ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет2/5
Дата02.02.2017
өлшемі0,87 Mb.
#8513
1   2   3   4   5

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Эстетика нені зерттейді?

2. А.Асқардың «Қызыл бөлтірік» атты шығармасының оқиға желісі қандай суретке құралған?

3. С.Сағынтай «Тұмақ елесі» атты әңгімесін қандай оқиғалармен береді?



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.
3 ДӘРІС Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, лиризм мәселесі

Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, лиризм мәселесінің не екендігін түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

1.Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, лиризм.


2.Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм және адамды жатсыну проблемасы.
Қазіргі қазақ прозасында жемісті еңбек етіп жүрген қаламгерлер – Тынымбай Нұрмағамбетов, Талаптан Ахметжан, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай, т.б шығармашылығында лиризм,психологизм элементтері байқалады.

Негізінен әдебиеттегі психологизмнің мақсаты әдебиеттанушы Б.Ыбыраймовтың айтуынша – оқырманды мүмкіндігінше терең толғандыру, оның жан жүрегіне неғұрлым күштірек әсер етіп сол арқылы тәрбиелеу.

Осы орайда жазушы А.Алтайдың повестеріндегі психологизм көріністерін қарастырайық.

А.Алтайдың қаламынан туған “Қызыл бөлтірік” повесіне тоқталсақ, бұл шығармада автордың басты критериi–сөзді талғап, таңдап қолдануы. А.Алтай повесте аңыз-әңгімелерді

араластыра отырып, оқиғаны психологиялық - тұрғыда шиеленістіре отырып, шешуге тырысады. Повесте негізінен психологизм кейіпкер монологтарындағы философиялық ойларда ғана емес, сонымен қатар диалогтарында да анық байқалады. Шығармадағы оқиғаның шиеленісіп барып, шарықтай түскен сәтінде кейіпкердің көңіл-күйінен, көз қарасынан хабар беретін диалог ашық тартысқа, қақтығысқа да алып келеді.

А.Алтай өзінің аталмыш повесінде кейіпкерлер қақтығысынан гөрі, кейіпкердің рухани әлеміндегі ой мен сезім қайшылықтары басым беріледі.

Повесть белгілі бір оқиғаға құрылмай осылайша ішкі ой арпалысымен жалғасып жатады. Кейіпкердің мінез- құлқын, психологиялық бітімін ашуда осы монологтың рөлі әсіресе айрықша.

Суреткер дәрежесіне көтерілген жазушы еш қашан персонаждарына тікелей авторлық мінездеме беріп, сырттай тон пішіп жатпай, оларды іс-қимылдары, ойлары, әсіресе өздерінің іштерінен жàрып шыққан лебіздері арқылы танытады. өйткені, адам баласы, жалпы, құлағымен естігеннен гөрі көзімен көргенге көбірек сенеді ғой, шын суреткер бұл жайды ескермей тұра алмайды, сондықтан да ол баяндаудан гөрі суреттеуге көп күш салуѓа тырысады. Яғни, повесте жеке адам санасындағы ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле көрсетіледі. Автор кейіпкерлерін диалог құдіретінің күшімен де бейнелейді. Осы шағын үзіндінің өзінен-ақ кейіпкердің тек өздеріне ғана тєн психологиялық, мінез ерекшеліктері жарқырай ашылады.

Басты кейіпкер өзімен-өзі болып, оңашаланып, психологиялық тебіреніске жиі беріледі. Яғни диалогтан қарағанда монолог басымдау тұрады да драмалық шиеленіске әкеліп соғып жататында кездері болады. Кейіпкер рухани тығырыққа тіреліп, өз-өзінен күйіп-пісіп жатады. Оқиға шиеленісуінен гөрі тереңнен толғану, ойлану, кейіпкер тебіренісі, іштей арпалысы басым. Осылар арқылы психологиялық тартыс күшейіп, кейіпкердің ішкі тебіренісі шарықтап барып, жан сыры ашылады. Бірте-бірте кейіпкер характері дамиды.

Сондай-ақ, жазушы әр кейіпкерінің мінез ерекшеліктерін сыртқа көп шығара бермейтін толғаныстары, ойлары арқылы беруге тырысады. Адам баласына сырттай қарағаннан гөрі үңіле қарасаң шешуі қиын жұмбаққа толы екенін кейіпкерлерінің бір-бірімен байланыстыра отырып көрсетеді.

Түс көру тәсілін кейіпкердің ішкі жан әлеміне тереңдей еніп, оның ойлау жүйесінің ерекшелігін айқындайтын психологиялық бейнелеу құралы ретінде қолданады. Жазушы бір түске арнайы тоқталып, ондағы оқиғаны, тіпті табиғатты суреттеп, психологиялық көріністерді талдап жазады. Бірақ та, А.Алтай түсті жоруды мақсат етпеген. Тек,түс жоруды, яғни артында не күтіп тұрғанын оқырманның өзіне қалдырады. Мәселен, баланың түсіне мән берейік:

«Бала мен атасы көгілдір таулардың арасында қалыпты. Иә, атасы екеуі екен...Таулар шымқай көк түсті матамен тыстағандай көгілдір. Аспан түстес. Әйтеуір түсінде солай көрінгені рас. Аласа келген алдындағы көгілдір төбе басында қан қызыл бөлтірік таутекедей секиіп тұр. Бұл «көзім алдап тұрған жоқ па» деп көзін уқалай жұдырығымен сүртіп, қайта қарайды. Жоқ, шынымен қызыл күшік.

- Ата, ананы қараңызшы! – деп бұрылса, ол ұшты-күйлі жоқ. Бала таңырқай, жан-жағына қарады. Атасы көрінетін емес. Маңай көгілдір сәулеге бөгіп тұр: жер де, көк те, алтын күн мен күміс ай жоқ. Бала қорқыныштан аталап, жалғыздықтан жылап жіберді.

Жұдырықтай жүрегі көктемгі қатқақта шапқан аттың тағалы тұяғындай тарсылдап зәресі ұшты. Зар еңіреп атасы мен аулын іздеді. Қай жақ – шығыс, қай жақ – батыс? Белгісіз. Ауыл қай маңда? Кеседей төңкерілген керең, көгілдір дүние. Тастай тыныштық. Атасыз балаға бар өлке бос қалған. Үрейлі өлке суық, жан шыдамас жалғыздық жайлаған жапан. Есі шыққан бала қызыл күшік көрінген төбеге ерексіз қарады. Көзінде моншақтаған жас. Шымқай көк төбе басында қос қызыл Бөлтірік шоқиып отыр. Мына дүбірсіз дүлей дүниеден олар да бейхабар сияқты. Құдай-ау, жаңа ғана жалғыз емес пе еді? Кәдімгі қиялдағы қос бөлтірік. Мұны құйрықтарын бұлғаңдатып шақырғандай. Біздің артымыздан ер дейтін іспетті. Бұл көзінен жасы сорғалай төбеге қарай жүгірді. Ағыл-тегіл аққан жас бетін жуды боталап кеп. Міне, жүгіре де жөнелді. Табан асты әжесінің оюлай салған сырмағындай жұп-жұмсақ, жып-жылы. Өзіне сәлден соң қанат бітіп, қол-аяғы жерге тимей ұшып келеді. Бірақ төбе жеткізетін емес. Жақындаған сайын көгілдір дүниеге сіңіп барады. Төбемен бірге бөлтіріктер де көкжиекке сіңіп кетті. Таулар жылан жалағандай жоқ болып, төңірек көгілдір тұманға оранды. Бала тоқтап қалыпты. Қос бөлтірік те ғайып болған. Қайда тастап кетті олар мұны?.. Бұл бала ғой! Тұлдыр тұмша тұман жалмаған, жаны ашымас жапанда үрей билеп еңіремей-өңіремей бола ма? Тек соқыр тұман – билік құрған».

Бұл түс әңгіменің идеялық қазығы болумен қатар кейіпкердің бүкіл табиғатын, шын пердесін, ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегі құпия сырды, адам жанының болмысын ашудағы ролі өте зор. Шынында да баланың көрген түсі өңінде дәл келіп, жолаушылап келе жатқанда атасы көз жұмады да жалғыз қалған бала өзін тұманда қалғандай сезінеді.

Сонымен, қазіргі қазақ прозасында өз шығармашылығымен көп нәрсе айта білген А.Алтай әр кейіпкерлерінің өзіне тән психологиялық кескін-келбеті бар. Олардың кейіпкерлері тап болған психологиялық жағдайын бейнелеу тәсілдері де өзгеше. Аталмыш жазушылар кейіпкерлерінің ішкі психологиялық толғаныстарына бой ұрады да, өмір құбылыстарына байсалды ой парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Осы орайда қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра бастаған жас жазушы Т.Ахметжанның шығармашылығындағы лиризм мәселесіне кеңірек тоқталсақ. Талаптан Ахметжанның көпшілікке танымал жинағы “О дүниенің қонағы” деп аталады. Бұл жинаққа негізінен оқырмандар жылы қабылдаған “Сұлу мен суретші”, “Тозақ оты”, “Айсәуле” тәрізді хикаяттары мен “Шәрбат”, “Тұма”, “Күнәһар”, “Айқасқа”, “Тергеу” секілді бірқатар әңгімелері мен тың туындылары енген. Талаптан Ахметжанның кейіпкерлері – кейде өз ой-сезіміне өзі қарама-қарсы келіп қалатын күрделі тағдыр иелері. Автор өз кейіпкерлерінің жан дүниесін үлкен психологиялық қақтығыстар үстінде ашуға ден қойған. Ортақ тақырыбы – махаббат, тазалық, мейірбандық. Қай жағынан келсек те, Т.Ахметжанның шығармалары арқылы оқырманды тазалыққа, адалдыққа үгіттеп отыратыны айқын.

Т.Ахметжан прозасының өзіне ғана тән ішкі үні, ішкі музыкасы бар. Асықпай, аптықпай, жұп – жұмсақ қоңыр үнмен көкірегіңе сәуле құяды. Өмірдің өзінен, қарапайым тірліктің ұйтқысынан ой іздейді.

«Тұма» әңгімесінде жоғары оқу орнын тәмәмдап келген жас маман Нұртас тұрмыс – тауқыметімен бетпе – бет ұшырасады. Мамандығы инженер болса да жаны ақын Нұртастың көңілі көп нәрсеге толмайды. Арыны басылмаған арманшыл жігіттің көңілін тоқтап тұрған зауыттың мүшкіл халі мен енжар жандардың бойкүйездігі, баспанассыз жүрген өзінің отбасы

титықтатады. Пәтерсіз жүрген жас маман сең соққан балықтай күй кешеді. Осы тұстағы жұбайы Қарлығаш екеуінің диалогы өте нанымды:



- «Көрші келіншек көшкелі жатыр екен, - дейді сөз арасында Раушан.

- Қайда? – дей салды немқұрайлы.

- Северге. Якутияға. Күйеуі алдын – ала барып үй алып, енді жанұясын көшіріп алуға келіпті.

- Ұнаған ғой тегі.

- Ұнаса ұнаған шығар.

- Келіншегі қылт ете қалды.

Сіркесі су көтермей отырған Нұртас:

- Немене , Севрге көшкің келіп отыр ма?

Осы тұста оқиға екі жастың томсаруымен, үнсіз ренжісуімен, ішкі бұлқынысымен тынады.

Ал енді келесі диалогқа назар аударсақ:



  • «Нұртас, - деді түннің бір уағында келіншегі сыбырлап.

  • Ұйықтаған жоқсың ба?

  • Иә.

  • Неге ұйықтамай жатырсың?

  • Жәй...ұйықта.

  • Нұртас деймін, бері қарашы. – Ол аунап түсті.

  • Ренжіп қалған жоқсың ба, Нұртас?

  • Ренжідім.

- Мен де. Сен бір түрлі өзгеріп барасың. Еркелетпейсің. Өзіңмен өзің болып үнсіз жүресің. Бір уақыт сенімен сөйлесейін десем кітап кеміріп отырып аласың. Сосын жыным келеді. Сен мені еркелетші, сүйші...».

«Тұмадағы» осы диалог табиғилығымен, тазалығымен баурайды. Кейбір қаламгерлердің қызылды – жасылды бояулармен баттасқан, өтірік тебіреніп, үздіккен диалогтары мезі қылып жіберетіндері де бар. Ал Т.Ахметжановтан мұндайды кездестірмейміз. Онда табиғилық басым. Оқырман Нұртас пен Қарлығашты айнадағыдай ап – айқын көреді. Олардың жастығын, тазалығын, өмірінің бастау тұмасын, махаббатын көріп, біліп, түсініп әрі түйсінеді. Әрі тұщынады.

Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А. Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: “біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәітті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек”, - дейді. Бұл айтылғандар Т.Ахметжан әңгімелерінде молынан пайдаланылған.

Көркем әдебиеттегі лиризм, психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз осы аталмыш авторлардың шығармаларынан көреміз.


2. Қазіргі қазақ прозасындағы психоголизм және адамды жатсыну проблемасы.

Адам тұлғасын жан-жақты қарастыра отырып, қазақ қаламгерлері табиғаты күрделі, түрі көп құбылыстардың қатарындағы жатсынуға ерекше көңіл бөліп, бұл үрдіс кейін де жалғасуда. Адамның қоғамнан, өткен тарихынан, салт-дәстүрінен, тілі мен ділінен, өз-өзінен жатсыну мәселесі кейінгі жылдар прозасында жан-жақты қамтылды. 

1. Өзі өмір сүріп отырған қоғамнан безінуі, ортадан жерінуі сияқты көріністер мен жағдайлар Н. Ораздың «Қайыршының жұлдызы», әңгімесінде айқындаушы жағдайда бейнеленеді. 

2. Қ. Түменбайдың «Ақындар заңы», С. Оспановтың «Жол ережесі», 
Д. Әшімхановтың «Аққабаның толқыны», Н. Ораздың «Балақ бау» әңгімелерінде қалыптастырушы жағдай тереңірек қамтылған.
 
Экзистенциалистік жағдайлар, адамның өзінің күнделікті өмірінде өзін экзистанс күйінде сезінуі характерді қайталанбайтын тұлға етіп бейнелеу, оны шекаралық ситуацияға өліммен бетпе-бет келуге жиі қоюшылық көркем бейненің өзінің шын бостандығын және «жапандағы жалғыздығын», адам мен сыртқы әлемнің сәйкессіздігін түсіне алады деген ой басымдығы
 
Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», «Жан азабы», «Шықпайтын есік», «Жарық дүние» әңгімелерінде көрінген. Өмір мен өлім арасындағы жағдайдағы адамның тіршілікке деген құмарлығын, өмірдің мәнін басқаша бағалауын көрсету, яғни жағдай мен мінездің айқындаушы байланысының басым екендігі.
 Ұлттық көркем прозадағы характер мен жағдайдың байланысу түрлерінің әдеби кезеңге баға бере алатын көрсеткіштердің бірі болып, түрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өзгерістер мен ауысуларға сәйкес автохтонды түрде түрленіп, дамып отырады екен. 

Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесіне тоқталсақ. Әңгіменің басты кейіпкері қылқаламмен сурет салатын бойжеткен ғана. Оның аты-жөні, кескін-келбеті жазылмаса да, дүниетаным дербестігі, тағдыр-талайы – тайталасқан жан әлемін алдымызға жайып салады. Оның шеше алмаған түйіні: «біреу жоғары, біреу төмен; біреу білімді, біреу топас; біреу өтірікші, біреу қатыгез», «адал аңдардан, жалғандықтан, денесіндегі тыртығын жасырып, әдемі көйлек киген қоғамнан жеритіндей». Мұның барлығы кейіпкер жанының қайшылықты, үйлесімсіздігінен дерек береді. Жазушы кейіпкерінің өмірден түңілуінің себебін анасымен тіл табыса алмауына әкеп тірейді. Бұл – «жәннат ананың аяғының астында» деген қазақы танымымызға тосын идея. Кейіпкер ана құрсағында жатқанында нағашы атасы мен қос нағашы ағасы дүние салғандықтан, шешесі мұның жарық дүние көруін қаламапты. Әкесінің ақ тілегімен ғана пәни ғаламның есігін ашса да, азапты жолы ана құрсағында басталыпты. Қолға алған ісін аяғына дейін апармайтын, болмашы сынға сіркесі су көтермейтін «боркемік, күйгелектігі» соның салдарынан деп ой түйдіреді. Автор танымы қоғамдық құбылыстан тысқары, айнымалы, тербелмелі, тұрлаусыз, толқымалы адам жанының қайшылыққа толы екендігін, адам жаратылысынан бара-бара жалғыздық тығырыққа тірейтін заңдылығын белгілеп тұр. Дегенмен, автордың жалғыздыққа бой ұрған, сәтсіздіктен, рухани жүдеушіліктен қажыған адамның бейнесін беруге ұмтылғандығымен суицидке бой ұрғандығына өрсей кейіпкер бейнесі жасанды шыққан. «Уақыт емші», − дегендей анасымен өмір бойы тіл табыса алмай, өзінен-өзі жеріп, ел-жұртты жатсынған кейіпкерді ақтау қиын. Өз кемшілігін көре алмай, көрсе де, білсе де мойындай алмай жүрген

кейіпкерін жазушы басқа сипатта көрсетуге ұмтылған. Әлбетте ол − жалғыздық жанын жеген жан. Өзінің тұла бой толған күмән. Қадір түні мінәжат қылып, Құдайдан өзіне өлім тілейді. Қадір түні! Ол «Тіршілікке қарсы тіршілік» атты картина салған. Ана махаббатына да күдікпен қарайды. Қысқасы, мінезі суретшіден ғөрі тамұққа қуылған малғұндыққа ұқсас.

Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесіндегі кейіпкері өз-өзінен, өсіп-өнген ортасынан жеріп жүрсе, А.Алтайдың «Альпинист» деген әңгімесінде автор тәккапарсынған талай таудың кеудесін басып, менменсінген талай шыңның ұшарын таптаған, өмірінің мәні де, сәні де тау деп түйсінген альпинист жігіттің азаматтық болмысын оқиғаны шиеленістіре барып, шешеді. Авторлық таным әңгіменің өн бойында: таулар ғана өз болмысын бұзбаған, таулар ғана тәңір алдында таулық мінезін сақтап тұр, таулық миссиясын адал атқаруда», − деп сендіргенмен, шығарма соңында өзінің адамдық болмысын таудан да биік ұстап, өмірден озған альпенист Тайшын бейнесі нанымды суреттелген.

Қасындағы серігі, бауырындай болған жас жігіттің өмірін сақтап қалу үшін арқанды қиып жіберіп, альпенист Тайшынның өзін-өзі өлтіруі арқылы автор танатологиялық сарында мүлдем басқа сипатты таңдап алған. Суреткер таудың биіктігі мен адами болмыстың биіктігін психологиялық параллелизм тұрғысынан қатарластыра алған. «Адам парасаты биіктігінің қасында таудың биіктігі бұйым емес», − деп ой түйдіреді авторлық таным.

Міне, осындай рухани мешеулік жайлаған атмосферадан кейін С.Досанов, Т.Ахметжан, Д.Амантай, А.Кемелбаева, Д.Рамазан, Е.Әбікен, т.б. қазақ қаламгерлері өте жаңашыл, ірі қадам жасады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. А.Алтайдың «Қызыл бөлтірік» повесінде автордың басты критериi не?

2. Т.Ахметжанның лиризм мәселесіне байланысты қандай шығармаларына тоқталдық?

3. Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесінің басты кейіпкері кім екен?



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.
4 ДӘРІС Қазақ әдебиетіндегі қоғамдық сана

Дәрістің мақсаты: «Қоғам және оның дамуы» туралы мән-жайдың басын ашып, тү­сін­

діріп береу.



Дәрістің жоспары

1.Қазіргі қазақ прозасындағы адам және қоғамдық сана.



2. Постмодернистік үлгіде жазылған шығармалар.
Қазақстанда қоғам туралы түсінік әлі толық қалыптасқан жоқ. Кеңес одағы тұ­сындағы кезеңмен немесе оған дейінгі уақытпен салыстырғанда Қазақстан қо­ға­мында үлкен өзгерістер болды. Әри­не, бар­лық жағынан және толық өзгеріске түс­ті деп айта алмаймыз. Алайда, мәселе бү­гінгі ғалымдар мен зиялы қауым өкіл­де­рінің халыққа «қоғам және оның дамуы» туралы мән-жайдың басын ашып, тү­сін­діріп бере алмауында. Бұл мәселенің ма­ңыз­дылығы әзірше бұқара халықты да алаң­датпайды, интеллигенция арасында да талқыланбайды. Жалпы, кез кел­ген адам өзінің кім екенін, қандай қо­ғамда өмір сүріп отырғанынан, даму мүм­кін­діктерінен хабардар болуы аса маңызды десек, оны ғалымдар мен интеллигенция айт­паса, қарапайым халық қайдан білсін. Әри­не, оның өз «концепциялары» бар. Бі­рақ отандық мамандар көп ойланып жат­пастан «капитализм», «олигархия», «демократия», «нарық» деп жіктей салады. Бұл тым қарапайым, кедей ұғымдар. Ал қоғам – ғасырлар бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. 

Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатыр. Басқа елдер, басқа жұрттар баяғыда жүріп өткен жолға енді түскен қазақ жұртьг егемендік алғаннан бергі он екі жылдың ішінде басынан қаншама замана кешті. Әрине, қоғамдағы болып жатқан құбылыстар әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Кеңес заманындағы құндылықтар, қалыптасқан идеалдар алмасқан осындай шытырман кезеңде болашақ қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарын, бет-бедерін айқындайтын жаңа: бір үрдістің нобайы шалынды. Осы орайда өткен жеті-сегіз жыл бедерінде түрлі басылым беттерінде жарық көрген бірқатар прозалық шығармаларды зерделей отырып әңгіме қозғағанды жөн көрдік. Талғат Кеңесбай өзінің «Лениннің бәтеңкесі» (ҚӘ. 28.07.2000) атты әңғімесінде бүгінгі тіршіліктің күрделі бейнесін бедерлеуге ұмтылған. Әңгіме тұтастай алғанда – үлкен эксперимент. Әлбетте, қай жазушы болса да өзінің әрбір кезекті шығармасында жаңа ой айтуға тырысады. Ал жаңа ой дегенініз – жаңа форма. Демек, эксперимент. Талғат өзінің ұзақ ойланып сомдап шығарған әңгімесін бастан аяқ жаңа формаға бағындырғысы келген сияқты. Әңгімеден, жазушының бұрынғы прозасының нышанын да таба алмайсыз. Шығарманы оқып отырғанда ХХ-шы ғасырдың басындағы, Грета Гарбо қатысқан дыбыссыз фильмді көріп отырғандай әсер аласыз. Әңгіменің, бірден кейіпкердің түс көруінен басталуы, төл сөздердің, тіпті диалогтардағы сөйлемдердің тырнақша арқылы тұйықталып жеке-жеке тұруы, міне, осының барлығы модернистік фильмнің сценарийін елестетеді.

Заманында, қазақ сыны елеусіз қалдырған, Роллан Сейсенбаевтың бір әңгімесінде осы әңгімені айтып беріп отырған бас кейіпкер, роман жазып жатқан жазушы сейілдемек болып көшеге шығады. Ұмытпасам, я көшеде, я сыраханада бір кластас досымен ұшырасып қалады, соған еріп үйіне барады. (Әңгіменің толық сюжеті есімде жоқ. Ертеректе оқығанмын, көңілімде әсері ғана қалыпты). Міне, осы жерде алдынан өмірдің сұмдық драмасы ашылады. Қаншама боямасыз сырға қанған жазушы үйіне қайтып келғеннен кейін «пәленбай жүз бет өтірік» деп романның қолжазбасын күресінге лақтырып жібереді. Бүл, сол кез үшін өте шебер жазылған әңгіме еді. Жазушының өзіндік жеке кейіпкерінің топ ішінде, басқа персонаждармен араласып жүруі біз үшін таңсық болғанымен, Батыстың дамыған әдебиеттері үшін үйреншікті нәрсе. Талғаттың әңгімесіндегі бас кейіпкер де – Жазушы. Бірақ басқа жұрттан алапасы артқан еңселі адам емес. Көптің бірі. Тіпті, десеңіз, көп адамнан несібесі кем. Мінезінде күйректік басым. Алайда табиғат құбылыстарын, өмір

көріністерін қабылдау дағдысына қарап отырып, оның алмағайып заманда туған үлкен суреткер екенін танисыз. Әңгімедегі кейіпкерлер – болашақ персонаждар. Жазушының басындағы күйзеліс – болашақ көрікті шығармалардың кепілі. Әрине, әңгіменің өнебойындағы депрессивтік көңіл-күй, бүгінгі дамыған прозаның кілтипандарынан бейхабар әдепкі оқырманды бей-жай қалдыруы мүмкін. Бірақ ол – болашақ түлеудің табалдырығындағы бей-жай күй.

Нұрғали Ораздың «Ешкім мекен етпейтін арал» атты әңгімесін кейінгі жылдары жарық көрген тамаша әңгімелердің бірі дер едім. Шығарма Нұрғалидың өз прозасынан андағайлап бөлек түр. Кафеде болған отырыстан кейін оңаша қалған орта жастардағы еркек пен жасамыс әйел арасындағы бір кештің әңгімесі өрістей келе үлкен пайымдауларға жеткізеді. Күнделікті күйкі тіршіліктен қажыған еркек сырлы түн, жанындағы көрікті әйелдің сиқырына елтіп, шым-шымдап іштегі шерін айтады. Жаңа танысқан екі адам, ақылсыз да емес, бір басына жететін кісілігі де бар екі адамның арасында жақсы ықылас-пейіл, жарасымды көңілдестік орнайтын сияқты. Алайда әңгіменің ортасына келгенде оқиға жалт бұрылады. Еркек жүрек жарды сырын айтқан еді. Осы жерде, біз, Нұрғалидың кейіпкер таңдаудағы шеберлігін айта кеткіміз келеді. Хикаяның бір жерінде еркек өзінің математик екенін айтады. Яғни, сөзге емес, логикаға бейім психологиялық тип. Ал оның әйелге ықыласын сездіргендегі сөзі – кей ақынның аузына түсе бермейтін сөз. Әрине, өзінің табиғатына сай, білгенінше теріп айтқан сөзі. Міне, бүл, еркектің бойындағы сезімнің шынайылығын арттыра түсетін қосымша психологиялық мотивировка. Бірақ, әркімге күнде-күнде айтыла бермейтін етене сыр әйелге мүлдем кері әсер етеді. Әңгіменің аяғына қарай еркекті салқын ғана шығарып салады. Көрікті махаббат драмасының табалдырығында түрған екі адам неге бір-бірімен табыса алмады, енді осыған жауап беруге тырысайық.

Шынтуайтына келетін болсақ, сезімнен тартынған адам – әйел. Сөзіміздің басында оны жасамыс әйел дедік. Нұрғали өзінің әңгімесінде оны «талдырмаштау сымбатты келіншек» дейді. Және әңгіме барысында оның қылықты жас келіншек екенін, оның мөлдіреген көркін баса айтып қайталап отырады. Біз «жасамыс» дегенде келіншектің мінез дағдысын айтқан едік. Әйел психологиялық кәрі типке жатады. Еркекті шығарып салғаннан кейінгі ой толғаныстарына назар аударыңызшы. Өткен өмірді шарлаған көңіл көзі тиянақ тұтар, медет етер ештеңе таппайды. Жаңа танысқан еркектің жасқана отырып айтқан аралы, күйбеңнен шаршаған адамның барын пана табатын жерұйығы іспеттес бір мекен еді. Ал әйел бүл көрікті бейнені, тонын теріс айналдырып енді өз бойына басқаша етіп өлшейді. Өзін әркім бір соғып, бір түнеп кететін арал деп елестетеді. Солай деп түйсінеді. Әйел мінезінде өмірдің тауқыметінен қалыптасқан цинизм басым. Өзін әйел еткен, ләззат сыйлаған еркектерді елестетеді – бірақ бойында кекті сезімнен басқа ештеңе жоқ. Өзінің бақытты болғанын ұмытқан – бірақ кек қалған. Шынына келетін болса, кектен басқа ештеңе де қалмаған. Әйел толғанысы – аты аталмаған кек. Ақыл-ойын алған, бүкіл санасын жайлаған осы кекті сезім бүгінгі қызығынан айырып отырғанын, бүкіл тіршілігін сүреңсіз етіп отырғанын... әрине білмейді. Әңгімеде және бір тамаша деталь бар. Үйіне қайтып бара жатқан еркек қайырылып келіп келіншектің есігін қағады. Келіншек шошып кетеді. Еркектің қайтып келгеніне көзі жеткеннен кейін, тіпті есікті аша жаздап барып қолын тартып алады. Бүл эпизод, әңгіменің басындағы басқа бір эпизодтан өрістеп отыр. Оқырманның есінде болар, кафеден шыққан екі адам қараңғы парктен өтеді. Байырғы әдебиетте парк, қараңғы аллея, психологиялық параллелизмнің белгілі көркемдік құралы болған, адам жанының қалтарыс-бұлтарысына меңзейтін тәсілі болған. Нұрғали осы тәсілді тағы бір рет пайдаланған. Бұл жердегі парк – символ. Қанша күйзелістен өтсе де өлмейтін сезімнің, көңілдің символы. Сол себепті әңгіменің аяғына қарай, келіншектің қайтып келген еркекке есікті ашып жібере жаздауы нанымды. Қанша қасірет шексе де кұлкінің қар таймағанын, сезім суыса да қоламтасы өшпегенін көрсететін, тіпті десеңіз бүкіл әңгімені ұстап тұрған көркемдік түйін.

Мәдина Омарованың шығармаларын қазақ әдебиетіндегі готикалық прозаның басы десем қателеспес едім. Сол себепті оның әр кезде жазылған, әр тақырыпты қамтыған шығармаларының ішінен осы готикалық сарындағы екі әңгімесін таңдап алып отырмын.

Жас қаламгердің бір әңгімесі «Жұмбақ» деп аталады. Оқиғаның ұзынырғасы: түнгі сағат он екінің шамасында өз үйінде телевизор көріп отырған әлдебір адамға сырттан достары телефон шалып, өздерінің жол апатына ұшырағандарын айтады. Достарын құтқармақ болған кейіпкер жедел жәрдемді шақыртып, апат болған жерге өзі де таксимен жетеді. Жеткенде көргені, достары таңертең, яғни жарты күн бұрын қайтыс болып кеткен екен. Кейіпкерге телефон шалған тірі адам емес, досының аруағы екеніне көзіңіз жеткеннен кейін әңгімені басынан түсіп қайтадан оқисыз. Оқисыз да түршігесіз. Әрине, бәрі де адамның қабылдауына байланысты. Мысалға, бүгінгі оқырман немесе көрермен триллерді көргенде психологиялық депрессияға ұшырауы мүмкін, себебі, қазіргі психология триллердің сананы езгіге салатынын дәлелдеп отыр. Алайда, триллер аспаннан түскен жоқ қой. Әлем халықтарының демонологиясы тұтастай алғанда – триллер. Бүгінгі үрейлі фильмдер, романдар сол демонологияның жетілген түрі ғана. Дәстүрлі мәдениеттерде триллер катарсистік жанрға жатқан. Яғни, триллерді көрген, мистерияға қатысқан адам, сол көргендеріне көзі үйренеді, рухани сауығып шығады. Басқаны қайдам, маған осы әңгіменің түйіні Э.Хэмингуэйдің «Вайоминг шарабы» («Вино Вайоминга») әңгімесінің концепциясын есіме салды.

М.Омарованың екінші әңгімесі «Жол үстінде» деп аталады. Әңгімені бірінші жақтан баяндап отырған кейіпкер түнде, әлдебір адаммен жол жүріп серіктес болады. Ол жолаушы кейіпкермен бір ауылдан, ит асырап аты шыққан Алмабек деген кісінің баласы болып шығады. Ауылдағы үйіне жетіп апасымен әңгімелескен қыз, озінің он жыл бұрын өлген адаммен жолсерік болғанына көзі жетеді. Әңгіменің «Уақытында келіп жетпіс жыл кешіккен ажал туралы» деп аталатын, заманында қазақ ішіне кең тараған аңыз-әңгіменің оқиғасын елестетеді. Мәдинаның жазу мәнерінде мынадай белгілер бар: ол өмір шындығына матасу. Ойымша жас қаламгер өзінің қиялын жетілдіру керек. Әрине, аталмыш әңгімелердегі жайыттар жазушының өз басында болған деуден аулақпын. Бәрі де ойдан шығарылған, көркемдік заңдылықтарға сәйкес өмірде болғандай етіп қиыстырылған. Алайда әңгімедегі сөйлемдердің арасы ауыр қиысады. Осыған қарап отырып жазушының өзі ойлап шығарған сюжеттің әсерінен, магиясынан арыла алмайтынын сезесіз.

Мәдинаның осы әңгімелерін оқығанда Жак Казот, Шарль Нодье, Петрус Борель сияқты готикалық жанрда жазған жазушылардың шығармалары елестейді. Бүгінде көршілес Ресейде бүл жанрда Лариса Петрушевская қалам тартып жүргені белгілі.

Революция, бүлғақ, соғыс кезінде халықтық «төмен» демонология етек алады. Мысалға Отан соғысы кезінде Кеңес империясының әр жерінде адамдарға әйел бейнесінде жолығып, соғыстың жеңіспен аяқталатынын айтып кеткен аруақтар жайлы әңгімелер өрістеді. Жанр, жаңа форма жазушының интуициясынан, санадан тыс пайда болады. Ойымша Мәдина өзінің аталмыш әңгімелерінде егемендіктің алғашқы қиын жылдарының әсерін бейнелеуге тырысқан.

Дидар Амантай бүгінде аты ауызға ілініп, әсіресе аға буын қаламгерлер үшін «проблема» тудырып жүрген жазушы. Осы жерде бір айта кететін нәрсе бар. Әлемнің кез келген әдебиетінде экспериментке жол беріледі. Шынына келетін болса, Дидарда классикалық стильге ешқашан қарсылық болған емес. Ол өз шығармашылығы ның таза эксперимент екенін мойындайды, жөне айтып отырады. Әлбетте, қазақ прозасының дәстүрлі коркемдік критерийі – тіл. Әдебиеттің шұрайы тіл екені қазақ әдебиетінде әлмисақтан бекітілген қағида. Қазақтың сыншысы болсын, ақыны яки прозашысы болсын, өзіне ұнаған шығарманы мақтағанда «тілі көркем екен», немесе «тілі шұрайлы екен» деп мақтайды. Қазақтың тіл туралы айтқаны – көркемдік туралы айтқаны.

Алайда, көркемдік – жалғыз ғана тіл емес. Тіл тұрғысынан алғанда қазақтан әлдеқайда жұтаң елдер бар. Ол елдер ұлы әдебиет тудырды. Ойымша, сол себепті, біз де экспериментке

белгілі дәрежеде жол беруіміз керек. Эксперименттің де көркемдік презумициясы бар екенін мойындауымыз керек.



Дидар Амантайдың «Мен сізді сағынып жүрмін» повесі постмодернистік үлгіде жазылған шығарма. Повесть (он-ақ беттік) түрлі шығармалардан алынған фрагменттерден құрастырылғандай әсер қалдырады. Себеп-салдарлық жүйемен өрістеген, оқырманды автор межелеген идеяға, байламға алып келетін біртұтас сюжет жоқ. Персонаждар арасындағы диалог белгілі бір мақсат қуалаған, ой алмасуын көздеген құрылым емес, адамның аузынан байқаусызда шығып кеткен, жауап қайтаруды керек етпейтін кездейсоқ сөз сияқты. Көз алдымызда, баяғыда бір жазушы айтқан, төбесі ғана көрініп тұрған мұз тұрғандай. Және, бір қызығы сол шеті ғана көрінген жұмбақты шешу, анығына жету шарт емес. Шығарманы ары қарай ойластыру, жалғастыру, күрмен соңғы нүктесін қою оқырманның еркінде.

Х.Кортасардың «62 құрастыруға арналған модель» романының жобасын елестетеді. Әрине, постмодернистік коллаж – біздің әдебиет үшін таңсық нәрсе. Алайда, эксперимент барысында адам неше түрлі нарративтік ақиқаттарға жетеді емес пе. Постмодернизм жазушы мен оқырманның арасына теңдік белгісін қояды. Жазушы көп оқырманның бірі ғана. Шығарманы алғаш оқығанда, бұрынғы әдебиеттен қалыптасқан түсінігіңізге нүқсан келуі мүмкін. Оқиға бейберекет, әуелі финал суреттеледі, одан кейін, кері айналған кинолента сияқты, финал, дайындалып түсіндіріледі. Және оның өзі жүйелі бірізді емес. Бұрынғы әдебиетте психоанализ арқылы берілетін ой түйдегін кейіпкер ауызша айта салғанда, алғашында өте оғаш естіледі. Көз алдыңызда, барлық компоненттері бір сәтте өмір сүріп жатқан постмодернистік коллаж. Коллаждағы оқиғалардың орнын алмастыра беруге болады – нәтиже біреу-ақ. Ал енді бұндай структура (егер структура деп айтуға келсе) нендей мағына береді, соны түсіндіруге тырысайық.

Әрине, оқиға жүйесіз, бейберекет дегенде, біз шығарманың жүйелік ерекшелігін ғана айттық. Түптеп келгенде шығарма жастардың арасындағы шытырман қатынас, тығырыққа тірелген күй, кейіпкердің біреуінің өлімін суреттейді. Алайда, осы коллаж арқылы, автор, бір сәтте кешегі күнде де, бүгінгі күнде де өмір сүрген, дәлірек айтқанда, қай уақытта өмір сүріп жатқанын білмейтін, рухани бағыт-бағдардан жаңыла бастаған бүгінгі жастардың ішкі дүниесін бейнелеуге тырысқан.

Мысалға, бүндай әрі-сәрі күй Талғат Кеңесбайдың жоғарыда аты аталған шығармасында да бар. Бірақ Талғатта оқиға өзінің бірізділігінен жаңылмайды, жаңа мазмұн бұрынғы классикалық сюжеттің сорабынан табылып отырады. Ал Дидарда сюжет қана емес, тұтастай форма емес – Сөздің, сөйлемнің ішкі қүрылымы бұзылған.

Естеріңізге сала кетейін, сөздің түп негізін бұзу, ХХ-шы ғасырдың басында Петербург символистері бастаған үрдіс болатын. Осы үрдістен кейіннен модернизм туындағанын білеміз. Яғни, Дидар, адам санасы өзінің ең кіші бөлшегінде қалай бүзыла бастаған, міне, осыны бейнелеуге тырысқан. Осы жерде, қазақ әдебиетіндегі консерваторлардың көңіліне келсе де айтайын, біздің тіліміз ескірген. Мен бұл жерде біздің күнделікті керегімізде жүрген сөйлеу тілін, қазақтың байырғы дархан тілін айтып отырған жоқпын. Ол тіл ешқашан ескірмейді. Жасырын, жаңғырып тұра береді. Мен қазақ өнерінің бейнелеу тілінің ескіргендігін айтып отырмын. Және бұл жалғыз Дидардың, немесе менің ғана пікірім емес. Қазақтың алдыңғы қатарлы қаламгерлерінің көбі бүны сезеді, өзара етене әңгіме үстінде айтып та қалады. Алайда, қазақ жазушыларының арасында әлдебір үнсіз келісім бар сияқты. Ешкім де бейнелеу тілдің ескіргенін ашық айтпайды. Жоғарыда, экспериментке жол беруіміз керек дегенде, мен осыған меңзеп едім.

«Қоңыр қаз» – Айгүл Кемелбаеваның ең үздік шығармасы. Туғаннан қамкөңіл кішкентай қыз сурет салғанды ұнатады. Және тек қаздың суретін салады. Ақыр соңында қыздың арқасынан қанат өсіп шығып аспанға үшып кетеді. Әңгіме, «адам бұрын періште болған», «адам әзәзілдің айтқанына еріп жерге түскен періште» («все люди раньше были ангелами», «человек – это падший ангел») деген, Інжілден бұрын болған әфсаналардың бірінен алынған ізгі идеяға құрылған. Шығарма, тұтастай алғанда, бүгінгі адам әлі адамның

толық тұлғасы емес екенін, адам, түптеп келгенде періште нәсілінен екенін қайыра айтатын «еске салу әңгіме» (рассказ-напоминание») болып табылады. Әңгімедегі қанатты қыз адамзаттың көне мекені, шыққан тегі – Періштелер еліне қайтып кетеді.Айгүл стилистік ізденістерге бара қоймайтын, дәстүр аңғарындағы жазушы. Аталмыш әңгіменің несі жаңалық деген сауалға, концепциясы жаңа деп жауап қайтарар едім. Аңыздық сарында осылайша жазып шығу, осындай үлкен пайымға бару, жазушыдан үлкен қабілет талап етеді. Айгүлдің бір ғана міні – тілінің салақтығы. Әңгімені оқып отырып байқағаным, Айгүл үшін ең басты нәрсе – идеяны айтып жеткізу. Ойында концепцияны ғана ұстап отырғандықтан, тілдік, ол айналып келгенде стильдік селкеуліктерге назар да аудармайды. Стильдік кемістіктің орнын темпераментпен, шын көңілімен, сөздің шынайылығымен толтырады. Қысқасы, білгенінше, қабілетінің жеткенінше жазады. Бірақ бәрібір, концепция тұрғысынан болса да, аталмыш әңгіме әдебиетіміз үшін жаңалық деп атауға тұрарлық шығарма. Біз бүл шағын мақаламызда, жазу мөнері бір-біріне ұқсамайтын, түрлі тақырыпта, түрлі стильде жазатын бес жазушының шығармаларын тілге тиек еттік. Әрине, бір мақала төңірегінде бүкіл қазақ әдебиетінің бүгінгі күй-жайын айтып беру мүмкін емес. Біз тек жастар мен жасамыс ұрпақтың прозасын, оның ішіндегі айтуға тұрарлық үнамды үрдістер мен нышандарды ғана сөз еттік.

Дегенмен, біздің әдебиет және өнер элита мен орта таптың мәдениетін дамытуы ке­рек. Осы тақырып төңірегінде жазылған Т.Драй­зердің, Томас Манның еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Бізде де егер осындай шығармалар, көркем әдебиет, кино, аңыздар пайда болса, қоғам ілгерілеп, жаңа құрылымдар пайда болатын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет