1.5 Студент пәнді меңгеру нәтижесінде нені білуі керек:
Тарихи деректер жұмыс жасау;
Болып жатқан тарихи оқиғаларды терең түсініп қорытындылар жасауға үйрету;
Аталынған курсты оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру;
Зерттеулер әдістемесін меңгеру;
Өздік жеке жұмыстарды орындау;
1.6 Курс пререквизиті
Тарихты зерттеген кезде түрлі ғалымдардың мәліметтерін пайдалану қажет. Тарих ғылымының маңызды бөлімдерінің бірі – археология. Түрлі өңірлерде жүргізілген қазба жұмыстары алғашқы адамдардың еңбек-құралдары, жерлеу ғұрпы, суару каналдары, қалалары, сарайлары, қамалдары жайында көптеген мәліметтер береді. Археология тарихи білімнің шегін едәуір ұлғайтып, жазу шыққанға дейінгі алыс дәуірлер тарихын зерттеуге мүмкіндік жасайды. Тіл тарихы деректері де әрбір халықтың тағдырлары жөніндегі мәліметтердің көзі болып табылады.
Белгілі бір дәуірдегі адамдардың өмір сүруі жағдайларын толық елестету үшін географиялық ортаны білу әркез қажет.
Адамның дене құрылысы бейнесінің дамуы жөнінде антропология ғылымының алар орны ерекше. Демек курсты оқу барысында әрбір ғылымдардың мәліметтеріне назар аудару үнемі есте болу керек және олардың байланыс сабақтасты тарихшылар үшін қай кезеңде де маңызды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |