ПОӘК-042-18-25 54/02-2014 №2 басылыми 2014ж



Дата26.08.2017
өлшемі249,25 Kb.
#28996

ПОӘК-042-18-25.1.54/02-2014

№ 2 басылыми«___» ____ 2014ж.

13 беттің -ші беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК-042-18-25.1.54/02-2014

ПОӘК

« Құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару» пәнінің студенттерге арналған оқу бағдарламасы



№ 2 басылым

«___» ____ 2014ж.






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару»

5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы

Бакирова Л.С. ____________ «02» 09. 2014 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отрысында

Хаттама № 1 «___» ____ 2014ж.
Кафедра меңгерушісі _________ доцент Е.Н. Артамонова

2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында

Хаттама № 1 «___» ____ 2014ж.
АФ ОӘБ төрайымы _________ профессор м.а. Г.И. Джаманова

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «___» ____ 2014ж.


Оқу- әдістемелік кеңестің төрайымы,

оқу әдістемелік жұмысы бойынша

проректор _________ профессор Г.К.Искакова

4 № 1 басылым 18.09.2013ж. ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Пәнді оқытушы туралы жалпы деректер

Бакирова Ляйля Сапарбаевна, аға оқытушы

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

Жұмыс телефоны 53-07-92, оқу ғимараты № 8, кабинет 128

Сабақ өткізілетін аудитория 8 оқу ғимараттары №134 ауд

Пән бойынша кредит саны – 3



1.1 Пәннің қысқаша мазмұны:


«Құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару» пәні. Төтенше жағдайдың салдарымен күресу жұмыстары қауіп қатермен байланысты. Сондықтан құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін сақтау алға қойылатын мәселенің бірі. Атқарылатын жұмыстардың тактикасы мен стратегиялық бағдарламасы жан-жақты ойластырылған, реттелген және қауіпсіздік шартына сәйкес болуы қажет. Бұл шаралар мақсатына байланысты үш тараптан тұрады:

  • барлау бөлімшелері апаттың көлемін, шығын мөлшерін анықтап басқару органдарына мәлімет береді;

  • құтқару бөлімшелері адамдарды іздестіріп, қираған ғимарат, үйіндіден алып шығып, алғашқы көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жеткізеді;

  • қалпына келтіру бөлімшелері апаттың салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

1.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

Төтенше жағдайлар аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу. Негізгі мақсат төтенше жағдайларда адамдарды құтқару, оларға алғашқы көмекті ұйымдастыру, төтенше жағдайдың қауіпті салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жедел ұйымдастыруға жағдай туғызу.
1.3 Пәнді оқытудың негізгі себептері:

Қазақстанның төтенше жағдайлар қызмет орындарына білікті мамандар дайындау. Пәнді оқыған студенттер төмендегі іс-әрекеттерді біліп, меңгерулері қажет:



  • Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу әдістері мен әрекеттерін;

  • Азаматтық қорғаныс құрылымдарының жұмыс реті мен олардың құтқару жұмыстарын ұйымдастыру ретін;

  • Зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету, құтқару және тасымалдау әдістерін оқытып, үйрету.

1.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:



  • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;

  • табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастыру;

  • радиациалық немесе химиялық залал жағдайын есептей бағалай білуі;

  • ҚР аумағындағы құтқарушылар мен апаттық-құтқару құрылымдарын аттестатциялау туралы заңдылықтарды және олардың құрамдары мен міндеттерін;

  • төтенше жағдай уақытында апаттық құтқару отрядтарын құру, апаттар, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау үшін шұғыл шараларды ұйымдастырып оны басқара білуді;

  • ҚР ішкі істер, қорғаныс министрлігі және ТЖ агенствасының апаттардан халықты қорғауға құрылған құрылымдарының іс-қимылдарын үйлестіріп, бағыттай алулары керек;

  • ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыра білулері қажет;

  • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту, шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;

  • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау, күштер мен құралдарды есептеу;

  • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу, барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету;

  • жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу, тапсырманың орындалуын бақылау;

  • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;

  • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету, жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу, тапсырманың орындалуын бақылау.


1.5 Курстың пререквизиттері:

1.5.1Табиғи сипаттағы құбылыстар;




1.6 Курс постреквизиттері:


1.6.1 Ққтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жою;

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ

Кесте 1


Тақырыптың аталуы



сағаттар

Әдебиет



Дәріс

Тәж. сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1 модуль. Іздеу құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі.

3










7.1.1

Төтенше оқиға кезіндегі жағдайды болжау, аймақтағы құтқару жұмыстарының мүмкін болатын мөлшерін болжау, жүргізу әдістемесі



1







7.1.1

7.1.4


Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу, жою концепциясы және осы облыстағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

Табиғи апаттардың, ірі өндірістік апаттардың салдарын жоюды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.








4

8

7.1.1


7.2.1

Іздеу құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.

3









7.1.1


Жұмысты басқаруға байланысты халықты құлақтандыруды ұйымдастыру




1






7.1.2


Химиялық улану кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

Көлікте болған авария және апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.









2

8

7.2.1


Іздеу құтқару жұмыстарын басқару.

3










7.1.1

Халықты эвакуациялау және басқа жерге көшіру. Көшіру, эвакуациялауға шешім қабылдау критериін анықтау. ТЖ ошағында адамдардың болу уақытының шегін анықтау



2







7.1.2


7.1.3

Өндірістік апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

Шұғыл авариялық - құтқару жұмыстарды жүргізу, құтқару техникасын қолдану.








2

8


7.1.2

7.1.4


Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру және оларды жүргізу тәртібі, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу.

3










7.1.5

ТЖ зардабын жою жоспарын жасау




2







7.1.1

7.1.6


Зақым ошғында барлау және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.

Басқару құрылымы, құтқарушылардың, халықтың психикалық жағдайын басқарудың әдістері.









2

7

7.1.6


7.2.1

Зақымданған аймақтағы құралдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру.

3










7.1.5

7.1.6


Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу реті.




1







7.1.5

Төтенше жағдайдың адамдар психологиясына әсері.

Апат ошағының жерін залалсыздан

дыру.








2

6,5


7.1.7

2 модуль. Іздеу құтқару жұмыстарын басқару

Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын басқару.

3










7.1.1

Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құрал жабдық, адам күштерін қолдану реті. Мемлекеттік құрамындағы күштер мен құрал-жабдық түрлері



2







7.1.1


7.1.4

Өрттер кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

Халықты эвакуациялау және басқа жерге көшіру.









2

6

7.1.1

7.2.1


Өрт қызметтерін, медиктердің, инженерлердің, химик мамандардың қатысуымен кешенді барлауды ұйымдастыру.

3









7.1.1


Зақым ошағында барлау және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру реті. Құтқару жұмысын жүргізу кезіндегі инженерлік барлау бөлімінің негізгі міндеттері барлау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру жолдары




2






7.1.2


Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу, жою концепциясы және осы облыстағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.









2

6


7.1.5


7.2.1

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардағы эвакуация шараларын жүргізуді ұйымдастыру

3










7.1.1

Құтқару жұмыстары кезінде адамдарды іздестіру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету реті. Техниканы және алдамдарды залалсыздандыру (санитарлық өңдеу) әдістері




2






7.1.2


7.1.3

ТЖ алдын алу шараларын немесе құтқару жұмыстар ын жүргізу кезіндегі басқаруды ұйымдастыру.

ТЖ адамдар психологиясына әсері, құтқарушылардың, халықтың моральдік психологиялық іс-әрекетінің негіздері.









2

6

7.1.2

7.1.4


Іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

3










7.1.5

Құтқару жұмыстарын жүргізуші күштер мен басқару органдарының қажетті техникалық қамтамасыздандару дәрежесін анықтау




1







7.1.1

7.1.6


Халықты АҚ бойынша және ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға үйретуді және дайындауды ұйымдастыру.

Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іздестіру-құтқарушы бөлімшелермен-орталық басқару отрядының, ішкі істер министрлігінің, қорғаныс министрлігінің бөлімшелерінің бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыру.








2


6


7.1.6


7.2.1

Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.

3










7.1.3


Шұғыл авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу. Құтқару техникасын қолдана білу, апат ошағының жерін залалсыздандыру




1







7.1.5

Төтенше жағдайдың адамдар психологиясына әсері.

ТЖ адамдар психологиясына әсері, құтқарушылардың, халықтың моральдік психологиялық іс-әрекетінің негіздері.









2,5

6

7.1.3

7.1.6


Барлығы

30

15

22.5

67.5






3 ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

«Құтқару қызметін басқару және ұйымдастыру» курсын берілген бағдарлама бойынша реттелген түрде оқу керек. Нәтижелердің логикалық жолдарын ұғынып, анықтамалар мен негізгі түсініктерді ажырата білу қажет. Теориялық материалдарды оқу кезінде және есептерді шешуде міндетті түрде төтенше жағдайдың өту кезіндегі физикалық құбылыстардың мағынасына көңіл аудару қажет. Студенттер пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулармен танысып пәнді толық меңгерулері керек. Әдістемелік нұсқау пәннің кейбір бөлімдерін студенттермен үздік жұмыс жасау ретінде жүргізіледі.

Әдістемелік нұсқаулар құрамына:


  • пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);

  • оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;

  • әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;

  • емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.

Пәнді оқыту барысында дәрістерде студенттерге ҚР-ның «Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі» заңының жүйесін, оның міндеттерін, төтенше жағдайлардан сақтандыру, оның салдарын жоюға бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуы жан-жақты оқытылады. Әсіресе студенттердің назарын табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастырушылық негіздерін, ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыру қауіпсіздігін қамтамасыз етуі маңызына аударылады.

Студенттер аудиторлық тәжірбие сабақтары мен СОӨЖ кезінде тақырып бойынша ҚР-ның «Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі» заңын талдап, ҚР аумағындағы құтқарушылар мен апаттық-құтқару құрылымдарын аттестатциялау туралы заңдылықтарды және олардың құрамдары мен міндеттері бар ережелерді оқып талдайды.

Теориялық сабақты өтіп болған соң есептерді шешу әдістемесін үйрену керек. Берілген материалды жақсы меңгеру үшін әр тақырып бойынша конспект құру керек.

Аудиториялық сабақтар келесі түрлерден тұрады: дәріс, тәжірибелік сабақ, зертханалық сабақ және СОӨЖ бөлігі.




  1. КУРС ФОРМАТЫ

Кредиттік жүйемен оқыту кезінде студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру сапасын жоғарлату, оның ішінде әртүрлі үй тапсырмаларын орындау талаптары жоғары орын алады.

Оқытушының көмегімен студенттің өздік жұмысы – кредиттік жүйемен оқыту кезіндегі оқу жұмысының бір түрі болып табылады. Ол аудиториялық сабақ диалог режим түрінде, сонымен қатар, аудиториядан тыс уақытта кеңес түрінде өткізіледі.

СӨЖ «Құтқару қызметін басқару және ұйымдастыру» пәні бойынша тақырыптар берілген.

Студенттер осы тақырыптарға берілген әдебиеттерді және қосымша әдебиеттер іздестіріп рефераттар жазып өткізуге тиіс. Әрбір рефераттың жоспары болуы және қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті. Көлемі 5-10 бет. Оны компьютерде теруге немесе қолмен жазуға рефераттарға арналған дәптерге жазуға болады. Тексеріліп бағасы қойылған реферат иесіне қайтарылады.



  1. КУРС САЯСАТЫ


Университетте қабылданған ішкі тәртіп талаптарын сақтау:

  • Сабаққа қатысу: Дәріске, зертханалық сабақтарға қатысу міндетті. Егер қандай да бір себеппен сабаққа қатыса алмасаңыз, тақырып және тарау бойынша өзіндік жұмыс жазып мезгілінде тапсыру керек, ал дәрістен өткен тақырып және зертханалық жұмыс бойынша бақылау жұмысын немесе тест бойынша жауап жазуыңыз керек.

  • Тәртіп: Сабақ кезінде тәртіпті жүйені бұзу аудиториядан шығарумен және/немесе барлық курс үшін «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.

  • Бақылау жұмыстары: Оларды орындау міндетті және белгіленген мерзім ішінде тапсыру керек. Мерзімнен кейін орындалған жұмыстар төмен бағаланады.

  • Межелік аттестация: межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуды, берілген уақытта өзіндік жұмыстарды орындауды, сабақта ауызша немесе жазбаша жауап беруді, межелік бақылаудың өзінің нәтижесін ескереді.

  • Көшіру: Кез-келген көшіру (дайын тапсырмаларды немесе басқа студенттердің есептерін көшіру, пайдалану) аудиториядан шығарумен және/немесе курс үшін «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.

  • Ұялы телефондар: Сабақты өткізу уақытында өшіру керек.

  • Емтихан: Нәтижесінде барлық студенттерге тест түрінде емтихан болады, яғни пәннен максималды балл санынан 50 % жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтиханда студент барлық курста өткен материал мазмұнына берілетін тест сұрақтары.



  1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Студенттердің білімін бағалау күнделікті (апта сайын), аралық (7-ші және 15 –ші аптада) және қорытынды бақылау түрінде жүргізіледі. Қорытынды баға студенттің әр сабақтағы жұмысын, рефераттарды қорғау, өзіндік жұмыстарды, СОӨЖ орындау нәтижелерінен құралады. Курс бойынша қойылатын баға күнделікті, аралық және қорытынды бақылауда алынған балдардың сомасы болып табылады.

Пәнді оқыту кезінде олардың білімін тексеру үшін әртүрлі бақылау әдістері қолданылады:


  • ауызша сұрау;

  • жазбаша тексеру;

  • құрама тексеру;

  • тапсырмаларын көрсету және қорғау;

  • дискуссия, тренинг, дөңгелек үстел, т.б.;

  • тест сынағы;

Студенттердің үлгеруі ағымды, аралық және қорытынды бақылау формасында жүргізіледі: баға арнайы стандарт бойынша қойылады. Қорытынды бақылау емтихан ретінде жүргізіледі: олар ауызша немесе тестілеу арқылы жүргізілуі мүмкін. Қорытынды баға әр сабақтың нәтижесінен, рефератты қорғау және емтихан бағасынан тұрады. Аралық және қорытынды бақылау балдардың қорытындысы - курсқа берілген баға болып саналады.

Егер студенттің семестр бойынша рейтинг баллдарының сомасы 50 %-ға тең немесе одан көп болса, ол жиынтық бақылауға жіберіледі.

Қосымша балдар (5 балл):


  • шығармашылықтық көзқарасы үшін;

  • оқу процесіне белсене қатысуы үшін;

  • ғылыми-зерттеу жұмысын, ғылыми мақала жазғаны үшін;

  • жұмыста әртүрлі ақпарат көздерін қолданғаны үшін.

Айып балдар (5 балл) алынады:

  • материалды өз уақытында тапсырмағаны үшін;

  • жұмысты сапасыз орындағаны үшін;

  • сабақтарды босатқаны үшін.

Егер студент ауырып немесе басқа да себептермен сабаққа келмей, аралық бақылау рейтінгісін белгіленген уақытты тапсырмаса, онда ол ауырған немесе келмеген себептерін көрсететін, анықтайтын, дәлелдейтін арнайы құжаттар толтырылып, жеке аралық бақылау рейтінгісін тапсыру уақытын белгілейді. Студент қорытынды бағалауға тек семестр бойынша рейтинг балының қосындысы 50 пайыз не одан жоғары болған кезде ғана жіберіледі.

Барлық тапсырмалар уақытында өткізілуі қажет. Кешігіп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмен бағаланады (10 пайызға). Сабаққа кешіккені үшін 0,5 балл төмендетіледі. Қалған сабақтар, себепті босатқан сабақтар график бойынша өтеледі.

Осы талаптарды орындау емтиханға рұқсатты қамтамасыз етеді.

«Құтқару қызметін басқару және ұйымдастыру» пәніне 1000 балл бөлінеді. (кесте 2):



  • 600 балл бір академиялық кезеңге (1-7 апта 270 балл және 30 балл сабаққа қатысу; 8 – 15 апта – 270 балл және 30 – балл – сабаққа қатысу). Аралық бақылауды жүргізуге 270 баллдың 70 баллы беріледі. Оқытушы студенттің пәнді оқу барысында орындайтын жұмыс түрлеріне қарай 200 баллды өз қалауы бойынша бөле алады;

  • Қорытынды емтиханға 400 балл.

Апта бойынша баллдарды бөлу және бақылау түрлері 2 кестеде келтірілген
«Құтқару қызметін басқару және ұйымдастыру» пәнінен баллды бөлу

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Баллдың барлығы

Ескерту

1

2

3

4

1 - 7

Дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу

30




2

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл

15

ауызша сұрау

3

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл; СӨЖ 1 – 55 балл

70

тестілеу,

реферат


4

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл

15

ауызша сұрау

5

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 30 балл

30

тестілеу

6

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл; СӨЖ 2 – 55 балл

70

тестілеу,

реферат


7

1 аралық бақылау – 1-7 дәріс материалдары бойынша кешенді тест тапсыру - 70

70

тест-бақылау

1 – 7 апталар аралығындағы оқыту қорытындысы бойынша баллдардың жиынтығы

300



8 - 15

Дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу

30




9

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл

15

ауызша сұрау

10

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл; СӨЖ 3 – 55 балл

70

тестілеу,

реферат


11

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл

15

ауызша сұрау

12

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15балл

15

тестілеу

13

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл

15

презентация

14

Тәжірбиелік сабақты тексеру – орындау, қорғау – 15 балл, СӨЖ 4 -55

70

тестілеу,

реферат


15

2 аралық бақылау – 8-15 дәріс материалдары бойынша кешенді тест тапсыру - 70

70

тест-бақылау

8 – 15 апталар аралығындағы оқыту қорытындысы бойынша баллдардың жиынтығы

300




Емтихан үшін балл жиынтығы

400




Академиялық кезеңдегі баллдарың жиынтығы

1000





  1. ӘДЕБИЕТТЕР




    1. Негізгі әдебиеттер

      1. Құтқарушы. Оқу құралы. Абдрахманов С.К. - Алматы, АҚ және ТЖ Республикалық курстары, 2009 - 247 б.

      2. Абдрахманов С.К. Спасатель: Кн.1: Учеб.пособие / С.К. Абдрахманов; Республиканские курсы ЧС и ГО.- Алматы, 2008, 250с.

      3. Абдрахманов С.К.. Спасатель: Кн.2: Учеб.пособие / С.К. Абдрахманов; Республиканские курсы ЧС и ГО.- Алматы, 2008, 250с.

      4. Абдрахманов С.К. О государственной системе предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций в Республике Казахстан. Кн. 1: Информационно-справочное пособие / С.К. Абдрахманов; Республиканскиеи курсы ЧС ГО.- [2-е изд.].- Алматы, 2006.

      5. Михно Е.П «Ликвидации последствий аварий и стихийных бедствий» 2005, 225с.

      6. Шумилин В. К. «Чрезвычайные ситуации: защита населения и предприятий. Практические рекомендации и примеры . Изд: "Альфа-Пресс" 2011, 220с.

      7. Спасательные работы при ликвидации последствий наводнений, затоплений и цунами Изд: ВНИИ ГОЧС 2006, 125с.




    1. Қосымша әдебиеттер

      1. Цивилев М.П., Никрофанов А.А. Инженерно - спасательные работы. 2000 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет