ПОӘК 042-18-28 09/03-2015 2015 жылғы № басылым



бет7/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,63 Mb.
#4436
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

  1. Стилистика ғылымының синтаксисті зерттеуінің мақсаты не?

  2. Синтаксистік ережелер мен синтаксистік заңдылықтарды қадағалаудың стильдік ерекшеліктері.

  3. Синтаксистік құрылыс және стиль түрлері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984



13-дәріс. Радио ,теледидар тілінің стильдік ерекшеліктері.

Хабар жүргізушілердің сөйлеу мәдениеті, стилі
Дәрістің жоспары:

  1. Радиотілдің ерекшеліктері

  2. Телехабардың сөз тілі

  3. Радиодағы ауызша сөз бен жазбаша сөз.

  4. Теледидардың музыка және дыбыстық тілі

Радионың тілі мен стилі туралы XX ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Алғашқы еңбектер «Говорит СССР», «Советское радио и телевидение» деген басылымдарда жарияланған. Олардың авторлары - М.Зарва, В.Вакуров, В.Ружников, Ю.Гальперин, т.б.

Қазақстанда радиожурналистика зерттелуі академик ғалымы Қажым Жұмалиевтен басталады.

Журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттеушілер: Х.Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтің, Н.Омашевтің, Р.Сағымбековтің еңбектеріне қосымша тіл-стилге байланысты айтылатын мәселелер. Радионың тілі, стилі туралы қазақша еңбектер К.Қабылғазина, Ж.Әбжәділқызы, О.Ошанова сияқты жас ғалымдардың зерттеулерімен толықтырылды.



Телехабардың сөз тілі

Теледидардың негізгі тілі – сөз деуге келіспеске болмайды, - дейді теоретик-режиссер М.Е.Голдовская өзінің «Көрініс пен сөздің арамөлшері» деген мақаласында. Осы сияқты А.Я.Юровский, Р.А.Борецкий, С.А.Муратов жазған «Телевизионная мозайка» кітабындағы еңбектерден экранда сөйлеу мен кейіпкерлерді сөйлету турасында құнды пікірлер бар.

Кадрде сөйлеу. Мұнда диктордың, шолушының, коментатордың, хабар жүргізушісінін сөйлеу шеберліктері талданады, сарапталады. Бұл орайда телефильм тусіруші кинорежиссер Д.Луньковтың «Наедине с современником» деген еңбегі, профессор М.К.Барманқұловтың «ақпарат және тіл», «Фильм –диолог» еңбектеріндегі синхронды түсірілімдер мен кадрде сөйлеудің әдіс-тәсілдері тілге тиек етіледі.

Телехабарды жасауда сөйлеу тілі мен экран тілін монтаждау турасында біршама тәжірибеден түйінделген тәсілдер бар. Кадрде сөйлеу мен кадрден тыс сөйлеуді қабыстырудың да өз заңдылықтары бар. Сөйлеу тілі мен музыка және дыбысты үйлестіру тәсілдері турасында айтылады.

Мысалы, телехабарда сөйлеудің өзін өысөа бірақ мән мағынасын бай етуге болады. Ол үшін, образды сөз, мақал-мәтел, өлеңдер, классик жазушыларымыздың ел арасына түгел тараған ойлы да ұтымды тіркестерін телесөзге енгізу керек.

Образды сөз, мақал-мәтелдерді орынды қолдану шарт. Бұл көбіне сөз ұйқастыру, үнді дыбыстарды үйлестіру үшін шұбата сөйлеудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан сирек қолданылатын мәні бай, айтылуы әдемі сөздерді жинап, олардың мәнін үйрену қажет.

Теле-мәтінге қойылатын үш талап турасында айтылып, тәжірибеде пысықталады. Олар: ұғымды сөйлеу; ақпаратты сөйлеу; көркем де ұтымды сөйлеу.

Қазақ тілі мен әдебиетіне жүгінеміз. Оның ішінде тіл байлығын жетілдірудің жолдарын қарастырған ғалымдарымыздың тұжырымдарын басшылықка аламыз. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін мақал-мәтел, қанатты сөз, сәтті тіркестер талданады.



Радиодағы ауызша сөз бен жазбаша сөз.

Сөйлейтін сөз радиода негізгі қызмет атқарады. Ал «радио тілі» одан гөрі кеңірек. Себебі, радио тілінің өз зандылықтары болады. Оның бәрі тәжірибеден, радио саласы бойынша қалыптасудан туады. Демек, радио тілін қарапайым түрде түсінбеу керек, оның өз алдына ғылыми негізделген көптеген ерекшеліктері, сипаты бар. Сөз бен тілдің айырмашылықтарын білу керек. Тіл - сөзге қарағанда кең ұғым. Радио тілінің үндік мүмкіндіктері сарапталады. Сөз де, сөйлеу де, әңгімелесу, сұхбат құру, үндік музыкалық қолданыстар да - түптеп келгенде радиотілді құрайды.

Тіл - ғылыми категория. Жайшылықта айтыла салған сөз радио тілі дәрежесіне көтерілмеуі мүмкін. Ол үшін сөздің мән-маңызы үндік бояулар арқылы жетілдіріледі. Ауызша сөзді мөлшерсіз қолдану - радиохабардың көркемдігін төмендетеді.

Ауызша сөзді радиосөзге айналдыра білу де - журналистік өнер. Ол үшін, фонетиканың, морфологияның, лексиканың, синтаксистің қазақ тіліндегі заңдылықтарын білу керек.



Теледидардың музыка және дыбыстық тілі

Әуен-саздарды ақпарат беретін тіл етіп пайдалану тәсілдері бар.

Бұл жерде музыканы тақырыптық мағынасы бойынша да, мағынасынан басқада мәлімет беретіндей етіп қолдану әдістері талданады. Осы мақсатқа жету үшін, ең алдымен музыкалық шығарманың тақырыбына орай сазы, ырғағы, екпіні болатыны ұғындырылады. Көпшілікке белгілі күй әуендерін талдай отырып, музыка тілін нобайлап болса да түсінуге тырысамыз. Мысалы, Құрманғазының «Кішкентай», Динаның «Он алтыншы жыл», Тәттімбеттің "Саржайлау" күйлері сияқты, Т.Момбековтің «Ерке сылқымы», С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» сияқты сыршыл да сазды музыкалық туындыларды тыңдай отырып, студенттердің оны танып, талдауына мүмкіндік жасалады.

Кейінгі кездегі ұлттық аспаптық ансамбльдердің ұлттық аспап пен оркестордың жаңаша үндестігі, домбыра мен скрипканың, қобыз бен камералық не симфониялық оркестрлердің астасуынан туындаған әсем де, сырлы саздарды радиотілге қолданудың тиімділігі айтылады.

Кейбір хабарлар тақырыбы мен дыбыстар мақсатына карай, музыканың өзі және табиғи дыбыстардың белгілі бір драматургиялық фраза ретінде қызмет атқаратыны өз алдына бір сабаққа арқау болады. Мұнда телесюжеттер немесе телефильм үзінділері көрсетіледі және талданады.

Бұл сабақта теледидар кухнясында осы музыкамен жұмыс істеу қалай жүзеге асырылатыны айтылады. Дыбыс режиссері, дыбыспен безендірушінің (звукоформитель) жұмыстарымен таныстыра отырып, осы шығармашы тұлғалардың шеберлік сырлары ашылады.

Бұл кезде студенттерге белгілі бір тақырып беріледі де соны кім қалай телехабар етіп жасайтыны талданады.

Радиохабардағы стиль мәселесі.

Стиль - гректің жазу құралы деген сөзінен шыққан термин. Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді. Яғни, тілді қолдану сипатына қарай стиль туып қалыптасады. Стиль тіл біліміне қатысты бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар пән ретінде оқытылады.

Стиль көркемдеп сөйлеудің, ойды айтудың мақсатына қарай әсерлі, мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы.

Стильдің бастауы, қалыптасуы, дамуы сияқты кезендерінің болуы заңды. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар.

Радиохабарлардың тілі мен стилі . оларда сөйлеу тіліне сай ерекшеленген, сұрыпталған әуезді, әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразаларға құрылған сөз тіркестері пайдаланады.

Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін ескеру мен фразалардың түсіну нен айтуға қолайылығын ескеру - стильді радиоға бейімдейді.



Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика

Радиода тілдік безендіру, бейнелеу ажарлау, мәнерлеу - хабардың сапасын артырып, көркемдігін күшейтеді.

Тілдік безендіру - радио хабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор. Бұл орайда лиризмнің орны ерекше. Лиризм - адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай радиотыңдаушы үшін аса қажет. Дәріс кезінде белгілі бір хабар негізге алынады.

Радио хабарларын безендірудегі тағы бір жол - акустиканы пайдалану. Акустика радио мен телевизияда ерекше рөл атқарады. Акустика - тіл әуезі туралы ілім. Ол гректің «естілу» деген сөзінен шыққан термин. Радио мен телевизияда акустика хабарлардың дұрыс жасалауына әсер ететін фактор. Раднода хабарларды акустикалық безендіру құралдары - сөз дыбысы, шу, музыка, монтаж. Яғни, хабар ішінде әртүрлі дыбыстарды дұрыс жазып, оны әсерелеу тәсілдері бар.

Радиода тілдік безендіру - фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланылады. Дыбыстық безендіру жұмыстарымен негізінен дыбыс режиссері айналысады. Бірақ, оған әрбір сөздің үндік бояуларының табиғатын танытып отыратын радиожурналист немесе редактор. Осы орайдағы журналистің міндетті жұмыстарына студенттерді машықтандыру жайында әңгіме болады.

Студенттердің баспасөз тілінің, телерадио коммуникациясы мәдениетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу, ауызша және жазбаша жұмыстарының лексикалық, грамматикалық, синтаксистік жағынан дұрыс болуымен қатар тілі мен стилі жағынан жатық әрі сауатты болуына мән беру.

Осы пәнді оқу барысында болашақ журналист әрбір жанр мен формалардың өзіндік тілдік, стильдік ерекшелігін білуі тиіс. Әр түрлі тақырыпта материал жазғанда, басылымның, телерадиоарнаның өзіндік ерекшелігіне сәйкес сөз қолдану тәсілдерін таңдай білуі керек.

Шәкірттердің тіл мәдениетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу. Олардың ауызша және жазбаша жұмыстарының, түсірілген бейнесюжеттерінің, жазылған аудиотаспаларының лексикалық, грамматикалык, синтаксистік жағынан ойға қонымды болумен қатар, құлаққа жағымды естілуіне мән беру.

- Жалпы тілдік шеберлікке үйретудің басты негіздері - практикалық жұмыстар арқылы жазу мәнеріне дағдыландыру.

- Лабораториялық сабақтарда хабар, сұхбат, репортаж сияқты жанрларға тән тілдік, стильдік ерекшеліктерді сақтай отырып, материалдар жазуды үйрету.

- Бір-бірінің материалдарын редакциялауға машықтандыру. Ескерілетін негізгі мәселе - ойдың дәлдігі, фактіні орынды пайдалана білудегі тілдік, стильдік ерекшеліктер. Термин сөздерге, мақал-мәтелдерге, қанатты сөздерге, цитаталарға мән беру, әрбір сөйлемнің дәл, айқын ұғым беруін қамтамасыз ету.

Газет, телевизия-радио жанрларының тілі мен стилін окыту арқылы студенттерді ана тіліміздің көркемдік қасиеттерін бағалауға, тілді түрлендіре, әдемі де орынды пайдалануға тәрбиелеу болмақ.



Бақылау сұрақтары

1. Қолжазбаның композициясы оның дұрыс құру жолдарын анықтау?

2. БАҚ материалдарының бас тақырыптарына қойылатын талаптарын газет бетінен бақылау ?

3. Мәтінді редакторлық сараптаудан өткізудің негізгі ерекшеліктерін бақылау

4. Қолжазбаға қойылатын негізгі талаптарын анықтау?

5. Газет редакциялаудың құрылымдық моделін дайындау?

6. Радиохабарлардың тілі мен стилі?

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984



14-дәріс. Синонимдік қатардың стильдік мүмкіндіктері.

Сөз образы категориясының сөз мәдениетін көтерудегі эстетика- стилистикалық қызметі.

Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Синтаксистік синонимдер.

  2. Синонимдік қатарлардың стильдік ерекшеліктері.

  3. Сөз мәдениетінің когнитивтік және лингвомәдени аспектілері

«Синонимдер – тіл байлығы» дегенде, біз сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, солардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз. Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Синоним – грек тілінің sinonimon (мағынасы – «қатар атау») деген сөзі бойынша жасалған термин. Синонимдер – омонимдерге қарама-қарсы құбылыс.Омонимдер мағыналары әр басқа, дыбысталуы бірдей сөздер болса, синонимдер мағыналары бір-біріне жуық (өзара мәндес), дыбысталуы әр түрлі сөздер. Омонимдер де, синонимдер де сөздерден құралады. Ал әр басқа сөздердің синонимдер ретіндер танылуы үшін, олардың мағыналық жақтан бір-біріне жуық, өзара мәндес болуы шарт. Өзара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады.

Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде одан да көп сөздер енеді.Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өзара мәндес болуымен бірге, барлығының бір сөз табына қатысты сөздер жасалуы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін , оның құрамына енетін сөздердің барлығы да не бірыңғай зат есім сөздерден, не бірыңғай сын есім сөздерден немесе бірыңғай етістік сөздерден болуы керек.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында бар. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік, үстеуден болған синонимдер жиі кездеседі.

Көркем шығарманың стильдік даралығын ұйымдастырып белгілеуде тілдің құрылымдық, синтаксистік құралдарының қызметі ерекше. Жазушы үшін оның сөйлемдерінің құрылысы мен көлемі, байланысу тәсілдері мен бір-біріне орналасу реттері бәрібір емес. Сондай-ақ сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, айтылу ырғағы, керек десеңіз, тыныс белгілеріне дейін белгілі бір жүк арқалап, стильдік көркемдік қызмет атқарып тұрады».

Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне байланысты. Көркем шығармада кейіпкер бейнесін беруде кейіпкер тілінде қолданылған қаратпа, қыстырма сөздердің де өзіндік қызметі бар. Синтаксистік стилистикада синонимдердің орны ерекше. Синтаксистік синоним болу үшін мынадай шарттардың орындалуы қажет: синтаксистік қатынас болуы қажет, құрылымдардың лексикалық құрамы бірдей болуы тиіс, мағыналық жақындық болуы тиіс. Синтаксистік құрылымдардың синонимдік қатар түзуінің тағы бір шарты – олардың арасында мағыналық, тұлғалық айырмашалақтың болуы. Бұл арада синтаксистік құрылымдар синонимдік қатарға түсу үшін мағыналық жақындықтары болуымен қатар, олардың мағыналары арасында сәл де болса айырмашылық та болуы тиіс. Синтаксистік синонимдерге тән тағы бір белгі – экспрессивтілік пен модальділік.

Синтаксистік синонимге тән белгілер қатарына трансформациялықты да жатқызуға болады.

«Екі не одан көп сөз тіркестері немесе сөйлемдер бір-бірімен синоним болу үшін, алдымен олар параллелизм болулары керек. Параллелизм болмаған конструкциялардың синоним құрулары мүмкін емес. Демек, синоним – параллелизмнің бір түрі. Синонимдердің кезкелгені параллелизм болады да, кез келген параллелизм синоним болмауы – табиғи құбылыс».

Тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер дейміз. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Мысалы, қала, бала деген сөздермен салыстырғанда, шаһар, бүлдіршін, бөбек деген сөздердің бейнелілігі, әсерлілігі анық байқалады.

«Эмоционалдық сөздер мен экспрессивті сөздердің арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мәнерлілікті, бейнелілікті күшейтуге қызмет етеді».

Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың әсерлілігін арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз стилінде жұмсалады. Ғылыми және ресми-іскери стильде сирек қолданылады. Экспрессивтік бояу әр стильде әр түрлі болып келеді. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерде де, фразеологиялық орамдарда да, синтаксистік құрылымдарда да кездеседі. Кей жағдайда тілдегі қосымшалардың да экспрессивтік реңкі болуы мүмкін. Тәуелдік жалғаудың екінші, үшінші жақтарының қолданылу ерекшеліктеріне қарай, құрметтеу, силау, мысқылдау, кекету, қомсыну сияқты қосымша әр қилы экспрессивтік реңк береді.

Тіліміздегі кейбір жұрнақтар силау, құрметтеу, еркелету, қомсыну, кекету мағыналарын береді: әкетай, ағажан, Мәке, Секе, апай, ағай, ағайынсымақ, туыссымақ т.б. Мұндай сөздер ойды жеткізуде әрі әсерлі, әрі бейнелегіштік, мәнерлегіштік қасиетімен көзге түседі.

Тілдік білім “сөйлеушінің (жазушының) тілдік құзіреті” деген ұғымды аңғартады. Белгілі бір тілді тұтынушы тілдік таңбалардың мағынасын жақсы білуге, тілдік бірліктерді бір-бірімен байланыстырып, ой-сезімін білдіре алатындай болуы шарт. Тілдік таңбалардың мағынасы адресант-сана мен адресат-санада бірдей ұғынылуға тиіс. Бұл – коммуникацияның ойдағыдай өтуінің алғышарттарының бірі.

Автор мен адресаттың арасындағы коммуникацияның ойдағыдай болмағы тілдік емес факторларға да байланысты болады. Әсіресе “маман” + “маман” (дәрігер) арасындағы коммуникацияда бұл жағынан “қиындық” бола бермейді, өйткені арнаулы сөздер, терминдер, номенклатуралық атаулар тәрізді тілдік таңбалардың мазмұнмежесі екі санада бірдей түсініліп, бірдей ұғынылады.

Коммуникация кезінде тілдік конфликт көбіне “маман” – “маман еместің” арасында жиірек кездеседі. Мысалы, “маман” (дәрігер) мен “маман еместің” (науқастың), “сатушы мен сатып алушының” арасындағы коммуникацияда түсініспестік жағдай көбіне тілмен байланысты болады. Бұл қауіптің алдын алу үшін “коммуникатор-маман” “коммуникант-маман еместің” когнитивтік санасымен, яғни оның тілдік, тілдік емес білім қорымен санасып, сөйлеген (жазған) сөзін маман емес коммуниканттың санасына қарай бейімдеуі қажет. Мысалы, дәрігер мамандар арасындағы тарөрісті емес, жұртшылыққа танымал медицина терминдерін қолдануға тиіс. Сөз ыңғайы “дәрігер – науқас” формуласына қарай құрылуға тиіс. Олай болмаған жағдайда науқасқа берілуге тиісті ақпараттың көлемі толық болмай шығады. Дәрігердің “маман – маман” арасындағы қолданатын терминдер тізбегі мен номенклатуралық атаулар легінің бәрін науқас түсіне бермейді.


Сатып алушының көбірек қолданатын дейксистеріне (ананы, мынаны, анау тұрғанды, мына біреуді т.б.) сатушы ерекше мән беруі қажет, өйткені сатып алушы тауардың маркасының, сортының қалай аталатынын біле бермеуі мүмкін.

Сөз мәдениетінің когнитивтік және лингвомәдени аспектілері” сөз мәдениетінің когнитивтік негіздері; тіл мен мәдениеттің өзара байланысы; тілдік тұлғаның мәдени-тілдік құзіреті деген тақырыпшалардан тұрады. Когнитивтік лингвистикада білім ұғымымен бірге таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады.


Ақиқат туралы білімді санада сақтау, оны игеру – күрделі процесс. Бұрын алынған білім индивид санасында тәртіпке келтіріліп, жаңа алынған білім бұрынғымен байланыстырылады. Аса маңызды, мәнді деген фактілер, деректер жинақталып, концептілік жүйеге түседі.
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Концепт ретсіз нәрсе емес. Оның компоненттері (белгілері) белгілі бір тәртіпте болады. Заттық-образдық ядро нақты болады, ал ядродан алшақтау жатқан белгілер дерексіз, абстрактілі болуы мүмкін [11, 34-43]. Концептінің әртүрлі қабаттары бір-бірінен туындап жатады. Бұл жайт концепт ұғымының өзгеше сипатын көрсетеді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=, жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр. Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт-мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық тб.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынаған саяды: концепт – денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік жалпыланған инвариант-образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі, ұйтқы болады. Бұл – заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды. Мысалы, қазан ошаққа, тасошаққа, жерошаққа т.б. құрылғының үстіне қойылатын, астына от жағылатын, беті қақпақпен жабылатын түбі қара күйе ыдыс. Ошақ, ошақтың үсті, от жағу, беті, қақпақ, жабу, түбі, қара күйе, ыдыс дегендер – ақпарат. Осы ақпараттардың реттелген жүйесінен заттық-бейнелік концепт жасалып тұр. Бірақ заттық-бейнелік концептісінің ономосологиялық құрылымы мәдени этностық санада әрі қарай өңдеуден өтеді де, басқа бір таңбаланушының таңбасына айналады. Ендігі жерде қазақ түсінігінде қазан отбасының, ағайын-туыстың, ауыл-аймақтың, ел жұрттың басын біріктіретін, басын қосатын, ынтымақтастыратын қасиетті мүлік болып табылады. Қазаны бүтін; қазаны қақ айырылу, қара қазан сарбаланың қамы, қазанын сындыру (кек алудың бір түрі) т.б. дегендер ұжымдық санадағы мәдени-ұлттық семантиканың тілдік таңба арқылы жарыққа шығуы қазанның ұлттық мәдени концептіге айналғанын көрсетеді. Мұндай концептілер (инферентті модус түріндегілер) этномәдениеттің тірек элементі болып, концепт-кеңістікке енеді.
Зат-бейнелік концепті (перцептивті модус) мен мәдени-ұлттық концепт (инферентті модус) когнитивтік әрекеттің екі фазасы болып саналады; бастапқы таңбаланушы мен таңбалаушы әртүрлі модификацияда сөз таңба ретінде қалыптасу кезеңінен өтеді. Аяққы кезде сөз белгілі бір этномәдени кеңістікке енеді де, сол мәдениетті түсінудің (ұғынудың) және түсіндірудің (ұғындырудың) құралына айналады.
М.Минский фреймді стереотипті ситуацияның ойбейнесі деп атайды. Осы аталған когнитивті жасалым стереотипті денотаттық ситуациямен байланысты. Мысалы, ашішектей созылды деген фразеологизм “ұзаққа созылған, бас-аяғы көрінбейтін, адамды ығыр қылатын баяу іс, әрекет туралы” айтылады. Фразеологиялық мағына ақиқат дүниедегі денотаттық ситуацияның тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым ретінде қалыптасуымен байланысты. Когнитивтік санада фреймдік форматқа түскен құрылымды таратып айтатын болсақ, – жаңа сойылған малдың ішек-қарны тазаланады, әсіресе аш ішек ұзын, жіңішкелеу болғандықтан, ши жүгіртіп, сумен шаю ұзаққа созылып, баяу істеледі. Ақиқат өмірдегі осы стереотипті денотаттық ситуация тілдік ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылым түрінде орныққан. Ендігі тұста осы фреймдік формат “ұзақ, баяулық” сияқты басқа бір концептімен ассоцацияланып, ұзаққа созылған, баяу, адамды ығыр қылатын істі атайтын екінші реттегі номинацияға айналған.
Белгілі бір мәтінде фразеологизмдердің дұрыс/бұрыс қолданылғанын олардың ақиқаттағы денотатымен, сол денотаттың санадағы құрылымымен байланыста қарай отырып айқындауға болатыны байқалады.
Когнитивтік тұрғыдан қарасақ, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай тәрізді фразеологизмнің сөз мәдениеті тұрғысынан қазақ тіліне жат екені байқалып тұрады. Өйткені жаңбыр шелектеп жауса да, қазақ даласында саңырауқұлақ қаптап кетпейді, яғни ақиқат өмірде ондай стереотипті ситуация жоқ, денотаты болмағандықтан, ұлттық санада фреймдік құрылымы да жоқ. Диірменіне су құйды деген қолданыс та қазақша емес. “Бір нәрсені өршіте түсу” деген ұғым қазақ тілінде “Отына май құйды” деген фразеологизммен бейнеленеді, өйткені ақиқат өмірде отқа май құйып ырымдайтын стереотипті ситуация болған. Осы денотатпен байланысты тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым түзілген.

Сондай-ақ ақиқат өмірде болғанмен, фреймдік құрылымға түспеген денотат, денотаттық стереотиптік ситуациялар да болады. Мысалы, судың, жаңбырдың тамшысы перцептивті образ түрінде кез келген тілдік ұжымның санасында болуы ықтимал. Бірақ бәрінде бірдей “егіз тамшы” деген фреймдік құрылым кездесе бермейді. Орыс тілінде “өте ұқсас, бірінен бірін ажыратуға болмайтын нәрсені” как две капли воды деген екінші реттегі номинациямен береді. Ал қазақ тұрмысында егіз қозы біріне-бірі өте ұқсас, оларды бір-бірінен айыру, тәжірибелі адам болмаса, өте қиын. Ақиқат дүниедегі осындай перцептивті типтік ситуация ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылымға айналып, соның негізінде егіз қозыдай деген екінші реттегі атау пайда болған. Қазіргі кезде баспа беттеріндегі егіз тамшыдай деген қолданысты бөтен тілдің дүниелік картинасы болғандықтан сөз мәдениеті тұрғысынан мақұлдауға болмайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Синтаксистік құрылыс және стиль түрлері.

2. Синтаксистік синонимдер.

3. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері.

4. Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984


15-дәріс. Тіл мәдениетіндегі эстетикалық, стилистикалық, прагмастилистикалық бағдар. Логикалық,стильдік қателіктер
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Тіл мәдениетіндегі эстетикалық, стилистикалық, прагмастилистикалық бағдар.

  2. Стилистикалық қате және оның түрлері.

  3. Стильдік қате жібермеуге ерекше көңіл бөлу керектігі

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген.

Мәдени семантиканы айқындауда тілдік тұлға үшін қиындықтар да болады. Кейбір тілдік таңбаларда мәдени ақпараттар тілдік мағынаның тасасында тұрады да, имплицитті сипатта болады.
Тілдік семантика (білім) мен мәдени семантиканың (жалпы дүниелік білімнің) бір-бірімен байланысы бірде айқын, бірде көмескіленіп, кейде бір біріне жақындап, кейде бір-бірінен алшақтап тұрады. Мысалы, жұлдыздар тіркесіпті, жұлдыздар теңесіпті деген тұрақты тіркестің мәдени-ұлттық семантикасы тым көмескіленіп кеткен. Байырғы дүниелік білім бойынша төменнен жоғары тартылған түзудің бойымен жоғарыда Үркер және оның Үлпексарысы, одан төменіректе Үш Арқар-Таразы, одан төменде Сүмбіле жұлдызының бірінен кейін бірі қатар түзуін жұлдыздар тіркесіпті дейді. “Күн суытып, қыс түсер шақ” келді деген ұғымды білдіреді. Жұлдыздар қазан айында тіркесіп болады. Жұлдыздар керуеніннің басында Үркер мен оның Үлпексарысы тұрады. Ал жұлдыздар теңесіпті деген тұрақты тіркес әлгі жұлдыздардың горизонталь түзудің бойымен қатар келуін жұлдыздар теңесіпті дейді. 22-24 наурызда Сүмбіле (сол жақта), Үш Арқар-Таразы (ортада), Үлкер мен Үлпексары (оң жақта) бір түзудің бойында, күннің батысында, тізілген моншақтай болып тұрады. Жұлдыздар теңесіпті дегенді, кейде Таразы басы теңесіпті дейді, “күн мен түн теңелді” деген ұғымды білдіреді.

Тілді тұтынушыда лингвистикалық құзірет, коммуникативтік құзірет, сондай-ақ мәдени-тілдік құзірет болады. Ал тілдік-мәдени құзірет дегеніміз тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған (жазылған) сөзді қабылдау кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруі.


Тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы, әсері негізінде тілдік таңбаның мазмұн межесінде мәдени семантика қалыптасады. Аударма, тіл үйрету, көркем мәтінге талдау жасауда, сөздіктер құрастыруда тілдік таңбаның грамматика, лексика-стилистикалық мағыналарымен бірге ондағы мәдени ақпараттарды да ескеру аса қажет. Мысалы, қазақ тілінің онтомдық түсіндірме сөздігінде жылқы сөзіне мынадай түсініктеме берілген:
ЖЫЛҚЫ з а т. Төрт түлік малдың көлік үшін пайдаланылатын тақ тұяқты түрі. Әрине, жылқының лексикалық мағынасы толық ашылған, төрт түлік, тақ тұяқты деген семалар лексикалық мағынасын жеткілікті дәрежеде беріп тұр. Басқа ұлттың тілі, мәдениеті үшін бұл түсіндірме, бәлкім, дұрыс та шығар, ал мәдени мәнділікке байланысты ақпарат қазақ тілінің сөздігі үшін толық болмай тұр. Өйткені жылқы сүтінен жасалатын қымыз – қазақ мәдениетінде астың асылы, ардақтысы. Сондай-ақ жылқының қазы-қарта, жал-жаясы да астың ең сыйлысы. Олай болса, жылқы сөзінің мәдени семантикасына қатысты негізгі ақпараттар дефиницияда мүмкіндігінше қамтылуға тиіс. Мысалы: ЖЫЛҚЫ з а т. Көлік үшін, еті, сүті тағам үшін пайдаланылатын төрт түліктің тақ тұяқты түрі деген нұсқада беру тілдік семантиканы әрі мәдени семантиканы қамти түсер еді.
Егер сөз мағынасының құрылымы денотаттық және сигнификаттық екі деңгейден тұратынын ескерсек, мәдени семантиканың сигнификаттық компоненттен орын тепкені байқалады. Халық тілінде кездесетін, этномәдени танымның мифологиялық санамен байланысын көрсететін фразеологизмдер мен паремологизмдердің өзі сақталғанмен, прототиптері, архетиптері көмескіленіп, жоғала бастады. Мәселенің қиындайтыны да осы арада. Сөзқолданыста қате-кемшіліктердің жиі кездесетін, сөз мәдениетіндегі қауіпті аймақтың бірі осы тұста деуге болады. Өйткені этномәдени лексиканың мән-мағынасын жете түсінбегендіктен, мәдени семантикаға қайшы келетін сөз қолданыстар жиі кездесе бастағаны байқалады. Мысалы, газет бетінен қайсыбір мектепте эстетикалық тәрбие мақсатында үкілі қыз байқауын өткізгені жайында айтылған. Ал шынында үкілі қыз сөзі “үкі тағылған, құда түсушілер үкітағар ырымын жасаған” деген мәдени семантиканы білдіреді. Байқау конкурсты өткізушілердің үкілі қыз сөзінің мәдени семантикасынан бейхабарлығын көрсетеді.

Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құрылымдармен байланысты.


Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдебі, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық менталитетті танытатын компоненттер болады. Осыларды айқын аңғара білмеген жағдайда сөйлеуші/жазушы коммуникативтік сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. Соңғы жылдары әсіресе радиохабарларда жылы лебізді құттықтау сөз айта келіп, мерейтой иесіне “қартаймаңыз!” деп тілек білдіреді. Қазақ мәдени қоғамдастығы “қартаймаңыз” деген тілекті қабылдай қоймайды, мұндай тілек “кәрілік жасқа жетпеңіз” дегендей сезіледі. “Адам қартаймайтын шайтан емес қой” деп қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ cалтында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке жеткізсін, жағың түспей, жамандық көрме; ақ сақалды сары тісті бол дейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.

Сонымен, тілдік тұлғаның коммуникативтік сәтсіздікке ұшырау қаупі жиі кездесетін аймақтың бірі негізінен мазмұн межесі этномәдени семантикаға ие тұрақты сөз орамдарымен, яғни фразеологизмдер мен паремологизмдердің мәдени-ұлттық семантикасымен байланысты деуге болады.

Сөз мәдениеті деген терминге анықтама қазақ тілтанымында негізінен тілдік-нормативтік, коммуникативтік тұрғыдан берілсе, ендігі жерде бұл ұғымның құрамына этикалық нормалармен байланысты ерекшеліктері қамтуы жағынан назар аудару қажет. Олай болса сөз мәдениеті деген терминге – “белгілі бір мәдени тілдік қоғамдастықта қалыптасқан тілдік, коммуникативтік, этикалық нормалармен эстетикалық.

Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».

Сөзді тыңдай білмеу

Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.

Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.

Қаратпа сөз хақында

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді.

Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті.

Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой.

Стильдік қате жіберудің себептері : 1.Сөздік қордың аздығына байланысты сөйлемдер бірыңғай, қарапайым болады да, оны түрлендіре алмайды. 2. Кейбір сөздердің ауыспалы және көп мағыналылығына байланысты контексте орынды қолданбай, ойды күңгірттеп, әсерлі де нақты жеткізе алмау кездеседі. Сөздердің байланысуын, тіркесуін білмеу де байқалады. 3. Синоним сөздерді сөйлемде түрлендіріп қолдана білмеу, сондықтан сөздерді сөйлемдерде қайталай беру. 4. Сөйлемдерінде қажетсіз басы артық, қыстырма, диалект сөздерді талғамай қолдана беру. 5. Қазақ тілінде аудармасы бар шет елдік сөздерді немесе вулгаризмдердің мәнін ескермей қолдану. 6. Кейбір сөздер мен формалардың экспрессивті-эмоциональды мәнін білмей орынсыз қолдану. 7. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтамау, сөздердің тіркесуі мен орын тәртібінің ауысуындағы стильдік ерекшеліктерді аңғармау. 8. Сөйлемдегі бірнеше ойды байланыстырып жеткізе алмау. 9. Айтайын деген пікірін жүйелі, рет-ретімен айтып не жазып беруге қиналу, шатастырып жіберу т.б. Стильдік қателерді көп жіберу – ол қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білімде олқылықтардың бар екендігін көрсетеді.

Сөз қолданудағы стильдік нормаға сай емес қолданыстар стильдік қателер деп танылады. Орынсыз қолданылған, бұзып айтылған әрбір сөз немесе сөз тіркесі стильдік қатеге жатады. Сөйлем ішінде бір сөздің немесе сөз тіркесінің орынсыз қайталануын да стильдік қате деп танимыз.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тіл мәдениетіндегі эстетикалық, стилистикалық, прагмастилистикалық бағдар.

  2. Стильдік қате жібермеудің жолдары.

  3. Мәтіндегі стильдік қатені тауып,түзету.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984



3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

р/с

Тақырыбы мен мазмұны

Сағат саны

1

Стилистика мен тіл мәдениетінің ғылыми теориясы.

1

2

Функциональды стилистика ішіндегі стильдер жүйесі. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы. Функциональдық стиль және экспрессивті – эмоционалдық стиль. Олардың арақатынасы.

1

3

Ауызекі сөйлеу стилі. Жалпы сипаттамасы. Фонетикалық- интонациялық ерекшеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті. Лингвистикалық, экстралингвистикалық белгілері.

1

4

Ресми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ресми стильдің шағын түрлері. Лексикасы мен фразеологиясы. Ресми стиль мәдениеті.

1

5

Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ғылыми стильдің шағын түрлері. Ғылыми стиль мәдениеті. Стильдік және жанрлық ерекшеліктері.

1

6

Публицистикалық стиль. А. Байтұрсынов тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі туралы.

1

7

Радио тілі, теледидар тілі, ерекшеліктері.Теле және радио хабарларын жүргізушілер мәдениеті

1

8

Шешендік сөз мәдениеті. Шешендік сөздердің тектері мен түрлері. Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер.




9

Көркем шығарма стилі. Жалпы сипаттамасы. Көркем шығарма стилінің түрлері. Эстетикалық қызметі.

1

10

Лексика-фразеологиялық стилистика.

Тілдің актив және пассив құрамындағы сөздердің стилистикалық қасиеттері. Неологизмдер. басқа тілден ауысқан сөздер



1

11

Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы: фонетикалық стилистика.

1

12

Морфологиялық стилистика. Сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың, сөз таптарының стильдік қолданысы.

1

13

Синтаксистік стилистика. Сөйлемнің әр түрлі конструкцияларының стильдік өңі.

1

14

Функциональдық стильдермен жұмыс жүргізу.

1

15

Тіл мәдениетіндегі эстетикалық, стилистикалық, прагмастилистикалық бағдар.

Логикалық,стильдік қателіктер




1



4 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ.
4.1 Сөйлеу мәдениеті.

4.2 Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері.

4.3 Қазақ тілі мәдениеті.

4.4 Баспасөз тілінің мәдениеті.

4.5 Теледидар хабарларының тілі.

4.6 Синтаксис және стилистика.

4.7 Дикторлардың сөйлеу мәдениеті.

4.8 Публицистикалық стильдегі қоғамдық – саяси лексика.

4.9 Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер.

4.10 Ғылыми стиль мәдениеті.

4.11 А. Байтұрсынов тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі туралы.

4.12 Ресми стиль мәдениеті



5 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ



Өзгерістің рет нөмірі

Құжаттың тарауы пункті

Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)

Хабарламаның нөмірі және күні

Өзгеріс енгізілді

Күні

Аты-жөні, қолы, қызметі



















6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ

о/қ


Қызметі

Аты-жөні

Уақыты

Қолы

Өзгерту №

Уақыты

Қолы

































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































7. ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер:

7.1.1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2010



      1. Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2006

      2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2011

      3. Д.Әлкебаева. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. Алматы:2006.

7.2 Қосымша әдебиеттер:

7.2.1. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 2012

7.2.2. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,2009

7.2.3. Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі - Алматы, 2011

7.2.4. Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005


      1. Р.Сыздық Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі –А., Арыс,2004

7.2.6. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики - Москва,2010

7.2.7. М.Серғалиев Көркем әдебиет тілі – Алматы, 1995

7.2.8. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі - Алматы, 1996

7.2.9. А.Байтұрсынов Тіл тағылымы - Алматы,1992

7.2.10. М.Балақаев Тіл мәдениетінің мәселелері – Алматы, 2010

7.2.11. Т. Қожекеев Сатиралық жанрлар – Алматы, 2009

7.2.12. Г.Я.Солганник Стилистика текста – Москва, 2000

7.2.13. В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг – Алматы, 2000

7.2.14. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - Семей, 2006

7.2.15.М.Балақаев Қазақ тіл білімінің мәселелері- Алматы,2008

7.2.16.Қ.Алпысбаев Сөз нұры-Алматы,2011

7.2.17.Г.Қосымова Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік таным-Алматы,2005






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет