары ғана қажетті дәлдікті қамтамасыз ете алады. Арақашықтықтан басқару құралдарын қолданғанда микроқозғалыс жиынтығының пайда болуы дәл осымен байланысты. Екпінділік факторы мұндай қозғалыстарда тоқтамайды, жеңілдемейді, керісінше, дамиды және қалыптасады. Және мұндай ұсақ қозғалыстар өз жиынтықтарында қатты, күшті қозғалыстарға қарағанда бұлшықет қуаттылығын көбірек қажет етеді.

Н.А.Розе кәсіптік іс-әрекет ерекшеліктеріне байланысты әрекеттің қуаттылық, кеңістіктік және моторлы компоненттердің қатынасындағы айырмашылықтарды да көрсетті. Ол бірдей жастағы (18-21 жас) қыздар тобының қолының қуаттылығы мен дірілін салыстырды:құрылыс аумағының жұмысшылары, теледидар және радио машиналардың монтажшылары мен университет студенттерінде. Айырмашылықтар қол басының қуаттылығында неғұрлым айқын көрінді. Құрылысшы қыздарда ол радиошам бөлшектерін монтаждаушылардың қол күшінен 1,8-2-ге (өте нәзік және нақты өндіріс) және конвейер блоктарын монтаждаушылардың қол күшінен шамасы 1,5-ке жоғары. Тремордың (діріл) да кәсіптік ерекшеліктері анықталды. Құрылысшыларда неғұрлым жоғары тремор, үлкен тербеліс амплитудасы және жиілігі анықталды. Ең төменгі тремор радио монтажшыларда орнатылды. Н.А.Розе бұл мәліметтер нақты өндіріс саласындағы кәсіби таңдаудың табиғи ерекшеліктерін көрсетеді деп санайды. Монтажды өндіріс жағдайында тремордың жастық-жыныстық ерекшеліктері де нақты анықталды. Ерекше нақты монтажды өндірістің барлық аумақтары ережеге сәйкес қыздармен қамтамасыз етіледі. Көптеген зерттеулер ер адамдардың треморы үлкен тербеліс амплитудасымен және үлкен жиілігімен сипатталатынын көрсетеді. Бұдан басқа 400 монтажшы жұмыс істейтін аумақта тек 9 ғана 30 жастан жоғары, олардың өзі неғұрлым ірі радиошам бөлшектерінің монтажымен айналысты. Ережеге сәйкес жұмысшыларда 28-29 жасқа келгенде еңбек өнімділігі төмендеп, ал одан кейін олар нормамен жұмыс істей алмайды және басқа аумақтарға істеуге көшеді. «Сірә, мұнда біз кеңістіктік қатынастар қызметінің ерте қартаюымен кездесеміз»- деп қорытындылайды Н.А.Розе. Н.А.Розенің монографиясында әйелдер мен ер адамдардың қол қуаттылығының жастық өзгешеліктері туралы, ерік-жігер күшінің, жастық-жыныстық ерекшеліктерінің жетістігі туралы, дене қалпының өзгермелі жағдайындағы қол қозғалыс дәлдігінің жастық ерекшелігі және т.б. туралы мәліметтер де келтіріледі. Автор алынған фактілерді кәсіби іс-әрекет ерекшеліктерін байланыстырмайды, алайда Розенің зерттеулерінің нәтижелері еңбек психологиясы үшін, әсіресе кәсіби таңдау мен кәсіби оқыту жүйесінің психологиялық негізделуі үшін сөзсіз маңызы бар. Күрделі техникалық құрылыммен жұмыс жасайтын адамның әрекеттер құрылысында үлкен рөлді сенсомотрлы реакциялар ойнайды. Адам психомоторикасының жалпы сипаты тұрғысынан сенсомоторлы реакциялардың барлық түрлерін жаттықтырудың табылуы қызығушылық туғызады. Сонымен қоса сенсомоторлы реакция жылдамдығының өзіндік реттеу мүмкіндіктерін көрсететін мәліметтер бар.



3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

3.1. Еңбек психологиясы пәні, негізгі мәселелері. Ғылыми зерттеу әдістері. Объективті және субъективті әдістері. Герменевтикалық әдіс. Эргономика.

3.2. Еңбек туралы психологиялық білімнің мәдени тарихи дамуы. Еңбек психологиясының тарихи Тейлор жүйесі. Тейлоризс. М.Вебердің бюрократиялық концепциясы. А.Файолдық әкімшілік концепциясы.

3.3. Еңбек психологиясы әлеуметтік психологиялық процесс. Еңбек туралы халықтық, философиялық көзқарастар. Еңбек пен мамандықтың психологиялық түсінігі. Еңбек және еңбек мотивациясы.

3.4. Еңбек - адамзат қоғамында бірінші өмірлік қажеттілік. Еңбек адам санасын қалыптастырушы. Еңбектің психологиялық белгілері. Еңбек постысының негізгі құраушылары.

3.5. Кәсіптік бағдар жұйесі. Е.С.Романова және Т.А. Сугробова бойынша комплексті профессиограмма. Профессиограманы өңдейдің жалпы схемасы. Кәсіптік іс-әрекетті суреттеу схемасы.

3.6. Кәсіптік бағдар салалары. Кәсіпкерлік адам психикасын жүйелі ұйымдастырушы. Жұмысшының жеке қасиеттері және жұмыстың индивидуалдылығы кәсіптік бағдар салалары. Кәсіптік ағарту; ақыл-кеңес

3.7. Кәсіптік бағдар, жұмысын басқарудың мақсаттары, міндеттері Еңбек субъектісі және оның құрлымы. Еңбек субъектісінің кәсіпке дейінгі дамуы. Д. Эльконин, Эриксон, Е.А. Климов. Кәсіптік бағдар жұмысын бассқарудың мақсаттары мен міндеттері.

3.8. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, үйлестіру және басқару. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, үйлестіру және басқару. Кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырудың психологиялық негізі.

3.9. Профессиографиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу. Профессиография туралы түсінік. Кәсіптік бағдар беру сабақтарының жүйесі. Профессиографиялық экскурсияларды ұйымдастыру.

3.10. Ықылас пен бейімділікті қалыптастыру. Ықылас пен бейімділіктің психологиялық сипаты. Ынта-ықылас пен бейімділікті қалыптастыру шаралары. Кәсіптік дағдылар мен олардың маңызы.

3.11. Еңбек қабілетінің дамуы. Еңбек қабілетінің психофизиологиялық негізі. Қабілетті қалыптастыру жолдары. Еңбек қабілеті адам өмірінің сапалық негізі.

3.12. Адамның еңбек арқылы қалыптасып, дамуы. Еңбек туралы философиялық, әлеуметтік, психологиялық көзқарастар. Адам санасының қалыптасуындағы еңбектің маңызы. Еңбек жетекші әрекет.

3.13. Еңбекті ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері. Еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру

3.14. Кәсіптік әрекеттегі стресстер мен дау-дамайлар. Еңбек іс-әрекетіндегі адамның функционалды күші. Психикалық қажу теориясы. Монтондық күй. Психикалық қажуды өлшей әдістері. Стресс жағдайлардың психологиялық негізі. Кәсіптік білім туралы туралы түсінік.

3.15. Кәсіптік білімнің негізі. Кәсіптік іс-әрекетінің тиімділігіне әсер ететін факторлар. Кәсіптік білімнің психологиялық негізі.


4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Курс жұмысы жоғары оқу орындарында негізгі мамандыққа байланысты оқылатын пәндерге өз ерекшеліктері бар бағыттарды терең ашып көрсетуді қажет ететін өздік шағын ғылыми жұмыс түріне жатады. Курс жұмысын жасау үстінде студент оған бекітіліп берілген ғылыми жетекшіден үнемі кеңес алып отырады.

Дипломдық жұмыс. Студенттің жоғары оқу орны қабырғасында болған кездегі өздігінен жасаған ғылыми еңбектерінің қорытындысы жайлы оның ерекше шығармашылық ғылыми-зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмысқа студент өздігінен рефераттар, ғылыми журналдарғы, мақалалар жазып, түрлі ғылыми үйірмелер мен ұйымдар жұмысына белсенді қатысып, курс жұмыстарына ғылымилығы – мәселелерді қарастыра отырып келсе студентті ғылыми жағынана қалыптасқан және шығармашылық қабілетке ие болған тұлға ретінде қабылдауға болады. өздігінен ғылыми зерттеу жұмыстарын меңгерген жастар өздігінен шығармашылық еңбек жасайтын және қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешеш алатын маман болып табылады
5.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ

Студенттердің өз бетінше жұмысы – көп күш жігер жұмсауды қажет ететін жұмыстың түрі. СӨЖ – арнаны уақыт ішінде оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындайтын жұмыстары. СӨЖ үшін белгілі дәрежеде студенттің ақыл-ойы, күш-жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. СӨЖ-ның түрлері мен типтері, классификациясы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде бұрыннана қалыптасқан. Жоғары мектептің қазіргі дидактикасы СӨЖ-ның төмендегідей классификациясын тиімді деп есептейді



  • Үлгі бойынша өз бетінше жұмыс;

  • Сындарлы-вариативті (конструктивно-вариативный) өз бетінше жұмыс;

  • Эвристикалық өз бетінше жұмыс;

  • Ізденушілік өз бетінше жұмыс;

өз бетінше іздену студентке ғылыми көзқарасының қалыптасуына және шығармашылық кәсіптік қабілеттің дамуына негіз салады.

Студенттердің өз бетінше жұмысының түрлеріне:



  • Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс;

  • Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білу

  • Коллоквиумда, семинарда өз көзқарастарын ауызша айта білу;

  • әр пәннің ерекшелігіне сай негізгі ұғымдарды таба білу және қорытынды жасай білу

  • конспект, шығарма, мәнжазба, баяндама,аннотация жазу;

  • жаттығулар орындау, кестені толтыру, сызбалар сызу

  • тезис, жоспар құру, ауызша пікір айту жатады.


СӨЖ тақырыптарының тізімі.
5.1. Еңбек психологиясы пәні, негізгі мәселелері.

5.2. Еңбек туралы психологиялық білімнің мәдени-тарихи дамуы.

5.3. Еңбек психологиясы әлеуметтік психологиялық процесс.

5.4. Еңбек адамзат қоғамында бірінші өмірлік қажеттілік.

5.5. Кәсіпті психологиялық зерттеу

5.6. Профессиографиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу.

5.7. Ықылас пен бейімділікті қалыптастыру.

5.8. Адамның еңбек арқылы дамып, қалыптасуы.



5.9. Кәсіптік әрекеттегі стресстер мен дау-дамайлар



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет