ПОӘК 042-18 17/03-2015 №1 басылым 11. 06. 2015


-дәріс. Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету ролі және адам физиологиясының кейбір мәселелері



бет2/8
Дата17.02.2017
өлшемі1,81 Mb.
#9738
1   2   3   4   5   6   7   8

4-дәріс. Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету ролі және адам физиологиясының кейбір мәселелері
Киім денені ауа – райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі.
Киімнің шығуы – адам еңбегінің ерекшеліктеріне қоғамдық өндіріспен мәдениеттің дамуы мен тығыз байланысты.
Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті құралдарының бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығы әлеуметтік жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағлұмат беретін белгі. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғап өзінің практикалық қызметін атқарса адам денесіне сән беріп – этникалық қызметін атқарған. Адам баласы алғаш пайда болып, үңгірлер, жартас қуыстарын паналап жүрген кезден бастап табиғатпен жақсы үйлесімін тапқан. Сол кезде ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғылар жамыла бастаған.
Адамзат палеолит – тас дәуірінде тігіссіз байланатын киімдерді пайдаланумен қатар сүйек ине, сүйек бізді қолданып, тері және тоқыма киім кешек жасап киіну мәдениеттің басқа да түрлерін қалыптастыра бастаған немесе түйірленетін болған.
Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып иықтан, мықыннан келетін киім түрлері пайда болған.

 Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады.Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін   игере отырып,  оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру  арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады.Киімді әркім өз бетінше таңдайды,  таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен  киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты , киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу- қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар   киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар.

Негізгі бөлім.

Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың теміржолшылардың, спорттық   деп және тағы басқа. Киім- утилитарлық  және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын<<Костюм>> ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды.  Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінедітұрмыстық және өндірістік.

Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл киім, корсетті бұйымдар, бас киім. 

Сырт киімге- пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка жатқызылады. 

Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа.

Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ, тақия, бөрік  жатады.

Тұрмыстық киімдерді былайша ажыраттуға болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай  жаздық ,қыстық маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та бөлінеді.Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр.Сән ешқашан да ескіні мүлде жоққа шығармайды.Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады. Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады.

Адам бейнесінің өлшемдік сипатамасы

Киім конструкциясын кез-келген есеп  әдісімен  құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек.  Осы бастапқы деректердің  бірінші және негізгі  бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады.  Олар адам дене бітімін көлемі мен пішіміне қарай сипаттады, яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады. 

Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш тәсілі бар: 

-бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез-келген

нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді:

-екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді:

-үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді.

Анықталған нүктелер антропомериялық нүктелер деп аталады.  Адамды өлшеу барысында 16 антропометриялық нүкте қолданылады. 

Оларға қысқаша сипатама: 

Бой –Б. Еденнен құлақүсті нүктесіне дейінгі аралық.

Жартылай мойын айналымы-ЖАм. Мойынның толық айналымын өлшейді. Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен ерекшеліктеріне назар аударуы қажет: ұзын – қысқалығына алдымен артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналсын май басуына.

Кеуденің бірінші жартылай айналымы-ЖАк1.  Бұл айналым толық айналымда өлшенеді.

Кеуденің екінші жартылай айналымы-ЖАк2. Арқаға сантиметірлік таспаны көлденеңнен қолтық асты ойындысының астымен өлшейді.

Кеуденің үшінші жартылай айналымы-ЖАк3. Бұл өлшемен кеуденің толық үшінші айналымын өлшейді.

Жартылай бел айналымы-ЖА бел. Белдің толық айналымын өлшейді.Өлшем өлшегенде өлшемнің жартысын  алады. 

Жартылай мықын айналымы-ЖА мық. Мықын айналымын толық өлшейді. Таспа тұлғаны айналдыра шығынқы нүктелерге:артынан-жамбасқа,алдынан қарынға жайғастырады. Өлшемнің жартысы жазылып алынады.

Кеуде ені-Ек. Әйеледрден кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі қолтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрышын өлшейді.Жарты өлшем жазылып алынады.

Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне дейінгі аралық-

Ұар.б.б. Артқы бел сызығынан мойын негізіндегі иықтық тігістің жоғарғы нүктесіне дейінгі аралықты омыртқаға параллель өлшейді.

Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық- Ұал.б.б.Мойыннан кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін белге дейінгі аралық.

Кеуде биіктігі –Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңқы нүктесіне дейінгі аралық.

Арқа ені-Еар. Жауырын бойымен қолтық асты шұңқырларының артқы бұрыштары арасындағы арақашықтықты өлшейді. Өлшеудің жартысы алынып жазылады.

Бұйым ұзындығы-Ұбұй. Шартты қабылданған типтік талаптағы қалыптағы қалаған ұзындығына дейінгі арақашықтықты өлшейді.

Иық белдеу ені-Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүкетесін негізгі  мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.

Жең ұзындығы-Ұжең. Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығының арақашықтығы.

Иық айналымы –Аи. Айналымды иық осіне перпендикуляр өлшейді.

 

Киімнің сыртқы пішіні мен  конструкциясының сипаттамасы.



Киімнің сыртқы пішінінен мынадый факторлар әсер етеді:

-матаның фактурасы, түр-түсі,әшекейлер,әрлеулер, көрінетін тігістер:

-адам ден бітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін көрсететін оның еркінділік дәрежесі:

-пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылымы.

Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамсы.Түрлі ассортименттегі киім конструкциясының негізгі түрлі пішіндерге ие.Киім пішіні құрастыру және сәндік деп бөлінеді.Көп жағдайда осы сызықтармен анықталады. Сондай-ақ сэлуэттік депте сипатталады.

Сэлуэттік сызықтар  киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы пішінімен кескінінің пропорциясын сипаттайды. Киімді модельдеуде әртүрлі жастағы, өлшемдік және толықтық жетекші сэлуэттер болып табылады.

Құрастыру сызықтары  киім бетіндегі бөлек бөліктерге бөлінеді. Ең

көп кездесетіндері мынадай бөліктер.артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға тағыда басқа. Киімнің негізгі бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Киімдегі әшекей құрастырушы деп те айтуға болады.

Сәндік сызықтарға әртүрлі әрлеу сызықтарын сондай-ақ бөлік шеттерінің контур сызықтарын жатқызады.

Киім пішімі деп киімнің конструктиптік құрлымының жалпы сипаттамасы түсіндіріледі.

Қосымшалар  негізінде сыртқы иықты киімдерге және жеңіл киімдерге қосылатын қосымшалар болып бөлінеді. Сыртқы киімге қосылатын қосымша көп болады. Олар :

Пг -көкіректің жарты орамына берілетін қосымша4см.

Пт –белдің жарты орамына берілетін қосымша 1,5см.

Пб –бөксенің жарты орамына берілетін қосымша 1 см.

Пшгор –мойының жарты орамына беріледі 1см.

Пдтс –белге дейінгі берілетін қосымша 0,5см.

Пспр- қолтық  ойындысына берілетін қосымша 2,5см.

Пшп-көкірек еніне берілетін қосымша 0,5см.

Пдтп-алдыңғы бойдың белге дейінгі үзындығы 0,5см.

Екі тігісті жең. Екі тігісті жең алдыңғы және артқы жеңнен тұрады.Ортаңғы тігіс немесе бүкпелі жеңде мұндай жағдайда жең болмайды.Бұл 2 тігісті жең сызба үлгісі реглан жеңге ұқсас пішімдегі формалар бұл  жең түптері бедерлі  тігіспен немесе көмкерілген толықтырылады.Бүл ұлгі пішіні реглан немесе қондырма жеңдер негізінде пішіледі.Тігілетін сырт киім костюм жең үсті тігісінде жарымалы болады.Осы жеңді тігістер кезінде жең үсті,жең асты деп екігк бөлінеді.Жең  дайындаудан бұрын жең бауыр астына қарайтын машинаға тігіп арнайы жең үтіктеуге арналған жең формасыны келтірілген ағаш тақтайға саламыз.Жеңнің астарын жең аузына тігеміз.Бұл астарда үстіңгі және асиыңғы жеңге салынып пішіледі.Осылай пішілген жеңді , алдымен жең асты қосып содан кейін жең үсті тігісін қосып тігіп береміз.Жеңнің астарын аузына тігеміз.Осылай дайындалған жең үсті,жең асты  тігісітерді беттестіріп,бормен белгілеп дәлме –дәл нтіп,жең ауыздарын тігеміз,егер бұл ек ім арасында бүкпесі бар киім болса  жарманың түзу тігіспен тігеміз,жең асты күспеге салып  тігеміз.

Жаға. Жағалар формасы жағынан әртүрлі болады. Оларды формасы

жағынан 5 түрге бөлуге болады:

1.Бұймның жоғарғы тұсына дейінгі түймеленетін жаға.

2. Лацканға дейінгі түймеленетін жаға(шәль және пиджак ).

3. Алдыңғы  және артқы бойлықпен тұтас пішілген жаға.

4.  Фантазиялық  (бүрмеленген ).

5. Кесіндісі бар тік жағалар. Негізінде тік жаға түймелігі жоғары мойын ойындысына дейінгі жоғарлығы жатады. Тік жағаны құру үшін мына есепті пайдаланамыз. Тік жағаны сызу үшін, жаға ені және жаға ұзындығы алынады. Оларды мына әріптермен белгілейміз енін ОВ, ал ұзындығын ОА деп белгілейміз. Тік жаға негізінде булузка, пиджактарда, костюмдерде тігіледі.

Киімнің негізгі қасиеттері

Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің ауа өткізгіштік қасиетті деп адам денесіне ыңғайлы, суықты, жылыны бірқалыпты ұстауын айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуын айтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке шыдауын. Мысалға: жуған кезде киімнің оңып, созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады. Гигеналық  қасиеті деп киімнің адам денесінен бөлініп шығатын тер бөлініп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасы өте мол . қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, мал тектес және жасанды  матерялдардан тігіп адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын,  ағзаның қалыпты және сақтайтын температурасын   сонымен бірге оған әртүрлі көрік беретін заттар жиынтығын айтады .   Киім қасиеттері ол тікелей  матаға және киілетін орынға байланысты өйткені күн ыстық кездері ауа өткізбейтін болғандықтант адамға ыңғайсыздық тудырады. Киімнің тағы бір қасиетті жуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескеген жөн. Көбіне төзімді киімдерге дженсилік маталардан тігілген киімдер жатады .



5-дәріс. Киім матасының денемен үйлесімділігі
Жоспар

  1. Киім асты ауасының температурасы.

  2. Киім астындағы ауа ылғалдылығы.

Адамның жылу реттегіш механизмінің мүмкіндігі шектеулі және адам ағзасының жылу бөлінгіштігін төмендету үшін киім қажет болады. Тері бетімен киімнің сыртқы беті арасында ауаның айтарлықтай қабаты болады. Ол өзіне тән климаттық алаң тудырып, өз параметрі бойынша сыртқы орта климатынан айтарлықтай өзгеше және біршама тұрақты сонымен қатар шектеулі температурада, өте аз қатынасты ылғалдылықта, әлсіз ауа қозғалысының өзгеруімен сипатталады.

«Киім матасының денемен үйлесілімділігі» термині адамның денсаулығына және физиологиялық жағдайына тікелей әсер ететін, тері бетімен жабысып тұратын ауалы қабаттың метеорологиялық жағдайы деп түсіндіріледі. Микроклиматтың негізгі көрсеткіштері: температура, ылғалдылық және көмірқышқыл газының болуы. «Ыңғайлы микроклиматты» жылу физикалық тұрғыдан қарағанда олар температура комбинациясы, ауа қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл газы мөлшерінің ылғалдылығы, яғни адам денесінің температурасы қалыпты және терлемесе, қалыпты жылу балансын іске асыру дегенді білдіреді. Адам терісінің орташа температурасы 32-34С құрайды. Дегенмен адамның әртүрлі жағдайда тіршілік етуіне байланысты белгілі және бірдей температураға ұмтылу мүмкін емес, себебі адам ағзасының күйі әртүрлі сондықтан киім астындағы ауа температурасы бірдей болмайды. Мысалы тыныштықта отырған адам 30-32 С тең киім астындағы ауа температурасы болғанда өзін ыңғайлы сезінеді. Егер ауыр физикалық жұмыс кезінде ыңғайлылық аумағы +15С және одан жоғары қарай төмендейді. Тек белгілі ортада адам ағзасының физиологиясын меңгеру ғылыми тұрғыдан қарастырғанда киімді дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді.

1. Киім асты ауасының температурасы адамның физиологиялық функциясы үшін, оның өін еркін сезінуімен жұмысқа қабілеттілігі үшін маңызды роль артқарады. Киімсіз адам денесі сыртқы ауа температурасы 17,8-19 С суықтау, ал 14,5С суық, 13,5С өте суық екенін сезеді. Мұндай жағдайда киімнің атқартын рөлі ерекше. Іш киімдер өте жұқа және жылуөткізгіштік қабатта болады, тек қана іш киім киіп тұрған адамның температурасы киімсіз адамға қарағанда жоғарырақ болады. Айырмашылықтар төмен температурада қатты байқалады. Мезгілге сай киінген адамдарда ыңғайлы ауа температурасын интервалы суық мезгіл үшін 18-24С және ыстық мезгілдерде 24-28С шамасында болады. Және де тері температурасы тұрақты 32-34С тең болады. Гигиеналық жағдай бойынша тері бетімен тікелей жабысып тұратын киім астындағы ауа қабаты үлкен мәнге ие.

2. Киім астындағы ауа ылғалдылығы ыңғайлы жағдай түсінігіне кіреді, тіпті күшті тер бөліну басталған кезде шешуші рөл атқарады. Сулы бу түрінде тері арқылы ылғал үздіксіз бөлінеді. Яғни оны перспирация деп атайды. Осылайша адамдарда тәулігіне сулы буды 600-1000г дейін бөлінеді. Тамшылы сұйық ылғал тер бездері арқылы бөлінеді. Тәулігіне 35-40С ауаның жоғары температурасы кезінде 5-7 л дейін, ал ауыр физикалық еңбек кезінде 12 л тер бөлінеді. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ ыңғайлы жағдай үшін киім асты ауа ылғалдылығы 20-40%-ды құрайды. Басқа жағдайларда тері температурасы 32-36С кезінде ылғалдылық 50-60%-ды көрсетеді. Кейінгі жылдары киім асты микроклиматының және сыртқы жағдайдың температурасы мен ылғалдылық деңгейі арасында тығыз байланыс құрылған. Егер ылғалдылық әр 10%-ға өскен сайын, ауа температурасы 2С-қа бір уақытта төмендеп отырса, адамның өзін өзі қалыпты сезінуі жақсы болып қала береді. Ауаның төмен температурасы және 52-57% ылғалдылық кезінде, киім астындағы ауаның ылғалдылығы қалыпты және 14-19% -ға тең болады. Пакеттегі киімде ылғалдың ауысуы ылғалдың төмендеуіне бағытталады да, киім пакеттерінің жеке бөліктерін әртүрлі дәрежеде қыздыруына байланысты температураның түсуіне тәуелді жүреді. Жалпы жағдайда киім астындағы ауаның ылғалдылығы температураның қатысына байланысты таралады. Белгілі деңгейде дененің ауа ылғалдылығымен температуасына жақын ұстау үшін, киім терінің құрғаулығын сақтау қажет. Себебі киімнің ыңғайлылық тудыруы эпидермиялық терді жоюына қабілеттілігінде. Ылғалды тері кезінде ыңғайлылықты сезіну тері арқылы тынысталуымен түсіндіріледі. Тері ар-қылы тынысталу жоғары температура (38-40С) жағдайында айтарлықтай өседі.



6-дәріс. Киім гигиенасы жайлы мағлұматтар
Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:

1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.

2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.

3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.

4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.

5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.

6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.

Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут және т.б.) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды өңдеу урдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат, казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.

Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы жатады.



Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып кетуден сақтайды. Ауа өткізгіштігі мата талшықтарының тоқылуы сипатына, саңылаулардың мөлшері мен көлеміне, қалыңдығына, ылғалдану және ластану деңгейіне байланысты. Борпылдақ және саңылауы көп, жүннен жасалған, тоқылған және жібек маталардың ауа өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде болады, ең нашар ауа өткізгіштік – тығыз драп, брезент, тығыз мақта маталарына тән. Егер, киім көп қабатты болса, қабаттарының ішінде біреу ауа өткізбейтін жағдайда, барлық киім ауа өткізбейтін болады. Киім суланған және ластанған кезде, ауа өткізгіштігі төмендейді, себебі матаның саңылаулары су мен кір бөлшектеріне толады. Өте қалың маталардың ауа өткізгіштігі төмен болады.

Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім астылық кеңістікте түзілген су буларын өткізу қабілетін айтады. Матаның саңылаулары арқылы сүзіліп өтетін ауадан айырмашылығы, су булары талшықтар арқылы диффузия жолымен өтеді. Бу өткізгіштігінің, әсіресе, булану қарқынды жүретін ыстық микроклимат жағдайларында, қоршаған ортаға қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Жақсы бу өткізетіндерге - мақта матасы, аз бу өткізетіндерге - жүн маталары, одан да төмен өткізетіндерге - аң терілері, аса төмен өткізетіндерге - синтетикалық маталар жатады.

Маталардың ылғал қабылдағыштығы, олардың киім асты кеңістіктен де, сыртқы ортадан да, су буларын сіңіру қабілетін сипаттайды. Киімнің ішкі қабаттарының гигроскопиялылығы жеткілікті болуы керек, себебі тердің тері бетінен сіңірілуіне жағдай жасайды. Сыртқы киімнің гигроскопиялылығы, керісінше, төмен болуы керек, өйткені, ылғалдану нәтижесінде, киімнің жылу сақтайтын қызметі төмендейді. Гигроскопиялылығы жоғары маталарға жүннен жасалған матлар және замш жатады, олар суды өз массасының 1/4/- 1/3 бөлігіне дейінге мөлшерде сіңіре алады. Мақта маталары суды аз сіңіреді - құрғақ массасының 1/7-1/8 бөлігіне дейінгі мөлшерде, синтетикалық маталардың гигроскопиялылығы ең төмен, олар суды өте аз сіңіреді, сіңіретін мөлшері мата массасының тек 1/20-1/200 бөлігін құрайды.

Маталардың ылғал сыйымдылығы - мата ылғалданғанда, өзінің саңылауларында суды ұстап қалуы қабілеті. Ол пайызбен белгіленеді. Жоғары ылғал сыйымдылығы киімнің гигиеналық қасиеттерін едәуір төмендетеді. Саңылаулары сумен толуы нәтижесінде, матаның ауа өткізгіштігі төмендейді, жылу сақтайтын қасиеті нашарлайды, себебі, судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігінен 28-29 есе жоғары. Бұдан басқа, құрғақ матаға қарағанда, ылғал матадан сәулелену және булану нәтижесінде, жылудың көп берілуінен жылу жоғалтуы жоғарылайды. Маталардың ең жоғары ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, жүн маталарында ол - 45%, сәтенде - 13%, фланельде - 66% құрайды.

Маталардың жылу өткізгіштігі оның жылу сақтайтын қасиеттерін анықтайды. Жылу өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жылу сақтайтын қасиеті аз болады. Жылу өткізгіштігі көптеген параметрліне: саңылауларының жалпы пайыздық көлеміне, матаның қалыңдығына, талшықтардың тоқылу сипатына, ауа өткізгіштігіне, ылғалмен қанығу дәрежесіне байланысты болады. Саңылаулары көп және оларда ауа көп мөлшерде болатын, борпылдақ маталардың жылу өткізгіштігі, жұқа, тегіс маталарға (зығыр, мақта) қарағанда, аз болады. Маталар, жылу өткізгіштігінің азаюына қарай, келесідей ретпен бөлінеді: капрон, жасанды жібек, зығыр, мақта, табиғи жібек, жүн. Маталар термен немесе сумен суланған кезінде, олардың жылу өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Ең айқын жылу жоғалтуы киімнің бетінен жоғары жылдамдықта су булануы кезінде байқалады. Жібек, шыт маталарының бетінен ылғал өте тез буланады, осыған байланысты салыстырмалы түрдегі жоғары температура кезінде, тоңу сезімі байқылады. Керісінше, жүннен жасалған киімдерден ылғал баяу буланатындықтан, қоршаған едәуір жылу берілуінің алдын алады.

Матаның липофильдігі деп маталардың тері бетінен майды сіңіру қабілетін айтады. Жоғарғы май сіңіргіштік қолайсыз, себебі, май матаның саңылауларын бітеп қалады да, ауа- және су өткізгіштігін нашарлатады, кір бөлшектерін өзіне сіңіреді, микроағзалардың әсерінен ыдырап, жағымсыз иістердің пайда болуына әкеледі. Синтетикалық маталардың көбіне жоғарғы май сіңіргіштік қасиет тән.

Маталардың күн энергиясына қатынасы, олардың күн радиациясының интегралды ағынын, сол сияқты оның жекелеген биологиялық белсенді бөліктері – инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру, сіңіру және өткізу қабілетімен сипатталады. Ақ және боялмаған маталардың, күңгірт маталарға қарағанда, шағылыстыру қасиеті жоғары және сіңіру қабілеті төменболады. Ақ маталар күн сәулесінің 17-18 % ұстап қалса, ал күңгірт маталар - 50% дейін ұстайды. Сондай-ақ, атлас маталарының (сәтен, жібек-атлас) шағылыстыру қабілеті жоғары болып келеді, олар күн сәулесін 35-40 % дейін шағылыстырады.

Ультракүлгін сәулелерінің жеткіліксіздігінің алдын алу, сол сияқты артық сәулелердің зиянды әсеріне байланысты, маталардың ультракүлгін сәулелерді өткізгіштігі маңызды болып табылады.. Капрон мен нейлон маталары, ақ және ашық түсті жібек пен шыт, бәтес ультракүлгін сәулелерін жақсы (50-70% дейін) өткізеді. Тығыз және қалың, сонымен бірге күңгірт түсті боялған маталардың өткізгіштігі төмен болып келеді.

Сонымен, табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиеттерінің айырмашылықтары бар, бұл айырмашылықтары киімнің белгілі бір түрлерін: іш киім, костюмдер, көйлектер, сыртқы киімдерді дайындау барысында, оларды саралап қолдануын анықтайды. Іш киім тер мен теріден бөлінетін басқа да заттарды сіңіріп, тері мен киімнің бірінші қабатының арасында жақсы желдетілуді қамтамасыз етуі, теріні тітіркендірмей, оны ластанудан қорғауы тиіс. Мұндай талаптарға, гигроскопиялылығы, гидрофильділігі жоғары, ауа- және су буларын жақсы өткізетін, мақта мен зығыр маталары сай келеді. Олардың жұмсақтығы мен серпімділігі матаның құрылымы трикотажды (тоқылған) болғанда жоғарылайды.

Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады.

Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретінвегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. «Электрленген» киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін.

Синтетикалық маталардан жасалған іш киімдердің қолайсыз әсерлерін ескере отырып, 3 жасқа дейінгі және жаңа туған балаларға бұл маталардан іш киім тігуге рұқсат етілмейді. Бұл жастағы балалардың денесіне жанасатын киімдеріне (ползунки, колготки) 20% ғана синтетикалық ацетат талшықтарын қосуға, сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған іш киімдеріне мақта-сиблонды матаны (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Іш киімдерді дайындау үшін, сондай- ақ, табиғи жібек пен вискоза да қолданылады. Вискозадан жасалған маталар жоғары гигроскопиялылығымен, ылғал сыйымдылығымен сипатталады, бірақ, матаны ылғалдағанда, ылғалдың ұзақ уақыт булануы нәтижесінде теріден жылу берудің жоғарылауына және дискомфорттық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Ацетатты маталарды іш киімдерге қолдануға болмайды, өйткені, вискозаға қарағанда, гигроскопиялылығы мен ылғал сыйымдылығы төмен болады, олар және электрленеді.

Киімнің екінші пакеті болып табылатын, костюмдер мен көйлектерге қойылатын гигиеналық талаптар орындалатын жұмыстың түрі мен жылдың мезгіліне байланысты болады. Жаздық киімдерге арналған маталар жұмсақ, ауа- және бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі және жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек. Мұндай қасиеттер киім астылық кеңістіктің жақсы желдетілуіне және дененің қатты қызуын болдырмауға мүмкіндік береді. Табиғи маталарды (мақта қағазды, жібек, зығыр) басым қолданған орынды. Табиғи және жасанды аралас талшықтардан (вискоза, ацетат) жасалған маталарды да қолдануға болады.

Жылдың суық мезгілінде киетін киімнің 2- қабатының жылу сақтайтын қасиеті жоғары болуы керек. Киімнің мұндай түрлерін дайындау үшін, қоланылатын маталардың ішінде, басқаларға қарағанда, жүннен жасалған маталар жақсы деп саналады. Жүн матасының саңылаулылығы (саңылаулардың көлемі - 92%) мен гигроскопиялылығы жоғары, ауа-және бу өткізгішігі жеткілікті.

Жүннен жасалған маталарды ылғалдаған кездің өзінде де, іші ауаға толы, бос саңаулалары едәуір мөлшерде сақталады. Ылғалданған жүннің бетінен ылғалдың баяу шығуы нәтижесінде, жылуды жоғалтуы едәуір аз болады. Осы қасиеттерінің бәрі жүннен жасалған маталардың жылу өткізгіштігінің төмен және жылу сақтайтын қасиетінің жоғары болуына ықпал етеді. Борпылдақтығы, көлемді массасы аз болуы (0,07 г/см куб), жеңілдігі және суықтан жақсы қорғайтындығы жүннен тоқылған трикотажды айырқша көңіл тартарлық етеді.

Киім пакетінің 2- қабатын дайындау үшін, таза жүннен жасалған маталарымен қатар, аралас талшықтардан жасалған, табиғи және синтетикалық маталардың артышылықтары үйлестірілген, маталар да кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, химиялық талшықтардан жасалған маталар (орлон, нитрон, полихлорвинил, лавсан) жоғары жылу сақтайтын қасиетімен және аз мыжылатындығымен ерекшеленеді. Синетикалық талшықтарды табиғи талшықтармен араластырып қолдану, мысалы, лавсанды жүнмен, синтетикалық маталардың электрленуі, төмен гигроскопиялылығы және бу өткізгіштігі сияқты, теріс қасиеттерін азайтады, олардың жылу сақтайтын, ұзақ пайдалануға болатын қасиеттерін және матаның сырт көрінісін жақсартады.

Киім пакетінің үшінші қабаты - сыртқы киім (плащтар, пальто, күртелер, тондар) - суықтан, ылғал мен желден қорғауы керек. Әсіресе, солтүстік аудандарда ең жақсы жылу сақтайтын және желден қорғайтын қасиеттері бар киімдерге, табиғи аң терілерінен жасалған киемдер жатады. Оның жалғыз кемшілігі, салмағының едәуір ауыр болуы, кимылдар мен жұмыс істеу кезінде тудыратын кейбір ыңғайсыздықтары, тазарту қиындығы. Күртелер мен пальто тігу кезінде, киімді, әр түрлі маталарды қолданып, 3 қабатты етіп жасау ұтымды.

Сыртқы – жауып тұратын - қабаты, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, гигроскопиялық және ылғал сыйымдылық көрсеткіштері төмен маталардан жасалуы тиіс, бұл атмосфералық ауаның киім астылық кеңістікке енуіне және киімнің су болуына кедергі жасайды Бұл үшін көбінесе, шұға, су сіңірмейтін табиғи талшықтардан жасалған тоқылған маталар, немесе синтетикалық маталар қолданылады. Екінші қабаты жылу сақтайтын қызмет атқарады, ол үшін табиғи жүні бар тері мен табиғи талшықтардан жасалған материалдар (мақта, ватин, жүн) да, жүні бар жасанды тері мен жасанды және синтетикалық талшықтардан (пенополиуретн, синдепон) жасалған материалдар да қолданылады.

Сырт киімнің ішкі қабаты, яғни, астары қолайлы киім астылық микроклиматты қамтамасыз етуі тиіс, соған байланысты олар дайындалатын маталардың ауа- бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сыйымдылығы жеткіліткті болуы қажет.

Балалардың жылу реттейтін механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты, оларға арналған киімдер қыста жылу сақтайтын қасиеттері, ал жазда - жылу беретін қасиеттері жоғарырақ болуы керек. Киім астылық кеңістікте ең аз ауа айналымын және қоршаған ортамен ең аз ауа алмасуын қысқы киімде киімді тігуге арналған материалмен ғана емес, сонымен қатар, киімнің құрылымдыгымен да қамтамасыз етеді. Киім астында, күләпара (капюшон), манжета, белбеу, белбеу биік шалбарларды қолдану, күртенің төменгі жағын резеңкемен қысып буу т.б. арқылы көп тұйық кеңістіктер жасайды.

Жазғы уақытта, киім астылық кеңістіктің ең жақсы желдетілуін қамтамасыз ететіндей, киім кеңірек пішілуі қажет. Балалардың жаздық киімдерін тігуге арналған ең жақсы маталар - батист, сәтен, табиғи жібек болып табылады. Жасанды және синтетикалық талшықтар да жарым-жартылай қолданылуы мүмкін, бірақ тек табиғи талшықтармен араласқан түрінде. Синтетикалық және жасанды талшықтардың матадағы пайыздық мөлшері гигиеналық нормативтермен бекітіледі.

Кәсіби, спорт, әскери және басқа да киімдердің арнайы түрлерін дайындау кезінде, қызмет сипаты мен олар орындалатын жағдайлар ескеріледі. Мысалы, спорттық киім созылғыш, гигроскопиялылығы мен ауа өткізгіштігі жоғары болуы тиіс және адамның денесіне ауа ағынының үйкелуін азайтатын болуы керек. Кәсіби киімдер жасауға арналған маталардың қасиеті мен киімнің құрылымы өндірістің қолайсыз әсерлеріне қарсы тұра алатындай, сол сияқты қызудан немесе қатты салқындаудан қорғайтындай болуы керек.

Аурухана киімі жеңіл, киім астылық кеңістікте қолайлы микроклимат жағдайларын қамтамасыз ететін, жақсы тазартылатын, дезинфекцияланатын болуы керек. Аурухана киімдерінің құрамына кіретін іш киім, пижама мен халат, негізінен қолайлы гигиеналық қасиеттері бар мақта-маталарынан тігілуі керек, бұл олардың гигиеналық қасиеттерінің жақсыболуымен түсіндіріледі. Ауруханаларда, химиялық талшықтардан тұратын маталардан тігілген миокробқа қарсы киімдер де қолданылады. Поливинилхлорид пен хлоринді штапельден жасалған маталар, ревматизммен, радикулитпен ауыратын науқастардың жағдайларын жақсартатын емдік трикотаждық іш киімдерді дайындау үшін қолданылады. Олар аурудың жағдайын материалдың бетінде жиналған электростатикалық заряд есебінен жақсартады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет