1.3 Пәннің негізгі мақсаты:
Аталынған курсты оқу барысында Ресей тарихы пәнінен алған білімдерді болашақ ұстаз ретінде педагогикалық, ағартушылық, ғылыми жұмыстарда қолдану, тарихи оқиғаларды түп-нұсқа деректерінен, құжаттар жинақтары арқылы өз беттерімен одан әрі терең оқып зерттеу.
Ресей тарихы пәнінен алған теориялық және тәжірибелік білімдерін болашақ ұстаздық қызметтері кезінде педагогикалық және ағартушылық жұмсыстарда қолдану.
1.4 Пәннің негізгі міндеттері:
Ресей тарихы пәнін оқу барысында негізгі назарды әлемдік тарихтың бір құрамдас бөлігі осы ел тарихына терең үңілу арқылы терең талдаулар жасауға баулиды.
Пән мазмұнын студенттерге жан-жақты таныстыра отыра, тереңдете оқыту.
Студенттердің тарихи деректермен, құжаттармен жұмыстар жасауына басшылық беру, ұйымдастыру, қадағалау.
Монографиялық еңбектерге, әрбір жеке тарихи оқиғаларға пікірлер беруге, баяндамалар, рефераттар әзірлеуге үйрету, баулу т.б.
Студенттердің аталынған пәннен алған білімдерін болашақта ұстаздық қызметтері барысында дүниежүзілік тарихты оқу кездерінде дұрыс пайдалана білуге бағыттар беру, жұмыстары барысында қолдануға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |