Білім беру жүйесі үш тірек негізінен құралған. Оған:
Міндетті түрде халыққа жалпы білім беру.
Политехникалық білім беру.
Еңбекке баулу және кәсіптік білім беру.
Жалпы білім беру негізінен үш түрлі мақсатты көздейді: біріншісі – табиғат, қоғам, адам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгерту. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүние-танымдық идеялармен сенімдер, практикалық білік пен дағды және ғылыми зерттеу әдістері мен ғылыми ойлау тәсілдері жатады. Екіншісі – оқушыларды практикалық іс-әрекетке, өз бетімен пайдалы еңбек етуге даярлау. Үшіншісі мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәндерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тоғығымен пайдалануды керек етеді. Білім беру – қоғамдық мақсатты көздейді. Сол арқылы алдыңғы өткен аға ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі.
Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның мектеп алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Сонымен бірге дидактикалық талаптар да ескеріледі, соның негізінде қандай білім қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігі де белгіленеді. Мектептегі оқушыларға политехникалық білім беру мақсаты – көпсалалы ұқсас және өңдіріс, техника, технология негіздерінде, сондай-ақ еліміздің экономикасы, ауылшаруашылығын ұйымдастыруға сай бағытталған жан-жақты білімдер жүйесін меңгерту.
Бұған қосымша казіргі кезеңдегі индустриалдық өндірістің негізін құратын автоматтандырылған және информатика механизмдерімен жұмыс істеу дағдыларымен қаруландыру, соған сай компьютерлік білім беру.
Негізгі ұғымдар: заң, заңдылық, ұстаным, ішкі және сыртқы заңдылықтар
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Оқытудың маңызды заңдылықтарын атаңыз.
«Оқыту ұстанымы» мағынасы нені білдіреді?
Мұғалім үшін оқытудың заңдылықтары мен принциптерін білудің маңызы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003
Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006
Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976
Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А,«Мектеп», 1986
Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999
Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973
Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981
Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991
6-тақырып: Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары.
Оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік.
Оқытуда сыныптық-сабақ жүйесінің маңызы.
Ұйымдастыру формасы – дидактиканың негізгі салаларының бірі ретінде оқыту процесінің міндеттерін іске асыруда қолайлы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және кластық-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне Афин елінде пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, тексті оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін.
Революциядан бұрын қазақ еліндегі модалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Сол сияқты XVII ғ. аяғында – XIX ғ. басында Англияда оқытудың «белль-ланкастер» жүйесі тарады. Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің ерекшелігі, бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін мониторларды оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жас шамалары кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. Оқытуды бұлай ұйымдастыру нәтижелі болмады.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында Дальтон қаласында пайда болған «дальтон-жоспар» деген атпен оқу жүйесі тұнғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Яғни сабақтарды өткізбеу, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуді көздеді. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Өмірдің өзі, өнер-кәсіптің, ғылым және техниканың дамуы кең көлемде білім беруді қажет еткенде, яғни тұрлі салаларда сауатты жұмысшылар, білімді мамандар қажет болғанда, оқытудың басқа жоғары дәрежеде білім беруге жарайтын түрлері пайда болды. Бұл жұйе сыныптық-сабақтық деп аталады.
Оқытудың жаңа сыныптық-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және қатардағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттерін ескере отыра топтастыру;
сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы;
жеке пәндері оқыту тұақты оқу кестелері арқылы жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету;
оларды оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу;
оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау;
оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығында жұргізілуін жатқызады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болады. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары.
1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.
2. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі:
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтын сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытуды «білім беру, тәрбиелеу және дамыту» қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып отырулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды ескеріп отыруы шарт.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп практикасында бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы дегеніміз – сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу деген сөз. Сондықтан дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Мысалы, И.Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды, ал М.А. Данилов пен Б.П. Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Дегенмен мектеп тәжірибесінде көптен қолданылып жүрген сабақ түрлерін И.Н. Казанцевтің жіктеуіне сәйкестігін байқаймыз. И.Н. Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалды өтетін сабақ.
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Практикалық сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:
Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, практикалық және лабораториялық жұмыстар жүргізу).
Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: форма, жеке-топтық формалар, сыныптық-сабақтық жүйе, дидактикалық талаптар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі қандай?
Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымын талдаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003
Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006
Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976
Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А.,«Мектеп», 1986
Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999
Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973
Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981
Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991
7-тақырып: Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері.
Білім берудегі оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.
Мектеп оқушысының үй жұмысын орындауы.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері:
- семинар;
- экскурсия;
- факультативтік түрі;
- сынақ;
- үйдегі оқу жұмысы.
Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұцымдастырудың қосымша тұрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, сынақ, емтихан т.б. жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақрыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенің, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік тұғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалын практикамен жалғастыру, бекіту.Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, өндіріске, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыту процесін ұйымдастыру мұғаліммен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын-ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі – кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі – іліспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі – қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультативтік тұрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығымен негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дұниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді, белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл-ой еңбегі мен практикалық біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгереді.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында көздейді. Семинар сабақтарына қарағанда конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қасымша құралдардың көлемі кеңірек болады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына еңгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстыры сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретігде саналады. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады.
Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау – бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу.
Білім және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы – оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық, басқарушылық, тәрбиелеушілік.
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық бағдарлаушы, бақылаушы болып келеді. Бұл топтың қызметі білім және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық, реттеушілік, дәлдеп түзетушілік болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық, дамытушылық, ынталандырушылық болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, егерде баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білсе.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Бұл жүйесінің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік түғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Рейтинг – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы.
Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге біріктіріледі. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құралады.
Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:
күнделікті немесе ағымдық,
аралық,
қорытынды бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүзгізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады.
Қорытынды бақылау :
* Сынақ жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.
* Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.
Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағында ғана жіберіледі.
Негізгі ұғымдар: семинар, экскурсия, факультативтер, сынақ, үйдегі оқу жұмысы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Білім берудегі оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерінің өзіндік ерекшеліктері сипаттаңыз.
Экскурссияны қалай жоспарлауға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003
Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006
Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976
Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А.,«Мектеп», 1986
Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999
Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973
Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981
Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991
8-тақырып: Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері.
Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
Тәрбие заңдылықтары мен принциптері.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жұйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Өйткені, қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеалогиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.Тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс, себебі адам жеке тұлға ретінде тәрбиеленеді. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткеге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдері азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесіқоғамның барлық азаматтарының міндеті, жанұя, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбие заңдылықтарына:
баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;
баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбие болмайды;
тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік позициясына тәуелді екендігінде, сондықтанда тұлға тәрбиесі , бұл заңды құбылыс.
Тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларн жүзеге асыруда тәрбиешілердің пайдаланатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы.
Тәрбие принциптері:
тәрбиенің мақсаттылығы – тәрбие үрдісіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді;
тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы – мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру;
еңбек арқылы тәрбиелеу – баланы еңбек ете білуге, қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттілктерінен туындайды;
жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі – бұл принциптің көздейтін мақсаты: оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы турде меңгертүді, жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;
балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу - әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көзқарасы, ақыл-ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр түрлі. Сондықтан тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор;
тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіңдеп жүйелі түрде жүргізуді талап етеді;
жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделген;
тәрбте процесінде мектеп, жаңұя, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы – тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |